Тарау. Мемлекеттік органдардың жер қатынастары саласындағы құзыреті 4 страница

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2-тармақ 4) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

4) жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкілді органдарына бекітуге табыс ету;

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2-тармақ 5) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

5) жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негізінде жердің нысаналы мақсатының жіктемесін бекіту.

 

17-бап. Аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретi

Елдi мекендер жерiн қоспағанда, аудан шекарасының шегiнде жер қатынастарын реттеу саласында аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретiне мыналар жатады:

1) осы Кодекстiң 13, 16, 18 және 19-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру;

2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара )

2) осы Кодекстiң 13, 16 және 18-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою;

3) басқа да табиғат қорғау шараларының кешенiнде жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөнiндегi аудандық бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi өкiлдi органның бекiтуiне енгiзу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

4) ауылдық (селолық) атқарушы органдардың құзырына берiлген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса алғанда, елдi мекендер аумағында жер-шаруашылық орналастыру жоспарларын тиiстi өкiлдi органның бекiтуiне әзiрлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

5) осы Кодекстiң 71-бабының 2-тармағына сәйкес iздестiру жұмыстары үшiн жер учаскесiн пайдалануға рұқсат беру;

6) арнайы жер қорын құру;

7) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

8) жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) ауданның өкілді органына бекітуге табыс ету;

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

9) жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негізінде жердің нысаналы мақсатының жіктемесін бекіту.

 

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

18-бап. Облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы

органының құзыреті

Облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қала шекарасының (шегi) шебiнде және оның әкiмшiлiк бағыныстылығына берiлген аумақта жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:

1) осы Кодекстiң 13, 16 және 19-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру;

2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара )

2) осы Кодекстiң 13 және 16-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою;

2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) жер учаскелерін елді мекендер жерін­дегі ортақ пайдаланудағы жерлерге жатқызу, сондай-ақ олардың нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты ортақ пайдаланудағы жердің құрамынан шығару;

3) басқа да табиғат қорғау шаралары кешенiнде жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөнiндегi қалалық бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi өкiлдi органның бекiтуiне енгiзу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

4) тиiстi өкiлдi органның бекiтуi үшiн өзiне әкiмшiлiк бағыныстағы елдi мекендер аумағында жер-шаруашылық орналастыру жоспарларын әзiрлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

5) осы Кодекстiң 71-бабының 2-тармағына сәйкес iздестiру жұмыстары үшiн жер учаскесiн пайдалануға рұқсат беру;

6) арнайы жер қорын құру;

7) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

8) жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) облыстық маңызы бар қаланың өкілді органына бекітуге табыс ету;

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

9) жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негізінде жердің нысаналы мақсатының жіктемесін бекіту.

 

19-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң құзыретi

Аудандық маңызы бар қалалар, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң қаланың, кенттiң, ауылдық елдi мекеннiң шекарасы (шегi) шебiнде жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне:

1) осы Кодекстiң 13 және 16-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру;

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 2) тармақша өзгертілді

2) жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою мәселелерi жөнiнде аудандық (қалалық) әкiмдiкке ұсыныстар енгізу кіреді.

2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) жер учаскелерін елді мекендер жерін­дегі ортақ пайдаланудағы жерлерге жатқызу, сондай-ақ олардың нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты ортақ пайдаланудағы жердің құрамынан шығару;

3) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

 

2007.06.07. № 275-III ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылды

19-1-бап. Арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің құзыреті

Арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің құзыретіне арнайы экономикалық аймаққа қатысушыларға, сондай-ақ заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге және қызметін арнайы экономикалық аймақ аумағында тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместерге уақытша өтеулі жер пайдалану үшін жер учаскелерін Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес беру жатады.