Компьютерлік жүйені ұйымдастыру амалдары

Жүйе компоненттерінің физикалық орналасуы. Желі топологияларының түрлері: жалпы шина, аралас, сақина, жұлдыз.

Ø Шиналық топология – мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды.

Ø Сақиналық топология – мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.

Ø Жұлдыз тәрізді топология – мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін-желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізудіжүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.

Жалпы желілер- бұл дүние жүзі бойынша таратылған желілер. Ең белгілі және қол жететін жалпы желі - Интернет болып табылады. Интернет желісі тұрақты құрылым емес, оны миллиондаған пайдаланушылар ұдайы өзгеріп отырады.

Желідегі компьютерлер жұмысын программа басқарады, ондағы барлық компьютерлердің бір – біріне жіберетін және қабылдайтын ақпараттарды араласпай, тиянақты жеткізілу үшін, олар бір тілмен – ортақ ережемен байланыс жасау қажет. Осындай ортақ ереже желілік хаттама деп аталады.

Сервер – ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер. Ортақ ресурстарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет. Желідегі жұмыстың көп бөлігін сервер атқарады.

 

СОӨЖ

1. Чаттар, форумдар, ICQ.

2. Интернет қызметтер.

3. Ұялы телефон арқылы интернетке шығу.

 

СӨЖ

1. Internet Explorer браузерімен жұмыс істеу.

2. Е- дүкен.

3. Интернет банкинг.

Бақылау түрі реферат – 10 парақ. Тапсыру мерзімі бір апта.

Бақылау сұрақтары

А. Жазба түрінде

  1. Желі түрлері.
  2. Желі топологияларын атаңыз?
  3. Интернет дегеніміз не?
  4. Интернеттің қандай іздеу порталдарын білесіз?

Б. Тест сұрақтары

1. Компьютерлік желі ол

A) Үлкен ЭЕМ-ға байланыс каналдармен қосылған кешен терминалдары

B) Компьютерлік желілерде ақпаратты өңдеу технологиясы

C) Бірігіп есеп шығару үшін бірнеше ЭЕМ-ды біріктіру

D) Бір орталыққа орналастырылған компьютерлер тобы

2.Алыс компьютерлік желілерге қосылу үшін қолданылады:

A) Телефон линиялары

B) Электр желілері

C) Электронды схемалар

D) Телеграф линиялары

3.Желінің қандай топологиясы болады?

A) Шиналық, сақиналық, жұлдыз

B) Сақиналық, асимметриялық, жұлдыз

C) Шиналық, асимметриялық

D) Сервистік

4.Компьютерлік желіге керекті мәліметтерді беруді бірыңғай операциялармен қамтамасыз ететін арнайы стандарт аталады:

A) Хаттама (Протокол)

B) Қаріп (Шрифт)

C) Порт

D) Драйвер

5. Желінің стандартты топологиясына қандай топологияны жатқызуға болады?

A) Жалпы шина

B) Аралас

C) Сақина

D) Жұлдыз

Глоссарий

Казахский /Русский/ Английский Содержание
провайдер Ұйымдар мен жеке тұлғаларға Internet қызметтерін ұсынатын компания.
провайдер
provider
модем Компьютерге телефон желілері немесе басқа да байланыс тораптары арқылы мәліметтер алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы
модем
modem
терезе жақтаулар арқылы шектелген экрандағы төртбұышты аймақ
окно
window
  объект Мәліметтердің жеке элементтеріне жалпы түсінік беру
объект
object
  файл дискідегі не басқа ақпарат тасымалдаушыдағы аталған аумақ
файл
file

Олданылған әдебиеттер

 

Негізгі әдебиеттер

  1. Жұмағалиева А. М., Құлмұратова А. Ш., Нұрғазинова А. Ж., Смаилова Л. К. «Информатика» (ақпараттық жүйелер). Оқулық. –Алматы: Дәуір, 2011. -248б.
  2. Медешова А. Б., Гайбуллаев Д.Г. «Компьютер архитектурасы». Оқулық. –Алматы: Дәуір, 2011. -192б.
  3. Мырзабекова Г. Е., Құлмұратова А. Ш., Смайлова Л. К., Тәжібай Л.К. «Интернет технологиясы». Оқулық. –Алматы: Дәуір, 2011.-192б.
  4. Бөрібаев Б., Мадьярова Г.А. «Web технологиялар». Оқулық. –Алматы: Дәуір, 2011. -360б.
  5. Беркінбаева К.М. Информатика. Оқулық. – Алматы: Заң әдебиеті, 2007. – 421 б.

