Еңбек гигиенасы» пәнi бойынша

СИЛЛАБУС

 

Мамандығы: 05В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Дәріс _____23 (сағат)

 

Тәжірибелік

сабақ ____97(сағат)

 

ОСӨЖ _____120 (сағат)

 

СӨЖ __120 (сағат)

 

Емтихан _________10 (семестр)

 

Барлық сағат саны _____ 360

 

Курс ___5

 

Семестр ___9-10

Астана 2015

 

1.6 Оқытушылар туралы мәлімет:

1. Сүлейменова Роза Қалдыбекқызы - м.ғ.к., доцент, кафедра меңгерушісі, кафедрадағы еңбек өтілі 5 жыл. Ғылыми қызығушылығы: еңбек және коммуналдық гигиена. Орыс тілі және қазақ тілдерінде дәрістер оқиды, тәжірибелік сабақтар жүргізеді

2. Шайзадина Гульнар Нургалиқызы - м.ғ.к., доцент, кафедрадағы еңбек өтілі 7 жыл. Ғылыми қызығушылығы: еңбек және коммуналдық гигиена,радиациалық гигиена. Орыс тілінде дәрістер оқиды, тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

3. Мусина Айман Аяшқызы-м.ғ.д., профессор. Жалпы еңбек өтілі 20 жыл, кафедрада-2жыл.Ғылыми қызығушылығы: еңбек және коммуналдық гигиена.Орыс тілі және қазақ тілдерінде дәріс оқиды, тәжірибелік сабақтаржүргізеді.

4. Рахметова Бахытжан Тлепбекқызы – аға оқытушы, кафедрада еңбек өтілі 7 жыл. Ғылыми қызығушылығы: Қоршаған ортаны қорғау шаралары, эпидемиология, еңбек және коммуналдық гигиена, радиациалық гигиена. Қазақ, орыс тілінде тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

5. Сембиева Фарида Төлебекқызы – медицина магистрі, аға оқытушы, еңбек өтілі 7 жыл. Ғылыми қызығушылығы: еңбек және коммуналдық гигиена радиационды гигиена,ТҚН мәселелері. Қазақ және орыс тілінде тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

6. Каюпова Шынар Камбаровна –МВА магистрі,оқытушы, кафедрадағы еңбек өтілі 3 жыл. Ғылыми қызығушылығы гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, коммуналдық гигиена. Қазақ тілінде тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

7. Алдабекова Гульназ Омирзаковна- оқытушы, жалпы еңбек өтілі 14 жыл. . Ғылыми қызығушылығы гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, коммуналдық гигиена. Қазақ тілінде тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

8. Мукашева Кабира Мурзагуловна -оқытушы, жалпы еңбек өтілі 36 жыл, педагогикалық еңбек өтілі -2 жыл.Ғылыми қызығушылығы гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, коммуналдық гигиена. Қазақ тілінде тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

9. Хасенова Асель Жанабековна -оқытушы, жалпы еңбек өтілі 14 жыл, педагогикалық еңбек өтілі -4жыл.Ғылыми қызығушылығы гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, коммуналдық гигиена. Қазақ тілінде тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

1.7 Байланыс ақпараты;

Кафедраның мекен-жайы – Бейбітшілік 53, 3 этаж. Электрондық почта

Kazgma – gigiena @mail. ru Телефон – 53 94 59

Аудиториясы №305,306. 308,309

1.8 Пәннің саясаты:

Білім алушылардың мiндеттері:

• Пән бойынша тәжірибелік дағдыларды жасай білу,білімді толық көлемде қамту.

• Тақырып бойынша көрсетілген әдебиеттер және бақылау сұрақтар мәліметтерін қамту,студент сабаққа келуге міндетті.

• Кафедра заттарына ұқыпты қарау.

• Білім алушылар білім ордасындағы оқытушылар мен қызметкерлерді сыйлау керек.

