Рықтану. Ұрықтың дамуы

 

Сперматозоидтар мен жұмыртқажасушасының қосылуын ұрықтану дейді (93-сурет). Аталық жыныс бездерінен шамамен 300 млн-дай сперматозоидтары бар 3–5 мл шәует бөлінеді. Сперматозоидтың біреуі ғана жатыр түтігінде жұмыртқажасушасымен қосылады, қалғандары жойылады. Сперматозоидпен қосылған жұмыртқажасушасының сыртынан қабықша түзіледі. Ол қабықша жұмыртқажасушаға басқа сперматозоидтардың енуінен қорғайды. Ұрықтанбай қалған жұмыртқажасушалары мен сперматозоидтар жатыр түтігінде жатырда лейкоциттердің әсерінен жойылады.

Сперматозоидтардың ұрықтандыру қабілеті 24–48 сағатқа дейін сақталады. Олар цитоплазмасында қоректік заттың қоры өте аз болғандықтан және дене температурасының әсеріне сезімталдығынан ұзақ сақталмайды.

Ұрықтанған екі жыныс жасушаларынан біржасушалы ұрық – зигота пайда болады. Зигота жатыр түтігі арқылы жатырға өтіп, бөліне бастайды. Жасушалардың хромосомаларында өзгерістер болады. Адамның дене жасушаларында хромосома саны тұрақты 46 болатыны мәлім. Жетілген жыныс жасушаларында – 23. Ұрықтанғаннан соң аталық және аналық жыныс жасушаларының хромосомалары жұптасып саны 46-ға жетеді.

Ұрықтың дамуын зерттейтін ғылымды эмбриология (грекше «embrіon» – ұрық, «logos» – ілім, ғылым) дейді.

Ұрықтың дамуы – ұрықтанған жұмыртқажасушасының бөлінуінен алғашында көп жасушалы көпіршік тәрізді ұрық түзіледі. Ұрықтан 3 түрлі ұрық жапырақшасы пайда болады. Сыртқы ұрық жапырақшасынан: жабын эпителий (ұлпа), жүйке жүйесі, сезім мүшелері дамиды; Ортаңғы ұрық жапырақшасынан: дәнекер ұлпасы, қаңқа (сүйектер) бұлшықеттер, қанайналу мүшелері, зәр шығару және көбею мүшелері түзіледі; Ішкі ұрық жапырақшасынан: асқорыту мүшелер мен асқорыту бездері және тынысалу мүшелері пайда болады. Ұрықтың алғашқы 4 айға дейінгі дамуы ұрықтық (зародыш) даму деп аталады (94-сурет). Ұрықтың 4 айдан кейінгі дамуын шараналық (плод) даму дейді.

 

93-сурет. Ұрықтану кезеңдері:

1 – жұмыртқажасушасының айналасына жиналған сперматозоидтар; 2 – бір сперматозоидтың жұмыртқажасушасына енуі; 3 – сперматозоид пен жұмыртқажасуша ядроларының қосылуы

 

Жатырда ұрықтың сырты қабықпен қапталады. Жүктіліктің үшінші айында анасы мен ұрықтың ұлпаларынан арнайы мүше – ұрық жолдасы түзіледі. Ұрық жолдасы арқылы ұрық тыныс алады, қоректенеді және қажетсіз қалдықтар бөлінеді. Ана мен ұрық арасындағы өзара байланыс ұрық жолдас арқылы жүзеге асады. Ұрық жолдасынан ұрыққа артерия қаны ағатын бір қантамырын – кіндік вена тамыры дейді. Вена қаны ұрық жолдасына 2 кіндік артерия қантамырлары арқылы ағады. Ұрықты ұрық жолдасымен байланыстырып тұрған үш қантамыр бірігіп кіндік бауын түзеді. Шарана туғанда кіндік бауын кеседі, ал кіндігі өмір бойы сақталады. Ұрық жолдасының беткі жағында өте көп бүрлер (ворсинки) болады. Бүрлердің қабырғалары арқылы ана қанынан ұрық қанына қоректік заттар мен оттек өтеді. Қажетсіз өнімдер мен көмірқышқыл газы да бүрлер арқылы шығарылады.

