Жер пайдалану құқығының және өзге де заттық құқықтардың объектісі ретінде

42-бап. Жер учаскесiне құқық шектерi

1. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскесiне құқық осы учаске шекарасындағы топырақтың үстiңгi қабатына, тұйық су айдындарына, екпелерге қолданылады.

Жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының топырақ қабаты астындағы жер қойнауын пайдалануы жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына сәйкес және жер қойнауы саласындағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады. Кең тараған пайдалы қазбаларды өндiруге және жеке қажетке жер асты суларын алуға жер қойнауын пайдалану құқығын табыстау қойнауында кең тараған пайдалы қазбалар және жер асты сулары бар жер учаскелерiн жеке меншiкке немесе жер пайдалануға берумен бiр мезгiлде жүргiзiледi.

2. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар өздерiне тиесiлi жер учаскелерiне құқықтарын өз қалауынша жүзеге асырады.

Жер учаскелерiне меншiк иелерiнiң және жер пайдаланушылардың жерге құқықтары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген негiздер бойынша шектелуi мүмкiн.

2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 3- тармақпен толықтырылды

3. Жер учаскелеріне меншік иелері немесе жер пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес экологиялық рұқсат алуға міндетті.

 

2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 43-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

43-бап. Жер учаскесiне құқықты табыстау тәртiбi

1. Мемлекеттiк меншiктегi жерден жер учаскесiне құқықты табыстау мынадай ретпен жүргiзiледi:

1) жер учаскесiне тиiстi құқық табыстау туралы өтiнiм жасау;

2) мәлiмделген өтiнiмдi қанағаттандыру мүмкiндiгiн анықтау (жер учаскесiн алдын ала таңдау);

3) жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту;

ҚР 2006.10.01. № 116-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.06.07. № 275-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 4) тармақша өзгертілді

4) жер учаскесiне құқық табыстау туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің, ал арнайы экономика­лық аймақ аумағында арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің шешiм қабылдауы;

5) белгiлi бiр жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу;

2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) жер учаскесiне сәйкестендіру құжаттарын дайындау және беру;

2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 1-тармақ 6-1) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6-1) уақытша өтеулі жер пайдалану туралы шарт жасасу;

7) жер учаскесiне құқықты мемлекеттiк тiркеу.

2006.10.01. № 116-III ; (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.06.07. № 275-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 2-тармақ өзгертілді

2. Жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беруді облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті ат­қарушы органдары, аудандық маңызы бар қала­лар­дың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауыл­дық (селолық) округтердің әкімдері осы Ко­дексте белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

Арнайы экономикалық аймақтың аумағында жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беруді арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзінің құзыреті шегінде жүзеге асырады.

Жер учаскесін беру немесе жер учаскесін беру­ден бас тарту туралы шешім облыстың (республика­лық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқару­шы органдары жергілікті өкілді орган депутатта­рының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы, сондай-ақ тиісті әкімдіктердің сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі құрылымдық бөлімшелері және жергілікті өзін-өзі басқару органдары (олар бар болса) өкілдерінің арасынан құратын комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады.

Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде құрылатын комиссиялардың құрамына қоршаған ортаны қорғау, ауыл және орман шаруашылығы, су қорын пайдалану және қорғау, жер ресурстарын басқару саласындағы уәкі­летті органдардың тиісті аумақтық бөлімшеле­рінің өкіл­дері де міндетті түрде енгізіледі. Облыстың (рес­публикалық маңызы бар қаланың, астананың), ау­дан­ның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қалауы бойынша комиссия­ның құрамына басқа да адамдар енгізілуі мүмкін.

Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауыл­дар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің жер учаскесін беру немесе жер учаскесін беруден бас тарту туралы шешімі ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары құратын комиссиялардың қорытындылары негізінде қабылданады.

Арнайы экономикалық аймақ аумағында жер учаскесін беру туралы мәселені шешу кезінде осы тармақта көзделген комиссия құрылмайды.

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.06.07. № 275-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) ; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 3-тармақ өзгертілді

3. Жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығының табысталуына мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер учаскесi орналасқан жердегi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында арнайы экономикалық аймақ әкімшілігіне өтiнiш бередi.

