Азақстан» телеарнасының сайтының дизайны, құрылымы

Ысқақов Ілиас Башарұлы- «Қазақстан» ұлттық телеарнасының директоры

«Қазақстан» теланасының сайты http://kaztrk.kz/kaz/telekanal/ 2009 жылдан бері өз жұмысын жалғастырып келеді. Ішкі құрылымына келсек өте қарапайым. Сайттың ұтымды жері телеарнадан бөлек қазақ радиосының ақпараты да қамтылып кетеді. Тікелей сілтемелері бар. Өкінішке орай телеарна ұжымы деген айдарды ашсаңыз тек қана «Қазақстан» телеарнасының директоры Ысқақов Ілиас Башарұлы туралы мәліметті ала аласыз. Бұл жағдайды сайттың өрескел қателігі деп танимыз. Абырой болғанда Телеарнаның өзге өкілдерін блогерлер арасынан табуға болады. Блог мәселесіне келгенге өте жоғары дәрежеде деп айта аламыз. Бұл сайт желісінде 20 дан астам блогерлер жұмыс атқаруда. Блогерлер тек қана Қазақстан телеарнасының мүшелері ғана емес және КазТРК , казақ радиосының өкілдері де жазба қалдырады. Олар көрерменге керекті ақпараттар легімен бөлісіп, және танымдық, қызықты мәселелерді жұрт алдына талқыға шығаратыны мен өз ойларын эссе түрінде жазатыны айрықша көңілге жақын. Және танымал блогтар наминациясының бары блогшылар арасында өз ара бәсекелестік тудырып біздер көрермендерге жақсы туындыларға қарық болуымызға септігін тигізеді. Сайт құрылымының тағы бір ұтқан жері олжаңалықтар айдарының салалық бөлімдерге бөлінгені. Әрбір тұлға өз саласына байланысты ақпаратты өзге жаңалықтарды қарамай ақ тауып алуына жағдай жасалынған. Мысалға Экономика, Денсаулық, Мәдениет, Спорт, Қоғам, Білім, Үкімет, Аймақтық ақпарат, Әлемдежәне сол секілді өзге бөлімдер.Телеарнаның жұмыс кестесіне орай онлайн режим қосылып тұрады. Және өз төл туындыларының видио мұрағаты бар. Қазақстан режиссерлерінің түсіген отандық кино фильмдермен көп сериалы туындылар тұсауын осы арнада кесіп жатады атап айтқанда «Ұзтаз», «Әпке», «Сұңқар». Осы телесериалдар туралы толық ақпарат сайт ішінде қамтылған. Сайт назарынан шет елдік туындылар да қалыс қалмаған үнді сериалы «келін» және тарихи маңызды сериал «Шыңғыс хан» одан өзге көптеген кәріс ағайндардың туындылары. Және Апта киносы деген айдарда ең үздік фильм ел назарына ұсынылады. Жаңалықтар легі айрықша бағаланатын болғандықтан жаңалықтар топтамасының видио мұрағаты күн сайын 2 мәрте соңғы жазбалармен толығып отырады. Жұрт көңілінен айрықша орын алған «Әйел бақыты» және отбасылық теле жоба «Толағай», «Айтуға оңай» бағдарламалары сайт ішінде жаңалықтардан кейін ең көп қаралатын туындылар. «Қазақстан даусы» атты шоудың да рейтінгісі аспан тіреп тұр десек болады. Және осы бағдарламаға қатысушы өз өнерпазыңызға дауысты осы сайт арқыла беру жолдарын біле аласыз. Бұдан өзге телеарна сайтында «Қазақстан» арнасының бас кеңсесінен бөлек еліміздің өзге аймақтарында орналасқан телеарна филиальдары жайлы толық ақпарат бар. Және олардың жасаған еңбектері мен түсірген туындыларын сайт жүйесінен табуға болады. Байланыс номерлері мен мекен жайлары толық берілген.

44.www.31.kz сайтының құрылымы.

Бағдат Қожақметов – бас директор.

Юрий Бродский- бас продюсер.

Евгения Гуляева – бас продюсердің орынбасары.

Бұл сайт жобасы екі тілде жүргізілген. Сайттын құрылымына келсек телеарнада көрсетілетін барлық жобалардың сериалары видио мұрағатта сақталған. Теларна эфирде көрсетілетін уақыттың бәрінде сайт жүйесінде онлайн режим қосылып тұрады. Бұл арна Еліміздің шет аймақтарында көрсетіле бермейтіндіктен онлайн режим 31 арнаға ауадай қажет. Сайт өзге сайттарға қараған да бір шама жүйесіз. Оның үстіне телеарнаның ұжымы туралы жүргіжушілердің аты-жөндерінен өзге ақпарат жоқ. Тек қана Біздің басшылық деген айдар ғана қамтылған. Блог мәселесі де қарастырылмаған. Бірақ 31 арнаның бағыты ойын сауқы бағытына аса бағыталғандықтан бұл қателіктер олардың сайтынын жақсы қолданысқа ие болуына кедергі жасап жатқан жоқ. Ең көп қаралатын ол әрине Жаңалықтар топтамасы «Информбюро»арнада көрсетілетін скетчкомдар мен балаларға арналған базарлық 3 сағаттық мульттоптамалар желісі. Жақында тұсауын кескен «айтылмаған әңгіме» атты токшоу және 100% бағдарламасы өз көрермендерін көптеп жинауда. Өзіміздің отандық әзілкештердің туындылары «Базарбаевтар» және «қала аңыздары» телесериалдарының желісі мұрағатта сақтаулы. Өкінішке орай БАҚ біз туралы айдарында 31 арнада көрсетілетін «Ән шаңырақ» жобасы туралы жазылған бір ғана шағын мақала жарияланған. Телебағдарламалардың тізімі мен көрсетілу реті бар. Үздік кино туындыларды және эфирде алғаш көрсетілетін туындыларда алдын ала жақсы жарнамалайды. Барлық байланыс телефондары мен мекен жайы көрсетілген. Бұл сайтты тым қарапайым деген баға беремін. Тек жалаң , қысқа ақпарат қана бар. Бағдарламалардың посторлары жақсы жайнап тұрғаны мен ақпараттары тым мардымсыз.