 

94-сурет. Ұрықтың даму кезеңдері

а) ұрықтанған жұмыртқажасушасының бөлшектенуі; ә) ұрықтың алғашқы даму кезеңі; б) ұрықтың ары қарай даму кезеңі; в) шараналық даму кезеңі

 

 

https://www.ehd.org/resources_bpd_illustrated.php?language=46

 

 

Ұрықтың дамуы, эмбриогенез (грек. embryon — ұрық және грек. genesіs — шығу тегі) — ұрықтанғаннан бастап жұмыртқадан жарып шыққанға немесе туғанға дейінгі ұрықтың даму мерзімі.

Ұрықтың дамуының алдында ұрық алды кезеңі болады. Бұл кезеңде жұмыртқаның пісіп жетілуі, өсуі және белгілі бір пішінге енуі жүреді. Ал ұрықтың дамуынан кейін қарапайым бір жұмыртқа клеткасынан жеке өмір сүруге қабілетті және әр түрлі органдар мен ұлпалардан тұратын көп жасушалы ағза пайда болады, яғни, постэмбрионалдық даму жүреді. Мысалы, кейбір жануарларда (тікентерілілерде) ұрық дамудың ерте кезеңінде қабықшадан шығады, ал негізгі даму процесі постэмбрионалды кезеңде жүреді. Барлық жануарларда ұрықтың дамуы ұрық ұрықтанудан (қараңыз Ұрықтану) немесе жұмыртқаның белсенділігінің артуынан (қараңыз Партеногенез) бөлшектену,гаструляция, нейруляция, гистогенез, органогенез, системогенез кезеңдерінен өтеді. Бір жасушалы ұрықтың бөліну арқылы көп жасушалы ұрыққа айналу кезеңін бөлшектену деп атайды. Бөлшектену нәтижесінде көп жасушалы ұрық — бластула түзіледі. Бластула әр түрлі жануарларда түрліше болады. Ол:

· сүтқоректілерде — бластоциста (стерробластула),

· құстарда, бауырымен жорғалаушыларда — дискобластула,

· қосмекенділерде — амфибластула, қандауыршада — целобластула деп аталады.

Гаструляция процесі кезінде ұрық жапырақшасында жекелену жүреді, яғни, ішкі бөлікте — энтодерма, сыртқы бөлікте — эктодерма, ал ортасында — мезодерма қалыптасады. Жүйке түтігінің түзілуін нейруляция дейді. Ұрық жапырақшаларынан жануарлар ағзасы тіндерінің қалыптасуы — гистогенез, ал тіндерден органдардың түзілуін — органогенез, органдардан жүйелердің қалыптасуын —системогенез деп атайды. Ұрықтың дамуының ерте кезеңінде эмбрионалды жасушалар көптеген бағыттарда дамуға қабілетті болады. Бірқатар факторлардың әсерінен кейін олар детерминияланады, яғни, бағытталған бір жүйеде дамуы барысында олардың құрылымы мен қызметі мамандана бастайды. Мысалы, эктодерманың жүйке жүйесі түзілетін бастамасында бас миы жекеленіп, оның бір бөлігінде көздің бастамасында дамиды да, колба және таяқша тәрізді көру жасушалары қалыптасады. Ұрықтың дамуы жасушада тұқым қуалау аппаратымен анықталады. Ядрода болатын хромосомалар бір белоктың құрылымы туралы ақпарат жазылған көптеген гендерден құралған. Генде кодталған ата-ана ағзасындағы белгілер ұрықтың дамуы кезінде іске асады. Клеткалар бөлінген кезде гендердің толық жиынтығын алады, бірақ та әр тінде сол тінге ғана тән белоктардың синтезін қамтамасыз ететін гендер бөлігі жұмыс істейді. Сондықтан да генетикалық деңгейде ұрықтың дамуы жеке гендердің “жұмыс” істеуіне байланысты болады. Гендер қызметі өсіп келе жатқан жұмыртқа жасушасында сары уыз және РНҚ молекуласының барлық типтері жинақталғанда басталады. Ұрықтың дамуыдың барысында тұқым қуалаушылықтың жүзеге асуы мына бағытта жүреді:
дифференциация факторлары арнайы гендерді іске қосып, олар қажетті белоктарды синтездейді, ал
белоктар болса, жасушалардың дифференциациясының жүруін қамтамасыз етеді.
Бұл процесте көптеген белоктардың қызметтері анықталған. Мысалы, гемоглобин — эритроциттердің қалыптасуы барысында;миозин — бұлшық еттің пайда болу кезінде, ферменттер мен гормондар — әр түрлі бездердің даму барысында түзіледі. Ұрықтың дамуы кезіндегі гендердің қосылуы мен ажырауынының механизмі толықтай анықталған жоқ. Сондықтан жасуша пішінінің өзгерісін, ұрықтың дамуы барысында олардың қозғалысын және бағытын анықтайтын белоктар да аз зерттелген. Ұрықтың дамуының соңындаұрықтың қабықшадан шығуы немесе туылуы үшін қабықшаны ерітетін ферменттер синтезделеді немесе қауызды жарып шығатын арнайы құрылым пайда болады.[1][2]

Дереккөздер[өңдеу]

1. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Қазақ Энциклопедиясы, 9 том

2. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Ә 55 Биология: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. - 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. - Алматы: Атамұра, 2008. - 320 бет. ISBN 9965-34-812-Х

 

http://anabol.kz/post.html?id=1498

 

  • 4.Онтогенез
  • 5.Эмбриогенез
  • 6.Постэмбриогенез

Онтогонез (грек. on – табыс септігінің жалғауы, ontos – нағыз, нақты және генез) – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологы Э.Геккель үсынған (1866). Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша Онтогенезге бастау болатын клетканың ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы – код түріндегі мағлұмат сақталады. Бұл бағдарлама бойынша Онтогенез барысында ұрықтың әрбір клеткасындағы ядро мен цитоплазманың әсерлесуі; сондай-ақ, ұрықтың әр түрлі клеткалары мен клетка кешендерінің өзара әрекеттесулері жүзеге асады. Тұқым қуалау аппараты өзіндік белок молекулаларының синтезделуін кодтау (белгілеу) арқылы морфогенетикалық процестердің жалпы бағытын ғана анықтайды, ал олардың нақтылы жүзеге асырылуы белгілі дәрежеде (тұқым қуалаушылық нормасы шеңберінде) сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді болады. Организмдердің әр түрлі топтарында Онтогенездің тұқым қуалаушылық бағдарламасының мүлтіксіз орындалу деңгейі мен оның реттелу шегінің мүмкіншілігі мол. Бүкіл онтогенез үдерісін 2 үлкен кезеңге бөлуге болады:

1. Эмбриогенез - ұрықтың дамуы (немесе көптеген омыртқасыздар, балықтар және қосмекенділер дернәсілінің сатылары).

2. Постэмбриогенез - туу соңынан даму, яғни дернәсілдік немесе ұрықтық сатылардан соң даму.

1. Ұрықтану өте салысымен зигота дамуының алғашқы сатысы басталады. Бұл саты бластула (өсу) сатысы деп аталады. Осы саты кезінде қарқынды бөліну - митоз өтеді. Жасушалардың тез бөлінетіні соншалық, қысқа интерфаза сатысында өсіп те үлгере алмайды. Бластуласатысында ұрыұ үсаұ жасушалар түрінде топтасып, бластомерлер деп аталады. Бұл «жасуша түйірлерінің» пішіні, жасушалар мөлшері, жасушаның орналасуы тірі мақұлықтардың түріне байланысты сан алуан болып келеді. Бластула - бұл жасушалары ерекшеленіп үлгермеген көпжасушалы ұрық. Сондықтан бластула бір қабатты ұрық деп аталады.

2. Гаструла - ұрық дамуының екінші сатысы. Бұл кезенде көптеген маңызды оқиғалар өтеді, яғни жасушалардың жіктелуі - ұрық жапырақшалары; гаструла (қарын) қуысы, желілену (омыртқалыларда) және жүйке тақташалары пайда болады. Біз үшін ең маңызды окиға - ұрық жапырақшаларының - жасушалардың ерекшеленген, жіктелген қабаттарының пайда болып қалыптасуы. Ұрықтың ертерек даму сатысы -эктодерма және ішкісі - энтодерма. Сондықтан гаструланы қосқабатты ұрық немесе ұрық дамуының екі қабатты сатысы деп атайды. Даму барысында үшінші ұрық жапырақшасы - мезодерма жекеленіп шығады. Сөйтіпгаструланың кейінгі сатысы үшқабатты болады.

3. Нейрула (жүйкелік) - ұрықтың тек желілілерге ғана тән гаструладан кейінгі сатысы. Бұл кезеңде жүйке тақташасынан жүйке түтігі қалыптасады. Жүйке түтігінен ми және жұлындамиды.