Тақырыбы: Психотропты заттар. Психиканы белсендіретін заттар.

2. Мақсаты:

Түсінектеме және білім алуға мүмкіндік беру:

- Психотропты заттардың әсер ету механизмі және қолдану ерекшеліктері.

- қолданылу және қарсы көрсеткіштері.

- клиникалық жағыдайға байланысты дұрыс таңдай білу

- негізгі препараттарға рецепт жазу

- Психотропты заттармен уланғанды айыра білу және көмек көрсетудің шараларын білу.

3. Оқыту мақсаты:

а) Психотропты заттардың фармакодинамика және фармакокинетика сұрақтарын қарастыру.

- негізгі фармакологиялық әсерін атау.

- осы топқа жататын препараттың әсер ету механизмін ашыңыз.

б) Студенттерді препараттарды қолданылу және қарсы көрсеткіштеріне байланысты дәлелді тағайындауға және рецепттерді сауатты жазуға үйрету.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Психостимуляторлар: химиялық топтастырылуы, мінездеме және психостимуляторлық нәтижесінің механизмі.

2. Психостимуляторлық заттардың салыстырмалы мінездемесі. Психотониктердің жүрек-қан-тамыр жүйесіне, асқорту жүесіне және тыныс алу орталығына әсері.

3. Антидепрессанттар: топтастырылуы, жалпы мінездеме, антидепрессивті әсерінің механизмі.

4. Үшциклді антидепрессанттар: жалпы мінездеме, фармакодинамикасының ерекшіліктері, жанама нәтижелері.

5. МАО ингибиторлары: фармакологиялық мінездеме, әсер ету механизмі, жанама әсерлері, қарсы көрсеткіштері.

6. Аналептиктер: топтастырылуы, ОЖЖ белсендіруші әсерінің механизмі. Аналептиктердің салыстырмалы мінездемесі. Қолданылу көрсеткіштері, жанама нәтижелері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: ауысша сұрастыру, тәжірибелік сабақтың хаттамасы, тестік тапсырмаларды орындау, рецепт жазу, ситуациялық есептерді шығару, кішірек топтарда жұмыс.

6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2006.- 734 с.

2. Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии, М.: Медицинское информационное агентство (МИА), 2004.- 452с.

Қосымша:

1. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-516 с.

2. Майский В.В.. Фармакология с общей рецептурой. Учебное пособие для медицинских училищ. М., 2004.- 256 с.

3. Виноградов В.М., Каткова Е.Б., Мухин Е.А.. Фармакология с рецептурой. Учебник для медицинских и фармацевтических училищ и колледжей. С.- П., 2002. – 863 с.

7. Бақылау: ауызша сұрау, рецептен билеттер, тестік сұрақтармен және ситуациялық есептермен билеттер.

1. Серотонин және норадреналиннің нейрональды қайта ұсталуын таңдамалы емес тежейтін заттарды атаңыз.

2. Серотониннің нейрональды қайта ұсталуын таңдамалы тежейтін заттарды атаңыз .

3. Норадреналиннің нейрональды қайта ұсталуын таңдамалы тежейтін заттарды атаңыз. 4. Таңдамалы емес МАО ингибиторларын атаңыз.

5. Таңдамалы МАО ингибиторларын атаңыз.

6. Имизинді қолданған кезде емдік әсері қашан басталады:

7. Бұл препарат атропинтәрізді әсерлер, гипотензия, аритмия, тахикардия, салмақты жоғарылату сияқты жанама әсерлер шақырады.

8. Глаукома имизинді тағайындауға қарсы көрсеткішіне жатады ма?

9. Үш циклды антидепрессантар тобына жататын айқын психоседативті әсері бар антидепрессивті зат.

10. Кәрі кісілерге арналған үш циклді антидепрессант.

11. Улылығы төмен таңдамалы әсер ететін антидепрессант.

12. Қандай препараттың комбинациясы «серотонинді синдромды» шақырады?

13. Резерпиннің антагонисті болып табылатын антидепрессанттар.

14. МАО және симпатомиметиктерді комбинациялап қолданған кезде байқалатын әсерлер.

15. Қайтымды МАО ингибиторы.

16. Фенаминнің қоздырушы әсерінің механизмі.

17. Сиднокарб МАО ингибиторы деген ұғым дұрыс па?

18. Қандай препараттар токсикалық мөлшерде тырысу шақырады?

19. Аналептиктер ОЖЖ-нің қандай бөлімдерін қоздырады?

20. Жоғары аналептикалық белсенділігі бар препараттар.

21. Метилксантиндердің қай препараты ұйқышылдықты, шаршағыштықты басады?

22. Бұл препараттың жай антипсихотикалық белсенділігі әлсіз антидепрессивті және ынталандырушы әсерге ие:

 

Рецепт жазуға арналған препараттар:

Селегилин, Имизин, Амитриптилин, Ниаламид, Меридил, Сиднокарб, Кофеин, Кофеин бензоат натрий, Бемегрид, Кордиамин.

Топтық қатынас анықтауға арналған препараттар:

Имипрамин, Мелипрамин, Тофранил, Моклобемид, Пиразидол, Фенамин, Пиридрол, Секуринин, Барвинкан гидрохлориді