Иллюстрациялы материалдар. 1 страница

СИЛЛАБУС

Пән, пәннің коды –Токсикологиялық химия, ТН 4205

Мамандығы:051103 – «Фармация»

 

Модуль – «Химик-токсиколог»

 

Оқу үлгісі –күндізгі

 

Курс – 5

Семестр – 9

 

Сағат көлемі –4 кредит (180 сағат)

 

Дәріс– 12 сағат

Тәжірибелік жұмыс –60сағат

 

Окытушының басшылығымен

студенттің өзіндік жұмысы (ОБСӨЖ) –28 сағат

Аудиториядан тыс студенттің өзіндік жұмысы(СӨЖ)-92 сағат

Сынақтың формасы –экзамен

Алматы 2016

1.7 Кафедра (пәнінің) оқытушыларының мәліметі:

Оқытушының аты жөні Қызмет лауазымы Оқу дәрежесі Ғылыми қызығушылықтары мен жетістіктері
Қожамжарова Асель Сейдахметовна   Модуль жетекшісі химия ғылым. канд. Доцент Токсикологиялық талдау және токсикологиялық химия маманы.
Байзолданов Төлеген Байзолданович Профессор фарм. ғылым докторы Профессор Токсикологиялық талдау және токсикологиялық химия маманы.

1.8 Байланыс ақпараттары: Алматы, Төле би көшесі, № 94 INTRO VII Телефон: 338 70 90 (ішкі байланыс 7241)

1.9 Пәннің саясаты:

Студент міндетті:

· Оқу процессінде өзін жеке және творчествалық жағынан көрсете білуі және белсене қатысуы тиіс;

· Аудиториялық сабақтардың барлық түріне қатысуы тиіс (дәрістер,тәжірибелік жұмыстар);

· Әрбір сабаққа дайындалуы тиіс (берілген материалды оқып,оларды орындау керек);

· Қатаң түрде күнтізбелік график бойынша жұмыстарды өз уақытында орындап өткізуі тиіс;

· Белгілі себептермен аудиториялық сабақтарды өткізбей жіберіп алғандығын растайтын құжат болуы тиіс;

· Барлық өткізіп алған сабақтарын, оқытушының айтқан уақытында келіп тапсыруы тиіс;

· Сабаққа кешікпеуі тиіс;

· Сабақ уақытысында алаңдамауы керек;

· Сабақ уақытысында ұялы телефондарын уақытша өшіруі тиіс;

· Оқытушыға және кафедраның көмекші персоналына сыйластық таныта білуі тиіс;

· Мінез – құлық мәдениетін сақтай білуі тиіс.

· Кафедра мүлкіне ұқыптылықпен қарауы тиіс.

Тазалықты және тәртіпті сақтай білуі тиіс

Жұмыс бөлімдерін орындамаған үшін шара қолдану:студент өз міндетін орындамаған үшін тәрбиелік жұмыстар жүргізіледі.

2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Токсикологиялық химия улы заттар мен метаболиттерінің молекулярлы және физиологиялық әсерлерінің механизмін, оларды әртүрлі нысандардан оқшаулау, идентификациялау, сандық мөлшерін анықтау мақсатында қолданылатын химиялық әдістерді және методологиясын оқытатын арнайы фармацевтикалық пәндердің бірі.

Фармацевтикалық ғылымдар кешенінде токсикологиялық химияның белгілі жалпы білімдік және тәрбиелік орны бар, себебі бұл пән болашақ мамандықта ғылыми зрттеулерді жургізуге, белгілі жағдайларда сынаманы дәлді, толыққанды қоюға, алынған нәтижелерді логикалық тұрғыда дұрыс қорытындылауға, сонымен қатар оларды құжаттық рәсімдеуге қажетті дағдыларды қалыптастырады.

