Медициналық ақпараттық жүйелер

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Медициналық ақпараттық жүйелер

Орындаған: ЖМ14 – 002-1 Қалдыбаева А. А.

Тексерген:Бекенаева Қ. С.

Алматы, 2014 жыл

 

 

Мазмұны

Кіріспе.............................................................................................................

Медициналық ақпарттық жүйе.................................

Қорытынды........................................

Әдебиеттер тізімі...................................................................................................

 

 

Кіріспе:

Өзімізге белгілі информациялық жүйелер медицина мен денсаулық сақтау ұйымының барлық саласында ауқымды орынды алады.Информациялық ақпаратты медицинада өңдеу өңдеу информациялық технологиялары арқылы іске асады. Ал жаңа ақпараттық технологияларды медицинаға еңгізу денсаулық сақтау ұйымындағы информатизация деп аталады. Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі информатизациясы - ақпараттық жүйе болып табылады.Сол себепті денсаулық ұйымының әр-түрлі бағытына байланысты медициналық ақпараттақ жүйелері де жіктелінеді. Медициналық ақпараттық жүйелердің жіктелуі иерархиялық принципке негізделген және медицинаның барлық құрылымына сәйкес келеді,негізгі деңгейлері:

1. Базалық деңгей клиникалық немесе әр-түрлі профильдегі дәрігерлер

2. Территориальды деңгей – профильді немесе мамандандырылған медициналық қызметтер және аймақтық басқару органдары

Жалпы,әрбір деңгей өзінің атқаратын қызметіне байланысты жіктелген және дәлірек айтқанда есептерді осы жүйемен шешу мақсатында пайдаланамыз.

 

Медициналық ақпараттық жүйелер

 

Ақпараттық есептеу техникасын қолдану және енгізу сұрағы көптеген елдердің ғылымдарының назарын аударады. Солай бола тұра халықтың денсаулығын үнемі бақылау жүйесін ұйымдастыру , халықты әр кезең сайын қарау және тестілеудің дұрыс тәсілдерін өңдеудің , профилактикалық медицина орталықтарының , санитарлық білім берудің , денсаулық сақтау жұмысын автоматтандырылған басқару және есептеулерді дамыту мәселелері өңделуде.

Ақпараттық жүйе дегеніміз – алдын – ала жинақталған құжаттар жиыны мен ақпараттық технологиялар, сонымен қатар есептеу техникасы мен байланыс құралдарын қолдану арқылы ақпараттық процестерді жүзеге асыратын жүйелер.

Медициналық ақпараттық жүйелерінің негізгі міндеттері халыққа кез келген жағдайда ақпараттық медициналық көмек көрсету, медициналық мекемелерді басқару мен денсаулық сақтау жүйесінің өзін ақпараттық қамтамасыз ету.

Информациялық ақпаратты медицинада өңдеу – өңдеу информациялық технологиялары арқылы іске асады. Ал жаңа ақпараттық технологияларды медицинаға еңгізу денсаулық сақтау ұйымындағы информатизация деп аталады

Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің магистрант-студенті Муканова А.К. -ның ғылыми жұмысында ақпараттық жүйе келесі талаптарды қанағаттындыру тиіс деп көрсетілген :

1) Клиника жұмыстарының барлық қажеттіліктерін қанағатттандыру және сырқаттанушыға бағытталған болу.

2) Өзгертулердің енгізудің қарапайымдылығы .

3) Медициналық ақпараттық жүйелердің тиімділігін және пайдалылығын қолданушы көру керек.

4) Келесі анализдеу мақсатында медициналық терминдерді автоматты кодтауды қамтамасыз ету.

5) Жүйенің кілттік элементтерін басқару жүйені өңдеушінің емес медициналық мекеменің қолданушысы болуы керек.

6) Ақпараттық жүйе мекеменің барлық медициналық жұмыстарын қамтуды қамтамасыз ету.

7) Медициналық ақпараттық жүйе медицинамен, медицинаға арналып өңделуі тиіс , яғни клиника мамандары концепцияны өңдеуге белсенді қатысуы тиіс.

8) Медициналық ақпараттық жүйе ұйммен бірге , бір уақытта өсуі тиіс.

 

Медициналық ақпараттық жүйелердің негізгі денгейлері мыналар болып табылады:

· Базалық деңгей - клиникалық немесе әр-түрлі профильдегі дәрігерлер

· Мекемелер деңгейі - поликлиника, стационарлар,диспансерлер,жедел-жәрдем орталықтары

· Территориальды деңгей - профильді немесе мамандандырылған медициналық қызметтер және аймақтық басқару органдары

Базалық деңгейдегі медициналық ақпараттық жүйелер информациялық технологияларды дәлірек медико-технологиялық ақпараттық жүйелер қамтамасыз етеді. Бұл топтағы жүйелер әртүрлі саладағы дәрігерлерге әр түрлі деңгейдегі есептерді ақпараттық өңдеу арқылы шығару үшін кең түрде қолданылады. Бұлардың басты мақсаты дәрігер-клиницистке, гигиенистке, лаборанттарға әртүрлі тапсырмаларды орындау мақсатында компьютерлік қол ұшын беру болып табылады. Олар профилактикалық және емдік диагностикалық жұмыстардың сапасының артуына ықпал жасайды, әсіресе жоғары мамандандырылған дәрігерлердің жаппай тексерісі кезінде, қабылдау кезінде уақыт тым шектеулі кезде оларға деген сұраныстың, науқас жағынан, көп болған жағдайда өте маңызды болып табылады.

Базалық деңгейдегі медико-технологиялық ақпараттық жүйелерді атқаратын қызметіне қарай келесі топтарға бөлуге болады:

· Медициналық информациялық анықтамалық жүйелер

· Медициналық концультациялық-диагностикалық жүйелер

· Медициналық құрал-жабдық компьютерлік жүйе;

· Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны