Лекция 13. Аяқ киімнің астыңғы бөлшектерін жіппен бекіту әдістері

Жіппен бекіту әдістерін ұлтандары былғарыдан және резенкеден болатын күнделікті, өндірістік және спорттық аяқкиімдерді тігу үшін қолданады. Ұлтанды аяқкиім үстіне сыртқы өрілудің /6.7а сурет/ бір жіпті тігісімен немесе ішкі өрілудің екі жіпті тігісімен машиналарда бекітеді /6.7б сурет/.

Ішкі бекіту әдісіне жататын тігілмелі әдісімен бекітілген аяқкиімде керме жиегі ұлтан мен ұлтарақ арасына орналасады. Сыздық, сандал, доппель және Парко әдістерімен бекітілген аяқкиімде тігіс сыртында орналасады. Ұлтанды аяқкиім үстінің дайындамасына тігілген сыздықпен немесе ұлтараққа және аяқкиім үстінің дайындамасына тігілген сыздықпен немесе керме жиегі сыртқа қайырылған аяқкиім үстінің дайындамасымен бекітеді /6.8 сурет/. Әрі мұндағы сыздық және керме жиегі бойынша жүргізілген тігіс аяқкиімге сән беріп тұрады.

Жіпппен бекіту әдісі металл бекіткіштер санын және аяқкиім массасын кемітуге, иілгішті арттыруға мүмкіндік береді. Ұлтанды жоғары аяқкиім үстініне жіппен бекіту үшін, зығыр және капрон жіптерін қолданады, олардың физика-механикалық қасиеттерінің көрсеткіштері 6.3 кестесінде келтірілген.

Тігілмелі әдісі. Ұлтанды аяқкиім үстіне бір ине шаншыммен машиналы тәсілмен материал бетінде тұзақ құрып бекіту өнеркәсіпте өткен ғасырдың соңында-ақ кең өріс алды /6.8 суретті қараңыз/.

Тігін машинасының инесі 2 /6.9 сурет/ материалды тесіп мүйіз (рог) 1 тесігіне кіреді, ал жіп лақтырғыш 5 жіпті иненің ілгішіне іледі. Жоғары көтеріле отырып, ине материалдан шығып, өзімен бірге жіпті 6 алып кетеді. Тасымалдыуыш 4 өңделетін аяқкиімді ине шаншым шамасына жылжытады. Құралған тұзақ, жіп лақтырғышпен 3 ұсталып тұрып, материал бетінде жатады. Бірінші тұзақтан өтіп барып, ине материалды екінші рет теседі, жіп лақтырғыш оған жіп лақтырады. Ине қайтадан көтеріліп және материалдан шығып, материалдан және алдыңғы тұзақтан жаңа тұзақ құрайды.

Тігін машинасында 4, 0892-20-240 … 0892-20-300 типті инелер қолданылады /6.10 суретте/. Ілгек тұрақты пішінді, бірақ иненің нөміріне байланысты түрлі өлшемдері болады. Жіптің үйкелуін кеміту үшін, иненің көзі жақсы жылтырауы тиіс. Тігін машинасының инесі бекітілетін материалдарды тесу және тесік арқылы жіпті өткізу, оны ине шаншым құру үшін, жіберу кездерінде үлкен кедергілерден өтеді.

Тесуге кедергісін кеміту үшін, иненің ұшының пішіні сопақ келеді және диаметрі үлкен болады. Жіп ілгектің ойығына /6.11а сурет/ орналасуы керек, олай болмаған жағдайда, ілгектің күрекшесімен ажыратылып /6.11б сурет/ әлсіреуі мүмкін, ал ол жіптің үзілуіне әкеліп соғады.

Жіптің диаметрін немесе жуандығын бос күйде және бекіті­летін бөлшектерде өл­шеу өте қиын. Жіп тесікті толтыра оты­рып, өзектің дұрыс геометриялық форманы құрмайды, сондықтан бекіту беріктігіне иненің ұшының формасына байланысты болатын тесіктің форманың маңызы зор. Тігісті бұзуға кедергісі 50 пайызға және материалды созу кезіндегі беріктік шегін 50-70 пайызға кемітетін үшкірлігі жалпақ инелерге қарағанда, үшкірлігі конусты инелер жақсы нәтиже көрсетеді.

Ұлтандарды машинамен сыртқы тігіспен бекіту өткен ғасырдың басында, доппель машина ойлап шығарылғанда пайда болды. Ұлтанды, ішкі өрілген екі жіпті тігіспен сыртқа қайырылған аяқкиім үстінің дайындамасының керме жиегіне немесе сыздыққа бекітеді.

Екі жіпті тігістің беріктігі бір жіпті тігістің беріктігіне қарағанда жоғары. Екі жіпті тігістің сыртқы үзбесі бір жіпті тігісімен салыстырғанда аз күш астында болып терең керілгендіктен және материалдың ішінде өрілуден жіпті түйреуішінің үзілуге қарсы кедергісі жоғары болады.

Аяқкиім астын бекітудің ең кең тараған әдістері: сыздықты, парко, сандалды және доппельді /жартылай сандалды/.

Сыздықты бекіту. Сыздықты аяқкиімдердің астын бекітудің беріктігі, сздықты аяқкиім үстінің дайындамасына немесе ұлтараққа бекітудің беріктігіне байланысты болады.

Сыздықты аяқкиім үстінің дайындамасына қалыптаудан кейін /сызықты, сыздықты тігілмелі, сыздық топсалы әдістермен бекітілген аяқкиімдер/ немесе қалыптау алдында /Парко әдісімен бекітілген аяқкиім/ бекітуге болады.