Активтi админиcтрациялау және объектiлi интерфейc SQL Server

Cерверлердi бөлiп, баcқаратын орталық админиcтраторлық конcоль SQL Server алдыңғы cервер ұcыныcындағы утилиттер жиынын ауыcтырады. Microsoft SQL Enterprise Manager атты админиcтратор оcы конcолдан кез келген әрекеттi, жүйенi админиcтрациялауды қандай көлемде болcа да орындай алады.

Админиcтратор жаңа топ құра алады, админиcтративтiк жүйеде cервердi ыңғайлы топтайды, объектiлердi манипуляциялауды орындайды (ДҚ – мен, кеcтемен, cақталған процедурамен, тригерлермен және т.б.)

Үлкен ақпараттық жүйеде ДҚБЖ функцияларды ғана емеc, көлемдi ақпаратты да, админиcтрациялаудың қиын функцияларын да орындайды. My SQL Server жүйенiң активтi админиcтрациялау моделiн ұcынады. My SQL Server еcкертулердi анықтауға мүмкiндiктер бередi, бұл жүйенiң реакцияcы деп аталады.

Деректер базаcындағы еcкертулер әртүрлi деректер базаcында әртүрлi жүйелер реакцияcын таңдай алады. Кодтан қате кеткеннен баcқа, қолданушыдан қате кетcе кодта cақталған процедуралар мен тригерлердi анықтайтын еcкертулер шығады. Активтi админиcтрацияланған SQL Server моделi қиын жағдайда өзiн жақcы көрcете бiледi.0

 

Серверге орнату

 

MySQL серверін қайнардың өзінен жинап орнатуға болады. Бірақ бұл біршама уақыт қажет ететін және жалықтыратын процесс. Бұл операция көбінесе егер сізге ерекше конфигурацияда сервер қажет болса ғана істеледі. Linux операциялық жүйесінің бағдарлама пакеттерін басқаруға арналған жүйесі бұндай жұмыстарды минималды қимылмен орындатқызады. Дей тұрғанмен, әдетте орнатудан кейін қауіпсіздік және оңтайландыруға байланысты конфигурациялық жұмыстар жасау керек болады.

MySQL нарықтағы ірі және ақылы мәліметтер қорларына балама ретінде жасалса да, кең ауқымды мәліметтерге байланысты талаптарды орындай алады. Ол көбінесе кіші және орта көлемді бір-серверлік LAMP-негізінде жасалған бағдарламаларға компонент ретінде немесе жеке сервер ретінде қолданылады. MySQL-ге деген тартымдылық - оны қолдану оңайлығында. Мүны phpMyAdmin сияқты қайнары ашық және тегін бағдарламалардан көруге болады. Орта бағамен есептегенде, MySQL-ді бірнеше гигабайт жадты және бірнеше процессорлы қуатты аппараттық құрылғыларда ауқымды етіп қолдану әбден мүмкін. Бірақ та жалғыз серверлік ауқымдатуда қуаттылық жағынан шектеулер бар, сондықтан кеңірек ауқымдатуда, жоғары өнімділік пен сенімделікті қамтамасыздандыру үшін мульти-серверлік MySQL орнатулары қажет. Әдеттегі жоғарғы класстағы конфигурация жазу операцияларын орындайтын қуатты "master", "master"-дегі мәліметтердің көшірмесін сақтайтын және оқу операцияларын орындайтын бірнеше "slave" серверлерден тұрады.

"Master" сервері әрдайым "slave" серверлерімен синхронда болады, сондықтан кездейсоқ бір уақытта "master" өшіп қалса, бір "slave" жүйе жаңа "master"-ге автоматты түрде көшеді. Cөйтіп жұмыссыз уақыт көлемі кішірейтіледі. Өнімділікті ары қарай жақсарту үшін, мәліметтер қорынан алынған нәтижелерді memcached деп аталатын бағдарламаны қолдану арқылы жадта сақтауға ұсынылады немесе мәліметтер қорын "shard" деп аталатын бірнеше бөліктерге бөліп оны бөлісілген сервер класстерлеріне жаюға болады.

Cloud-арқылы орнату

Жүктеуге арналған екінші опция ол MySQL серверін Amazon EC2 сияқты cloud-платформаларында орнату. Cloud-та MySQL үшін орнатудың 2 түрі бар:

· Virtual Machine Image - cloud-ты қолданатын қолданушылар, MySQL сервері орнатылған өздерінің компьютерлерінің файл ретіндегі көшірмесін жүктеу арқылы немесе дайын және оңтайландырылған MySQL сервері бар Amazon EC2 сияқты қызметтер қамтамасыздандырған көшірмені қолдана алады.

· MySQL as a Service - кейбір "cloud" платформалары MySQL мәліметтер қорын "қызмет" ретінде ұсынады. Бұл ретте бағдарламашыларға MySQL мәліметтер қорын өздеріне орнатудың және оны қолдаудың қажеті жоқ. Оның орнына қызметті қамтамасыздандырушы жауапкершілікті және оны қолдауды өзіне алады, ал сол қызметті қолданатын бағдарламашылар соның қолданған бөлігіне ғана төлейді. Екі айқын байқалатын cloud-негізіндегі MySQL қызметтері - Amazon Relational Database Service және Xeround Cloud Database. Соңғысы Amazon EC2, Rackspace және Heroku қызметтерінде істейді.

Үшінші опция, қолданушылардың қатысуымен басқарылатын MySQL. Бұл жерде MySQL серверін қызмет қамтамасыздандырушысы ұстаса да, оны басқару бағдарламашының қатысуымен өтіп отырады. 2011 жылдан бастап, көптеген ірі cloud қызметін қамтамасыздандырушылардың ішінен тек Rackspace ғана осы опцияны ұсынады.