Дәрістік сабақ конспектілері 4 страница

Ауыр орта ретінде тығыздығы жоғары кейбір органикалық сұйықтықтар, неорганикалық тұздардың су ерітінділері және суспензиялар қолданылады. Суспензия деп сумен қатты зат түйіршіктерінің араласын атайды.

Органикалық ауыр сұйықтықтарды, тығыздығы 2960 кг/м3 өте жоғары және ұлы болуына байланысты өндірісте қолданылу мүмкіншілігі жоқ (тетрабромэтан-бастысы). Тұздардың су ерітінділерді өндірістік мөлшерде қолдану тиімсіз. Себебі процесс кезінде олардың шығыны жоғары. Сондықтан егер қолданылса, шығындалған бөлегінің қасиеттеріне қарай әр түрлі әдіспен қайта орнына келтіріп (регенерация), процесске қайтару қажеті туады.

Байыту фабрикаларда кеңінен қолданылып келе жатқан ауыр орта-ауыр сумензиялар. Сумен араластырылатын қатты зат ретінде көптеген минералдарды қолдануға болады. Олардың су ішіндегі үлесін өзгерте отырып суспензияның тығыздығын үлкен аралықта реттеуге болады. Мысалы кварц құмын 2650 кг/м3 сумен (1000 кг/м3) араластыру нәтижесінде тығыздығы 1400-1600 кг/м3 суспензия жасалса онда көмірді байытуға болады. Көмірдің тығыздығы 1200-1700 кг/м3. Егер кен байытылса суспензияның тығыздығы 2700 кг/м3-ден кем болмауы керек. Сонда бос тау-жыныс минералдары қалқиды да, бағалы зат кесектері шөгеді.

Осы мақсат пен іс жүзінде қолданылатын минералдар: кварц құмы 2650 кг/м3; магнетит 5000 кг/м3, галенит 7500 кг/м3.

Олардан басқа жиі қолданылатын жасанды қорытпа ферросилицші 6400-7000 кг/м3.

Осы аталғандардың жиі қолданылуының себебі де бар. Кенді ауыр ортада (суспензияда) бөлгенде ол жеңіл және ауыр фракцияларға бөлінеді. Сол өнімдер мен бірге суспензияның біразы бірге шығады. Олардың жалпы шығынын азайту үшін сол өнімдермен бірге шығатын суспензонд бөлігін белгілі бір әдіспен фракциялардан бөліп, процеске қайтару қажет. Ол үшін суспензондтың белгілі бір қасиеттері болуы керек. Мысалы, магнит пен ферросилицайды оның магнит қасиеттерін пайдаланып, галенитті флотациялау арқылы, бөлуге болады.

Ауыр ортада байыту процесінің тиімді және өнімді жүруі ауыр суспензияның қасиетеріне тікелей байланысты. Оларға жататындар: тұтқұрлық, тығыздық және тұрақтылық. Ең маңызды қасиет, ол әрине тығыздық.

Суспензияның тығыздығы қандай болу керектігі байытылатын кеннің қасиеттерімен және алға қойылатын мақсатпен байланысты. Ол алдын ала зерттеу жүргізу нәтижесінде анықталады.

Суспензияның тұрақтылығы деп оның бүкіл көлемінің барлық жерінде процесс кезінде бірдей тығыздықтың сақталуын атайды. Ол суспенз өндеу түйіршіктерінің ірілігіне, оның суспензия ішіндегі үлесіне және қозғалу режиміне байланысты. Әдетте түйіршік ірілігі 0,1-0,15 мм-ден аспайды. Суспензондтың көлемді үлес мөлшері 30 %-тен артық болмауы керек. Түйіршіктер бүкіл суспензия көлеміне бір келкі жайылып тұру үшін белгілі бір әдіспен ол үнемі қозғалысқа келтіріліп отырады тұтқырлық. Ол түйіршіктердің өзара әсерінен пайда болады. Суспензияда суспензонд үлесі артқан сайын соқтығысу мүмкіншіліктері артады. Соның нәтижесінде бір-біріне әсері ұлғаяды, қозғалыс режимі өзгереді.

Түйіршіктердің ірілігінің де маңызы зор. Түйіршік диаметрі іріленген сайын тұтқырлық азаяды, қозғалыс дәрежесі және шөгу жылдамдығы өседі. Керісінше, түйіршіктердің ұнтақтығы артқан сайын тұтқырлық молайып, бататын кен кесектерінің шөгу жылдамдығы төмендейді.

Сондықтан, суспензия тұтқырлығы тек шамада болуы қажет. Ол үшін суспензонд материалының гранула материалық құрамы дұрыс таңдалуы керек.

Шлюздерде және винтті бөлгіштерде байыту.Шлюздер ең қарапайым байыту аппаратарына жатады. Оның түрі көлденең ені кейде 2 метрге жететін көлбеу орналасқан ұзын науа. Ұзындығы бірнеше метрден ондаған метрге жетуі мүмкін. Шлюзге бастапқы кен сумен араласқан күйде түседі. Судың мөлшері кеннен 5-10 рет артық болуға тиіс. Оның күші шлюзге түскен затты ағызып әкететіндей болуы қажет. Себебі затты қозғалысқа келтіретін бұл процесте басқа күш жоқ.

Минералдар түйіршіктер бөлінуіне екі күш әсер етеді: салмақ күші және судың ағызу күші. Жылжи ағу процесінде ауыр түйіршіктер біртіндеп астыңғы қабатқа жиналады, ал жеңіл түйіршіктер сумен алады. Наза түбіне әртүрлі әдіспен кедір-бұдырлар болып жасалынады. Трафарет деп атайды.

Шлюздерді қолданудың бірнеше ерекшеліктері бар. Көбінесе олар екі түрлі мақсатпен қолданылады.

1.Құрамында бағалы зат өте аз кен байытылғанда одан құнсыз тау-жыныс минералдарының негізгі массасын шығарып, астыңғы қабатқа (ауыр фракция бағалы минералдарды неғұрлым көбірек бөлу үшін. Бірақ ауыр фракцияда құнсыз зат көп қалады. Сонда ауыр фракция концентрат ретінде емес, тек байытылған кен түрінде алынады. Әдетте оны шлих деп атайды. Бұл жағдайда шлюздер тек алдын ала байыту мақсатымен қолданылады. Шлих содан кейін басқа аппараттарда байытылады.

2.Шлюздер кенді басқа аппараттарда байытқаннан кейін қалдықтарды қосымша байптың, мүмкінше бағалы затты толығырақ бөлу үшін қолданылады.

Қазіргі кезде шлюздердің қозғалмалы түрлері де қолданылады.

 

I – су арасындағы түйіршіктер қабаты; II – бастапқы концентрацияның қабаты; III - соңғы концентрацияның қабаты; 1 – түйіршікшісіз кеңістік; 2 - құйын ағындары; 3 – шлюз түбі; 4 - мат; 5 - трафарет; 6 – ірі жеңіл түйіршік және оның жолы; 7 – майда ауыр түйіршік және оның жолы.

Сурет 26 – Ірі дәнді материалдарға арналған шлюздың нобайы

Сурет 27 - Қозғалмалы резиналы қаптамалы шлюз

 

Винтті бөлгіштер (сепараторлар) конструкциясы жағынан ерекшеліктері бар. Бұларда пульпа ағатын науа түзу пішінді емес, тік бағытта орналасқан спираль пішінді.

Пульпа спиральді науаның жоғарғы басына түседі де төмен қарай ағады. Түйіршіктерге үш күш әсер етеді: салмақ күші, судың ағызу күші және ортадан тепкіш күш. Соңғы күш пульпаның айналмалы траекториямен қозғалу нәтижесінен туады. Сол күштің қосымша әсерінен тығыздығы әртүрлі минерал түйіршіктерінің бөліну дәрежесі шлюздегіден жоғары.

Ең ауыр түйіршіктер дөңгелектенген нау түбінің ортасы мен және астыңғы қабатта жылжиды. Ал жеңіл түйіршіктер үстіңгі қабатта және ортадан тепкіш күш әсерімен науаның сыртқы бүйір қабырғасына тебіле жылжып ағады. Осы сыртқы үстіңгі қабаттағы түйіршіктер (жеңіл фракция) сумен ағын науаның төмеңгі шетінен төгіледі. Астыңғы қабаттағы затты үздіксіз бөліп алу үшін, нау түбінде бір-бірінен белгілі қашықтықта (спираль бойында екі-үш жерден) тесіктер жасалған. Олар түтікшелермен спиралді жолдың ортасына тік орналасқан құбырға жалғастырылған, тесіктерге түскен зат сол құбыр бойымен құлан оның төменгі шетінен шығады.

Жоғарғы тесіктер бір құбырмен, төмеңгі тесіктер екінші құбырмен жалғастырылса сапасы әртүрлі өнімдер алынады.

Винтті бөлгіштердің спиралі 3-5 орамнан тұрады. Орамдардың ара қашықтығы 500-1000 мм, ал диаметрі 2000 мм-ге жетеді. Аппараттың биіктігі орам санына қарай 6-7 м-ге жетеді. Пульпамен қабысатын нау түбі қапталады (Футеровка). Аппараттың конструкциясы қарапайым, энергия жұмсалмайды, тік қойылғандықтан өте аз жер алады, және минералдардың бөліну дәрежесі шлюздер мен салыстырғанда жоғары.

Бұларда байытылатын түйіршіктердің ірілігі 15 мм-ге жетуі мүмкін. Бірақ ірілігі артқан сайын минералдардың бөліну дәрежесі төмендейді. Көбінесе 3 мм-ге дейіңгі ірілікті кен байытылады.

Аппараттың өнімділігі оның диаметріне байланысты. Диаметрі артқан сайын өнімділігі өседі. Ең үлкен диаметрілі аппараттардың өнімділігі кен қасиеттіне сәйкес сағатына 30-70 тоннаға жетеді.

Винтті бөлгіштер көптеген кен түрлерін байытуда кеңінен қолданылып келеді. Айта кететін жағдай – бұларда да бірден жоғары сапалы концентрат алынбайды. Соған байланысты көп жағдайда олар не кесуі алдын ала байыту, не қалдықтан бағалы заттарды қосымша бөліп алу мақсатымен қолданылады.

Ауыр ортада байыту.Ауыр ортада байыту процесі әртүрлі тығыздықты минералдар (не кен) кесектерінің екі аралық тығыздықты ортада бірінің батып, екіншісінің қалуына негізделген. Осы принциппен тек тығыздықтарында айырмашылық бір кен кесектерін бөлуге болады. Ол үшін тығыздығы екі аралықта орта болуы керек.

Кендерде өте көп кездесетін ең жеңіл минералдардың бірі-кварц. Оның тығыздығы 2650 кг/м3. Басқа минералдардың тығыздығы одан жоғары. Сондықтан ауыр ортада байыту үшін ол ортаның тығыздығы кварц тығыздығынан жоғары бөлуы керек.

Ауыр орта ретінде тығыздығы жоғары кейбір органикалық сұйық заттар, неорганикалық тұздардың су ерітінділері және суспензиялар қолданылады. Суспензия деп сумен қатты зат түйіршіктерінің араласын атайды.

Органикалық ауыр сұйықтар (тетрабромэтан сияқты 2910 кг/м3) улы болады. Сондықтан олар қолданылмайды. Су ерітінділері лабораторияда ғана.

