Аудиторлық айғақнама

ХАС-500 мақсаты – дәлелдеме алудың мақсатынан атқарылатын процедуралардың қатынасында сонымен бiрге және қаржылық есеп беру аудитінен алынатын дәлелдемелердің сапасы мен саны қатынасындағы басқаруды тексерушiге беруі мен стандарттардың анықтауы. Тексерушiге аудиторлық есептеу нәтижесi тұрақтанатын ақылды қорытынды құрастыруға арналған дәлел алуы керек.

Аудиторлық дəлелдер – аудиторлық нəтижеге негiзделетiн қорытындыларды тұжырымдау барысында аудитор алатын ақпарат. Аудиторлық дəлелдерге қаржылық есептілік негiзiнде жататын жəне де басқа көздерден ақпарат кiредi. Бақылаудың тесттерi(сәйкестендіру тесттері) - бұл бухгалтерлiк есеп және iшкi бақылаудың жүйесi тиiмдi ұйымдастырылған және қолданыстағы заңы бар үйлесiмдерде жұмыс iстейтiн дәлелдерiнiң атқарылатын мақсаттарын алудың тесттері.

Негiзiндегі поцедуралар (маңыздылыққа тесттер ) - бұл қаржы есеп беруiнде маңызды бұрмалауларды табуға арналған дәлелдердiң тесттері. Негіздегі тесттер 2 түрге бөлінеді: 1. шоттар сальдосы(қалдығы) мен операциялардың бөлшекті тесттері; 2. аналитикалық процедуралар.

Кейбір аудиторлық дәлелдер бухгалтерлік жазуларды тестерін жүргізу арқылы, мысалы, қаржылық есеп үдерісіндегі шараларды талдау, шолу, қайта атқару, сонымен қоса бірдей ақпараттың байланысты типтері мен қолданыстарын салыстыру арқылы алынады. Аудитор сондай аудиторлық дәлел атқаруда бухгалтерлік жазулар ішкі жағынан сәйкесті болады және қаржылық есептілікпен ризаласатынын анықтайды.

Аудиторлық дәлелдеулер түсінігі ҚХАС бірнеше стандарттар жүйесін біріктіреді.Ол стандарттар ҚХАС "Аудиторлық дәлелдеу" бөлімінде келтірілген. Аудиторлық дәлелдеулер құрамына (n енетін аудиторлық ҚХАС енетін стандарттарға мыналар жатады:

· аудиторлық дәлелдеулер;

· аудиторлық дәлелдеулер-кеибір статьяларды ерекше қарастыру;

· бірінші аудиторлық тексеру-бастапқы сальдо;

· талдау процедуралары;

· аудиторлық іріктеу және іріктеп тексерудің басқа да процедуралары;

· бухгалтерлік бағалаудың аудиті;

· байланысқан жақтар;

· кейінгі уақиғалар;

· жұмыс істеп тұрған мекеме қағидаты;

· басшылыққа ұсыну.

Аудиторлық дәлелдеулер - аудитор өз пікірін қалыптастыру мақсатында оның дәлдігін қамтамасыз ету үшін аудиторлық дәлелдемелер жинап және оның негізінде қортынды жасау үшін жиналатын ақпарат. Аудиторлық дәлелдеулер жан жақты жүргізілген тексерулер негізінде және жүйеге келтірілген негізде жүргізіледі. Бұл жүйе екі саладан тұрады. Бірінші саласы аудиторлық бақылау жүйесінің тексеру тестілері болса, екінші саласы тексерілетін объектінің мәніділігін анықтау үшін тексерудің процедураларын жүргізу.

Бақылау тестілері - аудиторлық дәлелдеулерді алу үшін бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы, ішкі бақылаудың қызмет істеуінің тиімділігін анықтау негізінде жүргізіледі.

