VІІ Тарау. Қоршаған ортаны қорғау

Қоршаған ортаны қорғау туралы кодексі

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы кодексі болашақ ұрпақтың мүддесі үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық - экономикалық және әлеуметтік негізін белгілейді және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйеге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан түрлікті сақтаумен табиғатты ұйымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталады. 2007 жылғы 9 қаңтарында қабылданған экологиялық кодекс пен 2003 жылдың 3 желтоқсанында бекітілген 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік концепциясына негізделеді.

І Тарауда негізгі ережелер мен негізгі терминдер қарастырылған. Мысалы қоршаған орта, қоршаған ортаны қорғау обьектісі, табиғатты пайдалану, қоршаған орта саласы, экологиялық талаптар.

Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негізгі принциптері.

1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету;

2) Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

3) Экологиялық қатынастарды реттеу кезіндегі экожүйелі көзқарас;

4) Қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде запал келтіруді болдырмау жөнінде алдын алу шараларының міндеттілігі;

5) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының халықаралық құқық принциптерімен жэне нормаларымен үйлесуі;

Қоршаған ортаны қорғау объектілер.

1) Жер, жер қойнауы, жер үсті жэне жер асты сулары; атмосфералық ауа; ормандар мен өзге де өсімдіктер; жануарлар дүниесі; табиғи экологиялық жүйелер, климат және Жердің озон қабаты жойылудан, тозудан, зақымданудан, ластанудан және өзге де зиянды әсерден қорғалуға тиіс.

2) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жэне мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері айрықша қорғалуға тиіс.

Табиғат пайдалану ұғымы және оның түрлері:

1. Адамның күнделікті өмірінде, жеке және занды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы және қоршаған ортаға әсер етуі табиғат пайдалану болып табылады.

2. Табиғат пайдалану жалпы және арнайы болып бөлінеді.

3. Жалпы табиғат пайдалану тұрақты болып табылады және халықтың өмірлік қажетті сұраныстарын қанағаттандыру үшін жэне табиғи ресурстар пайдалануға берілмей, тегін жүзеге асырылады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, табиғатты жалпы пайдалануды шектеуге жол беріледі.

4. Арнайы табиғат пайдалану - осы Кодексте жэне Қазақстан Республикасының өзге де зандарында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды арқылы негізде пайдалануды және қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке жэне заңды тұлғаның қызметі.

5. Табиғат пайдалану түрлеріне:

1) Жерді пайдалану;

2) Суды пайдалану;

3) Орманды пайдалану;

4) Жер қойнауын пайдалану;

5) Жануарлар дүниесін пайдалану;

6) Өсімдіктер дүниесін пайдалану;

7) Қоршаған ортаға эмиссиялар;

8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін өзге де табиғат пайдалану түрлері жатады;

1. Табиғат пайдалану түрлері бойынша арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының зандарында айқындалады.

2. Арнайы табиғат пайдалану табиғат пайдаланудың бір түрін не олардың бірнеше түрінің жиынтығын қамтуы мүмкін.

Шаруашылықтағы өсімдік қорғау жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі мақсаты пестицидпен жұмыс істейтін адамдардың қауіпсіздігін сақтау және пестицидтердің қоршаған ортаға кері әсерін тигізбеу [1].

Пестицидтерді қолданудың жеке және қоғамдық қауіпсіздік шаралары:

Инсектицидтерді тіркемелі қондырғылардың көмегімен қолданған кездегі қауіпсіздік шаралары:

1) Жұмысты бастардың алдында барлық машиналардың, механиздер мен қондырғылардың жай-күйі, манометрлердің, араластырғыштардың, сүзгіштердің, түтіктердің жалғануы мұқият тексерілуі қажет;

2) Әр күні жұмыс бастардың алдында бүріккіштің шашу мөлшерін таза суды шашып, тексеру қажет. Инсектицидті ауыстырғанда, агрегаттың жүру жылдамдығы өзгергенде, шашу ауқымы өзгергенде, шашу мөлшері өзгергенде, бүріккіш ұшы міндетті түрде тексерілуі тиіс (калибровка);

3) Штангалы, желдеткішті тракторлы бүріккіштермен және атомайзерлі бүріккіштермен өңдеу кезінде желдің жылдамдығы секундына 4 м аспауы тиіс. Метеорологиялық жағдайларды (ауа температурасы мен жел жылдамдығы) бақылау өңдеу алдында жүргізілуі тиіс.

4) Аэрозолды генераторларды тым тымық немесе желдің бағытсыз соғуы кезінде қолдануға болмайды.

5) Агрегаттардың қозғалу бағыты, желдің соғу бағыты ескеріле отырып анықталуы тиіс. Агрегат инсектицид шашылатын бағытқа қарай жүрмеуі тиіс.