• Дәрістерде, тәжірибелік сабақтарда және емтихандарда медициналық формада болу керек (халат,калпак).

• Кафедра тынысына белсене қатысу (студенттердің ғылыми үйірмесінде, кафедра шараларына).

• Сабақтарда ұялы телефондарды сөндіру.

• Ұялы телефондарды емтиханға алмау.

• Сабаққа кешікпеу. Дәріс, тәжірибе, ОСӨЖ-ге міндетті түрде қатысу.

• Дәрісті жіберген уақытта дәрісті өтеу түрлері: конспект, баяндама және дәріскермен сұхбат жүргізу.

• Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды себепті жағдаймен жіберген уақытта ( сырқаттанғанда, уйлену тойы болғанда, босанғанда, стационарлық ем қабылдағанда, жақын адамдарын жоғалтқанда, сұрапыл апаттарда және т.б.)

• Студент немесе оның туыстары 3 тәулік ішінде кафедраға болған жағдайларды хабардар ету керек (телефон арқылы және т.б.)

• Егер сабақтан себепті жағдайлармен қалған сәттерде растайтын құжат болу керек: студенттер емханасынан анықтама қағаз, донорлық анықтама, жақын адамдарының қайтыс болғану туралы куәлік, неке куәлігі, туу туралы куәлік. Егер құжат болмаған жағдайда ол себепсіз болып есептеледі. Деканат тарапынан өтеу қағазы болу керек.

• Өтеу қағазы кафедраның «Өтеу журналында» және деканаттың « Өтеу қағаздарын тіркеу журналында» тіркеледі. Өтеу қағазының көшірмесі деканатта ал түп нұсқасы студентің өзінде болады.

• Егерде сабақты себепті жіберген уақытта өтеу сол сабақтын көлемін өтеп баллы қойылады.

• Егер сабақты себепсіз жіберген уақытта өтеу сол сабақтын көлемін өтеп, бірақ баллы қойылмайды(0).

• Жіберілген дәріс және тәжірибелік сабақтар 2 апта ішінде өтелуі керек.

• Егер білім алушы 2 апта ішінде дәріс және тәжірибелік сабақтарды өтемесе аттестацияланбайды.

• Қанағаттанарлықсыз бағаны алған жағдайда рейтингті көтеру мақсатында қайта тапсыруға болмайды.

• Білім алушыларға қорытынды бақылау мен рейтинг бойынша оң баллдары болса қорытынды баға қойылады.Оң баға 50% дан 100% құрайды, қанағаттанарлық емес баға - 0% - 49% құрайды.

• Сабақтарды кафедрада өтеу кестесі бойынша өткізіледі.

• Білім алушы емтихан сессиясының нәтижелері мен қорытынды аттестациямен келіспесе, Университеттің апелляциондық комиссия төрағасының атына апелляция беруге құқылы.

• Халықаралық студентік конференция мен кафера пәні бойынша олимпиада жүлдегерлеріне оң баға жүлдегерлеріне 100% қорытынды аттестатция автоматты түрде қойылады.

• Егер білім алушы пән бойынша қарыздар болса, басқа ЖОО ауысқанда

оқу жоспары бойынша айырмашылық тапсырмаса, онда ол білім алушы ақылы жазғы семестр өту қажет.

2. Бағдарлама:

Кіріспе

Еңбек гигиенасы - еңбек жағдайларының гигиеналық әсерлерін, және жұмыскерлердің жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығына әсерін, сонымен қатар еңбек жағдайларының жағымсыз әсерлерін ескертудің тәжірибелік шараларын және ғылыми негіздерін өңдейтін ғылым. Еңбек гигиенасының негізгі мазмұны болып созылмалы сырқаттардың үдеуін, жұмыскерлердің еңбек ету жағдайында жарақаттанулар мен олардың асқынуларын, жарақаттану және сырқаттарды медициналық алдын-алу болып табылады.Еңбек гигиенасы «Қоғамдық денсаулық» мамандығы бойынша бакалаврлардың біліміне қажетті, профилактикалық медицинаның ғылыми саласының бірі.