"Тексерілетін объектінің мәніділігін анықтау үшін тексерудің процедуралары" - қаржылық есептілікте жіберілген маңызды бұрмалаулар мен қателіктерді анытау үшін жүргізілетін тексеру тестілері. Аудитор өзінің пікірінің дәйекті және алынған дәлелдеулерінің негізді болуы үшін бұл бағыттағы аудиторлық процедуралар төмендегідей істерді қамтиды:

· жүргізілген операциялар класстары, немесе бухгалтерлік есептің шоттарының айналымын толық және түбегейлі тексеру;

· осы шоттардың сальдосының дұрыстығын айғақтау;

· таладау процедуралары.

Сонымен қатар Рессей ережелері бұл процедураларға "ішкі бақылау жүйесін тексеруді" жатқызады.

Аудиторлық дәлелдеулер алу үшін жүргізілетін процедуралар мен олардың көлемі және бағыты аудиторлық бағдарламада қелтіріледі.

Аудиторлық дәлелдеулердінң көлемі аудитордың өз пайымдауының негізінде және

Жоғарыда көрсетілген аудиторлық стандарттар мен ережелермен қатар аудиторлық дәлелдеулерде ҚХАС басқа да жүйелік түсініктемелері қолданылады. Оларға:

· аудит жүргізілген бухгалтерлік есептегі басқа да ақпараттарды пайдалану;

· қаржылық есептіліктің болжау ақпаратын тексеру;

· экономикалық субъектінің қызметін түсіну;

· ішкі аудиттің жұмысын зерттеу негізінде оны пайдалану;

· басқа аудиторлық ұйымның жұмыс қортындысын пайдалану;

· байланысты жақтар арасындағы операциалардың аудитті жүргізу барысында зерттеу;

· нормативті актілер ережелерінің орындалуын қадағалау;

· аудит барысында ішкі аудит жүйесін түсініп бағалау;

· эксперттер жұмысының қортындысын пайдалану.

Келтірілген ережелерді пайдалану және басшылықка алу аудиторлық дәлелдеулердің жан жақты толық болуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл ақпараттар жүйесін пайдалану субъектінің бухгалтерлік есеп жүйесін ұғып, оның қаржылық есептілігінің дәйектілігі түралы пікірді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Аудиторлық дәлелдеулер түрлері:

· Ішкі

· сыртқы

· аралас.

Сырттан алынған аудиторлық дәлелдеулер маңызды және дәлелді болып табылады.

2.ҚХАС сәйкес аудиторлық дәлелдеулерге ақпарат жүйесі болып, бастапқы бухгалтерлік есеп құжаттары, бухгалтерлік жазылымдар, жиынтық есеп ретінде бүхгалтерлік есеп реестрлері негіхінде қаржылық есептілікке шығарылатын ақпартаттар және басқа жүйеден алынатын ақпараттар т.б. Сонымер қатар аудиторлық дәлелдеулер, аудиторлық қортынды жасау үшін жиналған және оған негіз болатын ақпараттар. Бұл ақпараттар жиыны аудиторлық пікірдің қалыптасып, оның аудит қортындысына айналуының жүйелік негізін құрайды.

Негзізгі аудиторлық дәлелдеулерге ақпарат көзіне мыналар жатады:

- субъектінің бастапқы төл құжаттары және осы жөніндегі үшінші жақтан алынған құжаттар;

- субъектінің бухгалтерлік есеп регістрлері;

- субъектінің қаржылық таладауының қортынды ақпараттары;

- субъектінің қызметкерлерінің ауызша мәлімдемелері мен үшінші ауызша жақтың мәлімдемелері;

- субъектінің құжаттарын осы субъектінің басқа да құжаттарының арасындағы сәйкестіктерін тексеру және үшінші жақ құжаттарымен сәйкестігі;

- субъектінің қызметкерлері жүргізген оның мүлкін түгелдеудің нәтижелері;

- субъектінің қаржылық есептілігі.

Аудиторлық дәлелдеулердің сапасы оның алынған негізі мен алу түрлериңе байланысты. Аудитордың өзінің шаруашылық субъектінің қаржылық есептілігін тексеру нгізінде алынған дәлелдеулері сапа жағынан басқа ақпараттардан алынған деректерден жоғары болып саналады.