Бағдарлама қазіргі кезеңдегі токсикологиялық химияның әртүрлі бағыттарын қамтиды: сот-химиялық, клиникалық, наркологиялық, экологиялық, сонымен қатар осы бағыттардың сұрақтарын токсикологиялық химияның негізгі екі бөлімдері: биохимиялық және аналитикалық токсикология тұрғысынан қарастырады.

Пәннің мақсаты:cтуденттерге әртүрлі нысандардан улы затарды химия-токсикологиялық талдау немесе сараптама жүргізіп алынған нәтижелерді дұрыс қорытындылауды үйрету үшін олардың білімін, тәжірибелік дағдыларын және түсініктерін қалыптастыру.

 

Пәннің міндеттері:

· білім алушыларға қолданыстағы заңдамалар талабына сай сот-химиялық сараптама және өткір уланулар мен наркоманияның аналитикалық диагностикасының негізгі принциптерін, оларды ұйымдастыру, жүргізу тәртібін үйрету;

· білім алушыларға ксенобиотиктер және олардың метаболиттерінің қасиеттерін (физикалық, химиялық), токсикодинамикасы мен токсикокинетикасы туралы білім беру;

· білім алушыларға сот-химиялық саратама және өткір уланулар мен наркоманияның аналитикалық диагностикасында химия-токсикологиялық талдауды немесе сараптама жүргізу методологиясын үйрету;

· білім алушыларға GLP принциптері мен талаптарына сай улы заттарға химия-токсикологиялық талдау немесе сараптама жүргізу үшін қажетті біліктілік пен практикалық дағдыларды қалыптастыру;

Білім берудің қорытынды нәтижелері

Студент білуі керек:

· улы, күшті әсерлі, наркотикалық және мастандырғыш заттар әсерінен болған өткір уланулардың сот-химиялық сараптамасы мен аналитикалық диагностикасын жүргізудегі ұйымдастыру-құқықтық, заңдылық, методологиялық негіздерін;

· улы, күшті әсерлі, наркотикалық және мастандырғыш заттардың қазіргі кезеңдегі номенклатурасын, физикалық-химиялық сипаттамаларын;

· биохимиялық токсикология сұрақтарын (токсикокинетика, токсикодинамика және бөгде қосылыстардың организмдегі биотрансформациясы);

· GLP принциптері негізіндегі жүйелі химиялық-токсикологиялық талдау немесе сараптама методологиясын;

· химиялық-токсикологиялық талдауда немесе сараптамада қолданылатын заманауй биоаналитикалық, физикалық, химиялық және физика-химиялық әдістерді;

· өткір және созылмалы уланулар сот-химиялық сараптамасы мен аналитикалық диагностикасын жүргізудегі талдау ерекшеліктерін, қорытындылау интерпретациясын;

· наркотикалық және мастандырғыш заттарды химия-токсикологиялық талдау немесе сараатама ерекшеліктерін және осы заттарды қабылдау фактiлерін дәлелдеуді;

· әртүрлі топтағы токсиканттармен уланудағы организмді детоксикациялаудың жалпы принциптері мен әдістерін (алгоритмдерін).

 

GLP принциптері мен талаптарына сәйкес студент үйреніп алуы қажет:

· арнайы әдебиетпен жұмыс жасауды, кәсіби-мамандық мәселелерiн шешу үшiн iзденiс жүргiзуді (сот-химиялық сараптама және өткір уланулар мен наркоманияның аналитикалық диагностикасының мәселелерiн шешу үшiн нақтылы қолдану табатын мағлұматтардың негiзгiсiн таба бiлу, олардан шығатын ұғымдар мен қосымша түсiнiктердi ажырата бiлу);

· айғақты заттардың әртүрлі улы заттарға сот-химиялық зерттеулерін биохимиялық және аналитикалық токсикология сұрақтарын жетік біле отырып, биоаналитикалық, физикалық, химиялық және физика-химиялық әдістер комплексін қолдану арқылы жүргізуді;

