ТМҚ есебінің аудиті

ТМҚ-ды кәсіпорын әртүрлі жагдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станциясынан, айлақтардан, аэропорттан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.

Жабдықтаушылардың (жіберушілердің) қоймаларынан ТМҚ-ды алған кезде алушы-кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырады.

Материалдардың қозғалысын есепке алған кезде мынадай типтік құжаттар пайдаланылады.

Жабдықтаушылардың коймасынан тауарларды алу үшін материалды жауапты тұлғаға сенімхаты беріледі. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. № М-2а типтік ведомосы аралық нысаны, алдын ала нөмірленген және түптелген Журналға (ү. № М-3) тіркеледі. № М-2а нысаны төменде келтірілген.

Берілген сенімхатты Есептеу журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге жауапты тұлғада сақталады.

Сенімхатты беру үшін лауазымды тұлғамен келісім шарт жасалады, ондай келісім шарт жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта шаруашылық жүргізуші субъектілер оның мерзімін көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері кол қойып, мөр басады. Сол сенімхатта алынатып тауарлардың тізімі сенімхаттың артқы (кері) жағында жазылады.

Егер де алынатын тауарлар саны жағынан кем болмаса және түрлері де бір тектес болып келсе, онда олардың жалпы саны мен сомасы бір жолға жазылады.

Бір қоймаға жататын ТМҚ алынған жағдайда оған бірнеше накладной керек болса, сенім беруші сенімді тұлғаға бір сенімхатын беруіне болады, бірақ онда берілген барлық накладнойдың нөмірі, күні көрсетілуі тиіс. Егер де бір ғана сенімді тұлғаның бірнеше коймадан тауар алуына тура келсе, онда оған әрбір қоймаға ұсыну үшін жеке сенімхат беріледі.

Сенімхат, әрекет ететін мерзіміне қарамастан, тауарлы-материалдық құндылықтарды алғаш кезінен бастап беріледі. Мерзімі өткен сенімхаттары бойынша есеп бермеген лауазымды тұлғаға жаңа сенімхаттар берілмейді. ТМҚ ала салысымен материалды жауапты тұлға тапсырманы орындағаны туралы құжаттарды бухгалтерияға беріп, ТМҚ қоймага өткізу керек, олардың сол құндылықтарды қуаттайтын сенімхаты толық болмаса да.

Егер де ТМҚ-ды алу құқы жойылса, онда одан сенімхатты қайтып алынады, ал жіберушілерге басқа сенімхат беріледі.

Пайдаланбаған сенімхаттар мерзімі өткеннен кейін келесі күні сенім білдірушіге қайтарылады. Пайдаланбаған сенімхатты қайтарған кезде оны "Сенімхаттарды есепке алу журналына" тіркейді және оның түбіршегіне "пайдаланбаған" деген белгісін жасайды. Осындай сенімхаттар есеп беру кезеңнің соңына дейін сақталады, сосын есепті кезеңнің соңында жойылады.

Жабдықтаушылар (жіберушілер) ТМҚ босатқап кезде, әрбір жіберілген бөлігіне үш данада накладной жазып, онда сенімхаттын нөмірі, күні көрсетіледі. Оның бірінішісі ТМҚ алушыда, екіншісі жіберушінің өзінде қалады, оны ол алдағы кезеңде жіберілетін ТМҚ-ды бакылау жасау үшін пайдаланады. Ал үшіншісі бухгалтерияға беріледі. ТМҚ босатып біткен соң, ең соңғы партиясының құжаттарымен бірге сенімхатын да бухгалтерияға тапсырады. ТМҚ-ды мынадай жағдайларда сенімхат бойынша босатуына болмайды:

- сенімхаттың барлық реквизиттері толық толтырылмаса, жөнделген немесе өшірілген болса;

- көрсетілген сенімхаттағы құжаттары болмаса;

- сенімхаттың мерзімі біткен болса;

- субъектіден берілген сенімхаттың жойылғаны туралы хабар алса;

- сенімхат берген субъекті оз қызметін тоқтатса (жойылса, қайта құрылымдық өзгерістер жасаса).