Байыту фабрикаларында кеңінен қолданылып келе жатқан ауыр орта – суспензалар. Қатты заттың су ішіндегі үлесін өзгерте отырып суспензияның тығыздығын үлкен шек аралықта реттеуге болады. Мысалы кварц құмын сумен араластыру нәтижесінде тығыздығы 1400-1600 кг/м3 суспензия жасалса онда көмірді (1200-1400 кг/м3) байытуға болады.

Егер кен байытылса суспензиясын тығыздығы 2700 кг/м3 кем болмауы керек. Осы мақсатпен қолданылатын минералдар: кварц құмы (2650 кг/м3), магнетит (5000 кг/м3), галепит (7500 кг/м3), ферросилиций (6400-7000 кг/м3).

Байыту процесінің тиімді және өнімді жүруі суспензияның қасиеттеріне байланысты. Олар – тығыздық тұтқырлық, тұрақтылық . Әдетте түйірлік ірілігі 0,1-0,15 мм-ден аспайды ал қатты заттың көлемді үлес мөлшері 30%-тен артық болмауы керек. Түйіршіктер бүкіл суспензия көлемінде біркелкі жайылып тұру үшін белгілі бір әдіспен ол үнемі қозғалысқа келтіріліп отырады.

Ірі және орта ұсақталған кендер тек гравитациялық күш әсер ету принципімен жұмыс істейтін аппараттарда байытылады. Оларға жататындар: конусты, данғаралы (барабанды) және донғалақ бөлгіштер. Ұсақ ұнтақталған кендерді гидроциклондарда байытады.

Ұсынылған әдебиет:

1 нег. (44-66), 2 нег. (42-56), 2 қос. (46-54)

Бақылау сұрақтары:

1. Гравитация дегеніміз не?

2. Суспензия дегеніміз не?

3. Шлих дегеніміз не?

4. Шлюздердің қанша түрлері болады?

5. Отсадкалау машиналар неше түрлі болады?

10 дәріс: Байытудың қосалқы операциялары

Кенді шаю (жуу).Шаю процесі көбінде темір және марғанец кендерін, сондай-ақ шашыранды (алтын, қалайы, вольфрам) және тағы басқа түсті металлдардың кен түрлерін байыту алдында қолданылады. Бұл процесс кезінде кен сумен араластырылып, кен кесектері шайылып, балшықты лайдан, топырақтан және де әртүрлі қоқсықтан бөлініп шығарылады. Кенді шаю үшін көптеген арнаулы аппараттар қолданылады.

1 – конус тәрізді елек; 2 – данғарада кенді көтеру және тасымалдау үшін арналған күрекшелер;

3 - шламды құйып алуға арналған тор; 4 – жуылған өнімді түсіру қондырғысы.

Сурет 28 - Скруббер (жуу қондырғы).

Сурет 29 - Енкіш жуғыш

Байыту өнімдерін сусыздандыру.Пайдалы қазбалардың көбісі сулы ортада байытылады. Пайдаланылған су алынған өнімдермен бірге шығады. Металлургиялық өңдеу алдында көп центраттың құрамындағы судың проценттік үлесі белгілі мөлшерден, 2-15%-тен, аспауы керек.

Су концентраттарда келесі түрлерде кездеседі:

а)Гравитациялық не бос су. Ол затпен байланыспай, түйіршіктердің арасында бос болады.

б)капиллерлі су. Қатты жарықшақтарында капилляр қысым мен ұсталады. Зат неғұрлым кезекті болса, солғұрлым бұл су үлесі жоғары болады.

в)Адсорбцияланған су. Қатты зат бетімен су молекулалары физикалық күштер әсерімен байланысқа түсіп су қабатын түзеді.

г)Кристалданған не химиялық су. Су молекулалары зат атомдарымен химиялық байланысқа түсіп кристалдық тор құрамына кіреді. Бұл су түрін бөлу үшін затты жоғары температурада қыздыру қажет (>300 0С).

Судың бөлінуіне өте жоғары әсер ететін фактор зат ірілігі. Заттың ірілігіне қарай қолданылатын сусыздандыру процестерінің түрлері: Дреннаж, центрифугалау, қойылдыру, сүзу және құрғату. Көп жағдайда сусыздандыру бірнеше процестерден тұрады. Мысалы кесекті заттарға дреннаж ғана қолданылса, флотациялық концентраттарға кезектесе қойылдыру, сүзу және құрғату процестері қолданылады.

Дреннаж.Дреннаж әдісінде су қатты зат түйіршіктерінің арасында өз салмағымен ағын бөлінеді. Процесс сусыздандыру бункерлерінде, екшеуіштерде, шөмішті элеваторларда, спиральды классификаторларда және центрифугаларда жүргізіледі.

Шөгу процесіне заттың ірілігі қатты әсер етеді. Ірі түйіршіктердің шөгу жылдамдығы жоғары. Ұнтақтық артқан сайын (әсіресе 0,02 мм-де төмендесе) шөгу жылдамдығы азаяды.

Сүзу.Сүзу деп қатты заттан судың ұзақ саңылаулы (тесікті) қалқадан өткізу арқылы бөлуді атайды. Бөлінген су фальтрат деп, қалқа бетінде қалған зат кен деп аталады.

Судың қалқадан төуін жылдамдату үшін қалқаның екі жағынан қысым айырмашылығы тудырылады. Бірінші әдіс қалқаның бір жағында ауа қысымы төмендетіледі, екінші жағында атмосфералық қысым сақталады. 2-ші әдіс қалқаның бір жағынан атмосфералық қысымнан артық қысым тудырылады.

Қалқа ретінде әртүрлі табиғи маталар, синтетикалық маталар не металл торлары қолданылады.

Сүзуге қолданылатын аппараттарды сүзгіштер (фильтр) деп атайды. Барабанды (даңғаралы), дискалы және сирек ваккум-сүзгіштер қолданылады. Артық қысыммен істейтін сүзгіштер пресс-сүзгіштер деп аталады.

Құрғату.Құрғату процесінде сусыздандыру жылу энергиясымен суды бұрап айналдыру арқылы жүргізіледі.

Қойылдыру және сүзу процестерімен салыстырғанда құрғату қымбат болады. Сондықтан ол сүзуден кейін заттың ылғалдылығы қажетті мөлшерге жетпегенде ғана қолданылады. Құрғатуға тек қана концентраттар түседі. Отын ретінде табиғи газ, мазут не көмір … қолданылады. Байыту фабрикаларында даңғаралы не құбырлы құрғатқыштар қолданылады.

Центрифугалау.Бұл әдісте су ортада тепкіш күш әсері мен бөлінеді. Бұл аппараттар негізінде ұсақ класты көмір концентраттарын сусыздандыруға қолданылады. Олар сүзуші және шөктіруші центрифугаларға бөлінеді.

Сүзуші центрифугалардың бірнеше түрі бар. Вибрациялық (дірілдеуік) роторлы, тік және горизонталь роторлы. Оларда орташа 0,5-1,0 мм ірілікті зат сусыздандырылады.

Қойылдыру.Ірілігі 0,5 мм-де аспайтын ұнтақты зат (флотациялық концентраттар) судан қойылдыру процесімен бөлінеді. Бұл процесс суда қатты зат түйіршіктері өз салмағымен шөгуіне негізделген. Қолданылатын аппаратар қойылдырғыштар деп аталады (стуститель). Олар диаметрлері 2,5-150 м аралығында металдан не бетоннан құйылған 4 түрінде жасалады.

Пульпа санның ортасына трубамен түсіріледі. Оның төменгі шеті санның жоғарғы ернеуінен төмен орналасады.

