Радиоизотопты аспаптарға арналған сәулелену көзіне қойылатын санитариялық-техникалық талаптар

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының сәулелену көзін дайындауы Қазақстан Республикасы халқының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік уәкілетті органымен келісілген техникалық шарттар бойынша жүргізілуі тиіс. РИА-ға сәулелену көзі үшін радионуклидті таңдау кезінде мынаны:

- осы радионуклидті пайдаланудың технологиялық қажеттілігін негіздеуге;

- уыттылығы ең аз нуклидті таңдау арқылы радионуклидтің уыттылығына;

- иондаушы сәулеленудің ең аз өткізетін қабілеттілігі бар нуклидті таңдай отырып, сәуле энергиясына назар аудару керек.

Сериялық РИА-та қолдану үшін дайындалған көздердің үлгілері иондаушы сәулеленудің жабық радионуклидтік көздеріне қойылатын жалпы техникалық талапты анықтайтын қолданыстағы МемСТ-қа сәйкес сынақтарға салынуы тиіс.

Әрбір көзге оның типін және нөмірін, шығарылу күнін, көлемін, нуклидтің белсенділігін, тағайындалуын және басқа параметрлерін көрсететін техникалық паспорт рәсімделеді. Онда оларды белгілі мерзім ішінде пайдаланғанда көздердің радиациялық тұтастығы, герметикалығы және тазалығы сақталатын кезде температураның рұқсат етілген шегі және орта қысымы, механикалық әсері көрсетіледі. Оларды пайдалануға ұсынылған талаптарға жауап бермейтін жағдайда көздерді қолдануға рұқсат етілмейді.

 

Радиоизотопты аспаптарға арналған құжаттамаға қойылатын талаптар

1. РИА-ға арналған техникалық құжаттамада міндетті түрде мына бөлімдерді қамтуы тиіс:

1) техникалық талаптар;

2) қабылдау ережелері;

3) пайдалану мерзімін ұзартқанда бақылау және сынау әдістері;

4) тасымалдау және сақтау;

5) пайдалануға кепілдіктер;

6) пайдалану жөніндегі нұсқаулар.

2. «Техникалық талаптар» бөлімінде РИА қолдануы саласы және олардың техникалық сипаттамасы көрсетілуі тиіс:

1) РИА жататын тобы;

2) Сәуле көзінің типі және белсенділігі, дайындалуы бойынша техникалық жағдайлары нөмірлері;

3) РИА пайдалану шарттары және сәуле көзі;

4) Сәуле көзі орналасқан блок бетінің және одан 1м қашықтықтағы сәулелену дозасының қуаты;

5) Сәуле көзі бетінің «алынатын» радиоактивті заттармен ластануының деңгейі ( сүртінді алу әдісі арқылы);

6) Бұзылуға арналған жұмыс көлемінің саны;

7) РИА жұмысы мерзімі;

8) Жинақтылығы, таңбалануы және орамы;

«Қабылдау ережесі» бөлімінде мыналар көрсетіледі:

1) Сынақтардың көлемі және ұсынылатын реттілігі;

2) Сынақты кім жүргізеді;

3) РИА параметрлері сынаққа дейін және одан кейін;

4) Сынақ кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу аппаратурасы;

5) Сынақтардың бағдарламасы және кезеңділігі;

6) Сәуле көзі бетінен 1 м қашықтықтағы сәулелену дозасының қуаты;

7) РИА сыртқы беттерінің (немесе сәуле көзі блогының) радиоактивті заттармен ластануы.

3. «Тасымалдау және сақтау» бөлімінде көлік түрі, радиациялық орамдардың көліктік санаты, РИА-дан адамдардың тұратын орнына және кино-фото пленкалар және т.б.дейінгі арақашықтық, сақтау шарттары.

4. «Қауіпсіздік талаптары» бөлімінде РИА пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нақты іс-шаралар көрсетілуі қажет.

5. РИА техникалық құжаттамасында жоғарыда жазылған талаптармен қатар сәуле көздерінің сызбалары, әртүрлі әсерлерге сәуле көзін тексеру жағдайлары мен сынақ нәтижелері келтірілуі тиіс. Сондай-ақ онда сәуле көздері блогының сызбалары және көздің бекітілуінің нақты сипаттамасы, оның экрандалуы және аспаптың жұмыс және жұмыс істемеу қалпына ауыстыру тәсілі көрсетілуі тиіс.

6. Құқықтың немесе нормативтік құжаттарға сілтеме жасағанда техникалық құжаттаманың берілген бөліміне тікелей қатысты болатын нақты бөлімдерін, тармақтарын, параграфтарын көрсету қажет.

7. РИА пайдалану жөніндегі нұсқаулықта тасымалдау, сақтау, орнату, профилактикалық жөндеу, пайдалану және РИА-ны (сәуле көзі блогын) кәдеге жарату кезінде, сондай-ақ апаттық жағдайлар туындау кезінде радиациялық қауіпсіздікті (оның ішінде сәуле көзінің бүтіндігін және сақталуын қамтамасыз ету бойынша) қамтамасыз ету жөніндегі шараларды нақты сипаттау қажет.

8. РИА-ны пайдалану жөніндегі нұсқаулықта РИА-ның апаттық бұзылуы кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар болуы тиіс. Бұл ретте РИА-ны (сәуле көзін) жұмыс жағдайынан жұмыс істемеу жағдайына ауыстырудың мүмкін болмауы, түсіп қалуы, сәуле көзінің механикалық бұзылуы, өрт сияқты жағдайларды қарау керек.

 

 

_________________________


«Радиациялық қауіпсіздікті

қамтамасыз етуге қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық

талаптар» санитариялық қағидаларына

12-қосымша

 

 

Металдарды шектеусіз пайдалану үшін негізгі ұзақ мерзімдік

радионуклидтердің рұқсат етілген меншікті белсенділігі

 

Радионуклидтер Жартылай ыдырау кезеңі Жеке радионуклидтің рұқсат етілген меншікті белсенділігі ДК, кБк/кг
54Мп 312 тәулік 1,0
60Со 5,3 жыл 0,3
65Zn 244 тәулік 1,0
94Nb 2,0 x 104 жыл 0,4
106Ru + 106mRh 368 тәулік 4,0
110mAg 250 тәулік 0,3
125Sb + 125mTe 2,8 жыл 1,6
134Cs 2,1 жыл 0,5
137Cs + 137mBa 30,2 жыл 1,0
152Eu 13,3 жыл 0,5
154Eu 8,8 жыл 0,5
90Sr + 90Y 29,1 жыл 10,0
226Ra 11,6 х 103 жыл 0,4
232Th 1 х 1010 жыл 0,3

 

1. Металда радионуклидтер қоспасы бар болғанда Qі жекелеген радионуклидтердің меншікті белсенділіктерінің мәндері ЕQі/ДКі < 1 арақатынасын қанағаттандыруы тиіс.

 

_________________________


 

«Радиациялық қауiпсiздiктi

қамтамасыз етуге қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық

талаптар» санитариялық қағидаларына

13-қосымша

 

 

Жыл бойынша техногенді иондаушы сәулелену көздерін қалыпты пайдалану жағдайларында персонал ішіндегі адамдардың сәулелену дозалары туралы мәліметтер

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің

_______________ облысы, Астана, Алматы қалалары бойынша, көліктегі департаментіне ұсыну үшін техногенді ИСК-мен жұмыс жасайтын және «А» тобының персоналы бар ұйымдар тапсырады

 

ДОЗ нысан

20___ жылғы ______ жартыжылдық есебі

Есеп беретін ұйымның атауы _________________________________

Пошталық мекен-жайы ______________________________________

Қызмет түрі ________________________________________________

Саласы ____________________________________________________

Кәсіпорын орналасқан аумақ/елді мекен________________________

 

Радиациялық қауіпсіздікке

(бақылауға) жауапты адам

___________________________

(лауазымы)

___________________________

(Т.А.Ә.)

___________________________

(қолы)

20__ жылғы“____”______________

 

1-ДОЗ нысан

 

Жыл бойынша техногенді иондаушы сәулелену көздерін қалыпты пайдалану жағдайларында персонал ішіндегі адамдардың сәулелену дозалары туралы мәліметтер

 

 

Есеп беретін ұйымның коды________________________________________

Есеп беретін ұйым қызметі түрінің коды _____________________________

Есеп беретін ұйым өзінің қызметін жүзеге асыратын аумақтың

коды _________________

 

 

Т.А.Ә. Жеке куәлік № Туған күні жынысы (Е/Ә) Қызметкер мәртебесінің коды ИСК түрінің коды Сәулелену туралы мәліметтер
Тиімді доза, мЗв Эквивалентті доза, мЗв.
Сыртқы сәулеленуден Ішкі сәлеленуден ағзаның немесе тіннің коды дозасы

 

 

«Радиациялық апат немесе жоспарланған көтеріңкі сәулеленуден персонал арасындағы адамдардың, сондай-ақ апаттық сәулеленуге душар болған халық арасындағы адамдардың сәулелену дозалары туралы мәліметтер»

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің

_______________ облысы, Астана, Алматы қалалары бойынша, көліктегі департаментіне ұсыну үшін техногенді ИСК жұмыс жасайтын және «А» тобының персоналы бар ұйымдар тапсырады

ДОЗ нысан

20___ жылдың ______ жартыжылдығы бойынша есеП

 

Есеп беретін ұйымның атауы __________________________________

Пошталық мекен-жайы _______________________________________

Қызмет түрі ________________________________________________

Саласы _____________________________________________________

Кәсіпорын орналасқан аумақ/елді мекен_________________________

 

 

Радиациялық қауіпсіздікке

(бақылауға) жауапты адам

___________________________

(лауазымы)

___________________________

(Т.А.Ә.)

___________________________

(қолы)

20__ жылғы “____”______________

 

2-ДОЗ нысан

 

«Радиациялық апат немесе жоспарланған көтеріңкі сәулеленуден персонал арасындағы адамдардың, сондай-ақ апаттық сәулеленуге ұшыраған халық арасындағы адамдардың сәулелену дозалары туралы мәліметтер»

 

Есеп беретін ұйымның атауы ___________________________________

Есеп беретін ұйым қызметі түрінің коды__________________________

Есеп беретін ұйым өзінің қызметін жүзеге асыратын

аумақтың коды _________________________

 

Т.А.Ә. Жеке куәлік № Туған күні жынысы (Е/Ә) Қызметкер мәртебесінің коды ИСК түрінің коды Сәулелену туралы мәліметтер жоспарланған жоғары сәулеленуге екі рет душар болған коды
Тиімді доза, мЗв Эквивалентті доза, мЗв.
Сыртқы сәулеленуден Ішкі сәлеленуден ағзаның немесе тіннің коды дозасы

 



php"; ?>