Техника безопастности и научная организация труда предриятия. Инструктаж по технике безопастности и по пожарной безопасности . Охрана труда и производственная санитария

Вопросы по технологической практике

Ознокомление с предприятием (или организацией по профилю специальности)

 

Меншік түрі: мемлекеттік.

Аймақтық белгісі: ауылдық

Ғимарат саны 2

жалпы ауданы 1452,5 ш/м

жер көлемі 1,4362 га

1 ғимарат 2001 жылы салынған

қабат саны 2

ауданы 1098,2 ш/м

бөлмелер саны 24

оның ішінде

сынып бөлмелері 12 491 ш/м

информатика 1 48 ш/м

кітапхана 1 46 ш/м

гимнастика залы 1 152 ш/м

2 ғимарат 2009 жылы салынған

ауданы 354,3 ш/

оның ішінде

сынып бөлмелері 5 150,5 ш/м

кіші орталық 156,6 ш/м

мед. бөлме 1 9,7 ш/м

Сыныптар саны: 34.

Оның ішінде:

қазақ сыныптары - 26

орыс сынптары -8

Оқушылар саны: 515.

Оның ішінде:

1-4 сыныптар -233,

5-9 ыныптар -240 ,

10-11 сыныптар -42 ;

Оқу озаттары: 96

Оның ішінде:

1-4 сыныптар - 68,

5-9 сыныптар -25,

10 -11 сыныптар - 3;

Оқу екпінділері: 165.

Оның ішінде:

1-4 сыныптар - 68,

5-9 сыныптар - 80,

10-11 сыныптар - 17;

Білім беру жүйесінің нәтижелері

2008-2009 оқу жылында орташа балл- 69 %

Мектеп бойынша орташа балл- 69%

2009-2010 оқу жылында қазақ сыныбында 5 оқушы бітірді , оның 3 - і грантқа түсті

Мектеп бойынша 70 %

2010-2011 оқу жылында 75 % грант,алтын белгі жоқ

2011-2012 оқу жылында 43,4 % грант, алтын белгі жоқ

2012- 2013 оқу жылында 57 % грант, алтын белгі жоқ

 

"Жас информатик" - 18 оқушы 5 ә класс

"Қызықты математика" - 20 оқушы 1а,1б, 1в, 2а, 2ә, 2в, 3а, 3ә, 3в, 4а, 4ә сыныптардан

"Логика әлемі" - 16 оқушы 1 ә сыныбы

"Занимательная граматика" - 11 оқушы 3 б сыныбы

"Волейбол" - 18 оқушы 9 а,ә сыныптары

"Черчение" - 8 оқушы 9 б сыныбы

"Жеңіл атлетика" - 30 оқушы 7 а,б сыныптары

"Баскетбол" - 16 оқушы 9 а,ә 10 сыныптар

"Қол өнері" - 154 оқушы 7 а,ә,в, 8 а, 9 в сыныптары

"Гүл өсіруші" - 54 оқушы 5 а,ә,б, 8 б сыныптар

 

ОҚУЛЫҚТАР

 

Жалпы кітап қоры - 10215

 

оның ішінде оқулықтар - 7621

жаңа буын оқулықтары -2868

электронды оқулықтар- 119

Әдістемелік оқулықтар - 311

әдеби кітаптар - 744

оқырмандар саны - 550

оқу залындағы орын - 6

Кітапхана көлемі -46 ш/м

Қаржылық қамтамасыз ету

Аудандық білім бөлімі

Орталықтандырылған бухгалтериядан

қаржыландырылады

Кадрлық қамтамасыз ету

Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 15 жалпыға білім беретін орта мектебінде 62 мұғалім қызмет жасайды .

 

Мектеп директоры Алигожаева Гульназ Маликовна .

оқу ісі бойынша орынбасары 2

тәрбие ісі бойынша орынбасары 2

шаруа ісі бойынша орынбасары 1

педагог ұйымдастырушы 1

педагог психолог 2

Сапалық құрамы :

Барлығы - 62

Жоғары білімді - 57

аяқталмаған жоғары -3

арнаулы орта білім -2

2)Санаты бойынша :

Жоғары санаттағы -8

І -санат -28

ІІ санат -22

категориясыз -4

Зейнеткер -3

Еңбек өтілі :

0-3 жыл -6

3-8 жыл -13

6 - 9 жыл -2

10-17 жыл -8

 

17- 20 жыл -3

20 жоғары -30

 

 

Мекеме туралы мәлімет

Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №15 жалпы білім беретін орта мектебі Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

құрылған жылы 1963

Мектеп директоры Алигожаева Гульназ Маликовна

Мекен жайы: Алматы облысы, Талғар ауданы, Жалқамыс ауылы, Школьная көшесі 2.

 

Телефон 8(72774) 77795

 

 

E-mail talgar_15mp@mail.ru

Назначение и сетевая структура предприятия (организация по профилю)

 

Мекеме тарихы

Жалқамыс ауылында ең алғашқы мектеп 1946 жылы Школьная көшесінің бойында тұрғызылған .Ол кезде ұзынша келген көп бөлмелі үй еді,осы үйге 4 отбасы келіп қоныстанған .Мектептің номері №106 еді . Бір жыл уақыттан соң мектепті 4 бөлмелі үйге көшірді . Мектеп ол кезде тек қана 4 сыныптан ғана тұрды . 1953 ж мектеп қазіргі бала бақшамыздың орнына көшірілді. Мұнда ең алғашқы мектеп меңгерушісі де әрі мұғалім болған Киселева Мария Петровна екен. Кейіннен , мектебіміз 7 жылдық білім алуға мүмкіншілік алды . Мария Петровна директорлығының орнын Чиндин А.А атқарды ,одан кейін 1955 жКурбатский С.Н. қызмет етті . Мектебімізде одан кейін директор болған Хомутников Петр Васильевич ,ол 1958 жылы қызмет етті.Сосын Рогаза П.И. алРогаздан кейінУгаров болған . Біздің білім ордамыз ертеде асқабақ егілген шұрайлы жерге тұрғызылған екен . Ол ғимарат бала бақша жанында орналасыпты ,яғни қазіргі тұрған жерімізде емес .Сонымен , мектебіміз тек 1963 жылдың жазында әзіргі тұрған орнына көшті. 1963 жыл 1 сентябрден мектеп болып құрылды. 1964 жылы директор Пермиянов Ф.Д. 10 жылдай мектебімізде еңбегін сіңірген . Яғни ,1974 жылға дейін жұмысын атқарып ,зейнеткерлікке шыққанымен, мұғалім болып жұмыс істеген . Ардагер атмыздан кейін директорлықты 1977 ж Беспаев А жалғастырған. Одан кейін 1 жыл уақыт көлемінде Қойшыбаев С.А. жұмыс істеді.Ал:1978 -79 жылдар аралығында директор орнында Шахворостов Павел Николаевич болған. 1979 жылы Кунбаев П- 2 жылдай отырған .1981 жылы - ТайжановК.А.1986 жылдан 2005 жылға дейін - Кульбаев Нургали Еркасымович директор болып қызмет атқарды. 2005-2010 жылдары Салимбаева Жаухар Корганбаевна мектеп директоры қызметін атқарды,2010 жылы зейнетке шықты. 2010 жылдың 1 қыркүйегінен Алигожаева Гульназ Маликовна директор қызметінде. 1948 -61 жылға дейін мектеп 7 жылдық болса , кейін 8 жылдық болып қайта құрылды . 1970 жылдары мектебімізде 9 жылдық білім алуға орайы туды. Мұнда ұжымда 6-10 адамға жетті. Ал орта білім беретін мектеп ретінде тек 1991 жылы құрылған.Мұғалімдеріміз20 - дан астам болды . Сонымен қатар қазақ сыныптарыда ашыла бастаған. Алғашқы қазақ сыныптарын ашқан Назым Демеуқұлова .

 

2001 жылы мектепке 2 қабатты 300 орынды жаңа ғимарат салынды.

