Аңылтырларды өндіру

Қаңылтырлар қалың (қалыңдығы 4-160 мм, ені 600-5000 мм) және жұқа (қалыңдығы 0,2-4 мм, ені 500-2500 мм) болып бөлінеді. Ыстықтай және суықтай илемдеу арқылы қалың және жұқа қаңылтырлар жасалынса, суықтай илемдеумен – жұқа қаңылтырлар.

Болат қаңылтырды ыстықтай илемдеп алу екі сатыдан тұрады:

1) құйылмадан сляб алу;

2) слябтан қаңылтыр алу.

Қаңылтырды көп клетьті стандарда илемдейді. Қалың қаңылтырды ыстықтай илемдеу арқылы алуға арналған станның бірі сызықты типті 2800 станы (4.25 сурет). Станда қалыңдығы 4-50 мм, ені 100-2500 мм, ұзындығы 20 м-ге дейін қаңылтырлар алынады. Дайындама ретінде қалыңдығы 100-250 мм, ені 1000-1600 мм слябтар пайдаланылады.

4.25 сурет – Қалың қаңылтырды илемдеуге

арналған 2800 станының сұлбасы

 

Стан үш клетьті: 1-қаралай өңдеу клеті (3), (вертикаль біліктердің диаметрі 1000мм, l=600мм); 2-қаралай өңдеу дуо-реверсивті клеті (4), (горизонталь біліктердің диаметрі 1150мм); 3-тазалай өңдейтін реверсивті әмбебап кварто клеть (вертикаль біліктердің 6 диаметрі 700мм, l=150мм; горизонталь жұмыстық біліктердің7 диаметрі 800 мм, тіректік біліктердің диаметрі 1400 мм). Бірінші клетьтің біліктері электрқозғалтқыштан (10) тікелей айналыс алса, екінші және үшінші клетьтердің біліктері электрқозғалтқышпен (10) шестернялы клеть (8) және редуктор (9) арқылы жалғасқан. Станның қосалқы жабдықтары: ыстық және суықтай күйде түзету машиналары, гильотиналық және дискілік қайшылар және т.б.

Слябтардың беткі ақауларын жойған соң, оларды методикалық пештерде 1200-12800С-ға дейін қыздырып, рольгангпен (2) бірінші клетьке жеткізіледі. Бірінші клетьтің вертикаль біліктерінде слябтарды ені бойынша мөлшермен 50мм-ге жаншып, отқабыршығын қопсытады.

Бірінші клетьтен шыққан илемді жұмыстық рольгангта арнайы құралмен горизонталь жазықтықта 900С-қа бұрып, дуо-реверсивті клетьте илемнің берілген ені алынғанша, 3-5 өтіліммен илемдейді.

Илемді горизонталь жазықтықта 900-қа бұрып, клетьтің вертикаль біліктерімен илемнің екі бүйірін жаншиды. Содан кейін дуо-реверсивті клетьте илем берілген қалыңдыққа дейін бойлық илемделеді. Қаралай өңдеу клетінен кейін илем аралық рольгангпен (5) тазалай өңдейтін әмбебап кварто клетьке жеткізіліп, қалың қаңылтырдың берілген қалыңдығына дейін илемделеді.

Керекті қалыңдыққа илемделген қалың қаңылтырды түзетеді, тексереді, кеседі, термиялық өңдейдіжәне т.б.

Қалың және жұқа қаңылтырларды ыстықтай илемдеуге арналған станның бірі үздіксіз қаңылтырлық стан 1700. Станда қалыңдығы 1,5-12 мм, ені 700-1550 мм рулонға оралған қаңылтырлар жасалынады. Дайындама ретінде қалыңдығы 100-230 мм, ені 700-1550 мм, ұзындығы 9,5 м слябтар пайдаланылады. 1250-1280 0С-ға дейін қыздырылған слябтар рольгангпен станға жеткізіліп, оның төрт білікті он екі жұмыстық клетьтерінде илемделеді.

Қалың және жұқа қаңылтырларды ыстықтай илемдеу үшін, конструкциясы жоғарыда келтірілген станға ұқсас, 2000 және 2500 стандары қолданылады.

Қалың қаңылтырды (қалыңдығы 4-50мм, ені 600-2500мм, ұзындығы 18м-ге дейін) қаралай өңдейтін үш клетьті 2800 станынан және қалың және жұқа қаңылтырларды (қалыңдығы 1,8-8мм, ені 1550 мм-ге дейін) алты кварто клетьті (жұмыстық біліктерінің диаметрі 650мм, тіректі біліктердің – 1250мм) тазалай үздіксіз өңдейтін 1700 станынан тұратын комбинациялық немесе жартылай үздіксіз қаңылтырлық стандарында ыстықтай илемдейді.

Жұқа қаңылтырларды суықтай илемдеп алу үш сатыдан тұрады:

1) ыстықтай илемдеу арқылы құйылмадан сляб алу;

2) ыстықтай илемдеу арқылы слябтан жұқа жолақ дайындама алу;

3) жұқа дайындаманы суықтай илемдеу арқылы қаңылтырлар мен жолақтар алу.

Жұқа қаңылтырлар мен жолақтарды суықтай илемдеу үшін әртүрлі стандар қолданылады. Автомобиль өнеркәсібіне арналған қалыңдығы 0,5-1,0 мм, ені 1500-2350 мм қаңылтырларды, ыстықтай илемделген қалыңдығы 2-6 мм рулонды жолақтардан, төрт клетьті үздіксіз стандарда суықтай илемдеп алады. Қалыңдығы 0,3-0,6 мм жабын және қалыңдығы 0,4-0,6 мм электротехникалық болат қаңылтырларды бес клетьті үздіксіз стандарда илемдейді. Жұқа (қалыңдығы 0,1-0,5 мм) және өте жұқа (<0,1 мм) қосындылы болат пен арнайы қорытпалардың жолақтары мен таспаларын көп білікті реверсивті стандарда, қалыңдығы 0,5-1,5 мм жолақтардан, илемдеп алады.

 

Бырларды өндіру

Өндіру тәсілі бойынша құбырлар екіге бөлінеді:

1) жапсарсыз (илемдеумен);

2) дәнекерлеу тәсілімен (жапсарлы).

Жапсарсыз болат құбырды ыстықтай илемдеп өндірудің технологиялық процесі екі сатыдан тұрады:

1) құйылмадан немесе дайындамадан гильза алу;

2) гильзаны илемдеп құбыр жасау.

Бұл екі саты бір технологиялық ағында жүзеге асады. Қыздырылған (~1200 0С) қырлы құйылмадан немесе қимасы дөңгелек дайындамадан (2) көлденең – винтті илемдеу станында (4.13, в сурет) оправканың (3) көмегімен қалың қабырғалы қуыс құбырлық дайындама (гильза) жасалынады.

Гильзаны құбырға илемдеу автоматтық станда, үздіксіз және үш білікті стандарда іске асырылады. Ең көбірек тарағаны автоматтық стандарда диаметрі 60-426мм, қабырғасының қалыңдығы 3-30мм құбырларды илемдеу.

Көлденең – винтті станда (1) жасалған гильза (4.26 сурет) автоматтық станда (2) құбырға илемделген соң, келесі илемдеу станында (3), оның диаметрі ұлғайып, ішкі және сыртқы беттері тегістеліп, құбыр шеңбер пішінін алады.

4.26 сурет – Автоматтық станды агрегатта құбырды

илемдеудің технологиялық процесі

Құбырды сыртқы диаметрі бойынша калибрлеу үшін, оны көп клетьті (3-7) калибрлеу станына (4) жеткізеді. Бұл станда құбыр екі өзара перпендикуляр бағытта деформацияланып, дұрыс дөңгелек пішін мен берілген сыртқы диаметрдің өлшемін алады. Автоматтық станда ыстықтай илемдеу арқылы диаметрі 57мм-ден кіші емес құбырлар алынады. Егер диаметрі кіші құбырлар жасау көзделсе, онда калибрлеу станының орнына редукциялық станды қолданып, диаметрлері 25 мм және одан кіші құбырлар алады.

Калибрлеу (немесе редукциялық) станынан кейін құбыр суытқышта салқындатылған соң, оны кеседі және т.б. өңдеу операцияларын жүргізеді.

Ыстықтай илемдеу арқылы геометриялық пішіні дұрыс, өлшемдерінің дәлдігі жоғары және беті таза құбыр өндіру қиындау. Құбырды суықтай илемдеп өндіруде бұл көрсеткіштер жақсарады.

Болат құбырды суықтай илемдеу арқылы өндірудің технологиялық процестері мыналар: дайындаманы дайындау, илемдеу және құбырды өңдеу. Дайындама ретінде ыстықтай илемдеу және престеу арқылы жасалған құбырлар қолданылады.

Құбырды суықтай илемдеу үшін кеңірек тарағаны екі білікті ХПТ-32, ХПТ-55, ХПТ-75 және т.б. стандар. ХПТ-75 станында сыртқы диаметрі 96мм, қабырғасының қалыңдығы 8мм құбырды суықтай илемдеп диаметрі 53мм, қабырғасының қалыңдығы 3,6мм құбыр өндіріледі.

Жапсарлы құбырларды электрлік тәсілдермен дәнекерлеу (4.27 сурет) арқылы жасайды. Құбырларды жасау мына кезеңдерден тұрады:

1) дайындаманы құбыр етіп қалыптау;

2) құбырдың жапсарын дәнекерлеу.

 

4.27 сурет – Электрлік дәнекерлеу үшін құбырлық дайындаманы үздіксіз қалыптау процесінің сұлбасы

Электроконтактілік дәнекерлеу тәсілімен диаметрі 6-660 мм, қабырғасының қалыңдығы 0,5-20 мм құбырлар жасалынады. Дайындама ретінде суықтай илемделген таспа және штрипс, ыстықтай және суықтай илемделген рулонды болат қаңылтырлар пайдаланылады. Алдын ала дайындалған жолақ үш станнан тұратын құбыр дәнекерлеуқондырғысына жеткізіледі. Бұл қондырғыда дайындаманы құбыр етіп қалыптау, дәнекерлеу және дәлді пішіні мен өлшемдерін қамтамасыз ету мақсатымен калибрлеу операциясы жүргізіледі.

Атомды – сутегілік тәсілмен диаметрлері 200 мм-ге дейін, қабырғаларының қалыңдығы 2 – 12мм легірленген болат құбырларды дәнекерлейді.

Аргонды – доғалық тәсілмен диаметрлері 450мм-ге дейін, қабырғаларының қалыңдығы 0,6-5мм түсті металл мен олардың қорытпалары және легірленген болат құбырларды дәнекерлейді.

Диаметрі үлкен құбырларды жасауда флюс қабатында электродоғалық дәнекерлеу тәсілі кеңірек тараған. Жапсары тура құбырлардың диаметрі 426-2400 мм, қабырғасының қалыңдығы 4-16 мм болса, жапсары спиральды құбырлардың – диаметрі 150-1420 мм, қабырғасының қалыңдығы 5-12 мм. Диаметрі орташа қалың қабырғалы құбырларды көміртекті және легірленген болаттардан жасаса, диаметрі үлкен құбырларды – көміртекті болаттан.

Кейінгі кезде жапсары спиральды құбырларды шығару кеңірек тарай бастады, өйткені тәсілдің мынадай артықшылықтары бар:

1)ені бірдей қаңылтырдан диаметрі әртүрлі құбырлар алу мүмкіндігі;

2) құрал-жабдықтар қарапайымдылау;

3) қалдық металдың мөлшері төмендеу.

Құбырды жасаудың негізгі операциялары: құбырды қалыптау, дәнекерлеу және кесу. Сондықтан стан негізгі үш механизмнен тұрады: дайындаманы беретін, қалыптап дәнекерлейтін және кесетін. Құбырды жасау процестері механикаландырылып әрі автоматтандырылған.