Кредиттер бойынша ішінара кепілдеме беру

Бизнестің жол картасы 2020» бұл - бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы

«Бизнестің жол картасы 2020» Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі жалпыұлттық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2030» Стратегиясы» және «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауларының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.

Бағдарламаның негізгі мақсаты өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс істеп тұрғандарды қолдау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру

Бағдарлама келесі механизмдер арқылы іске асырылада:

Кредиттік мөлшерлемесін субсидиялауды

Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер. Субсидированияға жаңа кредиттер немесе қаржылық лизинг шарттары; Жоба аймақтық үйлестіру кеңесінде шығарылғанға дейін 12 ай ішінде кредиттер немесе қаржылық лизинг шарттары; 4 жыл ішінде берілген кредиттерді қайта қаржыландыру үшін берілген кредиттер;

• Субсидия мөлшері кредит немесе қаржы лизингінің шарты бойынша сыйақы ставкасынан 10% құрайды.

• Қаржылық лизинг немесе несие бойынша мөлшерлеме - 19%

• Кредиттің ең көп мөлшері - 750 млн. теңгеге дейін бір кәсіпкер үшін

• Кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі үш жыл кейіннен алты жылға ұзарту мүмкіндігімен дейін.

• 180 млн. теңге сомасынан астам кредиттер бойынша, сомадан 10% көлемінде өзінің қатысуы талап етіледі (ақшаны, жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкімен бірге).

Кредиттер бойынша ішінара кепілдеме беру

Ісін енді бастаған кәсіпкер үшін (жас) кәсіпкер:

1) кепілдік беру арқылы жүзеге асырылатын, жоба аясында кредит сомасы 20 млн. теңгеден асырылмайды. Бұл ретте кредит сомасы ісін жаңа бастаған бір кәсіпкер үшін есептеледі;

2) кепілдік мөлшері кредит сомасынан 85% (бұрын 70%) жоғары болуы мүмкін емес;

3) ұсынылатын кепілдік мерзімі бес жылдан аспауы тиіс. 20 млн. теңге дейін кредиттер бойынша , 100 %, айналым қаражатын толықтыруға қаражатын бағытталған кепілдік мерзімі үш жыл.

Қолданыстағы кәсіпкер үшін:

1) кепілдік беру арқылы жүзеге асырылатын кредит сомасы 180 млн. теңгеден асырылмайды. Бұл ретте кредит сомасы бір кәсіпкер үшін есептеледі;

2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 50% жоғары болмайды;

3) ұсынылатын кепілдік мерзімі бес жылдан аспауы тиіс. Кредиттер бойынша кепілдік мерзімі 60 млн. теңгеге дейін несиелер бойынша, 100 % айналым қаражатын толықтыруға бағытталған үш жыл құрайды.

3. Мемлекеттік гранттарды ұсыну

Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.

Мемлекеттік гранттар моноқалалардың шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салалық шектеулерсіз беріледі.

Бір кәсіпкер үшін ең жоғары грант сомасы үш миллион теңгеден аспайды. Грант нысанында қолдау шараларын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

4. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру

Микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда қызметін жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кейіннен кредит беру үшін МУҰ-ға беріледі.

Микрокредиттер жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту және айналым капиталын толықтыру үшін салалық шектеулерсіз беріледі.

Микрокредит тұтынушылық мақсаттарға, алдыңғы кредиттерді өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеуге берілмейді.

Микрокредиттің ең көп сомасы бір қарыз алушыға он миллион теңгеден аспайды. Соңғы қарыз алушы үшін микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 12%-дан аспауға тиіс. Кредит беру мерзімі - 5 жылдан аспайды;

5. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту

Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жекелеген жобалар үшін дара, индустриялық аймақтар құру шеңберінде де жаңа өндірістерді құруға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған шағын және орта кәсіпкерліктің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуді білдіреді.

Бөлінген қаражат мынадай инфрақұрылымды: су бұруды, сумен жабдықтауды (сумен жабдықтау үшін ұңғыманы бұрғылау), газдандыруды, су таратқыштарды, бу құбырларын, жылумен жабдықтауды, өнеркәсіптік алаңдарға арналған қазандықтарды, су құбырларын, теміржол тұйықтарын, теміржол кірме жолдарын, телефондандыруды, кіші электр станцияларын, электр тарату желілерін, септиктерді, бу-газ қондырғыларын, баламалы энергия көздерін салуға және реконструкциялауға жіберіледі.