Особьтар экологиясы-аутэкология

Глоссарий

Биоиндикация - тірі организмдер мен олардың қауымдастықтарына тигізген әсеріне қарай антропогендік факторларды анықтау.

Биологиялық ресурстар - адамзат қоғамына пайдалы, бағалы болып саналатын генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөліктері, популяциялар мен басқа да кез келген экожүйелердің биотикалық компоненттері.

Макроэкология - классикалық экологияның ең негізгі түжырымдары, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың проблемалары туралы ілім, адам экологиясымен біріктірілген ғылыми пән.

Сабақтың материалдары:

Тапсырма1

Экологияның негізгі түрлері мен ғылым салаларын талдау.

Экологияның түлері:

1.Теориялық экология

2.Қолданбалы экология

Экологияның салалары:

3.Фундаментальды (Іргелі) экология

4.Әлеуметтік экология

5.Биоэкология

6.Өнеркәсіптік экология

7.Популяциялық экология

8.Ғаламдық экология

9.Ауыл шаруашылық экологиясы

Тапсырма 2

Экологияның негізгі заңдарын талдаңыздар.

1.Атомдардың биогенді миграциясы заңы

2.Ішкі динамикалық тепе-теңдік заңы

3.Генетикалық алуантүрлілік заңы

4.Тарихи қайтымсыздық заңы

5.Константа заңы

6.Корреляция заңы

7.Энергияның максимизация заңы

8.Биогенді энергияның максимум заңы

9.Энергияның бір жақты бағытталу заңы

10.Оптимум заңы

11.Энергияның пирамида заңы

12.Қоршаған ортаның даму заңы

13.Табиғи факторлардың біріккен әсері заңы

14. Толеранттылық заңы

15.Грунттың тозу заңы

16.Тірі заттардың физико-химиялық бірлігі заңы

Тапсырма 3 Төмендегі материалды оқып экологияның басқа биологиялық ғылымдар саласымен байланысын сипаттаңыздар. Ол үшін Одумның «Қатпарлы самса» схемасын талдау керек.

Экология
Даму биологиясы
Бактериология
Орнитология
Ботаника
Энтомология и т. д.
Генетика
Молекулярлық биология

Схема 2. «Қатпарлы самса» (Одум бойынша, 1975).

Тапсырма 4 Төмендегі әдістерге сипаттама беріңіз

Экологияның зерттеу әдістері

Лабораториялық әдістер

Далалық әдістер

Экспериментальды әдістер

Химиялық әдістер

Физиологиялық әдістер

Геобатаникалық картаға түсіру әдісі

Математикалық әдістер және модельдеу

Экологиялық болжам және мониторинг әдісі

Тапсырма 5

Экология терминіне ғалымдардың берген анықтамаларына тоқталыңыздар.

Агесс, Воронков, Реймерс, Одум, Дажо, Макфедьен т.б.

Бақылау сұрақтары:

1.Экология ғылымы нені зерттейді?

2.Экология терминін ғылымға енгізген кім?

3.Экологияның қандай бөлімдері бар?

4.Экологияның негізгі бағыттарын атаңыздар?

5.Экология терминіне ғалымдардың берген анықтамаларын талдаңыздар:

Дажо, Одум, Гумбольд, Агесс, Реймерс, Воронков т.б.

Рефераттар тақырыбы

1.Экологияның ғылым ретінде анықтамасы. Экологияның мақсаты, міндеттері және әдістері. 2.Экологияның қалыптасуының қысқаша тарихы.

3.Экологияның бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология, ғаламдық экология. 4.Экологияның басқа ғылымдармен байланысы.

5.Экологиялық мәселелерді шешудегі пәннің ролі.

Блиц-тест

1. "Экология" терминін гылымға енгізген ғалым:

А) Т. Льюс

В) Ю.Одум

С) Э.Геккель

D) Э.Макфедьен

Е) Н.Уэбстер

2. Міндеті особьтардың тіршілік ету шегін белгілеу болып табылатын экология саласы:

А) аутэкология

В) дэмэкология

С) синэкология

D) әлеуметтік экология

Е) эйдэкология

16. Дербес ғылым ретінде экология шамамен қаншасыншы жылы қалыптасты?

А) 1854ж.

В)1954ж.

С) 1900 ж.

D)1904ж.

Е) 1860ж.

3. Жаратылыстану ғылымында экологиялық көзқарастың қалыптасу кезеңдері:

А) Х-ХІІ ғ.

В) V-VІ ғ.

С) ХVШ-ХІХ ғ

D) ІХ-Х ғ.

Е) VІІ-VІІІ ғ.

4. Экология ғылымының зерттеу нысаны:

А) адамның қоршаған ортамен байланысы

В) биоценоздағы өзгерістер

С) организмдердің бір-бірімен жэне қоршаған ортамен қарым-қатынасы

D) табиги ресурстарды пайдалану

Е) биологиялық жэне географиялық микро жэне макрожүйелер мен оның уақыт пен кеңістікке қатысты тіршілік ырғағы

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003

2.Г.С.Оспанова «Экология», Алматы-2002

3.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

4.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.

5.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

6.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.

8.Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. Алматы:Бастау,2003

9.Бейсенова Р.Р. Экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл.

Қосымша әдебиеттер:

1.Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

2.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

3.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

4.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.

5.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.

6.Христофорова Н.К. Основы экологии. Владивосток: Дальнаука, 1999.

7.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.

Практикалық сабақ №2

Тақырыбы: Особьтар экологиясы-аутэкология. Негізгі тіршілік орталары және олардың сипаттамасы.

Сабақтың мақсаты: негізгі тіршілік орталары және олардың сипаттамасы,тірі ағзаның мекен ету ортасына бейімделушіліктерімен танысу, олардың құрылысына мекен ету ортасының әсерін анықтау.

Сабақтың жоспары

1. Тапсырмаларды орындау

2.Бақылау сұрақтарына жауап беру.

3.Рефераттарды қорғау

4.Блиц-тестілерді орындау

Глоссаий

Фитопланктон - суда тіршілік ететін өсімдіктер мен басқа да тірі организмдер.

Фитофагтар - өсімдік қоректі организмдер.

Фитоценоз - көптүрлі өсімдіктер қауымдастықтары.

Фильтраторлар - суды майда планктон организмдер мен детриттерден тазартатын суда тіршілік ететін организмдер-гидробионттар.

Аутэкология - белгілі түрге жататын жеке особьтарды зерттейтін экологияның бөлімі немесе түр экологиясы.

Акклимация - жеке (физиологиялық) бейімделушілік.

Адаптация - тірі организмдердің тіршілік жағдайларына бейімделі процесі, түр бойынша (генотиптік) бейімделушілік бірнеше ұрпақ бойынша жүріп, түр түзілу процесімен байланысты болатын және жеке (фенотиптік) адаптация акклимация организмдердің жеке даму процесін қамтып, оның генотипіне әсер ететін бейімделушілік болып екіге бөлінеді.

Гидросфера - тірі организмдер мекендейтін Жердің сулы кабықшасы, барлық мұхиттар, өзендер мен көлдер теңіздер, батпақтар, су қоймалары мен бұлақтар.

Бентос - мүхит пен континетальды сулардың түбінде, грунтта тіршілік ететін организмдер (зообентос, фитобентос).

Зоопланктон- суда тіршілік ететін консументтер.

Зооценоз - белгілі бір биоценоздағы жануарлардың қауымдастығы.

Ксеробионттар - құрғақ ортада тіршілік ететін организмдер.

Нектон - сулы ортада еркін қозғалып жүзіп тіршілік ететін организмдер.

Нейстон - судың бетінде тіршілік ететін организмдер, мысалы, масалардың личинкасы.

Зоофагтар - жануарлармен қоректенетін организмдер (каннибализм).

.

Сабақтың материалдары:

Тапсырма.

Тіршіліктің пайда болу теориясын талдаңыздар. Абиогенез және биогенез теориясы.

Тапсырма

Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлерін талдаңыздар:

Молекулалық деңгей

Жасушалық деңгей

Ұлпалық деңгей

Мүшелік деңгей

Ағзалық деңгей

Популяциялық деңгей

Биоценоздық деңгей

Экожүйелік немес биогеоценоздық деңгей

Биосфералық деңгей

Тапсырма

Су тіршілік ортасының физикалық және химиялық қасиеттерін талдау (химиялық құрамы, тұнықтылығы, тығыздығы, тұтқырлығы, оттек пен көмірқышқыл газының ерігіштігі, жарықтың болуы )

Судың қабаттары (пелагиаль, бенталь). Су тіршілік ортасында тіршілік ететін организмдердің экологиялық топтары: гидробионттар, планктондар, нектондар, бентостар, плейстондар, нейстондар, пелагостар.

Тапсырма

Топырақ тіршілік ортасының ерекшеліктері мен организмдердің экологиялық топтары: геобионттар, геофильдер, геоксендер, микробиота, мезобиота, макробиота.

 

Тапсырма

Құрлық-ауа тіршілік ортасының ерекшеліктері. Аэробионттар, террабионттар.

Құрлық ауа тіршілік ортасында мекендейтін организмдедің физиологиялық ерекшеліктері.

 

Тапсырма.

Тірі организм — тіршілік ортасының ерекшеліктері.

1. Паразитизм түрлері-пәтершілік, жыртқыштық, кездейсоқ ену.

2. Паразиттер және олардың түрлері - эндопаразиттер, эктопаразиттер

3. Эндобионттар, симбионттар, комменсалдар

Тапсырма

Ағзаның адаптациялық, биологиялық ырғақтары, фотопериодизм.

Бақылау сұрақтары:

1.Негізгі тіршілік орталарын атаңыздар

2.Тірі жүйелердің ұйымдасуының қандай деңгейлері бар?

Рефераттар тақырыбы

Особьтар экологиясы-аутэкология.

2.Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейі.

3.Организм және тіршілік ету шарттары.

4.Негізгі тіршілік орталарына байланысты организмдердің экологиялық топтары.

Блиц-тест

1. Тірі ағзалар жүйесіндегі негізгі құрылым бірлігі:

А) Особь

В) Популяция

С) Геном

D) Түр

Е) Ген

2. Тірі агза сыртқы ортамен биотикалық жэне абиотикалық қарым-қатнасын Ч. Дарвин қалай атады?

А) мутация

В) тіршілік үшін курес

С) мониторинг

D) аменсализм

Е) метаболизм

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003

2.Г.С.Оспанова «Экология», Алматы-2002

3.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

4.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.

5.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

Қосымша әдебиеттер:

1.Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

2.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

3.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

4.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.

5.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.

6.Христофорова Н.К. Основы экологии. Владивосток: Дальнаука, 1999.

7.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.

Практикалық сабақ №3.

Тақырыбы: Организмдердің қоршаған ортаға экологиялық бейімделуі.

Сабақтың мақсаты: Экологиялық факторлар және олардың түрлерімен, абиотикалық факторлардың ағзаларға әсер ету механизмімен, танысу

Сабақтың жоспары

1. Тапсырмаларды орындау

1. Тапсырмаларды орындау

2.Бақылау сұрақтарына жауап беру.

3.Рефераттарды қорғау

4.Блиц-тестілерді орындау

Глоссарий

 

Валенттілік (экологиялык) - толеранттылық шектері немесе түр, не популяциялардың әртүрлі орта жағдайларында тіршілік ету қабілетінің сипаттамасы.

Абиотикалық факторлар - тірі организмдерге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғат элементтері (космостық, геофизикалық, климаттық, кеңістік, уақытша, т.б.)

Анабиоз - қолайсыз жағдайлар әсерінен немесе организмнің жеке даму процесінде ерекше кезеңнің қалыптасуына байланысты олардың тіршілік әрекеттерінің уақытша тоқтауы.

Антропогендік факторлар - адамның тіршілік әрекетінің әсері.

Климатотоп- қоршаған ортадағы климаттық жағдайлар.

Альбедо - белгілі бір дененің түскен сәулені шағылдыру қасиеті.

Гидробионттар - суда тіршілік ететін организмдер.

Гидрохимиялық режим - судың химиялық құрамының уақыт мезгіліне байланысты өзгерістері.

Гигрофиттер - батпақты ортада тіршілік ететін организмдер.

Фотосинтез - Күннің жарығы әсерінен жасыл өсімдіктердің хлорофилл дәндерінде атмосферадағы көмірқышқыл газы мен судан органикалық заттардың түзілуі.

Сабақтың материалдары:

Тапсырма.

Оқулықтар мен карталарды пайдаланып, кесте құрастырыңдар.

Ылғалдылық пен температураға байланысты өсімдіктердің таралуы.

Табиғат зоналары Температураның жоғарылауы немесе төмендеуі Жылдық жауын-шашын мөлшері (мм.)
Тундра
Тайга
Орманды дала    
Дала
Шөлейт
Шөл
Тропиктік ормандар
Экваторлық ормандар

Тапсырма

Кестенің мәліметтерін пайдаланып, температура мен жауын-шашынның таралуына әсер ететін абиотикалық факторларды анықтаңыздар.

Тапсырма.

Төменде берілгендерді абиотикалық, биотикалық, антропогенді факторлар бойынша жіктеңдер. (жыртқыштық, ормандарды кесу, ауаның ылғалдылығы, ауаның температурасы, паразитизм, жарық, ауаның қысымы, бәсекелестік, зауыттар шығарған көмірқышқыл газының қалдығы, судың тұздылығы).

Тапсырма.

Берілген жағдайларды шектейтін факторларды анықтаңдар.

1) Мұхиттың 6000м тереңдігінде өсімдіктер үшін: су, температура, көмірқышқыл газ, судың тұздылығы, жарық.

2) Жазда шөлдегі өсімдіктер үшін: температура, жарық, су.

3) Қыста ормандағы торғайлар үшін: температура, қорек, ауа, ауаның ылғалдылығы, жарық.

4) Қара теңіздегі өзен шортандары үшін: температура, жарық, корек, судың тұздылығы, ауа.

5) Солтүстік тайгадағы қабандар үшін: температура, жарық, қорек, ауа, ауаның ылғалдылығы, қар жабындысының биіктігі.

Тапсырма.

Гомойотермділердің пойкилотермділерден артықшылығын дәлелдеңіздер. Гетеротермді ағзалар. Термофильді, криофильді ағзаларға түсінік беріңіздер.

 

6.Тапсырма. Қоршаған ортаның температурасына байланысты қанқызы санының өзгерісі берілген, сол арқылы:

 

А). оптимум зонасы

Б). пессимум зонасы

в). екі критикалық нүктелер;

г). түрдің төзімділік шегі;

д). экологиялық валенттілік

е).қалыпты тіршілік аймағы т.б. түсіндіріңіздер.

Тапсырма

Бақылау сұрақтары:

1.Экологиялық факторлардың анықтамасы.

2. Экологиялық факторлардың түрлері. Экологиялық факторлардың дәстүрлі жіктелуі және Мончадскийдің жіктеуі.

3. Либихтың минимум заңы.

4. Шелфордтың толеранттылық заңы.

5.Ағзаның тіршілік ету жағдайлары қандай?

6.Қандай факторлар шектеуші фактор деп аталады?

7.Антропогенді факторларға мысал келтіріңіз.Адамның ағзаларға және қоршаған ортаға тигізетін жағымды және жағымсыз әсерлері қандай?

8.Қандай ағзалар стенобионтты, ал қандай ағзалар эврибионтты деп аталады?

9. Суда тіршілік ететін өсімдіктердің түрлері: гидатофиттер, гидрофиттер, гигрофиттер, мезофиттер, ксерофиттер (суккуленттер, склерофиттер)

10. Жарық жағдайына байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары (гелиофиттер, сциофиттер, факультативтi гелиофиттер).

11. Температуралық режимге байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары (суыққа төзімді, суыққа төзімсіз, аязға және мұзға төзімді, ыстыққа төзімді, ыстыққа төзімсіз, ыстыққа төзімді прокориоттар)

12. Эврибионтты ағзалар (эвригалды, эвритермді, эврифотты, эвригигробионтты, эврифагты, эврибатты т.б.)

13.Стенобионтты ағзалар (стеногалды, стенотермді, стенофотты, стеногигробионтты, стенофагты, стенобатты т.б.)

Рефераттар тақырыбы

1.Экологиялық факторлар және олардың классификациясы.

2.Антропогенді фактордың әсер ету заңдылықтары.

3.Организмдердің тіршілігіндегі негізгі абиотикалық факторлардың экологиялық мәні.

Блиц-тест

1. Толеранпық заңы қашан ашылды?

А) 1813ж.

В) 1713ж.

С) 1885ж.

D) 1913ж.

Е) 1745ж.

2. «Табиғатта барлығы бір- бірімен байланысты- табиғат барлығынан жақсы біледі» - заңын кім ашты?

А) Либих

B) Коммонер,3юсс

С) Зюс

D)Олли

Е) Шварц

3. Экологиялық ортаның биотикалық факторлары мынадай болып бөлінеді:

А) Фитогендік, микробиогендік, зоогендік, антропогендік.

B) Антропогендік, зоогендік, химиялық, эдафогендік.

С) Фитогендік, эдафогендік, химиялық, зоогендік.

D) Эдафомды, микробиогендік, зоогендік, антропогендік.

Е) Климаттық, антропогендік, зоогендік, микробиогендік.

16. Шектеуші факторы болмаған жағдайда жеке таралымның санының өсу жылдамдыгы қалай белгіленеді? А) Таралым тығыздығы

B) Экологиялық валенттілік

C) Толеранттылық

D) Таралым саны

Е) Биоткалық потенциал

4. Абиотикалық факторларға жататындар:

А) Антропогенді, химиялық, зоогенді.

В) Орографиялық, фитогенді, эдафогенді.

С) Климатты, эдафогенді5орографиялық, химиялық

D) Клиамтты, зоогенді, антропогенді.

Е) Фитогенді, эдафогенді, орографиялық, зоогенді

5. Жеке ағзалардың қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейтін экологияның бір бөлігі:

А) Геоэкология

B) Аутоэкология

С) Демэкология

D) Биологиялық экология

Е) Жалпы экология

6. Абиотикалық факторды атаңыз:

А) Аменсализм

B)Климаттық фактор

C) Жыртқыппық-кұрбан қатьшасы

D) Коменсализм

6. Экологиялық фактордың белгілі аймағында ағзалардың дамуына қолайлы жағдайлар туады- бұл зона:

А) Пессимум

B) Оптамум

С) Максимум

D) Минимум

Е) Тұрақтылық

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003

2.Г.С.Оспанова «Экология», Алматы-2002

3.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

4.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.

5.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

Қосымша әдебиеттер:

1.Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

2.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

3.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

4.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.

5.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.

6.Христофорова Н.К. Основы экологии. Владивосток: Дальнаука, 1999.

7.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.

Практикалық сабақ №4.

Тақырыбы: Популяция түрдің өмір сүру формасы және оның негізгі критерийлері.

Сабақтың мақсаты: популяция – түрдің тіршілік ету формасы және оның басты критерийлерімен, популяциялардың тығыздығы мен санын есептеудің қарапайым тәсілдерімен танысу.

Сабақтың жоспары

1. Тапсырмаларды орындау

2.Бақылау сұрақтарына жауап беру.

3.Рефераттарды қорғау

4.Блиц-тестілерді орындау

Глоссарий

Экоцид - өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жаппай жойылуы, атмосфера, су ресурстарының немесе басқа да табиғи ортаның зиянды заттармен улануына әкеп соғатын экологиялық апаттар.

Эпизоотия - жануарлар арасында аурудың таралуы.

Этология - жануарлардың мінез - қылықтарының биологиялық непзі жөншдеп ғылым.

Демэкология - популяциялар мен оларды қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарын зерттейтін экологияның бөлімі.

Популяция - генофондысы ортақ, салыстырмалы бірдей экологиялық жагдайлардағы ортаны мекендеп, бір-бірімен еркін будандасып, ұрпақ бере алатын, бір түрге жататын особьтардың жиынтығы.

Ареал - органимздердің систематикалық топтарының -популяциялар, түр, т.б. таралу аймағы.

Сабақтың материалдары:

1 тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер

1. Түрдің критерийлері (морфологиялық, физиологиялық, генетикалық, экологиялық, этологиялық, географиялық, биохимиялық)

2. Популяцияның классификациясы. (қалыпты, регрессивті, инвазивті, элементарлы, экологиялық, географиялық, перманентті, темпоральды, панмиктикалық, клональды, клональды-панмиктикалық)

3. Т.Мальтустың геометриялық прогресс заңымен өсу теориясы

4. Экспоненциалдық қисық пен логистикалық қисық нені білдіреді? Ортаның қарсылығы.

5. Линкольн индексі

6. Популяцияның демографиялық құрылымы

7. Популяцияның этологиялық құрылымы

8. Популяцияның мөлшерін бағалау әдістері: текше әдісі, тура бақылау әдісі, суретке түсіру әдісі, белгі салу және қайта аулау әдісі.

9. Популяция диморфизмі және полиморфизмі.

10. Космополиттер, эндемиктер, убиквистер.

11. Түр-экологиялық бірлік.

Тапсырма.

Популяция, түр,оның критерийлері мен статистикалық және динамикалық қасиеттеріне мысалдар келтіріңіздер.

Тапсырма.

Популяцияның тығыздығын есептеу:

Мысалы: 1000 кмІ таулы аудандарда 200 адам тұрса, әр адамға қанша кмІ келетінін анықтау үшін, 1000:200=5 кмІ, осыны пайдаланып, тығыздықты есептеңіздер.

а). Үлкен қаланың халқы 7 млн.адам болса, ауданы 300кмІ құраса, онда тұратын халықтың тығыздығы қанша?

ә). Аудитория, үй, бөлмелеріңіздегі тығыздықты есептеп шығарыңыздар.

Үлгі: Біздің аудитория ____________мІ

Студенттер мен оқытушыны қоса алғандағы адам саны________

Әр адамға қанша кв.м. келеді?

Тапсырма.

Миллиард

6 Дамушы елдер

1 Дамыған елдер

0

1750 1800 1850 1900 1950 2000 2050 2100

 

Дамыған және дамушы елдердегі туу мөлшері

Графикті пайдаланып, төмендегі сұрақтарды талдаңыздар:

1.Неліктен болашақта халықтың 90% кедейшілікте өмір сүруі мүмкін деп болжанады?

2.Халықтың шамадан тыс көбеюінің себептері неде?

3.Халықтың өсімін ортаның қарсылығы қалай тежейді?

Бақылау сұрақтары:

1.Популяцияның негізгі сипаттамалары

2.Популяцияның кеңістіктік таралуы

3.Популяцияның динамикалық көрсеткіштері

4.Популяцияның статикалық көрсеткіштері

Рефераттар тақырыбы СӨЖ ге арналған

Рефератты орындау барысында иллюстративті материалдармен толықтыру міндетті түрде талап етіледі

1.Ареал түрлеріқарапайым, күрделі, тегіс, үзілмелі (дизъюнктивті), гомогенді, гетерогенді, реликті, космополитті, эндемикті, тар локальды, локальды, субрегиональды, региональды, полирегиональды.

Блиц-тест

1. Популяцияға тән қасиеттер:

А) жыртқыштық, бәсекелестік, паразитизм

B) өсу, даму, көбею, бейімделу, тіршілігін сақтау

С) тұрақты дене температураның болуы

D) азық мөлшерінің жеткілікті болуы

Е) ылғал, жарық, корек жасап шығару

2. Туылу саны өлім- жітім санымен шаы шен теңелсе популяция қалай аталады?

А) Өскен

В) Жаңарған

С) Орын басқан

D) Тұрақты

Е) Қысқарған

3. Жануарлардың мінез-құлығын зерттейтін ғылым қалай аталады?

А) Биология.

B) Зоология.

С) Экология.

D) Этология.

Е) Токсикология.

4. Шағын аймақтык климат қалай аталады?

А) Рельеф.

В) Температура.

С) Атмосфера.

D) Жел.

E) Микроклимат.

5. Барлық популяция тэн белгісі болатын, бірақ жоғары дэрежеде бірлес алатын жэне санын оздігінен реттеу қабілеті бар топтың қасиеті қаі аталады?

А) Эффект

В) Биотикалық потенциал

С) Элиминация

D) Поли морфизм

Е) Реттеу

6. Популяцияның саны деп:

А) биогеоценоз құрамына енетін микроорганизмдер, өсімдіктер және жануарлар санын айтамыз

В) даралардың өзара бір-бірмен агрессивті шектесіп қалуы

С) даралар мен популяциялар арасындағы өзара эсерлер түрі

D) белгілі бір көлемдегі немесе территориядағы особьтардың жалпы санын айтамыз

Е) популяциядағы особьтардың жасының ұзақтығы, өсімталдығы, көбею жылдамдығын антамыз

7. Белгілі бір территорияны мекендейтін барлық тірі ағзалардың қауымд астығы:

А) Популяция

В) Ареал

C) Биоценоз

D) Экологиялық қуыс

Е) Биом

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003

2.Г.С.Оспанова «Экология», Алматы-2002

3.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

4.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.

5.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

Қосымша әдебиеттер:

1.Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

2.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

3.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

4.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.

5.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.

6.Христофорова Н.К. Основы экологии. Владивосток: Дальнаука, 1999.

7.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.

Практикалық сабақ №5.

Тақырыбы: Биоценоздағы организмдердің биотикалық қарым-қатынастары.

Сабақтың мақсаты: жердегі тіршіліктің күрделі жүйесі биотикалық қарым-қатынастар және олардың түрлері, тірі ағзалар үшін маңызын анықтау.

Сабақтың жоспары

1. Тапсырмаларды орындау

2.Бақылау сұрақтарына жауап беру.

3.Рефераттарды қорғау

4.Блиц-тестілерді орындау

Глоссарий

Биотоп – белгілі биоценоз алып жатқан абиотикалық факторлары салыстырмалы біртекті кеңістік.

Биогеоценоз - тірі организмдер қауымдастығының (биоценоз) абиотикалық жағдайлардың кеңістіктік жиынтығын (биотоп), зат, энергия мен информация алмасулары негізінде біріктіретін құрлықтық экожүйе.

Биоценоз - кұрлық не судың белгелі бір бөлігінде бірге, тіршілік ететін әртүрлі систематикалық топқа жататын организмдердің қауымдастығы.

Биоценоэкология - тірі организмдердің қауымдастықтары мен оларды қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарды зерттейтін экология саласы.

Антибиоз - организмдер арасындағы бір-біріне кері әсер ететін қарым - қатынастың түрі.

Аменсализм - белгілі бір ортадағы организмдердің бір түрінің екінші түр тіршілігіне басымдылық көрсететін түр аралық қатынастар типі.

Биота - кеңістіктегі барлық тірі организмдер жиынтықтарының кез келген түрі, (мысалы, экожүйе биотасы, құрлық биотасы, теңіз биотасы, биосфера биотасы, т.с.с).

Биотикалық факторлар - тірі организмдердің бір-біріне әсеріңің барлық түрдері.

Биом - Жердің негізгі климаттық аймақтарына сәйкесірі кұрлықтық экожүйелер (шөлдер, шөлейттер, ормандар).

Коменсализм - белгілі ортада тіршілік ететін бір түрге жататын организмдер екінші түрге жататын организмдерді пайдалана отырып, бірге тіршілік ететін түр аралық қарым-қатынастар типі.

Консументтер - гетеротрофты организмдер (негізінен, жануарлар) басқа организмдердің өсімдіктер (өсімдік қоректі фитофагтар) мен жануарлардың (жануар қоректі зоофагтар) органикалық заттарымен қоректенетіндер.

Мутуализм - бірге тіршілік ететін организмдердің бір-біріне пайдалы әсері жағдайындағы түр аралық қарым-қатынастар типі

Сабақтың материалдары:

Тапсырма

Биотикалық қарым-қатынастардың түрлері мен оларға анықтама беріңіздер.

Қарым-қатынастар түрлері Анықтамалары
1.Бір-біріне пайдалы қарым-қатынастар: симбиоз, мутуализм,  
2.Пайдалы-нейтралды қарым-қатынастар: синойикя, коменсализм  
3.Пайдалы-зиянды қарым-қатынастар: жыртқыштық, паразитизм, аменсализм  

 

Тапсырма.

Екі ағзаның арасындағы қарым-қатынастардың түрлерін теориялық түрде былай көрсетуге болады: (+), (-), (0)-мұндағы, (+)-ағзалар үшін жағдайдың жақсаруы, (-)-оның нашарлауы, (0)-араларында айтарлықтай өзгерістердің болмауы. Төменде берілген биотикалық қарым-қатынастардың тұсына, мысалдар келтіре отырып, белгілерді қойыңыздар.

Жыртқыштық___________________________________________________

Симбиоз (селбесу)________________________________________________

Аменсализм ____________________________________________________

Комменсализм __________________________________________________

Бәсекелестік ____________________________________________________

Паразитизм т.б.____________________________________________________

 

Тапсырма.

Жарық үшін бәсекелестікте болатын ағзаларға мысалдар келтіріңіздер.

 

Бақылау сұрақтары

1.Биотикалық факторлар деген не?

2.Гомотипті реакциялар мен гетеротипті реакциялардың айырмашылығы.

3.Топтық немесе массалық эффектісі.

4.Олли принципі

5.Биотикалық қарым-қатынас типтері

6.Гаузе принципі қалай тұжырымдалады?

7.Экологиялық қуыс түсінігі. Экологиялық қуыстың бөліну құбылысы.

8.Экологиялық диверсификация, диверсификацияның бөліну құбылысы

9.Аллелопатия, антибиоз, микориза қарым-қатынастарының механизмі.

10.Зоохария, форезия, синойкия

11.Биотикалық байланыстар: трофикалық, форикалық, топикалық, фабрикалық

12.Биоценоздардың төзімділігі.

13.Биоценоздағы доминантты, аз санды, сирек санды түрлердің ролі

14.Биоценоздың ярустылығы

 

Рефераттар тақырыбы

1.Бірлестіктер экологиясы-синэкология.Биоценоз туралы түсінік.

2.Экожүйедегі түраралық байланыстардың негізгі формалары (нейтрализм, комменсализм, протокооперация, мутуализм, жыртқыштық, паразитизм)

3.Түр аралық бәсекелестік бірлестіктің түрлік құрылымын сақтаудың негізгі механизмі. Г.Ф.Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі. Экологиялық қуыс: потенциалды және жүзеге асырылған.

 

Блиц-тест

1. Мутуализм:

A) Түрлер бір- бірінен бөлек өмір сүре алады, бірақ бірлесіп тіршілік ету екеуіне де пайдалы

В) Популяциялардың дараларынын арасындағы байланыс

С) Бір түр екіншісін өзінің өнімімен қанайды

D) Бірлесіп тіршілік етуден біреуііің дайда таб ы, екіншісінің пайда таппауы

Е) Бірлесіп тіршілік етуден екі ағзаның пайда табуы

2. Бір тіршілік иесінің екінші тіршілік иесін жоюга бағытталған эрекеті қарым-қатъшастың қай түріне жатады?

А) арамтамақтық

В) окыртқыштық

С) бәсекелестік

D) коменсализм

Е) симбиоз

3. «Экологиялық қуыс» терминін ұсынган:

А) В.Н.Сукачев

В)Ч.Элтон

С) Э.Геккель

D) Дж.Гриннель

Е) К.Мебиус

4. Симбиоз - бұл:

А) нейтралды қатынас

В) жануарлардың өсімдік тұқымдарын таратуы

C)агзалардың селбесіп тіршілік етуі

D) популяцияның бірлесіп өмір суруі

Е) бірлестік .

5. Осы экожүйелердің ішінде қайсысы табиғи биоценоз?

А) Батпақ

В) Егіс даласы

С)Алаң

D) Бақша

Е) Орман

6. Бэсекелестік дегеніміз не?

А) жануарлардың орын ауыстыруы арқылы тұкымдарын кеңістікке тарату құбылысы

В) екі түрге жататын организмдердің кеңістікте бір-біріне еш бір зиянын тигізбей керісінше, селбесіп пайдалы тіршілік етуі

С)бір түрдің өкілінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқылы тіршілік етуі

D) бір немесе бірнеше түрге жататын организмдердің өзара қорек, тұрағы т.б ресурстардың жетіспеушілік жағдайындағы қарым-қатынастардың көрінісі

Е) эр түрге жататын организмдер бір-біріне қолайлы жағдай тугыза отырып, селбесіп тіршілік ету

 

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003

5.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

Қосымша әдебиеттер:

1.Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

2.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

3.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

4.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.

7.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.

Практикалық сабақ №6.

Тақырыбы Экожүйедегі негізгі биогенді элементтердің айналымы

Сабақтың мақсаты:экожүйелердің құрылымымен,экожүйелердегі негізгі биогенді элементтердің айналымдарымен, экожүйелердің негізгі түрлерімен және олардың ерекшеліктеріне тоқталу.

Сабақтың жоспары

1. Тапсырмаларды орындау

2.Бақылау сұрақтарына жауап беру.

3.Рефераттарды қорғау

4.Блиц-тестілерді орындау

Глоссарий

Сапрофагтар - өлі органикалық заттармен қоректенетін жануарлар (детритофагтар).

Синэкология - көп түрлі қауымдастықтар мен экожүйелер экологиясы.

Сукцессия - белгілі тіршіілік ортасындағы организмдердің түр қүрамы өзгерістерінің үздіксіз және бағытталған жүйесі.

Пирамида (экологиялык) - биоценоздардың қоректік деңгейлері - продуценттер, консументтер және редуценттердің арасындағы сапалық қатынастардың, олардың саны (сандық пирамда), биомассасы (биомасса пирамидасы) немесе энергиясы (энергия пирамидасы) бойынша графиктік бейнеленуі.

Қоректік (трофикалык) тізбектер - биоценоздың әртүрлі трофикалық деңгейлердегі мүшелерінің алдыңғыларының соңғыларымен қоректенуі арқылы заттар мен энергияның тасымалдануы.

Хемосинтез - кейбір минералдық заттардың тотығуы кезінде бөлінетін энергияны пайдалану арқылы хемо-автотрофты бактериялардың органикалық зат синтездеу процесі.

Экологиялың жүйе - бір-бірімен тығыз байланысты, әртүрлі орта жағдайларында тіршілік ететін бірнеше түрге жататын организмдер жиынтығы.

Эрозия - топырақтың қүнарлы қабатының жаңбыр, қар суларымен шайылып, не желмен үшып бүзылуы.

ық не қуыс (экологиялык) - түрдің тіршілік етуі үшін, қауымдастықтағы басқа түрлермен байланыстарын қоса алғанда, оның тіршілік етуіне қажетті факторлар комплексі немесе белгілі бір түрдің қауымдастықтағы алатын орны.

Детрит - организмдердің ыдырау және бөліну өнімдері, өлі органикалық заттар.

Деструкторлар - органикалық заттармен қоректену арқылы оларды ыдырататын организмдер (редуценттер).