Шөгу процесінде бірнеше зоналар пайда болады. Шөгінді көлбеу жасалған сан түбінің ортасындағы тесіктен шығады. Ол үшін тығыз шөгінді қабат санның түбін қыра айналып қозғалатын арнаулы қондырғымен (сыдырғыш) орталық тесікке жеткізіледі.

Сыдырғыш рамаға бекітілген, ал рама айналмалы қозғалысты электр қозғалтқыштан алады. Электр қозғалтқыш чанның ортасына орнатылса қойылдырғыш орталық қозғалтқышты деп аталады. Үлкен диаметрлі қойылдырғыштарда чанның жоғарғы ернеуі үстіне шеңбер бойымен рама орнатылған. Электр қозғалтқыш соның бойымен жүретін қаретқаға орнатылған. Рама осы қаретқаға бекітілген. Бұл қойылдырғыш шетті қозғалысты деп аталады.

Ұсынылған әдебиет:

1 нег. (58-69), 4 нег. (39-56), 1 қос. (35-45)

Бақылау сұрақтары:

1 Құрғату процесі дегеніміз не?

2 Сүзу процесі дегеніміз не?

3 Сусыздандыру процесі дегеніміз не?

4 Қойылдырупроцесі дегеніміз не?

5 Дренаж процесі дегеніміз не?

 

11 дәріс тақырыбы: Байытудың қосалқы операциялары.

Іріктеу (Окускование).Бұл әдіспен көбінесе өте ұнтақ (0,06-0,1) ірілік класс үлесі 80-90 % ылғалды кендермен конденсаттар кесектеледі. Кесектелу ылғалды затты илей араластырғанда түйіршіктердің бір-біріне жабысып іріленуіне негізделген.

Жабысу күшін ұлғайту үшін кейде аз мөлшерде қосымша (әсіресе ...) араластырылады. Бұл әдіспен іріленген зат окатыш деп аталады.

Шихта алдын ала әртүрлі қондырғыда (шиекті, роторлы не даңғаралы) араластырылады. Іріленудің негізгі бір шарты шихтаның ылғалдылығы. (Мысалы темір концентараттары үшін 10-20%).

Ірілеу процессінде Табақшалы не даңғаралы ірілегіштер қолданылады. Табақшалы ірілегіш арнаулы қондырғыға көлбеу қондырылған түбі тегі жазық белгілі бір жылдамдықпен айналып тұратын тарелка тәрізді. Шихта түбіне жабыспау үшін оның ішіне үздіксіз жұмыс істейтін қырғыш орнатылған. Түйіршіктер бір-біріне жабысып диаметрлері 10-20 мм шар пішінді окатыш құрайды. Содан кейін екшеуіштен өткізіліп ірі класс күйдіруге жіберіледі.

Ірілігіштердің параметрлері:

Табақшалы ірілігіштің диаметрі , ø - 5,5; 7,0 м;

Көлбеу бұрышы - 45-550; 45-600;

Өнімділігі - 30-40, 30-90 т/с.

Күйдіруді конвейерлі пісіргіштерде, немесе тор-құбырлы пеш агрегаттарда, немесе шахталы пештерде жүргізеді.

Даңғаралы ірілегіштер:

Ішкі диаметрі, (ø м) 2,8; 3,2; 4,2;

Өнімділігі, (т/с) 40; 450; 1100 т;

Ұзындығы, (м) 11, 12,5

Көлбеу бұрышы - 3-60; 1-40; 2,50;

Толтыру дәрежесі,% <15; <13; 8-11;

Айналу жиілігі, айн/мин. 8-12; 4-8; 4-8.

а – данғарада кесектердің пайда болуы; б –айналмалы чашада кесектекрдің пайда болуы.

Сурет 31 - Кендерді іріктеу

 

Брикеттеу.Бұл әдіс ұнтақ концентраттарды қысыммен біріктіруге негізделген. Соның нәтижесінде дұрыс пішінді біркелкі кесектер алынады.

Брикеттеу төмен қысымды процесстерде жүргізілсе жабыстырғыш заттар қолданылады, жоғары қысымды процестерде олар қолданылмауы мүмкін.

Кендерді брикеттеуде вальцты процестер қолданылады. Олар біріне бірі қарсы айналатын екі вальцтен (даңғара тәрізді) тұрады. Сол беттерде пішіндері әртүрлі шұнқырлар жасалған.

Шаңнан тазарту және шаңды ұстау.Шаңнан тазарту қажеттілігі әртүрлі себептерге байланысты. Шаң қандай мақсатпен тазартылса, ол ауа мен бірге атмосфераға шығып, оны ластамау керек. Сондықтан бөлініп алынған шаң әрдайым ұсталуы қажет. Шаң қандай құрамды болмасын, адам организіміне өте зиянды. Мысалы байыту фабрикаларында ең көп шаң ұсақтау және ұнтақтау процестерінде, тасымалдау конвейерлерден басқа аппараттарға түскен жерлерде шығады.

Шаң ұстағыштар.Шаң ұстау көп жағдайда бірнеше аппараттарды қолдану арқылы жүргізіледі. Әр аппараттарда ірілігіне қарай шаңның әртүрлі ірілікті фракцияларды ұсталады.

Жұмыс принциптеріне қарай механикалық және электірлік шаң ұстағыштарға бөлінеді. Механикалық шаң ұстағыштарда гравитациялық, ортада тепкіш күш және сүзу қолданылады.

Ірілігі 0,1 мм-ден артық түйіршіктер ірі шаңға жатады. Олар шөгілдіргіш камераларда және циклондарда ұсталады. 0,01-0,1 мм ірілікті шаң сулы ұстағыштарда, бірнеше сатылы циклондарда, не сүзу арқылы ғана ұсталады. Шаң ірілігі 0,01 мм-ден аз болса тоқ ұсақ саңлаулы матадан жасалған сүзгіштен электрлі сүзгішпен не сулы ортадан өткізіп ұстауға болады. Ірілік 0,00001 мм-деп төмен болса тек электрлі сүзгіш не сулы ұстағыштар ғана қолданылады. Көп жағдайда шаңды ауа алдымен шөгілдіргіш камерадан, одан кейін циклондардан, ақырында не маталы сүзгіштен, не электрлі сүзгіштен, кейде сулы ортадан өткізіледі.

Шөгілдіргіш камералар. Оларда ең ірі түйіршіктер шөгеді. Оның көлденең қиық ауданы шаңды ауаны түсіретін құбыр диаметрінен көп үлкен. Соның нәтижесінде ауаның қозғалу жылдамдығы күрт төмендейді. Түйіршік салмақ күшімен камера түбіне шөгеді, ал ұнтақ шаңды ауа келесі аппаратқа түседі.

Циклондар

Ø0,3-3 м

Кіші диаметрлі циклондарда шөгу дәрежесі 92-95 %.

Үлкендерде 60-70%.

Сүзгіштер.

Сүзгіш ретінде әртүрлі майда (үсақ) саңлаулы заттар қолданылады (мата түрлері, пласмасса, керамика сияқты).

Жиі қолданылатын маталы сүзгіштер. Оның ішінде жеңді сүзгіштер. Үзындығы 2,2-9 м, диаметрі 150-500 мм. Маталы сүзгіштер жоғары t-ралы газдарды тазалауға қолданылмайды.

Электрлі сүзгіштер. Оларда шаңды ауа иондалады. Иондардың адсорбциялану нәтижесінде түйіршік беттерінде электр заряды пайда болады. Олар қарам-қарсы зарядталған электрод бетіне тартылып, артынан сілкіндіру арқылы түсіріліп жиналады. Ауаны тазарту оны әркелкі электр өрісті екі электрод жүйелерінің арасынан өткізу арқылы жүргізіледі. Сүзгіштер электрод түріне қарай түтікті және пластинкалы болып екіге бөлінеді.