Жабдықтаушылар сатып алушының қоймасына автотранспортпен ТМҚ-ды жеткізіп берген кезде сатып алушылардың материалды жауапты тұлғасы (қойма меңгерушісі) жабдықтаушылардың экспедиторынан алған ТМҚ-дың санын және брутто салмағын, тауарлы-транспорттық (көліктік) накладной мәліметімен салыстырады, олар екі данада жазылады. Тауарлы-транспорттық накладной (ТТН) үлгісі төменде келтіріледі. Егер олардың мәліметінде айырмашылық болмаса, онда оның бір данасына қол қойып және штамп басып, ТМҚ кабылданды деп жазады. Накладнойдың бір экземпляры материалды жауапты тұлғада қалады. Ал егер айырмашылық болса, онда оның саны мен сомасына Акті жасалады. Ол екі дана етіп жазылады және оған екі жақтың да жауапты тұлғалары қол қояды. Оның біреуін жабдықтаушыға жібереді, ал екіншісі ТМҚ қабылдаған жауапты тұлғада қалады, одан әрі ол бухгалтерияға беріледі. Акті жабдықтаушыға талап-тілек қоюға негіз бола алады. Жоғары аталғандардан басқа ТМҚ халықтан да сатылып алынуы мүмкін. Бүл кезде материалды жауапты тұлға сатып алынған ТМҚ-ға акті жасайды, онда: сатушының аты-жөні, СТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі), ТМҚ аты, алынған бағасы, жалпы құны көрсетіледі (актінің нысаны төменде келтірілді). Осы актіде патенттің (куәлігінің) нөмірі және әрекет ететін мерзімі, қызмет түрі немесе баска да құжаттары (квитанциясы, бір жолғы талоны) көрсетіледі. Егер де аталған құжаттар болмаса ұйым бюджетке төленетін жеке табыс салығын өзі төлейді.

ТМҚ-ды кірістеуге мына құжаттар негіз болып саналады:

-шот-фактура, онда: қатар нөмірі мен күні, атауы және жабдықтау мен ТМҚ-ты сатып алушының СТН, ҚҚС-ын есепке қою туралы куәлік нөмірі, әкелінген ТМҚ атаулары мен саны, қүны, акцизделетін ТМҚ сомасы т.б.;

-тауарлы-транспорттык; накладной;

-тауарды қабылдап алған материалды жауапты тұлғаның жазған накладнойы мен құжаттары, атап айтқанда:

Кіріс ордері. Жабдықтауышылардан немесе өңдеуден түскен запастарды есепке алу үшін пайдаланылады. Ол бір ғана данада жазылады және ол жауапты тұлғадан материалдар қоймаға келіп түскен кезде толтырылады.

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша бухгалтерлік есепте келесі жазулар жазылады:

Сатылған (жөнелтілген) өнімнің, тауарлардың, істелінген жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнына сәйкес мына төмендегідей шоттардың корреспонденциясы жасалынады: Дт 7010 Кт1320, 1330, 8010, 8020, 8030. Қаржылық инвестицияларды, материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды сатқан кезде тиесілі шығыстар шоттары дебеттеліп, актив шоттары кредиттеледі 2410, 2730, 1150.

Сатылған өнімнің, тауардың, атқарылған жұмыстың, көрсетілген қызметтерді сату құнына 1210 шоты дебеттеледі де, 6010 шоттары кредиттеледі.

Осыған ұқсас шоттардың корреспонденциясы негізгі құралдарды 6210 шоттың кредиті, материалдық емес активтерді 6210 шоттың кредиті, бағалы қағаздары 6210 шоттың кредиті сатқан кезде жасалады. Осы жасалған корреспонденциямен бірге қосымша құн салығына (ҚҚС) 1210 шоты дебеттеліп, 3130 шоты кредиттеледі.

Сатып алушыларға және тапсырыс берушілерге төлеу үшін берілген есеп айырысу – төлем құжаттарын төлегеніне қарай 1010 шоттары дебеттеледі де, 1210 шоты кредиттеледі.

Егер сатып алушылар мен тапсырыс берушілер шартқа сәйкес жабдықтаушыға аванс төлесе, онда сатып алушылар мен тапсырыс берушілер төлеген аванс сомасын шегеріп барып төлем жасайды.

Егер де алынуы тиісті шоттар алғашқыда шетел валютасымен, содан соң теңгемен көрсетілсе, онда олардың есептік кезеңнің соңына пайда болған оң айырмасы 1210 шоттың дебетінде және 6250 шоттың кредитінде көрсетіледі, ал теріс айырмасы 7430 шоттың дебетінде және 1210 шоттың кредитінде көрсетіледі.

Берешек қарыздар соларға байланысты түсетін табысты салыстырғаннығ нәтижесінде ғана танылады, бірақ табыстан баға бойынша да, сату бойынша да берілген жеңілдіктермен қоса, сатудан қайтарылған тауарлардың құны шегеріледі.

Айдың аяғында 1210 шоты бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өздеріне келген тауарлы-материалдық құндылықтар және орындалып, қабылданған жұмыстар мен қызметтер үшін өтелмеген борыштың қалдығын көрсетеді.