Продуценттер - органикалық емес заттардан алғашқы өнім түзетін автотрофты организмдер.

Редуценттер - органикалық заттарды жай минералдық заттар: су, көмірқышқыл газы, күкіртсутек және түрлі түздарға дейін ыдырататын гетротрофты организмдер (бактериялар мен саңырауқүлақтар).

Аэробты организмдер - бос оттегі қатысында тіршілік ететін организмдер.

Автотрофтар - көмір қышқыл газы, су және минералдық тұздардан органикалык заттарды синтездейтін организмдер.

Агробиоценоз - ауылшаруашылығында өсірілетін өсімдіктер қауымдастығы.

Анаэробты организмдер - оттегіні қажет етпейтін, оттегі қатысынсыз ортада тіршілік ететін организмдер.

Гомеостаз - организмдер немесе организмдер тобының қоршаған ортаның түрлі өзгерістерінде динамикалық тұрақты тепе-теңдігін сақтай алу қабілеті.

Метаболизм - организмдердегі, биологиялық жүйелердегі зат пен энергияның алмасуы.

Сабақтың материалдары:

Тапсырма.

Академик В.Н.Сукачев ұсынған биогеоценоздың «соқыр» моделінің сызбасы. Бастапқы моделін жасақтау үшін бос ұяшықтарға төменде берілген биогеоценоз компоненттерін толтырыңыздар. Ұсынылған түсініктердің бағыныштылығын дәлелдеңіздер:

- атмосфера;

- өсімдіктер жамылғысы;

- топырақ қабаты;

- гидрологиялық жағдайлар;

- экотоп (қосымша, биогеоценоздың өлі компоненттері);

- биоценоз;

- тау жыныстары;

- жануарлар әлемі (зооценоз);

- саңырауқұлақтар (микоценоз);

- микроағзалар(микробиоценоз);

 

2 тапсырма. Табиғаттағы көміртегі айналымын төмендегі тік бұрышты бос көздерге берілген компоненттер бойынша толтырыңыздар: атмосфераның көмір қышқыл газы, өсімдіктер, өсімдіктекті жануарлар, адамның отынды қолдануы,бактериялар мен саңырауқұлақтар, шөгінді карбонатты жыныстар,жыртқыштар, вулкандардың әсері.

 

Табиғаттағы көміртегі айналымы

 

 

3 тапсырма. Орман биоценозының қоректік торы пайда болатындай етіп, төмендегі бос тік бұрыштарға жануарлардың аттарын жазыңыздар.

 

Бақылау сұрақтары

1.Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе. Экожүйенің жіктелуі микроэкожүйе, мезоэкожүйе, макроэкожүйе, глобальды экожүйе.

2.Экожүйелердің гомеостазы. Ле Шателье - Браун принципі.

3.Экожүйелердің энергетикасы. Э.Бауэр ұсынған тірі жүйелердің тұрақты теңсіздік принципі.

4.Экожүйелердің ұйымдасу заңдылықтары

5.Экожүйедегі энергия ағыны және химиялық элементтердің айналымы.

6.Бірлестіктің трофикалық құрылымы (продуценттер, консументтер, редуценттер). 7.Экожүйедегі қоректік қатынастар. Қоректік тізбектер, қоректік деңгейлер, қоректік торлар.

8.Организмдердің қоректену типі мен энергияны өзгерту механизмі. Фотосинтез, хемосинтез.

9.Экологиялық сукцессиялар. Сукцесия ұзақтығы, маңызы, түрлері. Климаксты бірлестік.

10.Экологиялық пирамидалар(сандар, биомасса, энергия).

11.Линдеман заңы (10% ережесі)

12.1% ережесі

13.Экожүйелердің өнімділік заңдары(бірінші реттік және екінші реттік).

14.Экожүйелердің динамикасы мен дамуы

15.Экожүйелер тұрақтылығының негізгі шарты. Экожүйелердің тұрақтылығы мен тұтастығы, экожүйе тұрақтылығының механизмі.

16.Агроценоздар, агроэкожүйелер. Бумеранг эффектісі. Фунгицидтер.

Рефераттар тақырыбы

1.Экожүйенің құрылу заңдылықтары.Экожүйе жайлы түсінік.

2.Экожүйедегі энергия ағыны және химиялық элементтердің айналымы. Термодинамиканың бірінші және екінші заңы. 1% ережесі және линдеманның 10 % ережесі.

3.Бірлестіктің трофикалық құрылымы (продуценттер, консументтер, редуценттер). Қоректік тізбектер, қоректік деңгейлер, қоректік торлар. Экологиялық пирамидалар (сандар, биомасса, энергия).

4.Экожүйенің өнімділігі (бірінші реттік және екінші реттік). Экожүйелердің тұрақтылығы мен тұтастығы, экожүе тұрақтылығының механизмі. 1 сағат.

Блиц-тест

1. Әр түрлі трофикалық деңгейлерде жататын био: іноздың мүшелерінің бірін-бірі жеп қоректенуі арқылы; қоректік з;л гтардың және энергияның кезекпен берілуі қалай аталады?

A) қоректік тізбек

В) грофикалық деңгей

С) экотоп

D) биотоп

Е) популяция

 

2. Белгілі бір геологиялық жағдайда әралуан түрлердің бірлестігін құрайтын

экологиялық жүйе

А) дара

В)түр

С) биогеоценз

D) туыс

Е) популяция

 

3. Өлі өсімдіктер мен жануарларды пайдаға жарататын организмдер:

А) детритрофагты

В) гетеротрофты

С) сапрафитті

D) автотрофты

Е) сапрофагтар

 

4. Дұрыс қоректік тізбегін анықтаңыз:

А) Қоян-қасқыр-арыстан.

В) Шөп-қасқыр-арыстан.

С) Шөп-құс-қасқыр.

D) Шөп-қоян-қасқыр-арыстан.

Е) Қоян-арыстан-құс.

 

5. Бейорганикалық заттарды органикалық затқа айналдыра алатын автотрофты организмдер:

А) продуценттер

В)редуценттер

С) капрофиттер

D) консументтер

Е) сапрофиттер

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003

2.Г.С.Оспанова «Экология», Алматы-2002

3.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

5.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

Қосымша әдебиеттер:

1.Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

2.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

3.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

4.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.

5.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.

7.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.

 

Практикалық сабақ 7

Тақырыбы Биосфера және оның тұрақтылығы

Сабақтың мақсаты:Студенттерге биосфера туралы түсінік беру.

Сабақтың жоспары

1. Тапсырмаларды орындау

2.Бақылау сұрақтарына жауап беру.

3.Рефераттарды қорғау

4.Блиц-тестілерді орындау

Глоссарий

Биогенді заттар - тірі организмдердің тіршілік процестері нәтижесінде түзілетін заттар (атмосферадағы газдар, таскөмір, мүнай, торф, ізбестастар, т.б.), қоректік заттар, биогендер, био-гендік элементтер - тірі организмдер құрамына кіретін элементтер - көміртегі, оттегі, азот, сутегі, күкірт, т.б.

Биогеохимиялық цикл - минералды қосылыстар құрамындағы химиялық элементтердің өсімдіктер мен жануарлар организмдері арқылы табиғаттағы айналымы.

Биосфера - құрамы, құрылысы мен энергетикасы тірі организмдер тіршілігімен анықталатын Жердің белсенді ерекше қабықшасы.

Биологиялық тазарту - судың қүрамындағы ластаушы заттарды микроорганизмдер көмегімен тазарту.

Биофильтр - ағызынды суларды биологиялық әдіс арқылы тазарту қондырғысы.

Ноосфера - ойлаушы қабат, ақыл-ой сферасы, В.И. Вернадскийдің сөзімен айтқанда, биосфераның адам ақыл-ойы мен әрекеті нәтижесінде сапалық жағынан жаңа, жоғары сатыдағы даму кезеңі.

Биотикалық айналым – биосферадағы биотикалық және абиотикалық компоненттердің арасындағы экожүйелердегі биогенді элементтердің айналымы.

Биокосты заттар - тірі организмдердің тіршіліқ процестері мең биологиялық емес (табиғи) процестердің біріккен әсері нәтижесінде түзілетін заттар.

Гидробиосфера - Жер бетілік суларда мекендейтін тірі организмдердің тіршілік ету ортасы, биосфераның бір бөлігі.

Интродукция - өсімдіктер мен жануарлардың белгілі бір түріне жататын особьтардың тіршілік ету ареалынан баска жаңа табиғи климаттық жағдайларғаауысуы.

Сабақтың материалдары:

 

1 тапсырмаТарау бойынша терминдердің глоссариін жасаңыздар.

2 тапсырмаБиосфераның құрылымы және оның шекаралары. В.И.Вернадскийдің ноосфера ілімі және тұрақты даму концепциясының негізін қалаушы ретіндегі ролін талдаңыздар.

Бақылау сұрақтары

1 тапсырмаБақылау сұрақтарына жауап беріңіздер

1.Биосфера деген не және Жердің басқа қабаттары: ядро, мантия, жер қабығы, педосфера, литосфера, атмосфера, гидросфера?

2. В.И.Вернадский тірі заттар деп нені түсінді және тірі заттардың негізгі қасиеттері.

3. Биосфераның негізгі құрылымдық бірліктерін атаңыздар.

4. Жер биосферасын құрайтын заттардың негізгі типтері.

5. Биосфераның шекаралары.

6. Биосфера және космос. Күн сәулесінің энергиясының таралуы.

7. Тірі заттардың негізгі биогеохимиялық функциялары.

8. Биосфераның энергетикасы.

9. Биосферадағы биохимиялық циклдер және зат айналымы. (көміртегі, азот, фосфор, күкірт, оттегі, су айналымы.)

10. Биосфераның эволюциясы. Ағылшын ғалымы Б.Коммонердің 4 заңы.

7. «Ноосфера» деген не, түсініктің пайда болуы.

8. Антропогенді экологиялық дағдарыстар.

9.Биосферадағы биогенді элементтердің айналымы.(суттек, оттек)

10. Аэробты организмдер.

11. Анаэробты организмдер.

Рефераттар тақырыбы

1.Биосфера және оның тұрақтылығы

2.Биосфера концепциясының қалыптасуы. Биосфера эволюциясы.

3.В.И.Вернадскидің биосфера және ноосфера концепциясы.

4.Тірі зат концепциясы. Тірі заттың ғаламдық ролі.

5.Антропогенді әсер өте күшті геологиялық және геохимиялық фактор концепциясы. 6.Биосферадағы заттар айналымы.

7.Ғаламдық биогеохимиялық циклдер. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялықзаңдары. 8.Заманауи биосфера. Қоршаған ортаға өндірістік жүктеменің артуы.

Блиц-тест

1. «Табиғатта барлығы бір- бірімен байланысты- табиғат барлығынан жақсы біледі» - заңын кім ашты?

А) Либих

B) Коммонер,3юсс

С) Зюс

D)Олли

Е) Шварц

2. Биосфера глобалъды экожүйе, оның құрылымдық құрамы не?

А) популяциялар

В) өсімдіктердің кластары және бөлімдері

С) экожүйе

D) биогеоценоздар

Е) жануарлардың кластар жэне бөлімдері

3.Тропосфераның жоғары шетінен жоғары қарай 50 км дейінгі орналасқан атмосфера аймагы:

А) Гидросфера.

В) Тропосфера.

С) Литосфера.

D) Мезосфера.

Е) Стратосфера.

4. Гидросфера дегеніміз бұл:

А) Мұхит және теңіз сулары.

В) Тірі организмдер мекендеген жердің беті.

С) Жердің газдық қабаты.

D) Биосфераның газдық қабаты.

E) Жердің сулы қабаты.

5. Биосфераны ластаушы химиялық заттарға жатады:

А)күл

В)қоқыстар

С) Азотты қалдықтар

D) мутагендер

Е) кір сулар