Каз. Хирургиялық көмекті ұйымдастыру сауалдары, каз. 34 жасар науқас К. механик болып жұмыс істейді

02_01_08_каз.

$$$001

34 жасар науқас К. механик болып жұмыс істейді. Ойық жара ауруымен 7 жыл ауырады. Соңғы 3 жылда ауруы жиі өршуде (жылына ұзақтығы 1,5-2 ай болатын 2-3 рет өршу). Ұсынылған хирургиялық емнен бас тартқан. Диагнозы: асқазанның ойық жара ауруы. Жиі өршиді. Айқын ауырсыну синдромы, тамақтанудың айқын төмендеуі, асқазанның секреторлық және моторлық – эвакуаторлық қызметтері бұзылыстары. Айқын астениялық – невроздық синдром№ Сіздің сарапшылық шешіміңіз қандай болады?

A) Уақытша еңбекке жарамсыз.

B) 3 топ мүгедегі

C) 2 топ мүгедегі.

D) ЕКК бойынша жұмыспен қамтамасыз ету.

E) Арнайы жағдай жасау В критериясы мүгедегі.

{Дұрыс жауап}=B

{Күрделігі}=3

{Оқулық}= (Хирургические болезни I-II том Савельев В.С., А.И.Кириенко 2008 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің білім деңгейі}=PA

 

02_01_08_каз.

$$$002

45 жасар науқас Ч. шахтер болып жұмыс істейді. Ұлтабардың ойық жарасы орташа дәрежелі ауырлық, өршуіне орай амбулаториялық емделу үшін ауруханалық парағы толтырылған. Уақытша еңбекке жарамсыздық ұзақтығын анықтаңыз.

A) 1 айға дейін.

B) 1,5 – 2 ай.

C) 10 күнге дейін.

D) ауруханалық парағын жабу.

E) 4 айға дейін.

{Дұрыс жауап}=A

{Күрделігі}= 2

{Оқулық}= (Благитко Е. М. Амбулаторно-поликлиническая хирургия: Рук-во для врачей, преподавателей и студ. – Новосибирск.: Наука, 2006, Хирургические болезни I-II том Савельев В.С., А.И.Кириенко 2008 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{ Тестіленушінің білім деңгейі }=PA

 

02_01_08_каз.

$$$003

Жедел медициналық көмек станциясы қызметкерлерінің функциялары:

А) Шақыру қабылдайтын диспетчерлердің тәулік бойы кезекшілігі

В) Орта медициналық персоналдардың тәулік бойы кезекшілігі

С) Шұғыл жағдайларда науқастарға тәулік бойы көмек көрсету

Д) Амбулаториялық көмек көрсету үшін науқастарды емханаға жеткізу

Е) Қайтыс болған науқастарды тасымалдау

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделігі}=1

{Оқулық}=( Хирургические болезни. В. С. Савельев, А. И. Кириенко 2008 г., Хирургические болезни, Кузин М.И., 2006 г.)

{Курс }=7

{Семестр}=14

{ Тестіленушінің білім деңгейі }= FM

Каз. Травматология, каз

02_02_каз.

$$$001

Мына науқаста политравма түрін көрсетіңіз?

 

А) Көптеген жарақат.

В) Қосалқы жарақат.

С) Аралас жарақат.

Д) Жекеленген полифокалды жарақат.

Е) Жекеленген монофокалды жарақат

{Правильный ответ}= А

{Сложность}= 3

{Учебник}= (Травматология и ортопедия, Кавалерский Г.М., 2008 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Предполагаемое знание тестируемого}=NS

 

02_02_каз.

$$$002

Науқас жол-көлік апатынан ауыр қосалқы жарақатпен жеткізілді, жамбас сүйектері сынығымен. Көк бауыр жыртылуына, іш қуысына қан ағуына күдік. Ауруханаға түскенде АҚ 80\40 мм.сын.бағ. Жедел түрде лапаротомия жасалды, бұл кезде көк бауыр зақымы дәлелденді. АҚ бұл кезде 60/40 мм.сын.бағ дейін төмендеді. Ары қарай қандай тактика ең дұрыс болып табылады?

А) Шоктан шығару, жамбас ішілік блокада (негізгі шокогендік жарақат), спленэктомия

В) Аққан қанды реинфузия жасаумен шоктан шығару, спленэктомия

С) Толық гемостазбен көк бауырды алып тастау, ары қарай шоктан шығару

Д) Көк бауыр аяқшасына зажим салу, шоктан шығару, спленэктомия

Е) Гемостатикалық терапия, қан жоғалту жылдамдығының төмендеуінде спленэктомия, ары қарай шоктан шығару

{Правильный ответ}= Д

{Сложность}= 3

{Учебник}= (Травматология и ортопедия, Кавалерский Г.М., 2008 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Предполагаемое знание тестируемого}=NS

 

02_02_каз.

$$$003

 
 

Зерттеу әдісін және оның нәтижесін атаңыз?

 

А) Цистография, қуық бүтін

В) Цистография, қуықтың жыртылуы

С) Уретрография, зәр шығару каналы бүтін

Д) Уретрография, зәр шығару каналының жыртылуы.

Е) Экскреторлы урография – бүйректер функциясы жоқ

{Правильный ответ}= В

{Сложность}= 2

{Учебник}= (Травматология и ортопедия, Кавалерский Г.М., 2008 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Предполагаемое знание тестируемого}=РА

 

02_02_каз.

$$$004

Қандай омыртқа зақымданғанын анықтау мүмкін бе және қалай?

 

А) мүмкін емес, сегізкөзді қоса рентгенограмма жасау керек

В) мүмкін, кеуде және бел омыртқаларының сүйір өсінділерінің формасының айырмашылығына байланысты

С) мүмкін, соңғы қабырғалар ориентир болады

Д) мүмкін, физиологиялық иірімдерге қарап

Е) мүмкін, кеуде және бел омыртқалары денелерінің биіктігінің айырмашылығына байланысты

{Правильный ответ}= С

{Сложность}= 3

{Учебник}= (Травматология и ортопедия, Кавалерский Г.М., 2008 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Предполагаемое знание тестируемого}=NS

02_02_каз.

$$$005

Науқас жарақаттан соң 5 күннен кейін ауруханаға жеткізілді. Рентгенограммада келесі суреттеме. Толық диагнозды және мұндай жарақатты емдеу әдісін атаңыз

 

 

 

 

А. Сол жақ шат сүйегінің орнынан тайған сынығы. Қаңқадан тарту, сүйек арқылы остеосинтез

В. Оң жақ шонданай сүйегінің орнынан тайған сынығы. Қаңқадан тарту, сүйек үсті остеосинтезі

С. Шат симфизінің ажырауы. Бақа позасында төсектік режим, шуруппен остеосинтез

Д. Шат симфизінің жаңа емес ажырауы. Айқасқан тартумен гамак, сүйек үсті остеосинтезі

Е. Сол жақ сегізкөз-мықын қосындысының ажырауы. Тек қана оперативтік: сүйек үсті остеосинтезі, сүйек арқылы остеосинтез, сүйек ішілік остеосинтез.

{Правильный ответ}= Д

{Сложность}= 3

{Учебник}= (Травматология и ортопедия, Кавалерский Г.М., 2008 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Предполагаемое знание тестируемого}=NS

 

02_02_каз.

$$$006

Пациент жарақатты шынтағына құлағанда алған. Білегін және қол басын қарағанда келесі суреттеме. Жарақат рентгенограммасы төменде көрсетілген. Диагнозды атаңыз.

 

 

А) Аралас жарақат. Иық сүйегінің төменгі бөлігінің винт тәрізді сынығы, шынтақ нервінің зақымдануымен

В) Көптеген жарақат. Иық сүйегінің төменгі бөлігінің қиғаш сынығы, кәрі жіліктік нервтің зақымдануымен

С) Қосалқы жарақат. Иық сүйегінің төменгі бөлігінің винт тәрізді сынығы, ортаңғы нервтің зақымымен

Д) Қосалқы жарақат. Иық сүйегінің төменгі бөлігінің жарықшақты сынығы, кәрі жіліктік нервтің зақымымен

Е) Аралас жарақат. Иық сүйегінің төменгі бөлігінің винт тәрізді сынығы, шынтақ нервінің зақымдануымен

{Правильный ответ}= Д

{Сложность}=3

{Учебник}= (Травматология и ортопедия, Кавалерский Г.М., 2008 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Предполагаемое знание тестируемого}=NS

 

02_02_каз.

$$$007

Науқас, 36 жаста, жарақатты су жылытатын қазанның жарылуында алған. Ауыр жағдайда жеткізілді. АҚ 60/40 мм сын.бағ. Рентгенограммалар төменде көрсетілген. Бетінің, мойынының алдыңғы бетінің терісінің гиперемиясы, эпидермисі сыдырылған көпіршіктер. Диагнозды атаңыз

 