Өтiнiште: жер учаскесiн пайдаланудың мақсаты; оның болжамды мөлшерi; орналасқан жерi; сұралатын пайдалану құқығы, басқа жер учаскесiнiң (осы Кодекстiң 50-бабының 2-тармағында аталған жер учаскелерi бойынша) болуы (болмауы) көрсетiлуге тиiс. Пайдалы қазбалар шығарылатын жағдайда өтiнiмге жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың көшiрмесi қоса берiледi.

Жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш түскен кезінен бастап екі айға дейінгі мерзімде қаралады, ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш үш апталық мерзімде қаралады.

Аталған мерзімге осы Кодекстің 44-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленетін жерге орналастыру жобасын жасау кезеңі кірмейді.

 

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 4-тармақ өзгертілді

4. Жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары (елдi мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бiрлесе отырып) сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгiн айқындайды.

Сұралып отырған жер учаскесін аумақ­тық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген ныса­налы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстар әзірлеу және комиссияның осы мәселе жөніндегі қорытындысын әзірлеу мерзімі өтініш келіп түскен кезден бастап бір айға дейінгі, ал шағын кәсіпкерлік субъекті­леріне жер учаскесіне құқық беру кезінде екі аптаға дейінгі мерзімді құрайды.

5. Нысаналы мақсатына қарай жер учаскелерiн беру ерекшелiктерi осы Кодекстiң 44 және 45-баптарына сәйкес айқындалады.

 

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.06.07. № 275-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 6-тармақ өзгертілді

6. Осы Кодекстiң 84-бабына сәйкес жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою жағдайларын қоспағанда, жер учаскесiне құқық табыстаудан бас тарту облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің шешiмiмен, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің шешімімен есiмделедi, оның дәлелді себептерi көрсетiлуге, ал көшiрмесi өтiнiш берушiге шешiм қабылданғаннан кейiн жетi күн мерзiмде тапсырылуға тиiс.

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешімі комиссияның тиісті қорытындысы келіп түскен кезден бастап жеті күнге дейінгі мерзімде қабылданады.

 

2006.10.01. № 116-III Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.06.07. № 275-III Заңымен (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді

7. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің ер учаскелерiне тиiстi құқықтар табыстау туралы шешiмi жерге орналастыру жобасы негiзiнде қабылданып, өтiнiш берушiге шешiм қабылданған кезден бастап жетi күн мерзiмде жер учаскесiне меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын табыстау туралы шешiмнiң көшiрмесi тапсырылады.

Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) туралы шарт жер учаскесін пайдалану құқығын беру туралы шешімнің қабылданған күнінен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірілмей жасалады.

Жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі жерге орналастыру iсiн өз шешiмiмен бiрге жоғары тұрған органға түпкілікті шешім қабылдау үшін жiбередi.

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (об­лыс­тық маңызы бар қаланың) тиісті уәкілетті органы бекіткен жерге орналас­тыру жобасы келіп түскен кезден бастап бір айға дейінгі мерзімде, ал шағын кәсіпкерлік субъекті­леріне жер учаскесіне құқық беру кезінде жеті күнге дейінгі мерзімде қабылданады.

Жеке тұрғын үй құрылысына бөліп берілетін алаңда жер учаскелерін жайласты­рудың жерге орналастыру жобасы болған жағдайда әрбір жер учаскесі үшін жерге ор­на­ластыру жобасын жасау талап етілмейді.

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 8 -тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 8-тармақ жаңа редакцияда

8. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері және сол жер учаскелерін жалдау құқығы осы Кодекстің 48-бабында белгі­ленген ережелер ескеріле отырып, сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сату объектілері болуы мүмкін.

 

2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.26.07. № 311-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 9-тармақ өзгертілді

9. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары беретiн мынадай құжаттар:

жер учаскесiне жеке меншiк кезiнде - жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актici;

тұрақты жер пайдалану кезiнде - тұрақты жер пайдалану құқығы актiсi;

уақытша өтеулi жер пайдалану кезiнде - уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы актiсi;

уақытша өтеусiз жер пайдалану кезiнде - уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы актiсi жер учаскесiне сәйкестендіру құжаттары болып табылады.

