Метеорологиялық жағдайы

2016 жыл. Қаңтар айы. Жалпы бұл айда бұлтты, жаңбырлы, қарлы, желді және ашық болды. Күндізгі жоғарғы температура күні +11°С, төменгі температура, қаңтардың 3-ші жұлдызында -6°С болса, түнгі жоғарғы температура 0 °С пен түнгі төменгі температура -12°С аралығында ауытқыды. Айдың он үш күні ашық, қалған күндерінің бәрі бұлтты, қарлы, жаңбырлы болды. Айдың 2 –ші он күндігінде күн суық болып, Солтүстік шығыстан 12,13 –ші қаңтарда 2-4, 15-20 м\с жылдамдықта жел болып, айдың 3 –ші он күндігінде 28,29,30 –шы қаңтарда 2-3,4-5 м\с жылдамдықта болды.

Ақпан айы . Ақпан айының бұлтты, алабұлтты, ашық, желді және жаңбырлы болды, күндізгі жоғарғы ауа температурасы +14°С пен +3°С аралығында, түнгі жоғарғы температура +4°С, түнгі төменгі 11. 02 13. күні -5°С – қа дейін төмендеді. Айдың он үш күні ашық, қалған күндерінің бәрі бұлтты, алабұлтты, жаңбұрлы болды. Бұл айда ауа температурасы күндізгі ауа температурасы + жоғары, жылы болып, 0°С-тан жоғары пайдалы температуралар жиынтығы +17°С-ты көрсетті. Ақпанның 2-ші он күндігінде 1-3, 8-10м\с жылдамдықта солтүстік шығыстан желді болды.

Наурыз айы. Осы ай аралығындағы күндізгі ең жоғарғы температура +20°С, ең төменгі температура 8 наурыз күні +5°С-қа түсті. Түнгі ауа температурасы осы айда -4°С-тан +12°С-қа жоғары көтерілді. Осы айда ашық, бұлтты, алабұлтты, жаңбырлы, күндер болып, 07,08 – ші наурыз күні қар жауып температура - 4 °С – қа дейін суық болды, Наурыздың 02, 22, 23 - ші күндері 3 - 7 м\с жылдамдықта солтүстік шығыстан желді болды Айдың орташа тәуліктік температурасы +9,3°С.

Сәуір айы. Осы ай аралығындағы күндізгі ең жоғарғы температура +31°С, ең төменгі температура 3-ші сәуір күні +11°С-қа түсті. Түнгі ауа температурасы осы айда +5°С-тан +15°С аралығында құбылды. Осы айда ашық, бұлтты, алабұлтты, жаңбырлы, желді күндер болды. 01,06,09,14,16,23- ші сәуір күні жауын-шашынды болып, қалған күндері ашық, бұлтты болды. 01,02,03,04,05,06,07,08,09 сәуір күндері солтүстік шығыстан, 1-6 м\с жылдамдықта жел болды. Айдың орташа тәуліктік температурасы +15,5°С.

Мамыр айы. Осы ай аралығындағы күндізгі ең жоғарғы температура +31°С – ты көрсетті, ең төменгі температура 5–шы мамыр күні +20°С-қа түсті. Түнгі жоғарғы температурасы осы айда +17°С болды, түнгі төменгі температурасы 01 – ші мамыр +9°С-ты көрсетті. Осы айда бұлтты, алабұлтты, жаңбырлы, қалған күндері ашық желді күндер болды. мамыр айының соңғы аптасында күн ашылып, ауа температурасы жоғары көтерілді. Мамыр айының 04,05,06, күндері солтүстік шығыстан 5-6,8-10 м\с жылдамдықта және 15,20,24,25 –ші кундері солтүстік шығыстан 3-8м\с аралығында жел болды. Айдың орташа тәуліктік температурасы +18,8°С.

Маусым айы. Осы ай аралығындағы күндізгі ең жоғарғы температура +40°С, ең төменгі температура 16,18-ші масым күндері +28°С-қа түсті. Түнгі ауа теспературасы осы айда +15°С-тан +24°С аралығында құбылды. Осы айда ашық, бұлтты, алабұлтты, желді күндер болды. 23 –шы маусым күні +40°С-қа ыстық болды. Маусым айының 2 жартысында 11-ші сәуірден 21-ші сәуір аралығында солтүстік шығыстан 1-3, 7-8 м\секун жылдамдықта жел болды. Айдың орташа тәуліктік температурасы +25,9°С.

Шілде айы. Шілде айында күн ыстық болып, ауа-райы ашық, бұлтты, алабұлтты және жаңбырлы болды. Күндізгі ең жоғарғы температура + 39°С, ең төменгі температура 05 шілде күні +28°С-қа түсті. Түнгі ауа теспературасы осы айда +14°С-тан +24°С аралығында құбылды. Айдың орташа тәуліктік температурасы +26,2°С.

Тамыз айы.Осы ай аралығындағы күндізгі ең жоғарғы температура +42°С, ең төменгі температура 14-ші тамыз күні +29°С-қа түсті. Түнгі ауа теспературасы осы айда +17°С-тан +24°С аралығында құбылды. Осы айда ашық, алабұлтты, бұлтты, желді күндер болды. Тамыз айы ыстық болып, 16,17,18 – ші тамыз

күндері солтүстік шығыстан 6 -8 м\секуд жылдамдықта желді күндер болды. Айдың орташа тәуліктік температурасы +28,2°С.

Қыркүйек айы.Ауа райыашық болып, ауаның жоғарғы температурасы 9,10,11-і күндері күндіз +36,370С көрсетті. Ал төменгі температурасы 3,6-ші қыркүйек күні түнде +180С болды. Жыл басынан бастап 00С тан асатын температуралар жиынтығы +4764,50С, 50С тан асатын температуралар жиынтығы +3600,00С. 100С тан асатын температуралар жиынтығы +2580,00С. Ауаның орташа ылғалдылығы 28-35% аралығында болды. Солтүстіктен, солтүстік шығыстан, солтүстік батыстан, оңтүстіктен және оңтүстік батыстан 1-2 кейде 4-5 м/с жылдамдық аралығында жел соғып тұрды.

Кесте 4. Аудандар бойынша пайдалы температуралардың жиынтығы туралы жыл басынан бергі мәліметі.