2.2 Пәннің мақсаты:еңбек гигиенасы саласындамемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүргізу бойынша қоғамдық денсаулықты қорғау маманын даярлау.

2.3 Оқыту мақсаттары:

· ҚР Конституциясының, «ҚР халықтың денсаулығын қорғау туралы» Заңының, «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңының, «ҚР еңбекті қорғау туралы» Заңының, «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңының және басқа құқықтық және нормативтік актілерінің негізгі ережелері енген санитарлық дәрігерінің ісін реттеуші Заңдылық актілерді меңгеруін жетілдіру;

· денсаулықты қорғау және қоғамдық денсаулық жағдайын бағалауды үйрету;

· еңбек гигиенасының теориялық және тәжірибелік негіздерін игеру;

· гигиеналық әдістерін, оның ішінде физиологиялық, токсикологиялық және өндірістік ортаны және еңбек процессінің факторларын зерттеу әдістерін оқыту;

· профилактикалық шараларды дәрістеу және олардың тиімділігін бағалау тәжірибесін үйрету;

· әртүрлі еңбек түрімен айналысатын тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

· Улану және жарақаттану, сонымен қатар тұрғындар арасындағы жұмыскерлердің кәсіптік аурушаңдығының алдын-алу, жалпы аурушаңдығын төмендетуге мүмкіндік ететін, факторларының қауіптерін анықтау мақсатында жүргізілетін мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық шаралары туралы білім беру;

· Бақылау объектілерінде алдын-алу шараларының жүйесін өңдеу мақсатында еңбек процессінің факторларын және өндірістік ортаның жағдайын талдауға және бағалауға үйрету;

· өндірістік ортаның факторларын және еңбек процессін зерделеу үшін зертханалық және аспаптық зерттеулерді жүргізу әдістерін үйрету;

· ведомствалық кәсіпорындарына және басқа объектілерге ағымды санитарлық қадағалауды жүргізуді;

· есепке алу-есеп беру құжаттарын дұрыс жүргізуді;

· салауатты өмір салтының негіздерін және принциптерін насихаттауды.

 

2.4 Пәнді оқытудың сонғы нәтижесі:

А. Студент білуге және түсінуге тиісті:

· еңбек гигиенасы саласындағы маманның іс-әрекетін регламенттеуші нормативті-құқықтық құжаттарын қолдануды;

· еңбек гигиенасы саласында әр түрлі деңгейде мемелекеттік санитарлы-эпидемиялогиялық басқару шешімдерін қабылдауды;

· еңбек гигиенасы бойынша мемлекеттік тілде және орыс тілінде есеп-тіркеу, медициналық, іс құжаттарын жүргізуді;

· санитарлы-эпидемиологяиылық жағдайдың өршуі кезінде әр түрлі объектілердегі санитарлы-гигиеналық жағдайын бағалау;

· қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерін төмендетудің алдын-алу шаралары нәтижесінің тиімділігін бағалау;

· жеке үрдістер бойынша хронометражды зерттеулер жүргізу және санитарлы-гигиеналық сипаттамасын құрастыру;

· өндіріске және еңбек жағдайына толығмен гигиеналық баға беру;

· еңбек ету процессінде организмнің функциональдық жағдайын зерттеу принциптерін және әдістерін;

· еңбек гигиенасы облысында ағымды және ескертеплі санитарлы-гигиеналық қадағалауды жүргізу;

· өндірістік жарақаттану және сырқаттану, кәсіптік улануды анализдеу және тексеру, есеп жүргізу;

· құралмен жұмыс істеу, құралдың санитарлы-техникалық нәтижелігін бүкіл әлемдік стандартты есепке ала отрып гигиеналық бағалау;

· тұрғындар арасында салауатты өмір сүруді насихаттауды жүргізуде, кәсіптік аурулар мен кәсіптік жарақаттанудың алдын-алуды насихаттаудағы, өндірістік орта мен организмнің әрекеттестігінің заңдылығы туралы мағлұматты қолдану.

В. Студент білімдерін және түсініктерін қолдана білуге тиісті:

· Еңбек гигиенасы аймағында маманның кәсіби іс-әрекетін регламенттейтін нормативті-құқықтық құжаттарды қолдану;

· еңбек гигиенасы аймағында мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының әртүрлі деңгейінде бақыланатын шешімді қабылдау;

· мемлекеттік және орыс тілінде еңбек гигиенасы бойынша медициналық, есеп-қисаптық, іскерлік құжаттармен жұмыс жасау;

· санитарлық-эпидемиологиялық жағдай шиеленіскенде әртүрлі обьектілердің санитарлық-гигиеналық жағдайын бағалау;

· қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінің төмендеуі бойынша алдын-алу шараларының тиімділігін бағалау;

· жеке процесстер бойынша хронометражды зерттеу жүргізу және санитарлық-гигиеналық сипаттама жасау;

· еңбек жағдайынажәне өндіріске толығымен гигиеналық баға беру;

· еңбек іс-әрекеті процессінде организмнің қызметтік жағдайын зерттеу әдістері мен жұмыс принципін талқылау;

· еңбек гигиенасы аймағында ағымды және ескертпелі санитарлық қадағалауды іске асыру;

· өндірісте жарақаттануды, сырқаттануды және кәсіби улануды талдап, зерттеу және тіркеуден өткізу

· мемлекетттік стандарт есебімен санитарлық-техникалық қондырғылардың тиімділігін гигиеналық бағалау, құралдармен жұмыс істеу;

· тұрғындар арасында салауатты өмір салтын өткізуде өндірістік ортаның және организмнің өзара әсерлесу заңдылықтарын біле отырып, кәсіптік аурулармен өндірістік жарақаттардың алдын-алу.

· компьютерлік технологияны қолдана отырып еңбек гигиенасы бойынша есеп-тіркеу құжаттарын жүргізуді;

· еңбек гигиенасы саласында мемлекеттік ағымды және ескертпелі санитарлы-эпидемиологиялық қадағалауды іске асыруды;

· әртүрлі өндірістік объектілердің жобалау құжаттарына сараптама жүргізуді;

· өндірістік ортаның қолайсыз факторларының әсер етуіне байланысты, еңбек етуші тұрғындардың денсаулық жағдайын бағалауды;

· МСЭҚ еңбек гигиенасы бөлімінің жұмыс жоспарын құрастыруды;

· СӨСС ұйымдастыруды.

D. Студенттің коммуникативтік қабілетілігі болуға тиісті:

1. Пән аралық топтарда жұмыс істей білу.

2. Өзінің зерттеулерін және әдебиеттердегі ізденісінің нәтижесін жеткізе білу.

Е. Студент оқуға қабілеттілігін көрсете білуге тиісті:

1. Жаңа ғылыми мәселелерді өз бетімен зерттей білу.

2. Санитарлық сараптама әдістерден және ашылған жаңалықтардан хабардар болу мүмкіндігін пайдалану.

3. Жоғарғы дәрежеде автономды түрде жұмыс істей білу

 

2.5 Реквизитке дейінгі:жалпы гигиена және экология, химия,тағамтану гигиенасы, коммуналдық гигиена

2.5 Реквизиттен кейінгі :қоршаған орта және халық денсаулығы,эпидемиология

2.6 Пәннің қыскаша мазмұны: Еңбек гигиенасы - еңбек жағдайларының гигиеналық әсерлерін, және жұмыскерлердің жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығына әсерін, сонымен қатар еңбек жағдайларының жағымсыз әсерлерін ескертудің тәжірибелік шараларын және ғылыми негіздерін өңдейтін ғылым.