Аудиттің әдеби қағидалары

Аудит компоненттері

ТМД мемлекеттерінде шыққан арнайы әдебиеттерде "аудит" жөнінде әртүрлі анықтамалар кездеседі. Авторлар канша болса, сонша анықтама бар. Біреулері өте қысқаша түрде анықтама берсе, баскалары керісінше ұзақтау және қиындау түрінде береді, ал үшіншілері оның да, бұның да анықтамаларының қосындысынан айтылады.

Осыған орай аудит женіндегі анықтама, Қазақстан Республикәсының өз ерекшеліктерін ескере отырып, "Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы" заңында "Аудитке" темендегідей анықтама береді. Аудит - бұл қаржы есеп беруді, шаруашылық жүргізуші субъектілердін берген есебінің дүрыстығын анықтау мақсатында олардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы алғашқы құжаттар мен басқа да ақпаратының есебін, оның толықтығын және қолданылып жүрген заңдар мен белгіленген нормативтерге сәйкестігін тәуелсіз түрде тексеру.

Аудитті шаруашылық жүргізуші субъектілермен (тапсырыс берушілермен) жасалған шарт негізінде тәуелсіз жеке адамдар (аудиторлар), аудиторлық ұйымдар (фирмалар) жүзеге асырады.

Аудиторлық тексерулер мемлекеттік органдар тарапынан Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын кәсіпорымдар шаруашылық қызметінің заңдылығына бақылау жасауды жоққа шығармайды.

Егер белгіленген тәртіп бойынша тіркелмөген және Аудиторлық қызметпен айналысу қүқығы біліктілік комиссиясының аттестациясынан өтпеген болса, бірде-бір заңды ұйым немесе нақты адам аудитор деп атала алмайды немесе өздерін аудиторлық қызметпен айиалысушы ретінде көрсете алмайды. Аудиттің маңызын анықтау шеңберінде олар төмендегідей негізгі компоненттердің қажеттілігін анықтау қажет.

Оларға жататындар:

1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер

2. Ақпараттар

3. Аудиторлардың кәсіби мамандылығы

4. Материалдарды жинау және оларды бағалау

5. Стандарттар мен критериялар (белгілер)

Аудит постулаттары

Егер аудиттің әдістері, міндеттері және пәні оның теориялық сұрақтарының негізі болып есептелінсе, онда онымен қатар бірнеше теориялық проблемаларын қарастыру қажет. Олар аудиттің пәні мен мазмұнын одан әрі қарай дамытады.

Міне, осыларға жататындар:

1. Концепциялар (бірдеме туралы негізгі пікір)

2. Постулаттар (сипаттауды керек ететін жорамалдар)

3. Стандарттар

Концепция дегеніміз - әртүрлі құбылыстарды түсіну, көзқарастыру жүйелерін анықтау. Концепция белгілі ғылымның теориялық бағытын анықтауға көмектеседі. Аудиттің теориясы 5 концепциядан тұрады:

1. Тәртіп этикасы

2. Тәуелсіздік

3. Кәсібилік (профессионалдық)

4. Айғақтық (дәлелдеулік)

5. Дәлдікті көрсету.

Аудит теориясының екінші негізгі элементі болып постулаттар есептелінеді.

Постулат дегеніміз бастапқы жағдайды дәлелсіз түрде бекіту немесе қабылдау. Постулаттар ғылыми пәннің және ғылымның негізіне жатады. Ол әрбір ғылымның дамуына әсер етеді. Әрбір постулаттар немесе аксиомалар білімнің даму процестерінде өзгеріп отырады.

Аудиттің постулаты - аудиторлық теорияның аксиомалық ережесі, ол арқылы аудиторлық стандарттың мазмұнын тұсінуге болады және бағытын дамытуға көмектеседі.

Постулатгарға мыналәр жатады:

1. Қаржы отчеты мен қаржы көрсеткіштері тексерілуі қажет, бұл постулатты қателік деп айтуға болмайды, өйткені зан бойынша қаржы отчетының дүрыстығын және объективтілігін аудиторлардың анықтап беруі қажет.

2. Аудиторлар мен әкімшілік арасында мақсаттары жөнінде шарасыз тартыс болуы міндетті емес.

3. Верификацияның мүмкіндігі (анықтығын тексеру, дұрыстығын анықтау).

4. Отчет дұрыс жасалмаған. Бұл постулат аудиттің рөлі мен манызын анықтайды,

5. Ешкімде кателіктен құтылмайды.

6. Аудитордың пікірі оның қажеттілігімен байланысты.

7. Отчет көрсеткіштерінің объективтілігі ішкі тексерудің тиімділігіне тікелей пропорционалды болып келеді.

8. Қаржы отчеты тәуелсіз пікір ретінде тексерілген жағдайда, аудиторлардың қызметі оның өкілдігіне байланысты.

9. Әрбір сонғы тексеру алдынғы тексерудің құнын төмендетеді.

10. Аудитордың әрбір қорытындысы белгілі бір мөлшерде оның дұрыс екендігін дәлелдейді.

11. Бастапқы ақпараттардң құндылығы

12. Жалпы қабылданған бухгалтерлік принциптерді жүйелі түрде іске асыру.

Постулаттарды зерттей отырып төмендегідей қорытындыға келуге болады біріншіден, постулаттар міндетті түрде аудиторлардың жұмыстарына қажет; екіншіден, шет мемлекеттер пайдаланып жүрген постулаттардың бәрін бірдей тәжірибе жүзінде пайдалануға болмайды. Постулаттарды білу және оларды күнделікті жұмыста пайдалану аудиттің техникасы мен бағытын жақсартуга әсер етеді.

Аудит стандарттары

Аудит стандарттары дегеніміз - аудитке қойылатын бірегей талаптарды және аудит өткізу тәртібін анықтаушы принциптерді белгілейтін нормативтік құжаттар.

Аудит стандарттары аудиторлар палатасының Республикалық конференциясында қабылданады және оларды мемлекеттік өкілетті органдар бекітеді. 2000 жылғы наурыз айында өткізілген аудиторлардың бесінші Республикалық конференциясында Қазақстан аудитін халықаралық стандарттарға көшіру және оларды ұлттық стандарттар ретінде қабылдау туралы шешім қабылданды. Ол стандарттар аудит өткізудің жалпы тәсілдерін, аудиторлық тексеру жүргізудің ауқымен, аудиторлық қорытынды есептің түрлерін, аудит методологиясы мәселелерін, сондай-ақ аудиттің өткізілу шартына қарамастан, осы кәсіптің барлық өкілдері қолдануға тиісті базалық принциптерді анықтайды.

Халықаралық аудиттің стандарттарына (бұдан әрі – ХАС) көшу қажеттілігін мемлекеттің жалпы саясаты және Қазақстанда нарықтық экономиканы құруға бағдарланған реформалардың стратегиясы айқындайды. Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс-тәжірибесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық процедуралардың қағидалары деп ұғынуға болады. Осы ереже минимумы аудиторға бақылау шараларының ауқымын, оны жүргізу ідңстерін анықтауға көмектеседі әпі аудиторлық қызметтің нәтижелерін бағалаудың өлшемдері болып табылады. Аудит стандарттары аудиторлар палатасының Республикалық конференциясында қабылданады және оларды мемлекеттік өкілетті органдар бекітеді. 2000 жылғы наурыз айында өткізілген Республикалық конференцияда Қазақстан аудитінің Халықаралық аудит стандарттарына көшіру жіне оларды Қазақстандық стандарттар ретінде қабылдау туралы шешім қабылданды. Ол стандарттар аудит өткізудің жалпы тәсілдерін, аудиторлық тексеру жүргізудің ауқымын, аудиторлық қорытынды есептің түрлерін, аудит методологиясы мәселелерін, сондай-ақ аудиттің өткізу мәселелеріне қарамастан, осы кәсіптің барлық өкілдері базалық қағидаларды анықтайды

Аудит стандарттарының маңызын төмендегілер айқындайды:

• жоғарғы сапалы аудиторлық тексеруді қамтамасыз етеді;

• аудит өткізудің барлық кезеңдері (сатылары) бойынша регламентті анықтайды;

• аудиторлық тексеру нәтижелері дұрыстығының құқықтық кепілдігін қамтамасыз етеді;

• Қазақстан аудитінің деңгейін көтереді және оны халықаралық экономикалық қатынастар саласында танымал етеді;

• аудит өткізу және оның нәтижелерін рәсімдеу мәселелеріне қатысты тәсілдерді, терминдерді, анықтамаларды, мәліметтерді бір ізге салу міндеттерін шешеді;

Аудиторлық жұмыстың стандарты 4 бөлімнен тұрады:

1. Негізгі постулаттардан;

2. Жалпы стандарттан;

3. Жұмыс стандартынан;

4. Стандарт есептілігінен (отчетынан).

Негізгі постулаттар - ол аудиторлық қызметтің заңдылығы, логикалық принциптер бойынша жүргізілуі, орындалатын жұмыстардың жалпы стандартқа сәйкөстігі.

Негізгі постулаттар көптеген аксиомалардан тұрады.

Жалпы стандарттар - ол аудиторлардың орындайтын жұмыстарының алдына қоятын міндеттері, яғни аудитор жоғары сапалы маман болуы керек, өз жұмысының шебері болуы керек, т.б. Жалпы стандарттың негізгі талаптары: тәуелсіздігі, компонентгілігі, ұқыптылығы т.б.

Жұмыс стандарты - аудиторлық тексеру жүргізген кезде аудиторлардың сүйенетін негізгі ережелері. Оған жататындар: аудиторлық тексеруге дайындық, қажетті ақпараттар жинау, ішкі бақылау жұмысын бағалау т.б.

Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс-тәжірибесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураның принциптері деп ұғуға болады. Осы ереже минимумы аудиторға бақылау шараларының ауқымын, оларды жүргізу әдістерін анықтауға көмектеседі әрі аудиторлық қызметтің нәтижелерін бағалаудың өлшемдері болып табылады. Әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрсетеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың жұмыс сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді әрі оңтайландырады.

 



php"; ?>