Тәжірибе өту орнының құрылымы мен іс-бағыты

Облыста зиянды организмдердің пайда болып, дамып және таралуына анықтау, күрес жұмыстарын жүргізу мақсатында «РФДжБӘО» ММ-сі ОҚО филиалының мамандары бар.

Кесте 2. «РФДжБӘО» ММ-сі ОҚО филиалының филиалының қызметкерлері

Аты-жөні, тегі Қызметі
Джанбаев Т.А Директор
Сарбаев Ш.М Жоғары деңгейде – энтомолог
Сейдакбар Н.Ә Жоғары деңгейде – фитопатолог
Дартаев Б Жоғары деңгейде – герболог
Байжігітова А.М Лаборант
Қаратаев Ж.Ж Жүргізуші
Оңғарбаев М.А Карантин саласы бойынша маман

Филиалдың мақсаты мен қызметі

 

Филиалдың мақсаты өсімдіктердің зиянды, аса қауіпті зиянды организмдерінің дамуы мен таралуына мониторингті жүзеге асыру және карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтап, таралу шекараларын аудан бойынша айқындау болып табылады.

Көрсетілген мақсатқа жету үшін филиал қызметтің төмендегі түрлерін жүзеге асырады:

1. Қызмет көрсететін аймақтың ауыл шаруашылығы дақылдарының жиынтығы және табиғи климаттық жағдайлары бойынша барынша ұқсас базалық шаруашылықтарда өсімдіктердің зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерінің дамуы мен таралуына байқау жүргізеді;

2. Ауыл шаруашылығы нысандарындағы зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерді анықтау үшін жаппай және таңдаулы тексеру жүргізеді;

3. Карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтау және таралу шекараларын айқындау үшін жаппай таңдаулы тексерулер жургізеді;

4. Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдермен зақымдау диагностикасын жүргізуді ұйымдастырады;

5. Қызмет көрсететін аумақтағы зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің таралу ареалы мен зиян келтіру деңгейін айқындайды, зиянды, ерекше қауіпті зиянды организмдердің және карантиндік объектілердің, сондай-ақ пайдалы энтомофаунаның түрлік және сапалық құрамын есепке алуды, олардың таралу карталарын дайындайды, деректер қорын жасап жинақтайды;

6. Зиянды ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы күрестің басталуы мен аяқталу мерзімдері туралы ауыл шаруашылығы ұйымдарына хабар береді;

7. Карантиндік объектілерге қарсы күрестің басталуы мен аяқталуының мерзімдері туралы заңды және жеке тұлғаларға хабарлайды;

8. Қызмет көрсететін аумақта фитосанитарлық іс – шаралар жүгізудің тиімділігін, өсімдіктерді қорғау жөніндегі іс – шаралардың биологиялық +және экономикалық тиімділігін айқындайды;

9. Тұрақты бақылау мен есепке алуды қажет ететін зиянды организмдердің тізімі жөнінде, сондай – ақ күрес шаралары республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын ерекше қауіпті зиянды организмдердің тізімі жөнінде ұсыныс енгізеді;

10. Зиянды, ерекше қауіпті зиянды организмдердің және карантинды объектілердің таралуының жылдық шолуын және олардың шығуы мен дамуының болжамын (қысқа, орташа, ұзақ мерзімді) дайындайды;

11. Зиянды ерекше қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік объектілерге қарсы күрес жөніндегі іс – шаралар жүргізудің әдістері мен көлемдерін айқындайды.

Зиянды, ерекше қауіпті зиянды организмдерді, карантиндік және пайдалы энтомофауналарды есепке алу, анықтау, шығуы мен дамуын болжау, оларға қарсы күрес мерзімдерін хабарлауды жүргізіп, түрлік құрамын айқындау жөніндегі әдістемелерді, ұсыныстарды және нұсқауларды әзірлеуге қатысады.

Ауылшаруашылық өнімдерінің түсімін жоғарлатуда ең басты маңызды шаралардың бірі – өндірілген өнімді зиянды организмдерден қорғау. Бұл зиянды организмдердің әсері ауылшаруашылық дақылдарының өніміне, сапасына ондаған пайыздар зиян келтіруде. Алынатын өнімнің сапасын, түсімін қорғау мақсатында фитосанитарлық бақылау жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілуі тиіс.

Өсімдіктерді зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғау барысында атқарылатын жұмыстарды ұйымдастыруда жүйелі түрде бақылау жұмыстарын жүргізіп, болжам жасау керек. Дұрыс жасалған болжамдар агротехникалық, басқа да өсімдік қорғау жолындағы іс – шаралардың өткізілуіне оң әсер етеді.

Ауылшаруашылық дақылдары өсіп өнуі кезеңінде зиянды организмдерден қорғау саласында атап айту керек, біздің «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» Отырар аудандық филиалы мамандарының да атқарып жатқан жұмыстары аз емес. Отырар аудандық филиалы тарапынан берілген сигналды хабарламалар, болжамдардың, газет бетіндегі мақалалардың көмегімен ауданда өсімдік қорғау іс – шаралары жүргізілуде.Отырар ауданның ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудегі негізгі бағыты – егіншілік. Негізінен көкөніс-бақша, жүгері,мақта,жоңышқа,астық дақылдарын, майлы дақылдарды өсірумен айналысады.