Пәннің алғы реквизиттері және кейінгі реквизиттері

СИЛЛАБУС

 

Пәннің коды Far 2209

Мамандығы: 051102 - «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Дәрістер: 10 сағат

Тәжірибелік сабақтар: 20 сағат

ОСӨЖ: 30 сағ

СӨЖ: 30 сағ

Емтихан I I I семестр

Барлығы: 90 сағат

2 курс

Семестр I I I

 

Астана 2012

Силлабус ҚР мемлекеттік стандартына сәйкес құрастырылған. Бакалавриат. (Астана, 2006). 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін «Фармакология» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде жасалған

Құрастырушылар: Мухамбетов Д.Д

Таржанова Д.Ш.

Буркитбаева С.С

Силлабус АҚ «Астана Медицина Университеті» 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша оқытылатын студенттерге арналған

 

Жалпы фармакология кафедрасының кеңесінде талқыланғанжәне бекітілген.

28 тамыз 2012 жыл № 1 хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ Мухамбетов Д.Д.

 

Жалпы фармакология кафедрасының кеңесінде талқыланғанжәне бекітілген.

«___» ________ 20___ жыл № ___ хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ Мухамбетов Д.Д.

 

Жалпы фармакология кафедрасының кеңесінде талқыланғанжәне бекітілген.

«___» ________ 20___ жыл № ___ хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ Мухамбетов Д.Д.

 

Оқытушылар туралы мәлімет

Кафедра меңгерушісі -Мухамбетов Дамир Даулеткалиевич

Фармакология және клиникалық фармакология –14.00.25 мамандығы бойынша медицина ғылымдарының докторы

Профессорлар: Шайдаров Мажит Зейнуллович - 14.00.25 – фармакология және клиникалық фармакология мамандығы бойынша медицина ғылымдарының докторы

 

Стикеева Райхан Куандыковна- 14.00.16- патологиялық физиология мамандығы бойынша медицина ғылымдарының докторы

 

Кафедра доценттері: Таржанова Динара Шакеновна - 14.00.16- патологиялық физиология мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты

Буркитбаева Сауле Салимовна - 14.00.25 – фармакология және клиникалық фармакологиямамандығыбойынша медицина кандидаты

 

Аға оқытушы:Жантуреева Акмарал Амирбековна - 14.00.16- патологиялық физиология мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты

Байланысатын ақпарат

Жалпы фармакология кафедрасы Астана каласы, Сарыарка көшесі 33, АҚ «АМУ» оқу корпусының 8 қабатында орналасқан

Пәннің саясаты

Студенттер міндетті:

- Тәжірибелік сабақтарға тақырып бойынша дайындалып келуі керек;

- Себепсіз дәріс пен тәжірибелік сабақты қалдырмауы және кешікпеуі керек;

- Жалпы медициналық ЖОО қабылданған формасы ( таза, ақ халат) болуы керек;

- Уақытылы қортынды сабақтарды тапсыруы керек (күнтізбелік жоспарға сәйкес немесе бір жұма ішінде);

- Оқытушылармен сыпайы сөйлесу керек;

Студенттер құқылы:

- Дәріс оұитын оқытушыға немесе оқытушыға фармакология мәселелерін қамтитын сұрақтар қоюға;

- Егер дәріс оқитын оқытушы немесе оқытушы көз қарасымен сәйкес келмейтін тақырып бойынша туындаған ойларды ғылыми негіздеп, дәлелдеуге;

- Егер тақырып бойынша кейбір сұрақтар толық қамтылмаса, оқытушыдан қосымша түсініктеме сұрауға;

- Өздерін қызықтыратын тақырыптар бойынша кафедраның СҒҚ кружоктарына қатысуға;

- Қойылған бағамен келіспесе, сынақ немесе емтиханды коммисионды қайта тапсыруды сұрауға.

 

Айыптау шаралары

- Тәжірибелік сабақтар мен дәрістерге студенттер формаларсыз (ақ халат) кіргізілмейді

- Тәжірибелік сабақтар мен дәрістерде ұялы телефондарын сөндірмеген студенттер сабақтан шығарылады және сабаққа қатыспады деп есептелінеді және сол сабақты қайта өтеуі тиіс немесе сабақты қорытынды бағалағанда 1 балл төмендетіледі;

- Коллоквиумды уақытылы тапсырамаған студент 1 жұма арасында өзінің мұғаліміне немесе басқа мұғалімге өтеу сағатында тапсыруға қақысы бар;

- Қалдырған дәрісін жазған конспектісін көрсету арқылы өтейді;

- Дәріс, тәжірбиелік сабақтар бойынша 1 одан да көп қарыздары бар, СӨЖ және коллоквиумдарын тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді;

- Қалдырылған сабақтарды өтеу кестесі бойынша өтеу уақытында сабаққа рұқсат қағазын көрсеткеннен кейін өтеледі;

 

 

Кіріспе

«Фармакология» пәнін барлық мамандық студенттері оқуға міндетті, өйткені ол дәрілік заттардың тірі ағзаларға әсері мен өзара әсерін зерттейтін ғылым, бірақ дәрілік заттардың жоғары мөлшері әсер еткенде уландырушы әсерге негізделген мүшелер мен қызметтік жүйенің жұмысында жағымсыз өзгерістер болады. Бұл құбылысты фармакологиядан бөлініп шыққан токсикология зерттейді және онымен тығыз байланыста болады.

Фармакология теориялық және клиникалық пән арасындағы байланыстырушы жүйе болып табылады. Әсіресе фармакологияның тәжірибелі медицинада маңызы зор. Жоғары әсерлі дәрілік заттардың шығарылуы арқасында фармакотерапия көптеген ауруларды емдеуде әмбебап әдісі болды. Сондықтан фармакотерапия негізін білу барлық мамандық дәрігерлеріне өте қажет.

Пәннің мақсаты: дәрілік заттардың ағзаға тигізетін әсеріне негізделген жалпы заңдылықтырды студенттерге үйрету.

Пәннің міндеттері:

· рецепт және рецепт жазбасын құрастырудың негізгі қағидаларымен таныстыру;

· дәрілік зат түрін таңдау және дәрілік заттардың қолдану әдістерінің жалпы қағидаларымен таныстыру;

· дәрілік заттардың фармакокинетикасымен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтыры туралы көзқарас қалыптастыру;

· дәрілік заттардың қасиетіне негізделген пайдалануды үйрету.

· патогенді микроорганизмдердің, қарапайымдылардың, гельминттердің тіршілігін басатын дәрілік заттарды таңдауды үйрету.

· дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін табу және оны жоюды үйрету.

Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білуі керек:

· фармакология пәні мен міндеттерін;

· дәрілік зат, дәрілік түр, дәрілік препарат түралы түсініктерді;

· әртүрлі дәрілік заттардың түріне рецепт жазу ережелерін;

· дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтарын;

· дәрілік заттардың негізгі жағымсыз және кері әсерлерін;

 

Студент істей алуы керек:

· дәрілік заттардың жағымсыз және кері әсерлерінің алдын – алу және жою;

· фармакологиялық әсерлер туғызатын жүйелер мен мүшелер қызметтерінде болуы мүмкін өзгерістерді болжау;

· тәжірибелік фармакологияда қазіргі заманға сай теориялық концепцияларды бағалау.

Студент дағдыларды меңгеру тиісті:

· дәрілік заттардың қолайсыз әсерлерін түзету және улану болған жағдайда оларды пайдалана білу;

· фармакология бойынша жаңа білімдерді өз бетімен ала білу және ғылыми әдебиеттерді рефераттау.

 

Пәннің алғы реквизиттері және кейінгі реквизиттері

Пәннің алғы реквизиттері: физиология, биохимия, патологиялық физиология, патологиялық анатомия, микробиология.

Пәннің кейінгі реквизиттері: жұқпалы аурулар, клиникалық тәжірибеге кіріспе, дәлелдеу медицинасының негізі, эпидемиология.