· өткір уланған науқасқа жедел медициналық көмек көрсеткен жағдайда, химия-токсикологиялық талдау ерекшелігін ескере отырып аналитикалық диагностиканы жүргiзудi;

· наркотикалық, психотропты және басқа улы заттармен улануда адам организмі бологиялық сұйықтарында аналитикалық диагностикасыны жүргізуді;

· улы заттардың биотрансформация процессі мен зерттеулердің аналитикалық әдістерінің мүмкіншілігін байланысты биологиялық объекттерді химия-токсикологиялық талдауда алынған нәтижелерді интерпретациялауды;

· Зертханалық және сараптамалық зерттеулерді жүргiзудi құжаттандыруды, сараптама қорытындысын құрастыруды.

 

GLP принциптері мен талаптарына сәйкес студент дағдыларын меңгеруі тиісті:

· химия-токсикологиялық талдау жүргiзуді, химиялық қосылыстың физика-химиялық қасиетiне және объектiнiң табиғатына байланысты, оны бөлiп алуды және талдау әдiсiн тандап алуды;

· биологиялық объектiлер мен сыртқы орта заттарынан табиғаты органикалық және бейорганикалық әр-түрлi химиялық қосылыстар мен олардың метаболиттерiн оқшаулап бөлiп алуды;

· биологиялық материалдан оқшаулап бөлiнiп алынған улар мен олардың метаболиттерiн iшкi және сырттан енген қоспалардан тазарту және концентрлеуді;

· улы әсерлi заттар мен олардың метаболиттерiн идентификациялау үшiн химиялық, физика-химиялық, биологиялық әдiстердi қолдана бiлуді, бұл әдiстердi тиiмдi бiрiктiру амалдарын таба бiлуді;

· лабораториялық және сараптамалық зерттеулерді жүргiзудi құжаттандыруды (қорытындысын құрастыруды және сот-химиялық зерттеулер актісін жазуды).

Пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері

Пререквизиттер: аналитикалық химия, органикалық химия, биологиялық химия,фармакология.

Постреквизиттер: фармацевтикалық химия, дәрілер технологиясы..

 

2 Пәннің мазмұны*

Несие №1

Пәнге кіріспе. Химия-токсикологиялық талдаудың негізгі бағыттары мен ерекшеліктері. ҚР сот-медициналық сараптаманы жүргізуді ұйымдастыру

Токсикология және токсикологиялық химия. Пән және оның мақсаттары. Ерекшеліктері. Химия-токсикологиялық талдауды қолданудың негізгі бағыттары.

Токсикологиялық химияның қалыптасуы және дамуының негiзгi сатылары. Зерттеу нысандары (айғақты заттар) – адам және жануарлар мәйіт денесінің ішкі ағзалары, биологиялық сүйықтар (қан, зәр, сілекей және т.б.), мә»іт қасынан табылған ас немесе басқа өнімдер қалдықтары , адам бөлінділері, киім, су, ауа және т.б. сыртқы орта нысандары.

ҚР сот-медициналық сараптаманың ұйымдастырылу құрылымы. Сот-химиялық сараптаманың құқықты және әдiстемелiк негiздерi. Сот-химиялық сараптама құжаттары. Қорытындыны бағалау.

Биохимиялық токсикология

Ағзаларда улы заттар таралуының жалпы заңдылықтары. Таралуға әсерін тигізетін факторлар. Таралудың жалпы токсикокинетикалық параметрлері. Фармакокинетикалық үрдістер ағымдарын сипаттайтын математикалық модельдер. Пероральды, ингаляциялы, перкутанды уланулардың токсикокинетикалық ерекшеліктері.

Бөгде қосылыстар биотрансформациясының негізгі жолдары. Бөгде қосылыстар метаболизміне әсерін тигізетін факторлар. Микроорганизмдер, өсімдіктер, жануарлардағы екіншілік метаболизм туралы түсінік. Бөгде қосылыстар және олардың метаболиттерінің экскрециясы. Органикалық улардың ағзалардан шығу жылдамдығы мен сипатына олардың физикалық және химиялық қасиеттерінің әсерi.

