Облыс туралы қысқаша мағлұмат

КІРІСПЕ

Ауыл шаруашылығының басты мақсаты – бәсекеге қабілетті отандық ауылшаруашылық өнімдерді өндіру. Бүгінгі күні агроөнеркәсіп кешенінің дамуы еліміздің басты мәселесі болып отыр.

Бәсекеге қабілетті өсімдік өнімдерін өндіру үшін өсімдіктерді зиянды ағзалардан қорғау басты орын алады. Өсімдік қорғаудың негізін фитосанитарлық мониторинг құрайды. Фитосанитарлық мониторингсыз жоспарлау және зиянды организмдермен тиімді күресу шараларын ұйымдастыру мүмкін емес.

Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемелерінің филиалдарын облыстарда және аудандарда құрды.

Мен, Қожахмет Жансая Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінде өттім. Кәсіби іс-сана 28.05.2016-09.09.2016 аралығында жүргізілді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының негізгі мақсаты аса қауіпті және зиянды ағзалардың, аурулардың, арамшөптердің дамуы мен таралуына мониторинг жүргізу.

Тексерулер мен бақылаулардың негізінде аса қауіпті және зиянды организмдерге, ауруларға, арамшөптерге болжам және олармен күресу шаралары ұйымдастырылады.

 

Өндірістік тәжірибенің міндеттері:

- Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы мемлекеттік мекемесімен, заңды-нормативті құжаттармен, филиалдың материалдық-техникалық жабдықтарымен сонымен қатар ұжыммен танысу;

- ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері, аураулары және арамшөптерді есепке алудың негізгі әдістемелерін білу;

- ауыл шаруашылық дақылдарының зиянды және аса қауіпті зиянкестер түрлерімен танысу;

- мемлекеттік мекемеде шаруашылықтардың фитосанитарлық жағдайын анықтау;

- зиянкестердің зияндылығы мен аурулардың қоздырғыштарын әдістеме бойынша анықтау;

- жетекші берген жеке тапсырмаларды орындау және дипломдық жұмысқа материалдар жинау.

 

 

І ТАРАУ. ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ ӨТКЕН ОРЫН

 

Облыс туралы қысқаша мағлұмат

Оңтүстік Қазақстан облысы –Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962 – 1992 жылы Шымкент облысы деп аталды. Аумағы 117,3 мың км². Тұрғыны 2,18 млн адам (2004). Орталығы – Шымкент қаласы. Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.

Өндірістік тәжербиеден откен орны жайына келсек: ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің ОҚО филиалының облыстағы орталығы Шымкент қаласында орналасқан, қазіргі мекен жайы: Байтулы-баба көшесі, №18 (2 қабатта), пошта индексі 160005.

ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің ОҚО филиалы 2003 жылы 17 наурызда ашылды.

Шымкентте 900 мыңнан аса адам тұрады, қала 3 ауданға бөлінеді: Әл-Фараби, Абай және Еңбекші аудандары. Облыс аумағында Шымкент қаласы оңтүстік –шығыс жағында орналасқан. Ал біздің облыс Қазақстанның ең оңтүстігі болып, оның ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке дейін 950 шақырым, батыстан шығысқа дейін 640 шақырымға жақын, жалпы облыстың аумағы 121,5 мың шаршы км. Облыстық филиалдың стационарлық учаскелері Боз-Арық, Қатын-Көпір, Қызылжар ауыл округтері болып табылады.

ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің ОҚО филиалының құрамында он үш аудандық филиал бар.

Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы облыс көлемінде он үш аудандар мен қалаларды және тікелей Шымкент қаласын қамтиды.

 

Кесте 1. «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің ОҚО филиалының құрылымы

қ/с Аудан аттары Мекен жайы
Арыс Арыс қаласы
Бәйдібек Шаян ауылы
Қазығұрт Қазығұрт ауылы
Мақтаарал Жетісай қаласы
Ордабасы Темірлан ауылы
Отырар Шәуілдір ауылы
Сайрам Ақсу кенті
Сарыағаш Сарыағаш қаласы
Созақ Шолақ қорған ауылы
Төлеби Ленгір қаласы
Түркістан Түркістан қаласы
Түлкібас Т.Рысқұлов ауылы
Шардара Шардара қаласы
Облыс Шымкент қаласы