Сынып Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

Сабақтың тақырыбы Сағат саны
І тарау. Органикалық заттар-көміртек қосылыстары (7 сағат)
Кіріспе. Органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясы
Көмірсутектердегі химиялық байланыстардың электрондық теориясы
Органикалық қосылыстардағы химиялық байланыстар
Органикалық қосылыстарды атаудың негіздері
Гомологтар мен изомерлер
1-практикалық жұмыс.Органикалық заттардың сапалық құрамын анықтау
№1- Бақылау жұмысы.Органикалық заттар –көміртек қосылыстар
ІІ тарау. Көмірсутектер мен олардың табиғи көздері (9-сағат)
Қаныққан көмірсутектер.Алкандар мен циклоалкандар
Қанықпаған көмірсутектер.Алкендер немесе этиленді көмірсутектер
Диен көмірсутектері
Ацетилен көмірсутектері немесе алкиндер
Ароматты көмірсутектер (арендер)
Көмірстутектердің табиғи көздері.Кокстеу өндірісі
Мұнай.Мұнайдың құрамы, қасиеттері және алынатын өнімдері
Қазақстандағы көмірсутекті кен орындары және оларды пайдалану
№2-Бақылау жұмысы
ІІІ тарау. Оттекті органикалық қосылыстар (11 сағат)
Бір атомды қаныққан спирттер жай эфирлер
Көп атомды спирттер
Фенолдар
Альдегидтер мен кетондар
Карбон қышқылдары
Күрделі эфирлер.Майлар
Көмірсулар
Дисахаридтер.Сахароза. Крахмал
Целлюлоза. Ацетатты талшық.Көмірсутектер мен оттекті органикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар
2- Практикалық жұмыс.Органикалық заттарды танып білуге арналған эксперименттік есептерді шешу
№3- Бақылау жұмысы.Оттекті органикалық қосылыстар
ІV тарау. Азотты органикалық қосылыстар ( 7 сағат)
Аминдер
Амин қышқылдары
Құрамында азоты бар гетероциклды қосылыстар. Азотты органикалық өосылыстар жөніндегі білімді бір жүйеге келтіру
Белоктар
Нукелеин қышқылдары
Тірі организмдердің химиялық құрамы. Витаминдер
Жылдық қорытынды сабақ

 

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 3 сәуірдегі

№ 115 бұйрығына

74-қосымша

Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптары үшін «Химия» пәнінен типтік оқу бағдарламасы

Түсінік хат

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Химия» оқу пәнін оқытудың мақсаты әлемнің кешенді жаратылыстану-ғылыми сипаты туралы жалпы түсініктер қалыптастыру, шығармашылық және интеллектуалдық қабілетті, әмбебап коммуникациялық біліктілік пен функционалды сауаттылықты дамыту, денсаулық сақтау мен туған өлкенің табиғатын қорғауға деген экологиялық-гуманистік көзқарасты тәрбиелеу болып табылады.

3. Оқыту міндеттері:

1) химияға жаратылыстану мен жалпы адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде көзқарасын дамыту;

2) қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндермен интеграциялау арқылы оқушының химиялық білімімен зерттеу мәдениетін қалыптастыру;

3) күнделікті өмірде, химиялық лаборатория мен өндірісте, табиғатта болатын химиялық құбылыстарды бақылау және оларды түсіндіруді игеру;

4) қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, заттар мен лабораториялық құралдарды қолданып, қарапайым химиялық тәжірибелерді жасау мен түсіндіру дағдысын жетілдіру;

5) адамзат алдында тұрған проблемаларды шешуде химияның қоғамдық мәні мен гуманистікбағыттылығын дамыту;

6) оқушының химиядан алған білімі мен біліктілігін заттар мен материалдарды тұрмыста, ауылшаруашылығында және өндірісте қауіпсіз пайдалануға, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға керіәсерін тигізетін құбылыстардың алдын алуға қолдану.

2. Химияны жүйелік-іс-әрекеттік тұрғыдан дамыта оқыту кезінде пәндермен байланысы ескерілді.

3. «Билогия» пәнімен:

1) микро, макроэлементтердің (металл және бейметалл) биологиялық маңызы;

2) көмірсу, май, белок, амин қышқылдарының биологиялық және қоректік маңызы;

3) әртүрлі заттарды тұрмыста қолданудың экологиялық қауіпсіздігі.

4. «География» пәнімен:

1) пайдалы қазбалардың, көмір, мұнай және табиғи газдың кен орындары;

2) негізгі металлургиялық, химиялық және өңдеуші өндірістер;

3) минералды ресурстарды тиімді пайдалану.

5. «Алгебра және геометрия» пәнімен:

1) заттың сандық құрамын анықтауда математикалық есептеулерді қолдану;

2) химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулерде формулаларды қолдану;

3) электрондық бұлттың кеңістіктегі құрылысы мен молекулалар геометриясы.

6. «Физика» пәнімен:

1) атомның, ядроның құрамы мен құрылысы, изотоптар, радиактивтілік, ядролық реакциялар;

2) зат құрылысының атом-молекулалық ілімі, зат массаның сақталу заңы;

3) заттардың агрегаттық күйлері, кристалдық торлар.

7. «Информатика» пәнімен:

1) электрондық оқулықтар, әдістемелер, виртуалды лабораториялармен жұмыс істеу;

2) компьютерлік бағдарламаларды қолданып, презентация, жобаларды жасау;

3) Интернеттен қосымша материалдар іздеу.

8. «Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

10-сыныпта оқу жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан;

11-сыныпта оқу жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан

Химия 10 сынып