Улы әсердің жалпы сипаттамасы. Таңдамалы уыттылық. Уыттылық рецепторлары. Уытты эффекттің қалыптасуы. Зерттеу нысандары. Таңдау. Нысандарды іріктеу және талдауға жіберу ережелері. Оларды транспортттау және сақтау жағдайлары.

Несие №2

Экстракция және сорбция арқылы оқшауланатын заттар тобының химия-токсикологиялық (сот-химиялық) талдауы.
Дәрілік заттар

Дәрілік заттардың физика-химиялық сипаттамалары. Биохимиялық және аналитикалық токсикология сұрақтарын шешуде қолданылуы.

Қазiргi кездегi дәрілік және наркотикалық заттарды ұлпалар, ағзалардан оқшаулаудың (бөлу) әдiстерi (жалпы және арнаулы). Олардың сипаттамалары және салыстырмалы бағалануы. Улы заттардың биологиялық нысаннан бөлінуiнің әсерлігін анықтайтын факторлар. Экстракциялаудың тиімді жағдайларын таңдау. Сулы сығындылар мен экстракттарды тазарту әдістері.

Дәрілік заттар сот-химиялық сараптамасындағы скрининг-талдау негіздері. Улы заттарды анықтауда химиялық және физика-химиялық әдістерді бірге қолдану принциптері. Дәлелдеуші талдау. ЖҚХ-скрининг нәтижелерінің интерпретациясы.

Дәрілік және наркотикалық заттар сот-химиялық сараптамасындағы талдауда қолданылатын қазiргi кезеңдегi әдiстердің жалпы сипаттамасы. Ашу шегі, арнайылығы. Әдістерді кешенді қолдану бағдарламасындағы мәні. Зерттеулердің хроматографиялық әдістері. Спектральды әдістер. в УК- және көру аймағындағы спектрофотометрия. Флуоресценция және фосфоресценция. Масс-спектрометрия. Иммунологиялық талдау әдістері. Гомогенді және гетерогенді иммунды талдау. Дәрілік қосылыстарға химия-токсикологиялық талдау жүргізуде ГХ, ЖЭСХ әдістерін қолдану келещегі.

Несие №3

Дәрілік заттармен өткір уланулардағы аналитикалық диагностика

Клиникалық токсикологияға кіріспе. Пән, мақсаттары мен негізгі бөлімдері. Өткір уланулардың таралымдылығы, сипаты, себептері. Балалар улануларының ерекшеліктері. Этиологиясы химиялық өткір улануларда мамандырылған көмек көрсетуді ұйымдастыру. Уланулар клиникасы. Клиникалық диагностика. Дезинтоксикациялық терапия әдістері. Химия-токсикологиялық талдауға қойылатын талаптар. Сынаманы дайындау. Әдістерді таңдау. Талдау методологиясы. Клиникалық мәліметтерге байланысты талдаудың бағыты. Әдістерді үйлесімді біріктіру принциптері. Бағытталған талдауды жүргізу ерекшеліктері. Скрининг-талдау. Биосұйықтықты талдауда қолданылатын әдістердің қайталану дәлділігі. Сандық талдау. Химия-токсикологиялық талдау құжаттары. Қорытындыны құрастыру.

Несие №4

Наркомания және токсикомания аналитикалық диагностикасы

Наркологияға кіріспе. Наркомания және токсикомания аналитикалық диагностикасы қызметін ұйымдасыру. Химия-токсикологиялық лаборатория жұмысын регламенттейтін негізгі құжаттар. Наркологиялық көмек көрсетудегі химия-токсикологиялық қызметтің міндеттері.

Наркотикалық заттарды зерттеудегі объекттер. Сынама дайындау. Наркотикалық заттардың бөлек топтарын бағытты талдау. Тадау әдістерін таңдау. Тадау әдістерін таңдауда комплексті қадам. Зерттеулердегі алдын-ала сынамалар және дәлелдеуші әдістер. Әдістерді үйлесімді біріктіру. Химия-токсикологиялық тадаудағы жаңа әдістер. Талдаудың иммунды әдістері.

Наркотикалық заттардың скрининг-талдауындағы күрделі мәселелер. Химия-токсикологиялық талдау қорытындыларын интерпретациялау. Қорытындыны рәсімдеу.

 

 

Несие №5

Полярсыз органикалық еріткіштермен экстракциялау арқылы оқшауланатын улы заттар тобының химия-токсикологиялық талдауы. Пестицидтер

Пестицидтер туралы жалпы түсiнiк, олардың мәні, уттылығы, құрылысы және қасиеттері. Пестицидтердің бөлек топтарын (ФОҚ, хлорорганикалық туындылары, карбамин қышқылы туындылары және т.б.) оқшаулау, тазарту, ашу және сандық мөлшерiн анықтау әдістерінің ерекшеліктері.

Алдын-ала сынамалар әдістері. Энзиматиялық әдіс, оның мәні. Бояу реакциялары және оларды ЖҚХ әдісімен үйлестіру. Селективі детекторлы ГХ биологиялық нысандарда пестицидттерді анықтау мақсатында қолдану келешегі.

Пестицидттердің ағзаларада, мәйіт дене мүшелерінде және қоршаған ортада жинақталуы. Құрамында алкилснапты тұздары бар фунгицидті препараттармен уланудағы сот-химиялық сараптамасы (этилмеркурхлорид мысалында). Синтетикалық пиретроидтар.

Диализбен үйлестірілген, сумен экстракциялау арқылы оқшауланатын улы заттар тобының химия-токсикологиялық талдауы

Топтың жалпы сипаттамасы. Уыттылыығы. Зерттеу нысанын таңдау негізі. Зерттеу нысанының рН ортасын анықтау әдістері. Мембраналы сүзгілеу және диализ әдістерін жүргізу.

Осы топтың жеке заттарын оқшаулау, талдау және токсикологиялық мәнінің ерекшеліктері. Көрсетілген қосылыстардың мәйіт дене мүшелерінде жинақталуы. Талдау құжаттары. Қорытындыны құрастыру.

 

Несие №6

Минералдау арқылы оқшауланатын улы заттар тобының химия-токсикологиялық талдауы. «Металдық улар»

Осы топқа кіретін улы заттардың жалпы сипаттамасы. Уыттылығы. Токсикокинетикасы. Минералдаудың қазiргi кезеңдегi ортақ және жеке әдiстерінің сипаттамасы.

Минерализатта металдарды талдау барысында бөлшектеу әдістері. Әдістердің мәні. Ерекшеліктері. Металдық уларды талдауды жүргізудің методологиясы. Талдаудың бөлшектеу әдісіндегі органикалық реагенттер. Жеке иондарға бөлшекті талдау. Сынап ионын ашу және анықтаудағы жеке әдіс.

Метал иондарын бөлетін және анықтайтын қазiргi кезеңдегi әдістер. «Металдық улардың» сандық талдауы. Қорытындыны құрастыру.

 

 

Несие №7

Дистилляциялау арқылы оқшауланатын улы заттар тобының химия-токсикологиялық талдауы. «Ұшқыш улар»

Топқа кіретін улы заттардың жалпы сипаттамасы. Уыттылығы, уланулар таралымдығы. Қазiргi кезеңдегi оқшаулау әдiстерiнің (су буымен дистилляция, қарапайым және азеотропты айдау, дистилляцияның басқа түрлері) сипаттамалары және салыстырмалы бағасы. Биологиялық нысаннан химия-токсикологиялық ерттеуге дистиллятты алу.

«Ұшқыш уларды»талдаудың химиялық әдістері.

