РҒАҚШЫЛЫҚҚА ТӨЗІМДІ ӨСІМДІКТЕР

 

Ауыл шаруашылығы құрғақшылықтан зиян шегеді. Сондықтан құрғақшылықты зерттеу — ең басты проблемалардың бірі. Құрғақшылықтың екі түрі болады. Біріншісі — ауа құрғақшылығы, ал екіншісі — топырақ құрғақшылығы. Әдетте ауа құрғақшылығы топырақ құрғақшылығына айналып отырады. Ауа құрғақшылығы ауада аптап ыстық желдід соғуы салдарынан пайда болады. Оның әсерінен ауа торланған сияқты көрінеді. Өйткені, жел топырақтың кішкентай бөлшектерін ауаға ұшырып алып кетеді. Ауада олар қатты қызады да өсімдік жапырақтарына түседі, оларды күйдіріп жібереді.

Құрғақшылық жаз айларының әр мезгілінде болады. Қуаңшылық болған айларда өсімдік суды қарқынды буландырады. Сондықтан топырақтағы судың қоры өсімдіктерді қамтамасыз етуге жетіспейді.

Құрғақшылықтың себептері. Құрғақшылық көбінесе Европаның Орталық, оңтүстік және басқа аудандарында, Қазақстанда, Орта Азияда, Батыс Сібірде жиі-жиі кездесіп тұрады. Мұның себебі неде? Күн сәулесі ауаны біркелкі қыздырмайды. Сондықтан ауа үнемі қозғалыста болады, жылы ауа мен салқын ауаның соқтығысқан жерінде өте қатты дауыл пайда болады. Мүндай желді циклон деп атайды. Бұған қарама-қарсы толқындарды антициклон дейді. Циклон ете үлкен территорияны -1000— 1500 км аумақты қамтиды. Циклонда ауа қысымы салқындап буға, бу біртіндеп суға өзгереді. Міне сондықтан циклон жүрген жерлерде жауын-шашын мол жауады.

Совет Одағының Европа бөлігіндегі аудандарда болатын –құрғақшылық актициклондарға байланысты. Антициклон алып келген құрғақшылық ұзақ уақытқа созылмайды. Өте қауіпті құрғақшылықты терістік теңіздерден келген антициклон жасайды. Ол Арктиканың әрі суық, әрі құрғақ ауасын алып келеді де ыстық аудандарда қызады. Сөйтіп құрғақшылық туады. 1946 жылы болған құрғақшылықтың өзі қауіпті және өте ұзаққа созылды. Сондықтан біздің еліміздің ауыл шаруашылығы үлкен зардап шекті. Ол қуаңшылық 60—70 күнге созылды.

Құрғақшылық жөнінде К. А. Тимирязев еңбектері. Өсімдіктің құрғақшылыққа төзімді-төзімсіздігі олардағы судың көлеміне байланысты. Егер өсімдік организмінде бос су мол болып, ондай өсімдік құрғақшылыққа төзімсіз келеді. Өсімдік өзінің тіршілік ету дәуірінде суды өте көп буландырады. Өзі сіңірген судың барлығын өзі пайдаланбайды. Мысалы, 16 кг астық дәнін алу үшін, өсімдік өзінен 100 кг суды буландырады. Бір жазда 1 га арпа 192 мм су шығындайды. Ал жауын-шашынның мөлшері 132 мм болса, онда өсімдік қалай өседі? Су жетіспегендіктен ол өспей қалады. Қ. А. Тимирязев, өсімдіктің суды буландырудағы физиологиялық ерекшеліктерге ерекше назар аударды. Суды өсімдіктің ыстыққа төзімділігі оның суды буландыруарқынына байланысты екенін тәжірибе арқылы дәлелдеп берді.

К. А. Тимирязев өсімдіктің су буландыруы зиянды құбылыс болғанымен физиологиялық қажеттігін баса көрсетті. Өсімдік организмі суды буландырмауға өте бейім келеді. Мысалы, жапырақтын, бетінде қалың кутикула қабатының болуы, жапырақтар түсінің ақшыл болуы суды аз буландыруға және күн сәулесінің өсімдікке кеп әсер етпеуіне мүмкіндік жасайды. Өсімдіктің жапырақтарында мыңдаған-миллиондаған түктер болады. Кейбір өсімдіктің жапырақтары тікенекке айналып кеткен. Ал кейбір өсімдік жазда, топырақта су қоры азайғанда жапырақтарын тастайды.

К.А.Тимирязев өсімдіктердің құрғақшылыққа бейімделуі миллиондаған жылдар бойы эволюциялық даму барысында табиғи жолмен жүзеге асқанын олардың автоматты түрде қүрғақшылықтан қорғана алатынын, әсіресе күрделі гүлді өсімдіктерде бұл құбылыстың жақсы қалыптасқанын тәжірибе жасау арқылы дәлелдеп берді.

Өсімдіктерге құрғақшылықтың әсері. Құрғақшылық өсімдікке әртүрлі және күрделі әсер етеді. Қүрғақшылық әсерінен өсімдіктердін, температурасы күрт көтеріліп, тканьдерінде су мөлшері азаяды. Мұндай құбылысты Қазақстанның шөл далаларында өсетін өсімдіктерден байқауға болады. Өсімдіктердің, құрғақшылықтан кенет апатқа ұшырауын «ыстық ұру» деп атайды.

Өсімдіктер қүрғақшылық әсерінен тіршілігін жояды. В. Ф. Альтергот (1932) бұл құбылыстың мәнін қарастырып, жоғары температурада өсімдіктегі белоктар ыдырап, аммиактың өте кеп бөлініп шығатынын анықтады. Аммиак өте улы зат, өсімдіктер соныи салдарынан уланып, тіршілік ете алмайтын болады. Жүргізген зерттеу жұмыстарының қорытындыларына қарағанда, құрғақшылық салдарынан өсімдік организміндегі бүкіл зат алмасу процесі бұзылып, әсіресе цитоплазманың құрылымы өзгеріске ұшырайтыны байқалады. Липоид пен белоктар ыдырап, липоидтар жиналады. Пластидтердің химиялық құрамы өзгереді. Тынысалу процесі жоғарылап, құралған органикалық заттардың қоры таусылады. Өсімдіктерден энергия көп бөлінеді. Ол энергия заттардың байланысын бұзура жұмсалады. Міне осындай жайсыз құбылыстар салдарынан өсімдік апатқа ұшырайды.

Ал, кейбір ғалымдар, құрғақшылық кезінде белоктың коллоидтары денатурация және коагуляция жасайды деп топшылайды. Құрғақшылық өсімдіктің жапырақтары мен сабақтарына әсер етіп коймай сонымен қатар тамыр жүйелеріне де үлкен зиян келтіреді. Құрғақшылықтан зардап шеккен өсімдік клеткаларында диторриз құбылысы пайда болады. Цитоплазма клетка қабықшасынан ажырап кетеді де тургор қысымын кажетті мөлшерде сақтай алмайды. Коллоидтардың дисперстігі азаяды, зат өткізгіштігі арта түседі.