 

А) көптеген, оң білектің қос сүйегінің сегментарлы сынығы, оң жақ сирақтың қос сүйегінің төменгі бөлігінің қиғаш сынығы, бетінің, мойынының 1 дәр термиялық күйігі. 2 дәр жарақаттық шок

В) аралас жарақат, оң білектің қос сүйегінің ортаңғы бөлігінің жарықшақты сынығы, оң сирақтың қос сүйегінің төменгі бөлігінің қиғаш сынығы, бетінің, мойынының 1-2 дәр термиялық күйігі, 3 дәр жарақаттық шок

С) қосалқы жарақат, оң білектің қос сүйегінің ортаңғы бөлігінің жарықшақты сынығы, оң сирақтың қос сүйегінің төменгі бөлігінің жарықшақты сынығы, бетінің, мойынының 3 дәр термиялық күйігі, 2 дәр жарақаттық шок

Д) көптеген жарақат, оң білектің қос сүйегінің ортаңғы бөлігінің сегментарлы сынығы, оң сирақтың қос сүйегінің төменгі бөлігінің қиғаш сынығы, бетінің, мойынының 1-2 дәр термиялық күйігі, 3 дәр жарақаттық шок

Е) қосалқы жарақат, оң білектің қос сүйегінің ортаңғы бөлігінің жарықшақты сынығы, оң сирақтың қос сүйегінің төменгі бөлігінің жарықшақты сынығы, бетінің, мойынының 1 дәр термиялық күйігі, 4 дәр жарақаттық шок

{Правильный ответ}= В

{Сложность}= 3

{Учебник}= (Травматология и ортопедия, Кавалерский Г.М., 2008 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Предполагаемое знание тестируемого}=NS

 

02_02_каз.

$$$008

Науқас, 40 жаста, машина қаққан. Ауыр жағдайда жеткізілді. АҚ 80/50 мм сын.бағ. Рентгенограммалар төменде көрсетілген. Диагнозды атаңыз

 

А) көптеген жарақат, оң жақ сан сүйегінің сегментарлы сынығы, оң жақ қабырғалар сынығы, 1 дәр жарақаттық шок

В) аралас жарақат, оң жақ сан сүйегінің жарықшақты сынығы, оң жақтан пневмоторакс, 2 дәр жарақаттық шок

С) қосалқы жарақат, оң жақ сан сүйегінің сегментарлы сынығы, оң жақтан пневмоторакс, 2 дәр жарақаттық шок

Д) көптеген жарақат, оң жақ сан сүйегінің жарықшақты сынығы, оң жақтан гемоторакс, 3 дәр жарақаттық шок

Е) қосалқы жарақат, оң жақ сан сүйегінің сегментарлы сынығы, оң жақтан қабырғалар сынығы, 4 дәр жарақаттық шок

{Правильный ответ}= С

{Сложность}= 3

{Учебник}= (Травматология и ортопедия, Кавалерский Г.М., 2008 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Предполагаемое знание тестируемого}=NS

 

02_02_каз.

$$$009

Науқас, 30 жаста, көшеде табылған. Ессіз ауруханаға жеткізілді. АҚ 90/40 мм сын. бағ. Клинико рентгенологиялық зерттеуде және компьютерлік томографияда мынадай диагноз қойылды: оң жақ төбе сүйегінің жабық сынығы, 2-3 дәр бас миының жаншылуы, эпидуралды гематома, оң жақ білектің қос сүйегінің жоғарғы бөлігінің жарықшақты ашық сынығы. Бірінші кезекте қандай шараны жасау керек және неліктен?

А) науқасты шоктан шығару, өйткені барлық манипуляциялар қорғаушы күштердің декомпенсациясына әкелуі мүмкін

В) ашық сынықтың БХӨ, өйткені қан ағуды тоқтату және жараны жабу ғана науқасты критикалық жағдайдан шығаруға мүмкіндік береді

С) сынықты бекіту, өйткені диафизарлық сынықта май ағудың жалғасып жатуы майлы эмболияға әкелуі мүмкін

Д) краниотомия, өйткені мидың қысылуы өмірге өте қауыпты болуы мүмкін, жедел түрде оны алып тастау керек

Е) Ашық сынықтың БХӨ, өйткені оның мерзімін созу жарада инфекцияның дамуына әкелуі мүмкін

{Правильный ответ}= Д

{Сложность}= 3

{Учебник}= (Травматология и ортопедия, Кавалерский Г.М., 2008 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Предполагаемое знание тестируемого}=NS