Образцов В.П. әдісі бойынша бауырдың төменгі шекарасын перкуссия жасап анықтаңыз

1. Қалақша саусақты анықтайтын шекараға параллел кіндік тұсына қойыңыз,алдыменоң жақ алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша, кейін оң жақ ортаңғы бұғана сызығы бойынша,содан соң оң жақ төс маңы сызығы бойынша және алдынғы ортаңғы сызық бойыншатөменнен жоғары қарай тимпаникалық дыбыстан тұйық дыбысқа дейін жәй перкуссия жасаңыз, дыбыс өзгерген жерді белгілеңіз.

2. сол жақ қабырға доғасына қалақша саусақты тігінен қойып X1 қабырғадан бастап төс сүйегіне қарай тыныш перкуссия жүргізіңіз, тимпаникалық дыбыстан тұйық дыбысқа өткенде белгілеңіз.

Ескерту:

1. бауырдың жоғарғы шекарасы оң жақ төс маңы сызығы және ортаңғы бұғана сызығы бойынша VI қабырға тұсында, оң жақ алдыңғы қолтық асты сызығы бойыншаVI I қабырға тұсында орналасқан.

2. бауырдың төменгі шекарасыоң жақ алдыңғы қолтық асты сызығы - X қабырға, ортаңғы бұғана сызығы бойынша –қабырға доғасамен сәйкес, оң жақ төс маңы сызығы- қабырға доғасынан 2см төмен, алдыңғы ортаңғы сызығы бойынша төстің семсер өсіндісінен 4-6 см төмен,сол жақ қабырға доғасы бойынша – сол жақ төс маңы сызығы тұсында.

3. қалыпты жағдайда бауыр өлшемдері оң жақ алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша- 10-12см,оң жақ ортаңғы бұғана сызығы бойынш9-11 см, оң жақ төс маңы сызығы бойынша– 8-11 см.

11. Стандарт: Лимфа түйіндеріне пальпация жасау.

Мақсаты:көлемін,тығыздығын, ауырсынуын, қозғалғыштығын, өзара және терімен біріккен және бірікпегенін, бетінің кедір-бұдырлығын анықтау.

Көрсеткіші:жедел созылмалы инфекциялы аурулар, рак ауруының таралуы (метастазы), туберкулез, қан аурулары.

Қарама – қарсы көрсеткіші:жоқ

Мүмкін болатын асқынулары:жоқ

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Бөлме жылы және тыныш болу керек;

2. Тексерушінің қолы жылы, тырнағы алынған болуы керек;

3. Қолды гигиеналық деңгейде жуыңыз;

4. Науқастың беліне дейін шешінуін сұраңыз;

5. Пальпацияны шүйде аймағынан бастаңыз, кейін құлақ айналасы, жақ асты, бұғана үсті, қолтық асты, шынтақ, шат аймағын екі жақтан тексеріңіз;

6. Пальпацияны екі қолдың саусақтарын бүгіп және сәл басып жүргізіңіз;

7. Көлемін, тығыздығын, ауырсынуын, қозғалғыштығын, өзара және терімен біріккен және бірікпегенін, бетінің кедір-бұдырлығын анықтаңыз;

 

Ескерту:

1. Қалыпты жағдайда лимфа түйіндері, әсіресе үлкендерде анықталмайды.

2. Лимфа түйіндерінің ұлғаюы және олардың ауырсынуы жақын орналасқан қабыну ошағымен немесе қатерлі ісік процесімен байланысты.

3. Лимфа түйіндерінің аздап ұлғаюы және тығыздалуы кейбір созылмалы инфекциялы ауруларда байқалады (мысалы: туберкулез, бруцеллез, балаларда рахит ауруында).

4. Барлық лимфа түйіндерінің ұлғаюы, лимфа түйіндерінің «топтасып» ұлғаюы лимфогранулематоз, лейкоз, жүре пайда болған иммундық тапшылықты, қатерлі ісік ауруының бар-жоғын анықтау талап етіледі.

 

 

Стандарт: ЭКГ - ға түсіру.

Мақсаты:диагностикалық

Көрсеткіші :Артериялық гипертензия, ЖИА, стенокардия, инфаркт миокарда, жүрек ақаулары, жүрек жеткіліксізідігі.

Қарсы көрсеткіші:жоқ.

Ажетті заттар:кушетка, жайма, ЭКГ аппараты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа беліне дейін шешініп, аяғын балтырына дейін жалаңаштау.

2. Науқасты кушеткаға шалқасынан жатқызу.

3. Кеудесіне және балтырының 3/1 бөлігіне ылғалдаушы гель жағу.

4. Ылғалдандырылған теріге металл пластинкалы электродтарды бекіткіш арқылы орналастыру

5. Электродтарды металды пластинкаларға мына ретпен бекіту:

Оң қолға - қызыл электрод

Сол қолға - сары электрод

Оң аяққа - жасыл электрод

Сол аяққа - қара электрод

6. Кеуденің электродтар қойылатын жеріне ылғалдаушы гель жағу

7. Кеудеге резеңкелі сорғыштарды нөмірленген саны бойынша ретімен 6 жерге орналастыру:

V1 - оң жақ төс маңы сызығымен IV қабырға аралық

V2 - сол жақ төс маңы сызығымен IV қабырға аралық

V3 - V2 мен V4 аралығында сол жақ төс маңы сызығы

V4 – сол жақ бұғана орта сызығы бойыменV қабырға аралық

V5 - сол жақ қолтық алды сызығымен V қабырға аралық

V6 - сол жақ қолтық орта сызығымен V қабырға аралық

8. ЭКГ аппаратын қосып, «іске қосу» термесін басып ЭКГ жазу. (әр бір тіркемеде үш жүрек комплексі жазылып алуы тиіс)

9. 12 тіркемеден кейін жазба аяқталған соң ЭКГ аппаратын өшіру. Науқастан электродтарды алып тастау.

10. Тіркелген ЭКГ лентасына науқастың аты жөні, жасы, тіркелген күні жазылады.

Стандарт: Бронх демікпесінің ұстамасы кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек

Көрсету

Мақсаты:тұншығу ұстамасын жою

Көрсеткіші: бронх демікпесінің ұстамасы

Қарама –қарсы көрсеткіші :жоқ

Асқынулары:астматикалық статус (демікпе күйі), гипоксемиялық кома.

Қажетті заттар:муляждар, кушетка, оттегі жастықшасы, қысқыш, дәкеден жасалған салфетка, ерітінділер: эфедрин 5%-1 мл, эуфиллин 2,4 %-10 мл, димедрол 1%-1-2мл, пипольфен 2,5%-2 мл к/т; преднизолон 60-90мг немесе гидрокортизон 125-250 мг , қалта инголяторы бронхолитикпен, (беротек, сальбутомол, алупент, вентолин), ерітінділерді көк тамырға енгізуге арналған штатив, пинцет, залалсыздандырылған мақта шаригі, этил спирті 96%, лейкопластрь, залалсыздандырылған қолғап, бір рет қолданылатын щприцтер- 5мл,10мл,20мл, бір реттік система

 

Іс- әрекет алгоритмі:

1. Дәрігер шақыру

2. Таза ауамен қамтамасыз ету;

3. Пациентке физикалық және психикалық тыныштық беру;

4. Қысып тұрған киімін шешу

5. Пациентке басын жоғарылатып, қолын тіреп отыратын ыңғайлы жағдай беру.

6. Аллергия тудыратын себептерді жою

7. Қалта ингаляторын бронхолитиктермен (беротек,сальбутамол, алупент, вентолин )

қолдану.

8. Пациентке ылғалды оттегі беру

9. Пациентке жылы сілтілі сұйықтық ішкізу

10. Дәрігер келгенше дайындау керек:

а) Эуфиллин 2,4% - 10мл физ. ерітіндімен көк тамырға

б) Димедрол 1% - 1-2мл немесе пипольфен 2,5% - 2мл физ. ерітіндімен көк тамырға

г) Преднизолон 30-120мг немес гидрокортизон 125-250 мг к/т физ. ерітіндімен

11. Пациент жағдайын, бронхтан бөлінген сұйықтықты бақылау

Ескерту:

1. Бронх демікпесінің ұстамасы жойылмаса, реанимация бөліміне тасымалдау.