Ата – аналар/педагогтарға арналған сауалнама

«Есту интеграциясының шкаласы»

КИ балалардың естуі мен сөйлеуінің даму динамикасын бағалау үшін «MED-EL» фирмасы ұсынған, қазақшаға бейімделген екі сауалнаманы қолдануға болады. Олар: «Есту интеграциясының шкаласы» (ЕИШ) сауалнамасы және «Ауызша сөйлеу тілін қолдану шкаласы» (АСҚШ) сауалнамасы.

Авторлары:Robbins A. Developing meaningful auditory integration in children with cochlear implant, 1990.

Сауалнаманың орысша нұсқасын жазғандар: Королева И.В., Дмитриева И.В., Санкт – Петербург, Ресей, 1999.

Сауалнаманың мақсаты:Баланың кохлеарлы имплантқа бейімделгенін және оны қолданудың тиімділігін, сондай – ақ, есту және сөйлеуді есту арқылы қабылдау дағдыларын, түрлі дыбыстық сигналдарды тану қабілетінің даму динамикасын бағалау.

Сауалнаманы жүргізуді сипаттау:Баланың КИ тағуға мұқтаждығы, адамдардың сөздері мен қоршаған орта дыбыстарына зейін аудару және тану қабілеті жайлы сұрақтарға баланың ата – анасының/педагогының жауап беруін сұрайды. Ол үшін әңгімелесу әдісін қолданады. Тексеруші баланың ата – анасына/педагогына сұрақ қояды және жауаптарын бағалайды.

Сауалнамада баланың әр түрлі есту дағдыларын анықтау үшін түрлі сұрақтар болады.

1. 1 – 2 сұрақтар баланың КИ тағуға деген қажеттілігін бағалайды. Егер бала өзі КИ тағуды сұраса және батарейкасының отырғанын байқаса, онда бұл үлкен жеңіс! Бала өзіне КИ керек екенін түсінді.

2. 3 – 6 сұрақтар дыбыстарға еріксіз назар аударуының пайда болуын бағалайды. Егер бұл сұрақтарға «жиі», «әрқашан» деген жауап берсе, онда ол айналадағы көп дыбыстардың ішінен керек дыбысты бөліп алуды үйренді. Бұл баланың естіп қабылдауын дамытуда маңызды кезең болып саналады!

3. 7 – 10 сұрақтар дыбыстарды тану қабілетін бағалайды. Егер осы сұрақтарға «жиі», «әрқашан» деп жауап берсе, онда бала көп дыбыстардың ішінен өзіне керек дыбысты бөліп алып қана қоймай, оны есіне сақтап, сол дыбысты нақты затпен немесе әрекетпен байланыстыруды үйренді. Демек, оның естіп есте сақтау қабілеті дами бастады. Бұл да жеңіс!

 

Ата – аналар/педагогтарға арналған сауалнама

«Есту интеграциясының шкаласы»

Баланың аты –жөні:Туылған күніЖасыКИ сөйлеу процессорын 1-ші түзеткен күніоң/сол құлағы

КИ жасы________________ Сауалнама жүргізілген күні________________

Белгілейтін санды дөңгелектеу керек.

0=ешқашан, 1=сирек (<50%), 2=кейде (>50%), 3=жиі (>75%), 4=әрқашан

1а. Балаңыз еш қарсылықсыз КИ үнемі (ұйықтамаған кезде) тағып жүре ме?

0 1 2 3 4

1б. Балаңыз КИ-ді тағып беруін сұрай ма, әлде есіне салмай-ақ, өзі барып тағып ала ма? 0 1 2 3 4

1в. Балаңыздың дауысын қолдануына КИ таққанның әсері бар ма? 0 1 2 3 4

2а. Балаңыз КИ-дің бірнәрсесі дұрыс болмаса сізге хабарлай ма, әлде белгілі себептерге байланысты істемей қалса, балаңыздың көңіл – күйі түсіп кете ме? 0 1 2 3 4

2б. Балаңызбуындар мен буындар қатарын «сөйлеу» деп қабылдап, соларды айта ма?0 1 2 3 4

3. Балаңыз тыныш жерде атын (есімін) атап шақырғанда (шақырып тұрған адамды көрмей), бұрылып қарайды ма? 0 1 2 3 4

4. Балаңыз шулы жерде есімін атап шақырғанда (шақырған адамды көрмей), бұрылып қарай ма? 0 1 2 3 4

5. Балаңыз үйдегі тұрмыстық дыбыстарға (есік қоңырауы, телефон, т.б.), арнайы нұсқаусыз, өз бетімен назар аудара ма? 0 1 2 3 4

6. Балаңыз басқа жерлерде (дүкенде, көшеде, қонақта) таныс емес дыбыстарға өз бетімен назар аударып, «Бұл не?» деп сұрай ма, немесе сұраулы көзбен сізге қарай ма? 0 1 2 3 4

7. Балаңыз үйде күнделікті кездесетін тұрмыстық дыбыстарды, мысалы, есік қоңырауы немесе телефон шырылын таниды (біледі) деп есептейсіз бе?

0 1 2 3 4

8. Балаңыз екі сөйлеп тұрған адамды (анасы мен әкесі) дауыстарын қарап ажырата ала ма? 0 1 2 3 4

9. Балаңыз тілдік және тілдік емес дыбыстарды есту арқылы ажырата ала ма? Мысалы, баланың арт жағында біреу сөйлеп тұр, ал бала одан «Не?» деп сұрайды.0 1 2 3 4

10. Балаңыз сізді көрмей, сіздің көңіл-күйіңізді (ашу, алаңдаушылық, қуану) даусыңыз арқылы біле ме? 0 1 2 3 4

Жалпы бағасы: 0 - ______ 1 - _____ 2 - ______ 3 - ______ 4 - ______

Жауаптарды талдау

Бағалау шкаласы (0 – 4): 0=ешқашан, 1=сирек, 2=кейде, 3=жиі, 4=әрқашан

Жалпы нәтижелері:

1. Негізгі көрсеткіш (баланың КИ тағуға деген мұқтаждығын бағалайды): 1 – 2 сұрақтар =______

2. Дыбыстарға еріксіз назар аударуының көрсеткіші (баланың дыбыстарға еріксіз назар аударуын бағалайды): 3 – 6 сұрақтар = ______

3. Қоршаған орта дыбыстарын білуінің көрсеткіші (баланың дыбыстарды білуін бағалайды): 7 – 10 сұрақтар = _______

Жалпы бағасы: