Олардың құрамы және жіктелуі

ИП №6 от 14 июня 2007 г.

 

 

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

 

Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы

 

 

ДӘРІС

 

 

Тақырыбы: Ерітінділер теориясы.

Пән: Химия

Мамандық: 5В130100 «Жалпы медицина»

Курс: 1

Уақыт (ұзақтығы): 50 минут

 

 

Қарағанды 2014

Кафедраның жиналысында бекітілген

Хаттама

 

Курсқа жауапты Власова Л.М.

Тақырыбы: Ерітінділер теориясы.

Мақсаты: Студенттерге. ерітінділердің жіктелуі, заттар ерігіштігіне әртүрлі факторлардың әсері. Ерітінділердің коллигативтік қасиеттері. Студенттердің буферлі жүйелердің ағзадағы маңызы мен олардың әсер ету механизмімен таныстыру.

Дәрістің жоспары:

1. Ерітінділердің негізгі түсініктері, құрамын бейнелеу әдістері.

2. .Ерітінділер туралы ілім.

4. Буферлі ерітінділер, құрамы. және жіктелуі

5. Буферлі ерітінділердің әсер ету механизмі.

6. Буферлік жүйелердің рН-ын есептеу формулалары

7. Организмнің буферлік жүйелері.

8. Буферлік сыйымдылық

 

Дәріс тезисі:

 

Ерітінділер туралы түсінік. Олардың жіктелуі.

Құрамы тұрақсыз, біртекті жүйе жүйе ерітінді деп аталады. Кез келген сұйық ерітінді еритін заттан, еріткіштен және солардың әрекеттесуі нәтижесінде пайда болған бөлшектерден тұрады.

Агрегаттық күйіне байланысты ерітінділер: сұйық, қатты және газ тәріздес болып жіктеледі. Сұйық ерітінділерге теңіздер мен мұхиттардың суларын (тіпті құбыр суын), көптеген техникалық ерітінділерді, дәрілік заттар, мұнайдың әртүрлі фракциялары жатады. Қатты ерітінділердің мысалы ретінде металдардың құймасын, табиғи минералдарды қарастыруға болады.

Газ тәріздес ерітінділерге ауаны, карбогенді (медицинада қолданылатын СО2 және О2 қоспасы) жатқызуға болады.

Егер ерітінді екі сұйықтан түзілсе, олардың мөлшері артығы еріткіштің ролін атқарады. Егер ерітінді сұйықта еріген қатты зат пен газдан пайда болса, агрегаттық күйі өзгермейтін компонент еріткіш болады.

Еріген зат және еріткіш деген түсініктер қатты ерітінділер мен газ қоспаларына қолданылмайды.

Еріген зат бөлшектерінің мөлшеріне байланысты ертінділер нақты (бөлшектердің мөлшері <1ммк) және коллойдтық (бөлшектердің мөлшері 1-100 ммк) болып бөлінеді. Егер бөлшнетедің мөлшері 100ммк-нан үлкен болса суспензиялар мен эмульсиялар пайда болады.

Нақты ерітінділер иондық (электролиттердің ертінділері) және молекулалық (электролитеместердің ерітінділері) болып жіктеледі.

Барлық нақты ерітінділер гомогенді болып келеді, олардағы еріген зат пен ерткіштің арасында бөліну беткейі болмайды.

Коллойдтық ертінділер гетерогенді, еріген зат (дисперстік фаза) пен ерткіштің (дисперсиялық орта) арасында фазалық бөліну беткейі болады.

1мк = 10 см 1ммк = 10 см

 

 

ЖМҚ (жоғары молекулалық қосылыстар), белоктар, полисахаридтердің ерітінділері нақты ертінділердің де, коллойдтық ертінділердің де қасиетін көрсетеді.

Дәрігерлер үшін маңызды болып сұйық ертінділер есептеледі, себебі қан плазмасы, лимфа, несеп және белоктар, липидтер, көмірсулар, тұздардың күрделі қоспасы болып табылатын биологиялық сұйықтар осындай ерітінділерге жатады.

Ертінділердің маңызды сипаттамасына концентрация жатады. Ертіндінің немесе еріткіштің белгілі бір мөлшеріндегі еріген заттың нақты мөлшері концентрация деп аталады.

Концентрацияны бейнелеудің бірнеше нақты түрі бар.

1. Массалық үлес, W; % - 100г ерітіндідегі еріген заттың массасын көрсетеді:

 

2. Мольдік концентрация, См, моль/л – 1л ертіндідегі еріген заттың мөлшерін көрсетеді:

 

3. Эквиваленттің мольдік концентрациясы немесе нормальді концентрация, Сн, моль/л – 1л ертіндідегі еріген заттың эквивалент мөлшерін көрсетеді:

 

4. Молальдық концентрация, См, моль/кг - ерткіштегі еріген заттың мөлшерін көрсетеді:

 

Буферлік жүйелер мен ерітінділер туралы түсініктер,

олардың құрамы және жіктелуі

Сұйылтқанда немесе қышқыл не сілті қосқанда рН-ы өзгермейтін ерітінділер буферлік жүйелер деп аталады. Буферлік жүйенің құрамында протонның доноры және протонның акцепторы болады. Құрамына байланысты буферлік жүйелер қышқылдық, негіздік және амфолиттік болып бөлінеді.

Қышқылдық буферлік жүйе донор болып есептелетін әлсіз қышқылдан және акцепторлардын рөлін атқаратын анионы бар осы қышқылдың тұзынан тұрады. Мысалы, ацетатты, бикорбанатты буферлік жүйелер.

ацетатты :

CH3COOH - протонның доноры

CH3COONa CH3COO - протонның акцепторы

бикарбонатты :

Н2СО3 - протонның доноры

NaHCO3 HCO3 - протонның акцепторы

Негіздік буферлік жүйе әлсіз негізден (акцептор) және осы негіздің катионы (донор) бар тұздан тұрады. Мысалы:

NH4OH - протонның акцепторы

NH4CI NH4+ - протонның доноры

Амфолиттік буферлік жүйе әр донордың, әрі акцептордың рөлін атқаратын амфотерлік қосылыстан тұрады. Мысалы,белок буферлік жүйесі:

 

СООН COO- -протонның акцепторы

R - CH R - CH

NH2 NH3+ -протонның доноры