Былғары, жасанды былғары және пленкалы (қабыршақты) материалдардың ассортиментімен танысу және сапасын бағалау

Жұмыстың мақсаты: Қабыршақты материалдармен былғары және жасанды былғарылардың ассортиментімен танысу және сапасын бағалау

 

Кейбір малдардың терісінен эпидермисімен (терінің түкті жабынның астына орналасқан қабаты) голье жүнін кетіріп, илеп өнделген көнді былғары деп атайды. Былғары шикізатына қатынасты былғарылардың ассортименті кең, өйткені дайын былғарыны түрлі технологиялармен өндеуге болады, түрлі түстерге бояу, өңдеудің түрлерімен әдістерін қолдну.

1875-83 МЕСТ бойынша киімге арналған хромдап иленген былғары қой, ешкі және шошқа терісінен өндіріледі.Конфигурациясы бойынша рыбка былғары бүтін және бөксе терісіне бөлінеді (бөксе-қол терісінен, кей бірде бас терісінен бөлінген шошқаның терісінің бөлігі).

Өңдеу сипаты және әдісіне қатынасты былғары келесі түрге бөлінеді: табиғи текстильмеген сыртқы бетімен – тегіс және өрнек бастырылған ; табиғи жартылай тегістельген –тегіс және өрнек бастырылған нарезные тегістелген бетімен –тегіс және бедерленген (кесілген), мақпал былғары (велюр).

Бояу әдісі бойынша: барабанда бояу, былғарының бетін бояу.

Бетінен боялған былғары өңдеу бойынша анилинмен және эмульциямен өнделген.

Түсі бойынша – түрлі-түсті, қара және ақ.

Стандартты нүктесіндегі қалындығына байланысты 0,6 мм-ден 0,9 мм-ге дейін жұқа, 0,9мм-ден 1,2мм-ге дейін орташа қалындығымен болып бөлінеді.

Тұтынушымен (потребитель) келісім бойынша 0,4-0,6мм былғрыларды өндіруге болады.

Көлеміне байланысты киім былғарылары топтарға бөлінеді: 1) 60-80дм;

2)80-100дм;

3)100дм-ден жоғары.

Тұтынушымен келісім бойынша 40-60дм киім былғарыларын өндіруге болады.

Өнеркәсіпті және ауылшаруашылық өнімдерінің классификаторы (ОКП) бойынша былғары 86-шы класқа жатады (былғары өндірісінің өнімдері). Осы кластың ішінде киім материалдары үшінші топтың төртінші топшасына бөлінген (863400).

Топшаға шикізат түрі бойынша бөлінеді (ОКП кодының бесінші саны). 5-шошқа терісінен былғарылар ; 6-қой терісінен; 7-ешкі терісінен.

Мысалы киімге арналған , 60дм-ден жоғары,хромдап иленген, жартылай тегістелген бетімен бүтін былғары, тегіс, қара түсті,беті боялған, былғарының коды 863451410508.

Полимермен жабылған немесе сіңдірілген мата, трикотаж, беймата негізінен материалдар жасанды былғарыға жатады.

Техникалық әдебиетте синтетикалық былғарыларды ерекше бөледі. Синтетикалық былғары деп тоқылмаған талшықты негізінде немесе негізсіз, табиғи былғарының сыртқы түріне ұқсас кеуекті (пористый) структурасымен материалды айтады.Кеуекті құрылымы табиғи былғарының қасиеттерімен салыстырмалы гигиеналық қасиеттерінің деңгейін қамтамасыздандырады.

Жасанды былғарылардың негізінің төрт түрін ажыратады - тоқылған (Т), трикотажды (ТР), беймата (НТ) және талшықты негізсіз.

17-894-81 МЕСТ бойынша жасанды, киім былғары ассортименті қолданылған негізіне байланысты екі топқа бөлінеді: тоқылған негізімен және трикотаж негізімен жасанды былғарылар.

ОКП-ға сәйкес 870000 классында (қабыршақты материалдар және жасанды былғары өнеркәсібінің өнімдері).Материалдар келесі түрге бөлінеді:

жасанды жұмсақ былғарылар

қабыршақты материалдар

жасанды майыспалы былғарылар

табан резинасы.

Соның ішінде негізінің түрі бойынша топқа бөлінеді.

Жасанды жұмсақ былғарылар (871000) негізінің түріне байланысты:

1)беймата

2)тоқылып тігілген беймата

3)тоқылған мата

4)трикотажды

5)синтетикалық

Қабыршақ құрау затының түріне байланысты топшаға бөлінеді:

поливинилхлорид

синтетикалық каучук

синтетикалық латекс

полиамид

полиуретан

нитроцеллюлоза.

Содан кейін қолданылу бойынша бөлінеді:

галентериялық

аяқ киімдік

киімдік

қаптағыш.

16119-70 МЕСТ бойынша жасанды былғарылардын терминдері құрылады.

№4   №1 № 3   № 2
   

 

№1- полимер жамылғысының түрі

№2- негізінің түрі

№3- материалдың тағайындалуы

№4- мақсатымен бөлек қасиеттері.

Термин құруда шарттарды қолданады.

№1-компанентіне келесі қысқарылған сөздер қолданады: амид-полиамид полимер, винил-поливинилхлориді жамылғы, эласто-каучуктен жамылғы, нитро- нитроцеллюлоза. (Мысалы амидискона, винилискона).

№2-компанентіне келесі қысқартылған сөздер қолданады: НТ-беймата, Т-тоқылған мата, ТР-трикотаж мата.(Мысалы: винилискожа).

№3-компанентіне исккожа- «искуственная кожа» сөзінің қысқартылғаны.

№4-компанент күрделі қысқартылған терминнің алдына қойылады. (Мысалы: киімге арналған винилискожа-Т)