Газды хроматография «ұшқыш уларды»бөлу, анықтау және сандық анықтаудағы қазiргi кезеңдегі жоғары эффективтi әдiс. Ішкі нормализация әдісімен сандық талдау.

«Ұшқыш уларға»химиялық және газды хроматографиялық (көпкомпонентті және капиллярлы) әдістерді қолдану арқылы бағытталмаған талдау жүргізу.

Алкогольді мастықты қазiргi кезеңдегі талдауында физика-химиялық әдістерді қолдану арқылы сараптау. Талдау құжаттары. Қорытындыны рәсімдеу.

Несие №8

Арнайы оқшаулау әдістерін талап етпейтін улы заттар тобының химия-токсикологиялық талдауы. Уытты булар және газдар. Көміртек оксиді

Уланулар таралымдығы, себептері. Уыттылығы. Токсикокинетикасы. Улану клиникасы және клиникалық диагностикасы. Дезинтоксикациялық терапия әдістері комплексіндегі гипербариялық оксигенация. Сапалық талдау. Қандағы карбоксигемоглобинді анықтаудағы химиялық экспресс-әдістер.

Қандағы карбоксигемоглобинді зерттеудегі спектроскопиялық әдіс. Әдістің принципі. Зерттеу методикасы. Көміртек оксидін талдаудағы газ-сқйықтық хроматография әдісі. Химия-токсикологиялық талдауындағы сандық мөлшерін анықтау нәтижелерін бағалау. Талдау құжаттары. Қорытындыны рәсімдеу.

3 Оқу және оқыту әдістері

Дәрістер: тақырыптық, шолулық, проблемалық.

Тәжірибелік зертханалық сабақтар:тақырып бойынша бастапқы білім деңгейін бақылау (тест бойынша, ауызша және т. б.), зертханалық жұмысты орындау, химия-токсикологиялық талдау немесе сараптама қорытындысы бойынша құжаттар жазып, оның дұрыстығын қорғау.

Оқытушының басқаруымен студенттердің өзіндік жұмыстары (ОБСӨЖ): өткен зертханалық сабақтардың кейбір тақырыптарын тереңдете оқыту; бағдарламадағы тақырыптарды өзіндік оқуы, рефераттар дайындап оның дұрыстығы жіне құндылық маңызын қорғау, аз топтарда жұмыс істеу, кәсіптік ойындар өткізу, жеке және топтық тапсырмалардың нәтижелерін талқылау, тест тапсырмаларын орындау, ситуациялық есептер шығару, пікір-талас өткізу, мультимедиялық базалармен, компъютерлік модельдер мен бағдарламалармен жұмыс істеу, түсінбеген сұрақтар бойынша оқытушымен кеңесу. Ағымдық бақылау өткізу.

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ):әдебиеттермен жұмыс жасау, компъютерлік бағдарламалар мен электрондық база жүйелерімен жұмыс жасау, рефераттар дайындау және қорғау, дәріс, зертханалық сабақ, ОСӨЖ-де өтпеген типтік бағдарламадағы кейбір тақырыптар бойынша презентация өткізу.

 

4 Білімін бағалау

Ағымдағы бақылау:тестілеу, жазбаша және ауызша сұрау, дәрілік зат талдауының хаттамасын тексеру, рефераттарды қорғау, ситуациялық есептерді шығару, кәсіптік ойындар өткізу.

Аралық бақылау:коллоквиум.

Қорытынды бақылау:Емтихан (ауызша, жазбаша және тестілеу).

 

 

5 Құралдар мен жабдықтар

Құралдар:Приборлар (газды хроматогроф, спектрофотометр СФ, фотоэлектроколориметр, электронды аналитикалық таразылар, потенциометр, рефрактометр, жұқа қабатты хроматографияға арналған құрал, зертханалық иономер, муфель пеші, термостат, кептіру шкафы, мультимедиялы проектор, зертхана-клиникалық центрифуга, микроскоп және т.б.)

Жабдықтар:дәрілік заттарсубстанциялары, дәрілік препараттар, химиялық реактивтер жиынтығы, еріткіштер, зертханалық химиялық ыдыстар, штативтер, оқытатын және қадағалайтын бағдарламалар, кестелер жиынтығы, тесттік тапсырмалар.

Пән сағаттарының үлестірілуі

Сағаттардың жалпы саны Аудиториялық сағаттар СӨЖ
Дәрістер Тәжірибелік сағаттар ОБСӨЖ
180 сағат (4 кредит)
Кредит 1 (45 сағат)
Кредит 2 (45 сағат)
Кредит 3 (45 сағат)
Кредит 4 (45 сағат)

2.7.1. Дәрістің тақырыптық жоспары

№ п/п Тақырыбы Өткізу түрі Сағат саны
Токсикологиялық химияға кіріспе. ҚР токсикологиялық химияның ғылым ретінде даму тарихы. Токсикологиялық химияның негізгі бағыттары. ҚР сот-медицина сараптамасының ұйымдастырылуы, құрылымы, қызметі және міндеттері. Биохимиялық токсикология. Улы заттардың фармакокинетика және фармакодинамика негіздері. Дәрістік шолу
Аналитикалық токсикология. Биологиялық нысандарға ХТТ жүргізуде қолданылатын негізгі аналитикалық әдістер. Дистилляция әдістерімен оқшауланатын заттар тобы. Дистилляттағы «ұшқыш уларға» (аналитикалық скрининг) жалпы бағытталмаған талдау жасаудың методологиясы. «Ұшқыш уларға» ГСХ әдісімен талдау жасау. Дәрістік шолу
«Ұшқыш уларға» химиялық әдістермен талдау жасау. Алкогольды ішімдікпен мастанғанға сараптама. Этил спиртінің токсикокинетикасы. Дәрістік шолу
Биологиялық нысандардан минералдау арқылы оқшауланатын улы заттар тобы. Барий, қорғасын, марганец, хром, күміс, мыс, сурьма, мышьяк, висмут, цинк, кадмий, таллий және сынап қосылыстары. Қоршаған орта экологиясы және ауыр металдар мен мышьяк қосылыстарымен улану таралымдығы. Дәрістік шолу
Биологиялық нысандардан ауыр металдар мен мышьяк қосылыстарын оқшаулау әдістері. «Металдарды» талдаудың бөлшектеу әдісі. Метал иондарын бөлшектеу принциптері және әдісі. Талдаудың бөлшектеу әдісіндегі органикалық реагенттер. Бөлек иондарды бөлшекті талдау. «Металдық уларды» сандық анықтау әдістері. Дәрістік шолу
Атомды-адсорбционды спектроскопия және басқа да физико-химиялық әдістерді қолдана отырып минерализаттан және биологиялық сұйықтықтардан «металдық» уларды анықтаудың әдістері. Дәрістік шолу
Биологиялық нысандардан ауыр металдар мен мышьяк қосылыстарын оқшаулау әдістері. «Металдарды» талдаудың бөлшектеу әдісі. «Металдық уларды» сандық анықтау әдістері. Дәрістік шолу
Минералдау арқылы оқшауланатын улы заттар тобы. Биологиялық нысандардан улы заттарды (бөліну) полярлы еріткіштермен экстракциялау арқылы оқшаулаудың әдістері. Биологиялық нысандарға сипаттама. Жалпы және жеке әдістерге салыстырмалы сипаттама. Теоретикалық негіздері. Тазалаудың тәсілдері және әдістері. Дәрістік шолу
Улы заттарды қышқыл хлороформнан шығару арқылы анықтау мен айқындаудың әдістері. Қышқыл, бейтарап және әлсіз негізді сипаттағы заттар. Дәрістік шолу
Улы заттарды сілтілі хлороформнан шығару арқылы анықтау мен айқындаудың әдістері. Негіз сипатындағы зат. Дәрістік шолу
  Барлығы  

2.7.2. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары