А-лық дәлелдеме түсінігі

1. Дәлелдемелер және олардың сипаты

Тексеру жүргізгенге дейін, тексеру процессінде сондай-ақ, оның аяқгалу кезеңінде аудитордың жинаған және дайындаған мәліметтері өткізілген аудиторлық тексерудің куәлігі (дәлелі) болып табылады. Бұл мәліметгердің бір бөлігі-аудиторлық дәлеледеулер ретінде қарас-тырылатын құжаттар немесе олардың көшірмелері.

Аудиторлық дәлеледеулер дегеніміз-аудиторлық қорытынды жасауға негіз болатын аудитордың қорытынды пікірлерін тұжырымдау процессінде пайдалануға алатын ақпараттары. Аудиторлық дәлелдеулерге қаржылық қорытынды есепті құруға негіз болған және басқа кездерден алынған ақпараттарды растайтын бастапқы құжаттар мен есеп регистрлері жатқызылады.

Аудитор тексерілген қаржылық қорытынды есептің дұрыстығын дәлеледеу үшін өзінің жинаған дәлелдерінің жеткілікті екендігіне сенімді болуға тиісті. 200 "Қаржылық қорытынды есеп беру аудитінің мақсаты және оны реттеуші жалпы принциптер" деп аталатын Халықаралық аудит стандартына сәйкес аудит қаржылық қорытынды есепте елеулі бұрмаланғандықтың (қателіктің) жоқ екендігіне қатысты саналы сенімділікті қамтамасыз етуге арналған.

Саналы сенімділік дегеніміз-бұл, жалпы қаржылық қорытынды есепте елеулі қателердің (бұрмалаушылықтардың) жоқ екендігі жөнінде жоғары бірақ абсолюттік емес сенімділікті алу үшін қажетті дәледдеулерді жинауға қатысты түсінік.

Барлық қолдағы бар дәлелдеулерге егжей-тегжейлі талдау жасап, оларды бағалау аудиттің құнын көтеруі мүмкін болғандықтан, бұл мәселе бойынша айқындық кажет. Ол үшін аудиторға өзіне қандай дәлелдеулер алу қажет екендігін, оларды қаңдай көздерден және қандай процедулардың көмегімен алатындығын анықтап алу керек. Ол әділ және негізді аудиторлық қорытынды жасау үшін жиналған дәлелдердің жеткілікті әрі сапаға сәйкес келетіндігіне сенімді болуға тиісті. Аудиторлық дәлелдеулердің сапасы оларды алу көздеріне байланысты.

Дәлелдеулер алудың негізгі көзі клиент әкімшілігінен, үшінші жақтан алынған, сонымен бірге аудитор өзі алған мәліметтер болуы мүмкін.

Клиент әкімшілігі дайындаған мәліметтерге төмендегі ақпарат көздерін жатқызуға болады:

• бастапқы құжаттар, статистикалық қорытынды есеп, жарғылық құжаттар, қаржылық қорытынды есеп, есеп регистрлері;

• талдау нәтижелері, ауызша сұхбат, салыстырулар, түгелдеу нәтижелері, басшылыққа жолдау жіберу.

Мұндай жағдайда аудиторға қаржылық қорытынды есептегі қате жіберу тәуекелдігін бағалау қиын болады. Егер аудитор бұл мәліметтерге сенім артуға шешім қабылдайтын болса, онда ол тексеруге аз уақыт шығындайды. Клиент басшылығы дайындап берген мәліметтерге қарағанда, үшінші жақтан алынған дәлелдеулер сенімдірек болады.

Дәлелдеулер алу процессін бірнеше кезеңдерге (сатыларға) бөлуге болады.

Сенімді дәлелдер алу үшін аудитордан белгілі бір процедураларды қолдану талап етіледі.

Аудиторлық процедуралар деп-аудит өткізу кезінде дәлелдеулер жинау әдістерінің жиынтығын айтады. Клиент тарапынан аудитордың алдына әртүрлі міндеттер қойылуы мүмкін болғандықтан, дәлелдеулер алу үшін қандай да бір процедураларды қолданбас бұрын, мақсатты айқындап оны негіздеу қажет.

Дәлелдеулерді бағалау. Дәлеледеулерді бағалау деп—шындықты анықтау үшін жиналған дәлелдеулердің ролін логикалық және ой -санамен айқындау процессін айтады. Егер дәлелдеулердің жекелеген элементтері әртүрлі көздерден жинақтала отырып немесе әртүрлі сипатқа ие бола отырып, жүйелі түрде алынған болса, онда аудиторлық дәлелдеулер нанымдырақ (сенімдірек) болады. Мұндай жағдайда аудиторға дәлелдеулердің элементтерін жеке-жеке қарастыру нәтижесінде алынатын сол дәрежесінен артық кумулятивтік сенімділік дәрежесін алуға болады.

Дәлелдемеге қойылатын талаптар

Аудитор еш уақытта өз пікірінің түгелімен дұрыстығына толық сенімді бола алмайды. Сонымен бірге ол өзінің пікірі белгілі бір дәрежеде әділетті екендігіне сенімді болуға тиісті. Барлық дәлелдеулерді салыстыра отырып, аудитор қорытыыды жасау үшін олардың жеткілікті түрде нанымды екендігін шеше алады. Ондай шешімді аудитор өзі алған дәлелдеулер төмендегі талаптарға сай екендігіне сенімді болса ғана қабылдай алады:

• дұрыстық;

• жеткіліктілік;

• өз уақытыңда алынуы.

Дұрыстық дегеніміз-бұл, аудитор алған дәлелдеулердің шын екендігінің жөне сенімге лайық болатындығының айғағы: егер дәлелдеулер жоғары дәрежеде шындыққа жататын больш есептелсе, ол тапсырылған қаржылық қорытынды есептің әділдігіне (объективтілігіне) аудитордың көзін жеткізеді. Мысалы, егер тауарлы-материалдық босалқыларға түгелдеу жүргізу аудитордың қатысуымен жүзеге асырылған болса, ондай дәлелдеулер аудиторға берілген мәліметртерден алынған дөлелдеулерге қарағанда сенімдірек болады. Дұрыстықтың сапасын көтеруге жағдай жасайтын құраушылары болады. Атап айтсақ, ақпараттардың төуелсіздігі. Шаруашылық жүргізуші субъектіден тыс жерден алынған дәлелдеулер клиенттің өзінен алынған дәлелдеулерге қарағанда сенімдірек (стандарт №500). Мысалы, сыртқы дәлелдеулер (банктердің, заңгерлердің, партнерлардың және т.б. хабарлары) субъектінің өзінен алынған жауаптарға қарағанда сенімдірек болады.

Аудиторлық дәлелдеулердің өз уақытында алынуын екі жақты қарастыруға болады: дәлелдеулерді жинау кезеңдері бойынша және тексеру кезеңдері бойынша. Мысалы, ақша қаражаттарының өтімділігін (ликвидтілігін) баланс жасау мерзіміне жақындатыңқырап бағалаған дұрысырақ болады, себебі бұл кезенде жинақталған дәлелдеулер нанымдырақ болады. Егер табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есептің дұрыстығына дәлелдеулер жинау керек болса, онда оларды іріктеу жолымен тексерудің барлық кезеңіне жинау қажет.

Дәлелдеме алу әдістері

Сенімді дәлелдеулер алу үшін аудитор әртүрлі әдістерді немесе процедураларды пайдаланады: бақылау (зерттеу), растау, сұрау беру, түгелдеу жүргізу (активтерді тексеру), құжаттарды тексеру (талдау), қайта есептеу, сканерлеу, тексеру, арнайы тексеру және талдамалық процедуралар.

Аудит бойынша арнайы әдебиеттерде әртүрлі авторлар дәлелдеулер алу әдістерін әдіснама және әдістемелік тәсілдерге, сондай-ақ нақты тексеру жүргізу тәсілдеріне бөліп қарастырады. Біз тек аудиттің әдістемелік тәсіддерін қарастырдық.

Бақылау (зерттеу)-өздерінің міндетті қызметін орындаушы клиент жұмыскерлерінің жұмыстарын көзбен шолып зерттеу немесе мақсатты қабылдау болып табылады. Аудитордың пікірі бойынша ол қаржылық қорытынды есепке, тексеруге немесе аудиторлық қорытындыға едәуір әсерін тигізуі мүмкін.

Растау дегеніміз-сұратылған ақпараттың дұрыстығын растайтын жазбаша жауап алу.

Сұрақ беру. Сұрақ беру нәтижесінде клиент аудитор берген сұрақтарға жауап ретінде жазбаша немесе ауызша ақпарат береді. Сұрақ беру нәтижесінде клиенттен дәлелдеулер алу мүмкін болғанымен, оларды ақырғы деп есептеуге болмайды. Себебі ол ақпараттар клиенттің пайдасына бұрмаланған болуы мүмкін.

Түгелдеу-аудитордың материалдық активтерді тексеруі және санауы. Бұл әдіс бойынша алынған дәлелдеулер көбінесе тауарлы -материалдық босалқылармен байланысты.

Құжаттарды тексеруге оқу, іріктеу және құжаттармен танысу, салыстыру және дәлелдеулер жатады. Аудиторлардың тәжірибесінде құжаттарды формалды тексеру деп аталатын құжаттық тексеру әдісі пайдаланылады (барлық реквизиттерінің толтырылуының дұрыстығы, түсіндірмесіз қателердің түзетілуі, текстегі және цифрдағы қатенің өшірілуі, лауазымды адамдардың және материалдық жауапкершілікті адамдардың қолдарының бары, бастапқы құжаттардағы, есеп регистрлеріндегі және қорытынды есеп нысандарындағы қойылған штамптардың дұрыстығы).

Қайта есептеу деп -клиент пайдаланған процедураларды толық немесе жартылай қайталауды, атап айтқанда есептеулердің математикалық дәлдігін есептеу процедураларын айтады.

Сканерлеу - ерекше бір нәрсені табу мақсатында әрбір элемент бойынша (мысалы, бастапқы қүжаттарды) үздіксіз қарап отыру.

Арнайы тексеру -тексеру жүргізуге тар мамандықтың иесін тарту.

Аудиторлар қарама-қарсы тексеру әдісін пайдаланады (егер бақылау жасаудың мұндай мүмкіншілігі бар болса). Тексеру жүргізу әдістерімен бірге оларды ұйымдастыру әдістері де бар:

• жаппай тексеру;

• іріктеп тексеру.

 

А-ті жоспарлау...