Жұмыстың жалпы ережесі

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛIГI Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТIК

ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТI

 

МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ИНСТИТУТЫ

 

«Химия және химиялық технология» кафедрасы

 

 

«Химия» пәні бойынша

5В0708 «Мұнай-газ ісі», 5В 0724 – Технологиялық машиналар және құрылғылар» мамандықтары студенттерінің зертханалық сабақтарына арналған

оқу-әдістемелік нұсқау

(күндізгі бөлім студенттеріне арналған)

 

 

 

Ақтау, 2012 ж.


Құрастырушылар: аға оқытушы Баймукашева Ш.Х.«Химия» пәні бойынша 5В0708 «Мұнай-газ ісі», 5В 0724 – Технологиялық машиналар және құрылғылар»

мамандықтарының студенттерінің практикалық лабораториялық сабақтарына арналған

оқу-әдістемелік нұсқау

 

– Ақтау: КМТжИУ, 2012ж.

 

«Химия және химиялық технология» кафедрасының отырысында бекітілген.

 

«____»____________2012ж. Хаттама № ___

 

Кафедра меңгерушісі Науырызова Б.Ж.

 

 

«Мұнай және газ» институтының әдістемелік кеңесінде келісілді.

 

«____»____________2012ж. Хаттама № ___

 

Төрайымы Жолбасарова А.Т.

 

© Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті


Зертханалық жұмыс №1

Химиялық зертханада жұмыс жасаудың техникалық қауіпсіздік

НҰСҚАУЛЫҒЫ

Химиялық зертханада жұмыс жасаған кезде өте байқаусыз абайсыздық пен аңдаусыздық ауыр зардапты жағдайларға алып келуі мүмкін. Олақ жұмыстың, қауіпсіздік шараларын және бекітілген жұмыс ережелерін сақтамаудан немесе жұмыста қолданылатын химиялық заттардың қасиеттерін жеткіліксіз білу нәтижесінде көптеген ауыр жағдайларға ұшырайды. Реакцияның барлық жағдайларын, оларды орындау техникасы мен процесті қадағалау әдістерін толық ойлап, білмей ешқашан жұмысқа кірісуге болмайды. Уытты, жарылғыш қауіпті, күйдіргіш және тез тұтанғыш заттармен жұмыс жасағанда ерекше абайлау қажет.

Егер студенттер әрбір орындалатын жұмысты жүргізудің қауіпсіз ережесін сақтап, жұмыс процесінде туындайтын қауіпті жағдайларды жақсы білсе, химиялық зертханадағы жұмыс қауіпсіздігі қамтылады.

Жұмыстың жалпы ережесі

Барлық жұмыста максимал сақтықта болу керек, ұқыпсыздық, абайсыздық, жұмыс жасалатын құралдар мен аппараттар және заттардың қасиеттерін білмеу нәтижесінде ауыр зардапты жағдайларға алып келуі мүмкін екендігін естен шығармау қажет.

Тапсырма бойынша жұмыс жасағанда, басқа жұмыстарға және әңгімеге алаңдамай, түсіндірілген және талап етілген жұмысты орындау қажет.

Химиялық реакцияларды әдістемелік нұсқауда көрсетілген мөлшерде, концентрацияда, ыдыста және құралда, сонымен бірге жағдайда жүргізу қажет.

Сабақ алдында әдістемелік нұсқаулар жазылған тақырыппен танысу керек.

Тәжірибе жасаған кезде түсінбейтін сұрақтарды оқытушыдан сұрап алып, содан кейін жұмысқа кірісесіз.

Барлық қауіпсіздік шараларын сақтау керек.

Жұмыс орны реттеулі және таза болуы тиіс. Жұмысты бітіріп кетер алдында жұмыс орнын ретке келтіріп, химиялық ыдыстарды жуып, суды өшіріп, электр қыздырғыш приборларын өшіру керек.

Жұмыс жасаған кезде әдістемелік нұсқау немесе оқулық, дәптерлерді судың тиюінен сақтау керек.

Шыны ыдыстарды, реактивтерді кітаптың немесе дәптердің үстіне қоюға тиым салынады.

Тәжірибе алдында тақырыпқа байланысты теориялық материалдармен танысу керек.

Реактивтерді пайдаланған кезде олардың сыртындағы атауына назар аударған жөн.

Шыны ыдыстағы ерітінділер жабық түрде болуы тиіс. Олардың тығынын алмастырып алуға болмайды.

Жалпы қолдағы реактивтерді жұмыс орнынан алып кетуге болмайды.

Құрғақ реактивтерді арнаулы шпательмен немесе қасықпен алып құрғақ пробиркаға салады.

Артық мөлшерде алынған реактивтерді өз ыдысына қайта құюға болмайды.

Концентрлі қышқылдар мен негіздерді, күміс, сынап, бром және йод қосылыстарын сорғыш шкафтарда сақтайды.

Зиянды қосылыстарды сорғыш шкафтарда сақтайды.

Улы заттармен, қышқылдармен жұмысты сорғыш шкафтардың ішінде өткізу қажет.

Жеңіл жанғыш заттарды от көзінен алыс жерде сақтау керек.

Пробирканы қыздырған кезде оны пробирка ұстағышпен ұстап, пробирканың аузын өзіңнен және көршілеріңнен басқа бағытқа бағыттау керек.

Улы заттарды иіскеуге болмайды. Химиялық заттардың иісін білу үшін пробирканы белгілі бір жерде ұстап, газды немесе уды қолмен желкіп, өзіңізге бағыттайсыз. Бұл кезде тынысты толық алуға болмайды.

Сұйықты қыздырған кезде оның үстіне еңкеюге болмайды.

Лабораториядағы заттардың ¾ бөлігі улы заттарға жатады.

Концентрлі қышқылдарды (әсіресе күкірт қышқылын) еріткен кезде судың үстіне қышқылды бөлшектеп тамызып ерітеміз. Бұл әдісті керісінше істеуге болмайды.

Лабораторияда тамақ жеуге болмайды.

Су ағызатын раковинаға шыны қалдықтарын, қағаз және металл қалдықтарын тастауға болмайды. Барлық қалдықтарды арнаулы ыдысқа салу керек.