6) Уды шашу кезінде магистральдағы қысымды, жүру жылдамдығын мұқият бақылап отыру қажет, себебі бүрку мөлшері тікелей осы көрсеткіштерге байланысты болады.

7) Елді мекендерге, мал өсіру кешендеріне, су қоймаларына, демалыс орындарына жақын жерлерді өңдегенде санитарлық аймақтың кеңдігі ең аз дегенде 300 м, ал аэрозолды генераторлар үшін кем дегенде 4 км болуы тиіс.

8) Аэрозолды генераторларды алдын-ала тексермей, лицензиясыз қолдануға болмайды.

9) Бүріккіш ыдыстарын жұмыс ерітіндісімен толтырғанда арнайы деңгей көрсеткіш бойынша бақылануы тиіс. Ыдыстың толу деңгейін қақпағын ашып қарауға болмайды. Ыдысты толтыру кезінде оның жел жағынан тұру қажет.

10) Жұмыстан кейін пестицидтің қалдығын бүріккіштен арнайы ыдысқа

құйып алып, бүріккішті түгелімен арнайы еріткіштермен, дизельді

жанармаймен немесе сумен жуу қажет.

Инсектицидтерді авиация көмегімен қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары:

1) Ұшақтары бар барлық авиафирмалар, заңды және жеке тұлғалардың, міндетті түрде Қазақстан Республикасының Денсаулық, табиғи ресурстары мен қоршаған ортаны қорғау, Көлік және коммуникация Министрліктерімен бекітілген «Авиациялық химиялық жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасын сақтау туралы лауазымдық нұсқаулары» болуы тиіс.

2) Авиациялық жұмыстарға қатысатын барлық қызметкерлер алдын-ала және мерзімді дәрігерлік бақылаудан өтулері тиіс.

3) Авиациялық химиялық жұмыстарға (АХЖ) қатысатын барлық адамдар жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары мен улану кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша жыл сайынғы дайындақтан өтулері тиіс. Авиациялық қызметкерлерді оқытуға медицина және санитарлық эпидемиялық станция қызметкерлері тартылуы қажет.

4) Тапсырыс беруші мекеме АХЖ өткізілетін жерде санитарлық талаптарға сай ас ішетін, тынығатын, таза киімдер мен жеке қорғаныш бұйымдарын сақтайтын санитарлық, тұрмыстық бөлмелер мен жуынатын орындарын жабдықтауы қажет.

5) Ауыл шаруашылығы авиациясы елді мекендерден шекті қауіпсіздік алқаптардан кем дегенде 3 км қашықтықта және бүйірінен елді мекендермен су қоймаларынан кем дегенде 1 км қашықтықта орналасулары қажет.

6) Бал араларының омарталарына 5 км-ден жақын; балық аулайтын жерлерден, демалыс орындарынан, орталық су қоймаларынан, мал қоралардан 2 км-ден жақын; елді мекендерге 1 км-ден жақын; ауыл шаруашылығы жұмыстары жүргізіліп жатқан жерден 500 м-ден жақын жерге АХЖ жүргізуге тыйым салынады.

7) Ұшақтарды инсектицидтермен толтыру орындары удың топыраққа түсулерін болдырмайтын міндетті түрде арнайы тиеу қондырғылармен жабдықталуы тиіс. Тиеуге қатысатын адамдар міндетті түрде қауіпсіздік техникасы бойынша инструктаждан өтулері тиіс және бұл адамдар міндетті түрде медициналық толық бақылаудан өткізілуі тиіс.

8) Ұшқыштар мен техникалық құрам қызметкерлеріне инсектицидтермен жұмыс жасау ұзақтығы олардың қауіпсіздік класына қарай шектеулі болуы тиіс (күніне 4 сағаттан 6 сағатқа дейін).

9) Жұмыс аяғында ластанған ауа кемелерімен қондырғылардың алғашқы тазартуын жүргізіледі. Авиациялық жұмыстар аяқталғаннан соң олар арнайы Нұсқауларға сәйкес препараттардың қалдықтарынан тазартылады.

Жеке қорғаныш бұйымдары:

* Пестицидтермен жұмыс жасағанда барлық жұмысшылар дұрыс қолданылса қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы киімдермен, арнайы аяқ киімдерімен, қолдарына, тыныс алу және көру мүшелеріне (қолғап, респиратор немесе противогаз, қорғаныш көзілдірік, бас киім) жеке қорғаныш бұйымдарымен (ЖҚБ) қамтамасыз етілуі тиіс.

* Бүкіл химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу мерзіміне әр жұмысшыға қажетті ЖҚБ бөлінеді.

* Қауіптілігі бір қалыпты, ұшқыштығы төмен аэрозоль күйіндегі инсектицидтермен жұмыс жасағанда шаң-тозаңдарға қарсы (аэрозолға қарсы) Уралец, Астра-2, Лепесток, У2-К, Ф-62Ш типті респираторлар қолданылады.

* Ұшқыш, және улылығы жоғары инсектицидтермен жұмыс жасағанда

тыныс алу мүшелерін қорғау үшін газға қарсы қолданылатын РПГ-67, әмбебап РУ-60М респираторлар сәйкесті патрондарымен, ауыспалы коробкалары бар өндірістік противогаздар қолданылады.

* Инсектицидтермен жұмыс жасағанда (жұмыс ерітіндісін дайындау,

резервуарларды толтыру, өңдеу, қондырғыларды өңдеу кезінде) арнайы қорғаныш қасиеті бар материалдан жасалған киімдер мен теріні қорғайтын қосымша жеке қорғаныш бұйымдары – алжапқыш, қолғап, қолданылады.

* Инсектицид ерітінділерімен жұмыс жасағанда қолына іші тоқыма, сырты резина қолғаптар, аяғына – пестицидтерге және дезинфекциялаушы заттарға төзімді резина етік киілуі тиіс.

* Көздерін қорғау үшін ЗН 5, ЗН 18(В, Г), ЗН 9-Ф және басқа да қорғаныш көілдіріктерін қолдану қажет.

* Адам денесін қорғаудың басты мақсаты – барынша қорғаныш

материалымен жабу. Денеге препараттардан жақсы қорғайтын комбинезон, ұзын жеңді көйлек, шалбар киілуі тиіс. Киімдер таза мақтадан жасалған, тесіксіз, жақсы жуылуы және толық ілгектеліуі тиіс. Аяқ киім ішіне препарат енбеуі үшін шалбардың немесе комбинезонның балағын етіктің сыртына шығарып кию керек. Басына бас киім киілуі тиіс.

* Жұмыс жасап болғаннан соң жеке қорғаныш бұйымдарын шешу тәртібі:

§ қолынан шешпей тұрып қолғапты кальций содасының 3-5 %

ерітіндісінде немесе ізбесте жуып, сумен шаю;

§ көзілдірікті шешу;

§ респираторды шешу;

§ аяқ киімді шешу;

§ комбинезон немесе костюмді шешу;

§ қолғапты қайтадан ерітіндіде және суда шайып шешу;

§ протизогаз бен респираторлардың резинді бет бөлігі мұқият сабынды

сумен жуылып, спиртке батырылған мақтамен немесе марганец қышқыл калийдің 0,5 %-тік ерітіндісімен сүрту қажет.


Орытынды

1. Жалпы айтар болсақ, біздің елімізде агроөнеркәсіп кешенін тұрақты

дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы аймақтағы басым бағыттардың бірі болып отыр. Осы тұрғыдан келгенде агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайына мән беруіміз керек. Атап айтқанда, астық өндірісі, тұқым шаруашылығы, өсімдік қорғау және мал шаруашылығын дамыту негізгі мақсаттар болып табылады.

2. Біздің өңірде яғни Оңтүстік Қазақстан облысында жоңышқа және мал

шаруашылығын дамытуда жоңышқа ауыспалы егісін игеруге басты назар аудару қажет, өйткені жоңышқаның ең жақсы алғы дақылы болып саналатын күріш егісі көлемін арттыру, жоңышқа өнімін және топырақ құнарлылығын арттырып, арамшөптерді азайту, егіншілік мәдениетін көтеру сонымен қатар мал азығын көтеруде үлкен роль атқарады.

3. Тұқымдық және жемшөптік жоңышқадан мол өнім алуға оның зиянкес

жәндіктері мен ауруларының зияны айтарлықтай.

4. Өзімнің осы дипломдық тәжірибемді өткізу барысында, тек бидай

дақылының зиянкестері жайлы біліп қана қоймай, олармен күресу жолдарын меңгердім және де әрбір өзіме берілген тапсырманы тыңғылықты орындауды, үлкен жауапкершілікті сезінуді үйрендім. Ең бастысы да осы болды және де 40 градус температурада егіс алқабында ішінде жұмыс істей отырып, шыдамдылыққа, майда жұмыстарға төзімділікпен қарауды ұқтым. Негізгі осы тәжірибеде алған пайдам өз мамандығымның, соның ішінде өзім таңдаған саласының қыр-сырын әрине толық меңгермесемде, сол жерде тыңғылықты жұмыс жасап жүрген аға-әпкелерімізден білмегенізді сұрап жүрдік.