Сәйкестікті бағалау және метрология

МАЗМҰНЫ

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

1.1. Сәйкестікті бағалау және метрология

1.2. Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік бақылау

1.3. Менеджмент жүйесі

ІІІ. Қорытынды

 


 

Кіріспе

Студенттерді өндірістік оқыту, оқу үрдісінің міндетті бөлігі болып табылады және оның мақсаты студенттерді дербес жұмыс істеуге үйрету. Кәсіптік (өндірістік) іс – тәжірибенің басты міндеті ол студеттің университетте алған теориялық білімдерімді өндіріс жүзінде қолдану және оны жетілдіру болып табылады.

Мен, Өмекен Жасұлан Алматы қаласы бойынша «Техникалық реттеу және метрология» департаментінде өндірістік іс – тәжірибеден өттім. 23 мамыр мен 24 маусым аралығында өндірістік іс – тәжірибеден көптеген жұмыстармен таныстым. Мен осы 1 ай аралығында өндірістік іс тәжірибе арқылы сүйікті мамандығымның жаңа белестеріне көтерілдім. Осы өндірістік іс – тәжірибе арқылы менің өз жинаған білімім толыққанды ой пікір қалыптастыруға өз септігін тигізді.

Өндірістік  іс – тәжірибеден өту кезінде мен өзіме мынадай мақсаттар қойдым: мамандығым бойынша алған теориялық білімдерімді жетілдіру және өнеркәсіптік үрдістерді іс – тәжірибелік түрде меңгеру; лабораториялық жұмыстың әдістері мен технологиясын меңгеру; өзіндік зерттеулер жасауды меңгеру және оның нәтижелерін қорытындылап талқылауды үйрену;  технологияларын үйрену және онда қолданылатын аппараттармен жұмыс істеуді меңгеру; зерттеу жұмыстарында қолданылатын әр түрлі лабораториялық құрылғылармен, объектілермен дұрыс жұмыс жасауды меңгеру.

Алматы қаласы бойынша «Техникалық реттеу және метрология» департаменті стандарттау, метрология және өнімдерді, қызметтерді сетрификаттау, менеджмент жүйелері мен тұтынушылардың талаптары мен олардың сұранысын барынша алдын ала қамтамасыз ету саласында кешендік қызмет көрсету бойынша алдыңғы қатардағы қазақстан нарығындағы мекеме.


 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Комитет) Алматы қаласы бойынша техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады.
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттiк мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Департамент, егер осыған уәкiлеттiк берілген болса, өз атынан және Комитеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
5. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
6. Аумақтық бөлімшенің құрылымы мен штат санын Жауапты хатшы бекітеді.
7. Департаменттің толық атауы:
мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
орыс тілінде – республиканское государственное учреждение «Департамент Комитета технического регулирования и метрологии Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан по городу Алматы».
8. Департаменттің орналасқан орны: 050035, Алматы қаласы, Алтынсарин көшесі, 83.
9. Департаменттің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан мемлекет болып табылады.
10. Департамент қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
11. Егер Департаментке заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
12. Департаментке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

 

 

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

13. Міндеті: техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету


 

Сәйкестікті бағалау және метрология

Метрология
Метрология – (грек тілінен аударғанда «метро» - өлшем, «логос» - ғылым) өлшемдер, әдістер және олардың бірлігін қамтамасыз ету құралдары және талап етілетін дәлдікке қол жеткізу әдістері туралы ғылым.
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан Метрология институты» (ҚазМетрИн) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «ҚазМетрИн» ШЖҚ РМК) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1342 қаулысымен құрылды және Қазақстан Республикасындағы жалғыз мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық болып анықталды.
Негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының экономикасын және азаматтарының мүддесін өлшемдердің дәйексіз нәтижелерінің салдарынан қорғау, отандық және импортталатын өнімдердің, үдерістердің (жұмыстардың) және көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету.
«ҚазМетрИн» ШЖҚ РМК мәні мен мақсаты болып мыналар табылады:
1) Қазақстан Республикасында дайындалатын және импортталатын өлшем құралдарына белгіленген талаптарға сәйкес сынақтар жүргізу;
2) техникалық (эталондық) базаны жетілдіру;
3) өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін метрология бойынша нормативтік құжаттарды халықаралық талаптармен үйлестіру;
4) метрология саласында кадрларды дайындау және біліктілігін арттыру;
5) өлшем бірлігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.
Қойылған мақсатты іске асыру үшін Кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының шама бірліктері эталондарын ғылыми әзірлеу, құру, сақтау, қолдану және метрологиялық аттестаттау;
2) Қазақстан Республикасының эталондарынан шама бірліктері мөлшерлерін салыстырып тексеру не калибрлеу арқылы заңды және жеке тұлғалардың бастапқы эталондарына қайта шығару және беру;
3) шама бірліктерінің эталондық базасын құрудың және жетілдірудің мемлекеттік бағдарламаларын, сондай-ақ ғылыми метрологиялық орталық ретінде метрология саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулердің бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыруға қатысу;
4) шама бірліктерінің жаңа эталондарын, жоғары дәлдікті өлшем құралдарын құру бойынша ғылыми зерттеулерді, оларды әзірлеу және дайындау бойынша ғылыми зерттеулерді, оларды әзірлеу және дайындау бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, сондай-ақ заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін әзірлеу және дайындау бйоынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
5) мемлекетаралық және халықаралық деңгейлерде жүргізілетін Қазақстан Республикасының шама бірліктері эталондарын салғастыруға қатысу, сондай-ақ республика шеңберінде шама бірліктері эталондарын айналмалы және радиалды салғастыруды ұйымдастыру және қатысу;
6) өлшем құралдарын, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін, аттестатталған қоспалар мен салыстырып тексерілетін газ қоспаларын салыстырып тексеруді, калибрлеуді, жөндеу мен өндіруді жүзеге асыру;
7) уақыт пен жиіліктің, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін, заттар мен материалдардың физикалық константалары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалық деректердің мемлекеттік қызметтерінің жұмысын қамтамасыз ету;
8) техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен іске асыруға қатысу, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау саласында нормативтік құжаттарды әзірлеуді, оларды мемлекетаралық және халықаралық нормалармен және ережелермен үйлестіруді жүзеге асыру;
9) нормативтік құжаттарға, техникалық құжаттамаға, оның ішінде салыстырып тексеру әдістемелеріне, өлшем орындау әдістемелеріне, жергілікті салыстырып тексеру сызбаларына, өлшем құралдарын сынау және типін бекіту, салыстырып тексеру және метрологиялық аттестаттау нәтижелерін тану мақсатында материалдарды, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиетінің стандартты үлгілерінің типін бекіту үшін құжаттамаға, оның ішінде шетелдік шығарылымның стандарттық үлгілерін республикада қолданысқа енгізу мақсатында, шетелде шығарылған стандартты үлгілердің құжаттамасына техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік стандарттарға, ұсынымдарға және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкестігіне метрологиялық сараптама жүргізу;
10) өлшем құралдарын сынау, өлшем құралдарын, өлшем орындау әдістемелері метрологиядық аттестаттау, сынау жабдығын аттестаттау бойынша жұмыстар жүргізу және шетелдік метрологиялық ұйымдар жүргізетін өлшем құралдарын бастапқы салыстырып тексеру (калибрлеу) нәтижелерін тану жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;
11) өлшеу, аналитикалық және сынау зертханаларын аттестаттауға, аккредиттеуге қатысу;
12) ұйымдарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және метрология, өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу, сынау саласындағы басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерге, сондай-ақ заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін және аттестатталған өоспаларды дайындау, аттестаттау және енгізу бойынша ғылыми-әдістемелік көмекті жүзеге асыру;
13) белгілен тәртіпте шетелдік халықаралық (өңірлік) ұйымдардың жұмыстарына қатысу, оның ішінде Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын шарттар, меморандумдар, келісімдер шеңберінде метрология саласындағы ғылыми-зерттеу институттарымен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
14) салыстыра тексеру таңбаларын дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және оларды өшіруді жүзеге асыру;
15) метрология саласындағы салыстырып тексерушілерді аттестаттау және қайта аттестаттау, салыстырып тексерушілердің сертификаттарын беру, тоқтату немесе күшін жою жөніндегі жұмыстарды, оның ішінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізу;
16) ақпараттық қамтамасыз ету, насихаттау, метрология саласында семинарларды, конференцияларды ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстар жүргізу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында ғылыми-техникалық журналды басып шығару және тарату, сондай-ақ өңірлік және республикалық көрмелерді ұйымдастыру мен қатысу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
17) заттар мен материалдардың сандық химиялық құрамын өлшеу және сынау бойынша аналитикалық жұмыстарды орындау, өнімдерді электромагниттік сыйымдылыққа сынауды жүргізу;
18) Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізілімін жүргізу;
19) өнімдері параметрлерін салыстырып тексеру, калибрлеу кезіндегі, өлшеу (сынау) кезіндегі өлшемдер белгісіздігін бағалау әдістемелерін, өлшем орындау әдістемелерін, оның ішінде жергілікті салыстырып тексеру сызбаларын әзірлеуді жүзеге асыру;

Бас кәсіпорынның және филиалдарының калибрлеу және салыстырып тексеру зертханалары ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 талаптарына сәйкестікке – ұлттық жүйесінде, сондай-ақ МС ИСО/МЭК 17025:2005 талаптарына сәйкестікке – халықаралық жүйеде аккредиттелді.
«ҚазМетрИн» ШЖҚ РМК сынау базасы сондай-ақ электрмагнитті үйлесімдікке (ЭМҮ) өнімді сынау саласында техникалық құзыреттілікке ұлттық жүйеде аккредиттелді және электрмагнитті үйлесімдікке сынаудың 15 түріне және температураның, дірілдің, шаңның, ылғалдың әсеріне, корпусының мықтылығына сынауларды қамтамасыз ететін қондырғылар мен сынау қабырғаларының кешені бар.
«ҚазМетрИн» ШЖҚ РМК қызметі туралы нақты ақпарат www.kazinmetr.kz ресми сайтына орналастырылған.

Аккредиттеу

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 27 тамыздағы № 773 қаулысымен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС Қазақстан Республикасының аккредиттеу жөніндегі органы ретінде анықталды.

АККРЕДИТТЕУ – белгілі бір сәйкестікті бағалау саласында жұмыстарды орындауға өтінім берушінің құзыреттілігін аккредиттеу жөніндегі органның ресми тану рәсімі.

Сәйкестікті бағалауды растау жөніндегі органдарды аккредиттеу (СБО), немесе олардың құзыреттілігін ресми тану, бұл сенімді сынау, өлшем және салыстырып тексеру көрсетілетін қызметтерін тапсырыс берушілердің таңдаудың ыңғайлы құралы. Осы тануды растау үшін СБО мерзімді түрде сәйкестікті бағалау саласындағы халықаралық стандарттардың талаптарына олардың үнемі сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында аккредиттеу жөніндегі орган қайта бағалайды.