Азіргі сурдопедагогиканың пәндік салалары

Сурдопедагогика – есту қабілеті зақымдалған тұлғаларға білім беру теориясы мен практикасын жүйелейтін, жалпылайтын арнайы педагогиканың саласы болып табылады. Сурдопедагогиканың пәндік саласы – есту қабілеті зақымдалған тұлғалардың әр жас кезеңінде білім алу мәселелері және осы адамдардың арнайы қажеттіліктерімен мүмкіндіктерін есепке алу ерекшеліктерін анықтау. Ғылыми зерттеу және педагогикалық бағыттағы пәндік салаларына қарастырайық.

Сурдопедагогика тарихы есту қабілеті зақымдалған тұлғалаларды оқыту мен тәрбиелеу теориясы мен практикасының тарихи дамуын және солардың қазіргі арнайы білім беру мәселелерімен өзара байланысын зерттейді.

Салыстырмалы сурдопедагогикаәртүрлі елдердің есту қабілеті зақымдалған тұлғалаларды оқыту мен тәрбиелеу теориясы мен практикасын, қазіргі әрекет етіп жатқан жүйемен ұқсастығын немесе айырмашылыған айқындау мақсатында талдайды және салыстырады.

Ерте жас сурдопедагогикасыесту қабілеті зақымдалған балаларды ерте жастан бастап даму ерекшеліктерін зерттеуге негізделіп, уақытында көрсетілген кешенді медициналық–психологиялық–педагогикалық көмектің есту қабілеті зақымдалған балаларды ерте жастан әлеуметтендіру мүмкіндіктерін ашып көрсетеді.

Мектепке дейінгі жас сурдопедагогикасыесту қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі жастағы балалардың даму ерекшеліктерін ғылыми түсінуге негізделіп, арнайы педагогикалық көмек аясында оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыру осы балалардың қалыпты әлеуметтенуін қамтамасыз ететінін зерттейді. Арнайы мектепке дейінгі мекемелерде, біріктіріп оқыту және отбасында тәрбиелеу жағдайында білім беру ортасын ұйымдастырады.

Естімейтін оқушыларды арнайы оқыту– сурдопедагогиканың кең дамыған саласы. Естімейтін балалардың психологиялық дамуының заңдылықтарын зерттеуге сүйене отырып білім беру және еңбекке даярлау бағдарламалары мен әдістемелік нұсқаулар жасалады. Осыған байланысты естімейтін және дамуында күрделі кемістігі бар естімейтін оқушыларды ажыратып оқытудың ғылыми–практикалық негізі жасалған. Түзету–педагогикалық бағдараламаларды құрастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Нашар еститін оқушыларды арнайы оқыту– нашар еститін оқушылардың жеке тұлғасының жан­-жақты дамуын және әлеуметке бейімделуін қамтамасыз ететін сурдопедагогиканың пәндік саласы болып табылады. Ол нашар еститін балалардың дамуының психологиялық – педагогикалық ерекшеліктерін негізге ала отырып нашар еститін және кейіннен естімей қалған балаларды ажыратып оқыту қағидалары мен практикалық бағдарламаларын жасайды. Осы аталған мәселелердің ішінде еңбекке даярлау мен арнайы педагогикалық көмек көрсету үлкен орын алады.

Сурдоандрагогика(«андрагогика» термині гректің aner, аndros – ересек адам және agugl – басшылық, тәрбиелеу деген сөзінен шыққан) есту қабілеті зақымдалған ересек адамдарды оқыту, білім беру және тәрбиелеудің теориялық және практикалық мәселелерін зерттейді. Аталған мәселелердің ішінде кәсіби білім беру (бастапқы,орта, жоғары), әлеуметтік бейімдеу мен әлеуметтік–кәсіби оңалтуға бағытталған педагогикалық көмекті белсендендіру. Есту қабілетін жоғалтқан ересектерге арналған оңалту қалпына келтіру бағдарламаларын құруға көп көңіл бөлінеді.

Сурдопедагогика жүйесіне ерте жастан, мектепке дейінгі жастан мектепте, кәсіби білім беру әдістемелері және оқу пәндерін оқыту әдістемелерікіреді.

Кез келген ғылыми білім сияқты сурдопедагогика да басқа ғылыми салалармен (философия, медицина, әлеуметтану, құқық, лингвистика, аудиология) жүйеішілік және жүйеаралық байланыс негізінде дамиды. Сурдопедагогиканың сурдопсихологиямен тығыз байланысы есту қабілеті зақымдалған балалардың психикалық дамуының ерекшеліктерін терең зерттеуге, жеке тұлғасының қалыптасу ерекшеліктерін түсінуге, оқыту мен тәрбиелеу барысында олардың дамуының кемістігінің алдын алу жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.

 

Ұсынылған әдебиеттер:

1. Л.В. Андреева «Сурдопедагогика». - М., 2005

2. Е.Г.Речицкая «Сурдопедагогика». - М., 2004

3. А.И.Мещеряков «Слепоглухонемые дети» Развитие психики в процессе формирования поведения. - М., 1974.

4.Б.Г.Ананьев «О человеке как объекте и субъекте воспитания»//Избранные психологические труды: - М., 1980

5. Ф.В.Й.Шеллинг.Филосовские письма о догматизме и критицизме // Соч.:В 2 т. - М., 1987.

6. И.Кант. Критика чистого разума. - М., 1994.