Тақырыбы: «Word текстік процессоры . Формулалар редакторы.

Кестелерді құру және форматтау. Кестелердегі есептеулер»

Мақсаты: Текстік құжаттарда кестелермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Негізгі түсініктер:

Текстік құжатқа формулалар енгізу.Word текстік құжатына Microsoft Equation 3.0 формулалар редакторынпайдаланып математикалық және т. б. формулаларды енгізудің бірнеше тәсілдері бар:


§ Бірінші әдіс:

  1. Құжаттағы формула жазылатын орынды анықтаңыз;
  2. Вставка -> Объект->Тип объекта Microsoft Equation 3.0. командалары орындалып ОК басылады.

§ Екінші әдіс:

  1. Саймандар панелінен Редактор формулнемесебатырмасына шертіледі.

Кестеларды құру және форматтау.Word программасында тексті кестелар түрінде жазудың түрлі мүмкіндіктері қарастырылған. Мұның ең қарапайым жолы табуляция позицияларын пайдалану болып есептеледі..

Word программасында кестеларды құру және форматтау жолдары:

§ Шағын кестеларды саймандар панеліндегі Добавить таблицу батырмасын пайдаланып жасауға болады;

§ Текстік құжатқа бағандары мен жолдарының санын алдын-ала көрсетілген кестені жоғарғы мәзірдің Таблицы -> Вставитьтаблицу командалары арқылы қояды. Бағандар мен жолдар санын Вставка таблицы диалогтық терезесіндегі счетчик-есептеуіштер көмегімен береді;

§ Таблицы и границы батырмасы, сондай-ақ Кесте -> Нарисовать таблицу командалары құжатқа қойылатын кестені қолданушының өзі сызып шығуына мүмкіндік береді;

§ Кесте -> Объединить ячейки (Разбить ячейки)командалары алдын ала белгіленіп алынған бірнеше ұяшықтарды біріктіруді немесе жекелеген ұяшықтарды бөлуді жүзеге асырады;

§ Кестелердегі ұяшықтарды бөліп тұрған сызықтарды алып тастауға немесе көрсетіп қоюға болады. Ол үшін Таблицы и границы саймандар панелінің Нарисовать таблицу и Ластикбатырмалары пайдаланылады;

§ Кесте -> Автоформат командасы көмегімен кестелар құруға арналған стандарт форматтағы дайын шаблондарды пайдалануға болады;

Кестелердегі есептеулер . Word текстік процессорында кесте бағандары мен жолдарында орналасқан сандармен жүргізілетін есептеулерді сәйкесінше басқа ұяшыққа Кесте ->Формулыкомандасының көмегімен есептеп шығаруға болады.


Ұяшықтар блогына сілтеме жасайтын қызметші сөздер:

§ LEFT-формула жазылған ұяшықтың сол жағындағы ұяшықтар ;

§ RIGHT- формула жазылған ұяшықтың оң жағындағы ұяшықтар;

§ ABOVE- формула жазылған ұяшықтың жоғарысында орналасқан

жағындағы ұяшықтар;

§ BELOW- формула жазылған ұяшықтың төменінде орналасқан

жағындағы ұяшықтар.

Word программасындағы қолданушының функциялары:

§ AVERAGE() – ұяшықтар диапазонының орташа мәнін есептеу;

§ COUNT() – ұяшықтар диапазонындағы мәндердің санын есептеу;

§ MAX() – максималь мәнді табу;

§ MIN() – минималь мәнді табу;

§ SUM() – мәндердің немесе сандардың қосындысын табу.



/cgi-bin/footer.php"; ?>