 

2008 жылы наурыз айында мектеп жанынан 25 орындық кіші-орталық ашылды.

 

2009 жылдың наурыз айынан бастап мектеп "Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 15 Жалпы білім беретін орта мектебі" Мемлекеттік мекемесі болып құрылды

 

2009 жылы мектебіміздің демеушісі "БН-ИНВЕСТ" холдингінің вице президенті Ким Геннадий Алексеевич апатты жағдайда тұрған кіші орталық орналасқан 2 ғимаратты өз қаражатының есебінен бұздырып орнына жаңа ғимарат салып берді және 140 оқушылар партасы мен 14 мұғалімдер столын 14 сынып бөлмесіне үлкен кіші шкафтарды. кіші орталықтың толықтай ішкі жиһаздарын алып берді.

 

2010 жылы демеушіміз 16 компьютер 1 интерактивті тақта мен кіші орталыққа деп 1 теледидар алып берді.

 

2011 жылы Г.А.Ким спортқа деп 98 дана татами және 30 дана оқушылар партасы мен 2 дана сынып тақтасын алып берді .

 

2013 жылдың қаңтар айынан бастап мектеп "Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 15 жалпы білім беретін орта мектебі" Мемлекеттік коммуналдық мекемесі болып ауыстырылды

 

Міне ,бұл біздің осы уақытқадейінгі аралықтағы тарихымыз.Қазір мектеп жасына дейінгі шағын орталығыда бар ,№15 орта білім беретін мектепте білімді де тәрбиелі оқушылар білім алуда .

 

Материалдық-техникалық база

Мектеп 1 ғимаратта 13 оқу бөлмесі, 2 ғимаратта 5 оқу бөлмесі і . Мектеп бойынша компьютер саны -41 оның -25 информатика кабинетінде , 2 қабылдау бөлмесінде , 2 пән кабинеттерде ,3 оқу тәрбие орынбасарларында, 1 кітапханада , 8 архивте жарамсыз. 8 принтер кабинеттерде жұмыс жасайды,1 интерактивті тақта , 2 кондиционер ,диапроект-1 компьютер құрылғыларының сызбасы сызылған стендтер саны -7 , жарық интернет желісіне қосылған,мектепте 209 дана оқушылар партасы мен 14 мұғалімдер столы ,кабинеттерде өрт қауіпсіздігі дабылы орнатылған ,қазақ тіл кабинетінде -12 стол ,24 орындық,орыс тілі кабинетінде -9 стол 19 орындық ,кабинет физика -12 стол 24 орындық,математика -9 стол ,18- орындық ,биология -6 стол 12 орындық мектепте кітапхана бар ,спорт зал , кіші футбол алаңы ,баскетбол,жүгіру ,ұзындыққа секіру,волейбол алаңы , гимнастика жасайтын орындық,медициналық кабинет -1. кіші орталық , мектеп демеушісі алып берген 98 дана татами мен кіші орталыққа алып берген телевизор бар

ДҚ (дербес компьютер деп аталуының – бір - ақ адам қолданады) қазіргі кезде көпшілік арасында кең тарай бастады. Кез - келген компьютерлер бірнеше құрылғыдан тұрады.
Монитор, жүйелік блок, пернетақта, мультимедиа колонкасы, модем, маус.
Бұл құрылғылардың ең негізгісі Монитор, жүйелік блок, пернетақта.
Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, маус, модем. Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар – адаптер немесе контролер арқылы жалғасады. Контролер немесе адаптердің міндеті – процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.

 

3. Программное и аппаратное данного предприятия (операционная система, пакеты прикладных программ оформление технической документации предприятии)
Жүйелік блок - мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт - дискіні оқитын CD - ROM орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD - ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы мен т. б. бар.
Процессор- компьютердің ең басты бөлігі. Ол компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламадағы барлық командаларды орындайды. Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасына – микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған «пентиум» процессор. Сондықтан компьютер де пентиум деп аталады. Процессор жадпен жұмыс істейді. Жад микросхемасынан процессор өзіне қажетті ақпаратты алады.

Жедел жад - бұл компьютердің ішкі жады. Жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) – ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше. Егер компьютерді өшірсе онда жедел жадтағы барлық ақпарат өшеді. Компьютердің ішкі жадысының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылғы ТЖҚ (ОЗУ) – ақпаратты уақытша сақтайтын жад. Енгізу құрылғылары: пернетақта, маус, джойстик, өлшеу аспаптары, сканер. Шығару құрылғысы – принтер, дисплей, графопроектор.
Дисплей– компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей: электрондық – сәулелі түтікшеден (ЭСТ) (электронная лучевая труба ЭЛТ), қоректендіру блогынан және сәулелі басқарушы электрондық блоктан тұрады. Монитор түрлі түсті монохромды болады.
Монитор - ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы. Мониторды екі белгісі бойынша жіктеуге болады.
Бейнелеу түсі бойынша ------------- Шығаратын ақпараты бойынша
Монохромдық (қара, ақ, градияциясы сұр) ------ Символдық, (тек мәтіндік ақпаратты бейнелейді)
Түрлі түсті -------- Графикалық (графиктерді, суреттерді шығаруға мүмкіндік береді)

Пернетақта (Клавиатура)
Пернетақта
- компьютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 105 перне болады. Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып табылады.

Операционды жүйені орнатпас бұрын, шағын ғана дайындық жұмыстарын өткізу қажет. Операционды жүйені орнатайын деген бөлімнен барлық маңызды ақпаратты көшіріп алған дұрыс. Өйткені, бұл бөлім форматталу үрдісінен өтеді. Бұл ақпараттың жойылуына әкеледі. Әдетте, бұл C:\ бөлімі. Сондықтан, барлық маңызды ақпараттарды қатқыл дисктің басқа (мысалы, D:\) бөліміне немесе басқа компьютерге көшіріп алған жөн. Ақпаратты DVD дискілерге де көшіріп, жазып алуға болады. Сіз C:\ бөліміндегі ақпараттың жойылуын қаламайсыз ғой.

Әлі де мына маңызды заттарды есте сақтаған жөн. Windows 7-ні орнатпас бұрын, осы операционды жүйеге арналған барлық қосымша драйверлер мен бағдарламаларды сақтап алу керек. Windows 7 дистрибутивінде сіздің желілік құрылғыңызбен немесе Wi-Fi модеммен жұмыс істейтін драйверлер болмауы мүмкін. Егер оларды көшіріп алмасаңыз, операционды жүйені орнатқаннан кейін Интернетке шыға алмайсыз. Көңіл түсіретін жайт, рас емес пе? Сондықтан, бұларды алдын ала жазып алған дұрыс. Өзіңізге маңызды ақпаратты дискілерге немесе басқа компьютерге көшіріп болған соң, ОЖ орнатудың келесі қадамдарына өте беруіңізге болады.

 

Техника безопастности и научная организация труда предриятия. Инструктаж по технике безопастности и по пожарной безопасности . Охрана труда и производственная санитария

Жалпы қауіпсіздік талаптары:
1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпта жүруге болмайды.
4. ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
5. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
6. Үстелге, ДК-дің жанына сумка, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
7. Пернетақтаның үстіне ештеңені қоюға болмайды.
8. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
1. ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.

ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
1. Компьютерде жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70 см) сақтау керек.
2. Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.

Апат жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары:
1. ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.
2. Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.
3. Қажет болса, электр тогымен зақымданғандарға алғашқы көмек көрсете білу керек.
4. Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білу керек. Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.
5. Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушыны электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.

ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:
1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері

Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
1. Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру);
2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату;
3. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету;
4. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).

Күйгенде көмек көрсету:
1. Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка);
2. Күйген жеріне май жағу (ванилин);
3. Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын ала целлофанмен орап, суық судың астына ұтау;
4. Дәрігер шақыру.

Демі тоқтағанда көмек көрсету:
1. Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары қарай кетіп қалған болса, қолмен орнына келтіру;
2.Дәрігершақыру.
3. Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру (ауыздан-ауызға) керек.