Осымша әдебиеттер

  1. Байшоланова Қ. С. Ақпараттық жүйелер теориясы. – Алматы, 2007. – 280 б.
  2. Бралиев Н. Б. и т.б. Ақпаратты жүйелер бизнесте. – Алматы : РИК, 2007. – 325 6.
  3. Исаев С. Ә., Мұхамади А. Н., Ахметова О. С. Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум. – Алматы, 2007.–305 б.
  4. Хакимова Т. Компьютерлік өңдеудің әдістемелері. Алматы : «Ғылым», 2007.-453 б.

Компьютерлі желілердің түрлері

14.05.2012 | 0 пікір

Компьютерлі желі екі немесе одан да көп компьютерлердің, желілік жабдықтау арасындағы ақпаратты жіберу және байланыстыру үшін қызмет етеді.

 

Желі деген не?

 

Негізі "компьютерлі желі" сөзі емес, "локальды желі" деген түсінік қолданылады. Бұл атау компьютерлік желілер, локальды типті болуына байланысты.

 

 

Компьютерлі желілертипі

 

Масштабы бойынша желілік байланыстар бірнеше түрге бөлінеді.

 

Байланыстың қарапайым түрі РАN (Personal Area Network)деп аталады. АN "Area Network" деген ұғым. Басқа да желілерде АN аббревиатрасы осы ұғымды білдіреді. Р "персоналды" дегенді білдіреді. Бұл тәсіл бір адамға тиесілі әр түрлі құрылғылар арасындағы мәліметтерді қосу және жіберу үшін қолданылады.

 

 

Жиі қолданылатын және кең таралған әдіс –LAN (Local Area Network). L – локальды. Локальды желі деген не? Бұндай желі бір бөлмедегі, офистағы, үйдегі бір немесе одан да көп компьютерлердің байланысы үшін қолданылады. Сонымен қатар бұған заводтағы және сол сияқты үлкен алаңдағы байланысты қамтамасыз ететін желілер де жатады.

 


САN (Campus Area Network) - кампусты желі. Бір­-біріне жақын орналасқан ғимараттар, үйлер, кеңселер арасындағы ақпаратты айырбастау үшін қызмет етеді.

 

 

MAN(MetropolitanAreaNetwork) - бір немесе бірнеше қалаларда орналасқан көптеген компьютерлерді байланыстыратын үлкен желі. Осындай әдісті қалалық, мемлекеттік басқару қызметі қолданады. Мысалға, көлікті басқару немесе басқа да әлеуметтік құрылымдар. Бұл желі өзіне бірнеше локальды немесе кампусты желілерді қоса алады.

 

 

WAN(Wide Area Network) - ең үлкен желі, яғни жаһандық желі. Жер шары емес, қандай да бір географиялық район немесе аумақ. Бұндай байланыстарды телекоммуникация қызметін ұсынатын ұйымдар қолданады. Сонымен бірге осы байданыстарды жаһандық желілердің каналдарына интернетті орнату үшін қолданады. Бұл желілер өте үлкен және көпшілік қолданушыға арналғандықтан, жалпыға бірдей қол жетімді және ашық болып келеді. MAN - желілер сияқты, WAN желілер де өзіне кішігірім байданыстарды қосады.

 

 

 

Желідегі компьютерлердің саны мен көлемінен бөлек, желілер басқа да белгілері бойынша жіктеледі. Байланыстың әр түрі қолданылады, телефон желісінен бастап, серіктерге дейін. Сонымен қатар желілер мәліметтердің берілу жылдамдығына байланысты да бөлінеді.


Жоғарыда айтылған желілерден басқа, пирингті (файл айырбастайтын) желілер де бар.

 

 

Пирингті желі деген не?

 

Мұндағы байланыс белгілі бір байланыс каналдары арқылы емес, интернет берілетін каналдар негізінде іске асады. Бұл қолданушылар файл немесе басқа да мәліметтерді алмастыру үшін бірігетін виртуалды желі. Желіге кіру немесе оны қолдану үшін арнайы бағдарламалар қолданылады.

Шиналық топология – ең арзан түрі, бірақ бір байланыс арнасы істен шықса, желі жұмысы бұзылады. Оның үстіне, бір мезетте бір ғана арна арқылы бірнеше компьютердің мәлімет алмасуы үшін арнайы программалық жабдықтама жасалуы керек.

Сақина тәрізді топология да қарапайым желі түрі, мұнда информация бір бағытта ғана айна-лыста болады және әрбір компьютер мәліметті қабылдап алып ары қарай жөнелтіп отырады. Желінің компьютерлер арасындағы бір байланыс арнасы істен шықса, желі жұмыс істей алмай қалады.



php"; ?>