Медициналық сылтаудың/симуляциясының сценариясы

Жалпы медицинаның 4 курсында өткізілетін аралық бақылау

Медициналық сылтаудың/симуляциясының сценариясы

Клиникалық жағдай: «кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі, инфильтрация фазасы, ТМБ

(-)»

Сылтау/ситуация: Сіз –қалалық поликлиниканың дәрігерісіз. Сіздің қабылдауыңызға анасымен баласы келді. 14 жастағы ұл бала дәрігерлік жәрдем алуға қаралды.

- Анамнез жинаңыз және пациентке қарап тексеруді жүргізіңіз.

- Клиникалық- лабораториялық, аспапты зерттеу әдістерінен алынған мәліметтерге талдау/интерпретация беріңіз.

- Клиникалық жіктелуге және анықталған ауруларға сәйкес болжама диагнозды құрып қойыңыз.

- Науқасты жүргізу тактикасын және емдеу жоспарын анықтаңыз.

Қорытынды нәтиже:

- Кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезімен ауырған науқасқа сұрау және физикальды зерттеу жүргізу;

- Зерттеулерден алынған мәліметтерге талдау беру: қанның жалпы анализіне, зәрге, биохимиялық анализдерге, туберкулиннің Манту сынамасына, және диаскинтестке. Қақырықты туберкулез микобактериясына (ТМБ) зерттеу: бактериоскопия, G-xpert, BACTEC және кеуде торша ағзаларының рентгенотомограммаларының нәтижелерін түсіндіріп көрсету;

- Кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезімен ауырған пациентті жүргізу тактикасы және емдеу жоспары.

Бағалау парағы (чек-лист)

«Кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі» деген клиникалық жағдай бойынша

Қадамдарды бағалау Баллмен бағалау  
Дұрыс орындалды Ескертумен орындалды Орын-далмады  
1. Шағым және анамнез жинау. 1,0 0,5  
2. Эпидемиологиялық анамнезді жинау        
  кеуде ішілік лимфа бездері туберкулезінің ауырлық критериясын анықтау 1,0 0,5  
3. Физикальдық зерттеуді өткізу- жалпы қарап тексеру 1,0 0,5  
4. Туберкулезге қарсы жүргізілген иммунизацияның нәтижелігін бағалау (БЦЖ вакцинациясы) 1,0 0,5  
5. Тыныс алу жүйесін тексеру 1,0 0,5  
6. Жүрек –қантамыр жүйесін тексеру 1,0 0,5  
7. Болжама/жорамал диагноз қою 1,0 0,5  
8. тексеру жоспарын белгілеу 1,0 0,5  
9. Дифференциальды ажырату диагностикасының жоспары 1,0 0,5  
10. Микробиологиялық диагностиканың нәтижелеріне талдау беру 1,0 0,5  
11. Лабораториялық зерттеу әдістерінің нәтижелеріне талдау беру 1,0 0,5  
12. Тері ішілік Манту сынамасының және диаскинтестің нәтижелерін талдау 2,0 1,0  
13. Кеуде торша ағзалардың рентгенотомограммасына талдау беру 2,0 1,0  
14. Дәрігер терапевтің пациентке типін және категориясын қоюдағы тактикасы және пациентті жүргізу тактикасын анықтау 1,0 0,5
15. Химиотерапияның жоспарын құрастыру 1,0 0,5
16. Емнің тиімділігін бақылау 1,0 0,5
17. Пациентпен оңтайлы қарым қатынасты құру және және үрейді басып жою 2,0 1,0
  Баллдың жиынтығы      

Максимальды балл – 20

 

Стандарттылған актерге (науқасқа) арналған сценарийдің мәтіні және оның рөлін суреттеу:

Қалалық поликлиникаға педиатрдің қабылдауына анасымен баласы бірге келді. Екі көзі қызырғанына, ісінгенге және іріңді бөлінділердің шықанына шағымданып келді.

 

Сұрақтың мәнісі Актерге сауалды қою Жауап
Аурудың басталуы, симптомдар Сіздің балаңыздың осы жағдайын немен байла-ныстырасыз? анасының айтуы бойынша
Салқындағаннан кейін ЖРВИ-мен ауырып жазылуымен байланыстырам
Ауру қалай басталды? Таңертең, бала оянғанда екі көзі қызарғанын, жасаурауын, жарыққа қарай алмауын көрдім.
  Баланың айтуы бойынша
Соңғы уақытта (бір айға дейін) өзіңізді қалай сезіндіңіз? үш аптадай менде жалпы әлсіздік, тәбетім төмендегеннің байқадым.
Түнде тершендік болды ма? Ия, таңертең оянғанда жастығы дымқылды болғанын байқадым.
Амбулаториялық ем     Сіз дәрігерге қашан қаралдыңыз?   Ем тағайындады ма? Сол күні дәрігер педиатрда және окулисте болдым. Диагноз қойды: ЖРВИ. Жіті конъюктивит. Ем тағайындады.
Ауыртпалы факторлардың анализы Қай жиілікте суық тиюмен сырқаттанасыз: тұмау, ЖРВИ? Жиі суық тиіп сырқаттанатын бала ретінде дәрігер педиатрдің есебінде тұрады.
Қосарланған аурулар АИТВ-пен, гепатитпен ауырдыңыз ба? Жоқ, ауырған жоқпын.
Әлеуметтік тұрмыстық факторлар Сіздің отбасыңызда тубер-кулезбен ауырғандар болды ма?     Сіз қай жерде тұрасыз?   Отбасыңыз қанша адамнан тұрады, соның ішінде кім жұмыс істейді? Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ТМБ- жайында менім күйеуім (баланың әкесі) екі ай ПТД ауруханасында емделіп шықты   Біз жатақхананың бір бөлмесінде 4 адам тұрамыз (күйеуім, екі бала 12-14 жастағы) Тек мен асханада аспазшы болып жұмыс істеймін.

 

 

Анамнез.

Аурудың анамнезі: үш аптадай өзін аурумын деп санайды. ЖРВИ сияқты ауру басталды: мұрыннан шырышты бөлінді шықты, әлсіз жөтел. Бір мезгілде екі көзі ісінді, қызарды және іріндеді. Үш аптадай жалпы әлсіздік, түнгі тершендік, тәбетінің нашарлауы байқалды. Медициналық көмек алуға дәрігер педиатрға және окулистке қаралды. Диагноз қойылды: ЖРВИ. Жіті конъюктивит. Ем тағайындалды: жиі көп ішу, антигрипин, ингавирин таблеткаларын әр 3 сағатта ішу. Окулист тағайындады: 0,25% левомецицетиннің ерітіндісінің тамшысын екі көзіне әр 2 сағатта күні бойы тамшылау, түнде төменгі қабағына тетрациклиннің көз майымен майлау. Біраз баланың хал жағдайы жақсарды. 3-5 күннен кейін катаральды көріністер жойылды, жөтел мазаламады. Көздің гиперемиясы азайды, бірақ бұрынғыша ісіну, склераның гиперемиясы сақталаду, таңертең көздерінен ірің шығады.

Өмір анамнезі: 2 жүктіліктен туылды, жасына сәйкес өсті. Күнтізбелік жоспарға сәйкес профилактикалық екпелерді алды. Жиі ауыратын бала ретінде дәрігердің диспансерлік есебінде тұрды. 3 жасында Манту сынамасын жасады-папуланың өлшемі 10 мм, 7- жаста-12 мм болды. Нормоергия жайында педиатр және фтизиатр тексерген жоқ. Соңғы жылдары туберкулин сынамасы жасалған жоқ. Плевритпен,АИТВ-мен, гепатитпен ауырған жоқ. Зиянды әдеттер пациентте жоқ. Материальдық-тұрмыстық жағдай қанағаттанарлықсыз- жатақханың бір бөлмесінде 4 адам тұрады. Отбасының материальдық табысы төмен. Анасы аспазшы болып асханада жұмыс істейді.

Эпидемиологиялық анамнез: баланың әкесі білтір екі айдай ауруханалық ем қабылдаған, содан ауруханадан шығарғаннан кейін бактерия бөлмейтін өкпенің туберкулезі жайында амбулаториялық ем қабылдады. Баланың анасының сөзіне қарағанда: отбасының мүшелері туберкулезге қарсы күрес жүргізетін диспансерде тексерілген жоқ, туберкулездің инфекция ошағында профилактикалық шаралар өткізілген жоқ.

Қарап тексергенде: бойы 137 см және салмағы 32 кг. Орташа интоксикация симптомдарын ескерсе жалпы хал күйі орташа ауырлықта. Есі анық, бітімі астеникалық. Тері жабындысы құрғақ, бозғылт,таза, терінің эластикасы сақталған. Денесінің температурасы 36,5°-36,9° шамасында. Сол иығында БЦЖ бір тыртығы бар – 3 мм. Перифериялық лимфа бездері пальпацияланады: желке, мойын, бұғана үсті, қолтық, шынтақ және шап бездері 2-3 өлшемге ұлғайған, эластикалы, ауырмайды, қозғалмалы. Мұрынмен бос тыныс алады.

Кеуде торшасы астеникалық, деформация жоқ, пальпацияда ауырмайды, тыныс алуға кеуде торшаның екі жартысы симметриялы және біркелкі қатысады. Өкпенің экскурсиясы сақталған. ТАҚС/ЧДД-20 мин. Өкпенің салыстырмалы перкуссиясында алдынан парастернальды зонада және артынан жауырын аймағында перкуторлы дыбыс тұйықталған. Өкпенің қалған симметриялы аясында –ашық өкпелік дыбыс естіледі. Аускультацияда өкпеде екі жағында да везыкулярлы тыныс естіледі.

Жүрек тондары ашық, дыбысты, ақырын, ритмі дұрыс. ЖСС- соғысы 82 минутына, АҚ 110/70 мм с.б. іші жұмсақ, ауырмайды, бауыр, көк бауыр пальпацияланбайды, зәр шығаруы өзгеріссіз.

 

Жалпы қан анализі

көрсеткіштері нәтижелері
эритроциттер 4,5 млн
гемоглобин 130г/л
түсті көрсеткіш 0,89
лейкоциттер 12,8x109
Нейтрофилдер: таяқшаядерлі
сегментоядерлі
эозинофилдер
лимфоциттер
моноциттер
тромбоциттер 195x109
ЭШЖ 28 мм/сағ