Жер учаскесіне құқықтар ауысқан кезде сәйкестендіру құжаты сатып алушыға немесе өзге құқық иеленушіге беріледі. Жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістері болмаған жағдайда, мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын орган жаңа сәйкестендіру құжатын бермейді, құқық иеленуші туралы жазба енгізеді.

10. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

2007.06.07 № 279-ІІІ (бұр. ред. қара ); 2007.26.07. № 311-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 11-тармақ өзгертілді

11. Егер облыстың (республикалық маңы­зы бар қаланың, астананың), ауданның (облыс­тық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің жер учаскесін беру туралы шешімінде өзгеше көзделмесе, жер учаскесінің нақтылы (белгілі бір жердегі) шекарасы белгіленгенге дейін және құқық белгілейтін құжаттарды берілгенге дейін жер учаскесін пайдалануға жол берілмейді. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп танылады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiктi көздейдi.

Құқық белгілейтін құжаттары ресiмделмеген жер учаскелерiне қатысты мәмiлелер жасасуға жол берiлмейдi.

12. Жер учаскелерiн Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес мұрагерлiк тәртiбiмен алған кәмелетке толмаған адамдарға жер учаскелерiне құқықты ресiмдеу жағдайларын қоспағанда, жер учаскелерiне құқық кәмелетке толған адамдарға табысталады. Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерi бұл жер учаскелерiн мұрагерлер кәмелетке толғанға дейiн жалға беруге құқылы.

2006.05.07. № 158-III ҚР Заңымен 13-тармақпен толықтырылды

13. Қазақстан Республикасының мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актісіне сәйкес жария етілген жер учаскелеріне құқық беру тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды.

 

2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 44-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

44-бап. Жер учаскелерiн объектiлер құрылысы үшiн беру

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 1-тармақ өзгертілді

1. Объектілер салу үшін жер учаскесі сұрал­ған кезде жер учаскесін таңдау алдын ала жүргізіледі, оны облыстың (респуб­ликалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қалалар­дың) жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі жер учаскелерін беру жөніндегі өз құзыреттері шегінде құратын арнаулы комиссиялар жүзеге асырады.

Объект салу үшін, ал қажет болған жағдай­ларда оның күзет немесе санитария­лық-қорғау аймағын белгілеу үшін де жер учаскесін таңдау нәтижелерін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы жер учаскесін таңдау туралы актімен ресімдейді. Осы актіге әрбір жер учаскесін таңдаудың ықтимал нұсқаларына сәйкес олардың шекарасының жобалары қоса тіркеледі.

Бұл ретте елді мекеннің бас жоспарлары негізінде орындалған егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары және (немесе) құрылыс салу жобалары (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасы), сондай-ақ қонысаралық аумақтарға арналған аудандық жоспарлау жобалары болмаса, жер учаскелерін құрылыс үшін беруге тыйым салынады.

2. Осы Кодекстiң 43-бабының 2-тармағына сәйкес, жер учаскесiн таңдау актiлерi және жер учаскесi шекарасының жобалары комиссияға қарау және қорытынды әзiрлеу үшiн табыс етiледi.

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 3-тармақ өзгертілді

3. Комиссияның қорытындысы негiзiнде жерге құқық табыстау туралы жерге орналастыру жобасы әзiрленедi.

Жерге орналастыру жобасының құрамында: берiлетiн жер учаскесiнiң көлемi, оның шекарасы мен орналасқан жерi, жер учаскесiнiң аралас меншiк иелерi және жер пайдаланушылар , сондай-ақ берілетін жер учаскесінің ауыртпалықтары мен сервитуттары нақтыланады .

Болжанып отырған, жер учаскесін мемле­кет мұқта­жы үшін алып қою, мәжбүрлеп иеліктен шығару, оның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығару жағдайында, алып қойылатын алқаптардың түрiне байланысты жер учаскелерiнiң меншiк иелерi және жер пайдаланушылар (жалдаушылар) шығындарының, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасының есептеулерi қоса берiледi.

 

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

4. Жерге орналастыру жобасының негiзiнде жер учаскелері орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы жерге тиiстi құқық табыстау туралы жергiлiктi атқарушы орган шешiмiнiң жобасын дайындайды.

5. Мұнай мен газды магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға, одан кейiнгi сақтау және көлiктiң басқа түрлерiне тиеуге байланысты мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiнiң құрылысы үшiн жер учаскелерi сұралған кезде жер учаскесiн таңдау aктici және жерге орналастыру жобасы Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен де келiсiледi.

2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды

5-1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге тұрғын үйлер, оның ішінде жеке тұрғын үйлер салуға осы елді мекеннің бекітілген бас жос­парына (немесе шағын ауылдық елді мекен­дердің бас жоспарын алмастыратын өзге де жобалау құжаттамасына) сәйкес көрсетілген жерлерді елді мекендер жерінің санатына ауыстырғаннан кейін ғана және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы немесе осы учаскелерде құрылыс салу жобасы болғанда ғана жол беріледі. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығасының орнын толтыру осы Кодекстің 105-бабына сәйкес жүргізіледі.

6. Өтiнушi немесе оның сенiм бiлдiрген тұлғасы жер учаскесiн бөлiп беруге талап етiлетiн келiсiмдердi жеке-дара қамтамасыз етедi.

Құрылыс объектiсiн орналастыруға таңдалған аумақта, бұзылуға немесе көшiрiлуге тиiстi (соның iшiнде жердi бөлiп беру кезiнде өнеркәсiп орындарының санитарлық-қорғау аймағына кiретiн) тұрғын үйлер, басқа да ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ инженерлiк коммуникациялар және жасыл екпелер орналасқан жағдайда, тапсырыс берушi шығындарды өтеу талаптары туралы жылжымайтын мүлiкке меншiк иелерiнiң әрқайсысымен жасалған шартты қосымша ұсынады.

Шартта сол кездегi бар құрылыстарды, инженерлiк коммуникацияларды, жасыл екпелердi басқа жерге ауыстырудың, көшiрудiң нақты шарттары мен мерзiмдерi, құрылыс жүргiзушiнiң жылжымайтын мүлiктi бұзуға байланысты барлық шығындарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелерi көрсетiледi.

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) ; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 7-тармақ өзгертілді

7. Жер учаскесiне құқық табыстау туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы , аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округ­тің әкімі шешiмiнiң жобасында:

жерге құқық табысталатын заңды немесе жеке тұлғаның атауы;

жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты;

жер учаскесiнiң көлемi;

жерге құқықтар түрi, ауыртпалықтар, сервитуттар;

учаске төлемақыға берiлетiн жағдайда жер учаскесiн немесе жер пайдалану құқығын сатып алу бағасы, жер учаскесiн сатып алу-сату шарттарын жасасудың мерзiмi мен шарттары;

учаскелердің өлшемдері көрсетіле отырып, жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою, мәжбүрлеп иеліктен шығару, соның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығару жүргізілетін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы;

өзге де шарттар болуға тиiс.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін, құрылысқа арналған жер учаскесінің нысаналы мақсаты қызмет түрлеріне қарамастан, үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету ретінде белгіленеді.

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 8 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 8-тармақ жаңа редакцияда

8. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініш­тері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттан­дырылады. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін тегін негізде беру кезінде азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет құқық табыстаған жер учаскесі­нің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі. Респуб­ликалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкі­летті органы азаматта мұндай жер учаскеле­рінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметті жергілікті атқарушы органның жер учаскесін беру туралы қоры­тынды әзірлеуі және тиісті шешім қабыл­дауы үшін жергілікті атқарушы органның жанындағы комиссияға табыс етеді.

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы орган­дары, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері бөліп беруге арналған алаңдардың дайынды­ғы туралы ақпарат пен жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімінің қол­жетімділігін оларды кемінде тоқсанына бір рет мемлекеттік тілде және орыс тілінде арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру арқылы және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен қамтамасыз етеді.

 

45-бап. Құрылысқа байланысты емес жер учаскелерiн беру

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

1. Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiнiң меншiкке немесе жер пайдалануға берiлуiне мүдделi тұлғаның өтiнiшi негiзiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы (елдi мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бiрлесе отырып), сұралған жер учаскесiнiң жерге орналастыру және қала құрылысы регламенттерiне сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылу мүмкiндiгiн анықтайды. Жер учаскесiн пайдалану мүмкiндiгi туралы ұсыныстар осы Кодекстiң 43-бабының 2-тармағына сәйкес қарау және қорытынды әзiрлеу үшiн комиссияға берiледi.

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 2-тармақ өзгертілді

2. Комиссияның қорытындысы негiзiнде жерге орналастыру жобасы және жер учаскесiне тиiстi құқық табыстау туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы , аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі шешiмiнiң жобасы дайындалады.

 

46-бап. Оралмандарға жер учаскелерiн беру

1. Оралмандарға өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, бағбандық және саяжай құрылысы үшiн жер учаскелерiн беру ауылдық елдi мекендердiң жерiнен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, иммиграциялық жер қорының, арнайы жер қорының жерiнен және босалқы жерден уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.

2. Оралмандарға тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн жер учаскелерiн беру ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, арнайы жер қорының, иммиграциялық жер қорының жерiнен және босалқы жерден уақытша жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.

3. Берiлген жер учаскелерi Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен және жағдайларда олардың жеке меншiгiне өтедi.

4. Оралмандарға берiлетiн жер учаскелерiне осы Кодекстiң 48-бабының нормалары қолданылмайды.

47-бап. Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтар алу

1. Жер учаскелерiн алуға құқығы бар азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiне мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiн жеке меншiкке беру өтеулi негiзде жүзеге асырылады.

Жер учаскелерiн азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiне беру осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайларда тегiн жүзеге асырылуы мүмкiн.

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 2-тармақ өзгертілді

2. Жер учаскесiн сатып алуға мүдделi тұлғалар жер учаскесi орналасқан жердегi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына , аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне өтiнiм бередi, ол өтiнiм жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына қарай осы Кодекстiң 43-45-баптарында белгiленген тәртiппен қаралады.

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 3-тармақ өзгертілді

3. Жеке немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға бұрын өзiне жер пайдалануға берiлген жер учаскесiн жеке меншiкке сатып алуға ниет бiлдiрген жағдайда, осы тұлға облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына , аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне өтiнiш бередi.

Өтiнiшке:

жер учаскесiне сәйкестендіру құжатты немесе құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;

салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесi;

бюджеттiң алдында берешегi бар немесе жоқ екендiгi (жер салығы және (немесе) жер учаскелерiн пайдалану төлемақысы) туралы салық органының анықтамасы;

жер учаскесiмен мәмiле жасасуға кедергi келтiретiн ауыртпалықтардың жоқ екендiгi туралы жылжымайтын мүлiк орталығынан анықтама;

заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi қоса берiледi.

Жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы жер учаскесін кадастрлық құжаттама бойынша сәйкестендіреді, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын бекітеді және жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды.

Жер учаскесiн меншiкке беру туралы шешiм жер пайдаланушы жергiлiктi атқарушы органға жазбаша нысанда өтiнiш берген күннен бастап бiр ай мерзiмде қабылдануға тиiс.

Жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы сатып алушымен жер учаскесін сатып алу-сату шартын жасасады және оған қол қояды.

4. Жер учаскесiн алған сатып алушы шартта белгiленген мерзiмде төлемақы жасау жөнiндегi мiндеттемелердi орындамаған жағдайда, сатушы берiлген жер учаскесiнiң төлемақысын немесе сол жер учаскесiн қайтарып берудi талап етуге құқылы.

Сатып алушы берiлген жер учаскесiне төлемақы жасау жөнiндегi мiндеттемелердi шартта белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда әрi шартта өзгеше көзделмесе, учаскеге төлемақы жасалуға тиiстi күннен бастап сатып алушы төлемақыны жасаған күнге дейiнгi мерзiмi өткен сомаға тұрақсыздық айыбы төленуге тиiс. Тұрақсыздық айыбының мөлшерi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ресми ставкасы негiзге алына отырып есептеледi.

5. Жер учаскесiн сатып алу-сату шарты және жер учаскесiнiң сатып алу бағасын төлеу туралы құжат жер учаскесіне сәйкестендіру құжат беру үшiн негiз болып табылады.

Жер учаскесiн төлеу мерзiмiн ұзартып сатқан кезде, сатып алушыға сатып алу-сату шарты негiзiнде берiлетiн жер учаскесiне сәйкестендіру құжатқа, учаскенi кепiлге берудi қоспағанда, мәмiле жасасуға тыйым салынатыны туралы тиiстi жазба жасалады.

 

2009.13.02 № 135-IV ҚР Заңымен 48-бап редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)

48-бап. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құ­қықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алу

1. Жер учаскесі немесе жер учаскесін жалдау құқығы:

1) инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру үшін;

2) халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттерге және халықаралық ұйымдарға;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер пайдаланушыларына;

4) мемлекеттік органдар өткізетін объектілерді салу жөніндегі кон­курстарды (тендерлерді) жеңіп алған тұлғаларға және мұндай құры­лыс тікелей аталған тұлғаларға жер учаскесін беруді талап еткен кезде;

5) жеке және заңды тұлғаларға оларға меншік құқығымен және (немесе) өзге де заттай құқықпен тиесілі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) пайда­лану және ұстау үшін, оның ішінде іргелес аумақтағы үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес кеңейту және реконструкциялау үшін;

6) кондоминиум объектісін пайдалану және ұстау үшін кондоминиумға қатысушыларға;

7) жайылымдық және шабындық алқаптарды халықтың жеке ауласын ұстау, сондай-ақ бақша өсіру жөніндегі мұқтажын қанағаттандыру мақсатында пайдалану үшін;

8) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жасалған келісімшарттың негізінде жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін;

9) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жасалған келісімшарттың негізінде мемлекеттік заттай гранттар ретінде;

10) арнайы экономикалық аймақтардың, индустриялық аймақтардың жерлері құрамынан;

11) теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су, әуе, құбыржолы көлігінің мұқтажы үшін, байланыс пен энергетика мұқтажы үшін, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар өзге де объектілерді салу үшін;

12) халықтың мұқтажын қанағаттандыруға арнал­ған ортақ пайдаланудағы объектілерге (су құбырлары, жылу трассалары, тазарту құрылыстары және басқа да инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелер), сондай-ақ осы Кодекстің 107-бабы 3-тармағының 10) тармақшасына сәйкес арнайы мақсаттағы объектілерге;

13) осы Кодекстің 121-бабына сәйкес жерді ерек­ше шарттармен пайдалану аймақтарын белгілеу үшін;

14) осы Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылыстары үшін;

15) мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларда көзделген объектілерді салу, мемлекеттік мүдделерді және қоғамдық маңызды мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін инвестициялық жобалар үшін;

16) осы Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар мен отандық өнеркәсіп орындарына;

17) концессиялық жобаларды іске асыру үшін концес­сионерлерге;

18) инвестициялық және инновациялық жобалар­ды іске асыру үшін ұлттық компания мәртебесі бар әлеу­меттік-кәсіпкерлік корпорацияларға берілетін жағ­дай­ларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру сауда-саттық­тарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.

Уақытша жер пайдалану мерзімі аяқталып келе жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері уақытша жер пайдаланушы жаңа мерзімге уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасудан бас тартқан жағдайда ғана сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылады.

2. Сауда-саттықтың (конкурстардың, аукциондар­дың) жеңімпаздарына – шетелдік­терге және азамат­тығы жоқ адамдарға тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін, орман өсіруді, қосалқы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелері он жылға дейінгі мерзімге жалдау шартымен уақытша жер пайдалануға беріледі.

3. Сатуға арналған жер учаскесі:

жер учаскесінің шекарасы айқындалғаннан;

жер учаскесінің нысаналы мақсаты және оның кадастрлық (бағалау) құны анықталғаннан;

құрылыс объектілерін инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосудың техникалық шарттары анықталғаннан;

сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу туралы шешім қабылданғаннан;

сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейін сауда-саттыққа шығарылады.

4. Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатушы ретінде жергілікті атқарушы орган өкілдік етеді.

Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) ұйымдас­тырушы ретінде меншік иесі немесе онымен жасалған шарт негізінде әрекет етуші мамандандырылған ұйым өкілдік етеді.

5. Жep учаскесінің меншік иесі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізу нысанын, сауда-caттық нысанасының бастапқы бағасын және кепілақы сомасын белгілейді.

6. Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқы­ғын сату жө­ніндегі сауда-саттықты (конкурстар­ды, аукциондарды) ұйымдас­тыру мен өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

49-бап. Мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн төлеу мерзiмiн ұзартып сату кезiнде оларға құқықтар алу

1. Мемлекет меншiгiндегi жер учаскесiн төлеу мерзiмiн ұзартып сату кезiнде, сатып алушы сатып алу-сату шартында белгiленген мерзiмде төлем жасауға тиiс.

2. Сатып алушы төлеу мерзiмi ұзартылып сатылған жер учаскесi үшiн сатып алу-сату шартында белгiленген мерзiмде кезектi төлем жасамаған кезде, егер шартта өзгеше көзделмесе, сатушы шартты орындаудан бас тартуға және сатылған жер учаскесiн қайтарып алуды талап етуге құқылы, бұған сатып алушыдан алынған төлем сомасы жер учаскесiнiң сатып алу бағасының жартысынан асып түскен жағдай қосылмайды.

3. Төлеу мерзiмi ұзартылып сатылған жер учаскесiне қатысты оның сатып алу бағасы толық төленгенге дейiн мәмiле жасасуға тыйым салынады. Төлеу мерзiмi ұзартылып сатылған жер учаскесiн кепiлге салуға оның сатып алу бағасының кемiнде елу процентi төленгеннен кейiн жол берiледi.

4. Төлеу мерзiмi ұзартылып сатылған жер учаскесiмен мәмiле жасасуға шектеулер жер учаскесiн сатып алу-сату шартында және жер учаскесiне сәйкестендіру құжатта көрсетiледi. Жер учаскесiн сатып алу бағасын төлеу туралы құжат сатып алу-сату шартындағы және жер учаскесiне сәйкестендіру құжаттағы осы шектеудi алып тастауға негiз болады.

 

2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 49-1-баппен толықтырылды

49-1-бап. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі

1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуді облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудан­дардың (облыс­тық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқа­рушы органдары, аудандық маңызы бар қала­лардың, кенттердің, ауыл­дардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері өздері­нің осы Кодексте белгіленген жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде жүзеге асырады.

2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге оның құқықтық режимі, осы Кодекстің 1-бабында санамаланған жердің осы немесе өзге де санатқа тиесілігі және жерді аймақтарға бөлуге сәйкес рұқсат етілген пайдалану негізге алына отырып жол беріледі.

2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың (рес­публикалық маңызы бар қаланың, астана­ның), ауданның (облыстық маңызы бар қала­ның) жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне өтініш береді.

3. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өз­герту туралы өтініш келіп түскен кезден бастап күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімде қаралады.

4. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өз­герту туралы шешім осы Кодекстің 43-ба­бының 2-тармағына сәйкес құрылатын ко­миссия қорытындысының негізінде қабылданады.

5. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге келісім беру не одан бас тарту туралы облыстың (республикалық маңызы бар қала­ның, астананың), ауданның (облыс­тық маңызы бар қаланың) жергілікті атқару­шы органының, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауыл­дық (селолық) округтің әкімі шешімі­нің көшірмесі ол қабылданғаннан кейін жеті күн мерзімде өтініш берушіге тапсырылады.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту дәлелді болуға тиіс.

6. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты және (немесе) жер учаскесінің меншік иесі, жер пайдаланушы өзгертілген кезде сәйкестендіру құжаттарды қайта ресімдеу мерзімі күнтізбелік он бес күннен аспайды.

 

50-бап. Жер учаскелерiн беру нормалары

1. Азаматтар мен заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығынан басқа мақсаттар үшiн берiлетiн жер учаскелерiнiң мөлшерi қызметтiң осы түрлерiне жер бөлiп берудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекiтiлген нормалар бойынша не сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес айқындалады.

2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 2-тармақ өзгертілді

2. Осы Кодекстің 48-бабының 1-тармағына сәйкес сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатуға ұсынылатын жер учаскелерінің тізбесіне енгізілгендерді қоспағанда, жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке мынадай мөлшерде тегін беріледі:

1) ауылдық жерлерде өзiндiк қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егiстiк телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу үшiн - суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суармалы жерде 0,15 гектар;

2) жеке тұрғын үй құрылысы үшiн - 0,10 гектар;

3) бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн - 0,12 гектар.

Жер учаскелерінiң аталған мақсаттар үшiн қайталап тегiн беруге жол берiлмейдi.

Ауылдық елдi мекендердiң аумағында бос жер болған жағдайда жеке тұрғын үй құрылысы үшiн және өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн жер учаскелерi осы аталған мақсаттар үшiн көзделген жер учаскелерiнiң нормалары шегiнде бiртұтас алап болып берiледi.

3. Осы баптың 2-тармағында санамаланған, жеке меншiкте болуы мүмкiн жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерi жергiлiктi жағдайлар мен ерекшелiктерге қарай облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) өкiлдi және атқарушы органдардың бiрлескен шешiмдерiмен белгiленедi.

4. Қазақстан Республикасының Үкiметi облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) өкiлдi және атқарушы органдарының бiрлескен ұсынысы негiзiнде ауыл шаруашылығына арналған жер учаскелерiнiң бiр әкiмшiлiк ауданның (қаланың) аумағындағы шектi (ең жоғары) мөлшерiн белгiлейдi, олар:

жеке меншiк құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасында және оған аффилиирленген тұлғаларда тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн болуы мүмкiн;

уақытша жер пайдалану құқығымен шетелдiктерде, азаматтығы жоқ адамдарда және шетелдiк заңды тұлғаларда тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн болуы мүмкiн.

2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін ұтымды пайдалану мақсатында облыстық өкілді және атқарушы органдардың бірлескен шешімдерімен жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері белгіленеді.

 

51-бап. Бөлiнетiн және бөлiнбейтiн жер учаскелерi

1. Жер учаскесi бөлiнетiн және бөлiнбейтiн болуы мүмкiн. Өзiнiң нысаналы мақсатын өзгертпей және өртке қарсы, санитарлық, экологиялық, құрылыстық және өзге де мiндеттi нормалар мен ережелердi бұзбай бөлiктерге бөлуге болатын, бөлiнгеннен кейiн әрқайсысы дербес жер учаскесiн құрайтын жер учаскесi бөлiнетiн жер учаскесi болады, бұлай болмаған жағдайда ол бөлiнбейтiн болып табылады.

2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Жер учаскесiнiң бөлiнбейтiндiгi сәйкестендіру құжатында көрсетiледi.

2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Жер учаскесінің бөлінетін бөлігімен мәмілелер жасаған кезде, бұл бөлік белгілен­ген тәртіппен алдын ала дербес жер учаскесі болып бөлініп шығарылуға тиіс. Қалған жағдайларда мәміле нысанасы оны шартта сипаттау немесе жер учаскесінің бөлігіне белгіленетін құқықтың қолданылу аясын (жалдау, өтеусіз пайдалану, сервитут және басқалары) сәйкестендіру құжатына енгізу арқылы айқындалуы мүмкін.

 

52-бап. Жер учаскесiне құқық және онда орналасқан үйге (құрылысқа, ғимаратқа) құқық

2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Үйге (ғимаратқа) меншік құқығы осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, аталған үйлер (ғимараттар) орналасқан жер учаскесіне заңнамада белгіленген тәртіппен меншік құқығын білдіреді. Мемлекеттік заңды тұлғалардың үйге (ғимаратқа) шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы көрсетілген объектілердің жер учаскесіне белгіленген тәртіппен тұрақты жер пайдалану құқығын білдіреді.

Көрсетілген құқықтар бір-бірінен ажыратылмайды.

2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 2-тармақ өзгертілді

2. Үйлерге (құрылыстарға, ғимараттарға) және басқа да жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығы не шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оларды оралымды басқару құқығы ауысқан жағдайда сатып алушыға меншiк құқығы ауысады, ал осы Кодекстe белгiленген жағдайларда бүкiл жер учаскесiне не үй (құрылыс, ғимарат) иелiктен шығарылған кезде дербес жер учаскесi болып бөлiнген оның белгiлi бiр бөлiгiне тұрақты немесе уақытша ұзақ мерзiмдi жер пайдалану құқығы, немесе егер жер учаскесi бөлiнбесе немесе бөлiнбейтiндiгiне байл