Диаспорология және диаспора ұғымы.

1. Диаспорология және диаспора ұғымы.

2. Қазақ диаспорасының өзекті мәселелері.

Диаспорология ғылымы нені зерттейді? Қазақстанда диаспорология ғылымының дамуы көптеген себептерге байланысты тарихи Отаны шегінен асып кетуге мәжбүр болған халықтар тарихын тереңірек зерттеуге байланысты болды. Тәуелсіз даму жылдарында Қазақстанның көп ұлтты құрамының қалыптасу тарихын зерттеуге қадам жасалды. Еліміздің қазіргі тарих ғылымында Қазақ диаспорасыныңның пайда болуы және даму проблемаларын зерттеу жеке бағыт болып қалыптасты. Қазақ диаспорасының проблемаларын зерттеумен тарих ғылымы ғана емес, этнология, демография, ұлттық психология, жекелеген диаспоралар мәдениеті, т.б. ғылымдар айналысуда. Бұл ғылыми салалардың бәрі қазақ этносын өздеріне тән әдіс-тәсілдермен жан-жақты зерттеу үстінде.

Диаспорология осы аталған ғылыми бағыттар жинаған деректерге талдау жасайды. Сөйтіп, белгілі бір бөлігі өзінің этностық отанынан тыс өмір сүріп жатқан этнос туралы тұтас білімдер жүйесін қалыптастырады. Басты мәліметтерге диаспораның қалыптасу себептері мен кезеңдері туралы тарихи фактілер мен оқиғалар, диаспораның мәдениеті, дәстүрі, тұрмысы, саны туралы цифрлық сипаттамасы, жас-жыныстық, кәсіби құрамы, т.б. деректер алынады.

Сөйтіп, Қазақстаннан тыс жерде өмір сүріп жатқан қазақтардың басым бөлігін қазақ ирреденталарына жатқызуға болады.

Қазақ диаспорасының қазақтардың Қытайға, Орта Азия мемлекеттеріне, Ауғанстан, Иранға, одан әрі Үндістан, Пәкстан, Түркияға қоныс аударуының нәтижесінде дүниеге келді.

Қазақ диаспорасының бір текті емес, әр типті, өйткені ол ұзақ уақыт бойына, әрқилы жағ­дайларда қалыптасты. Қазақ диаспорасының саяси күштеу шараларының салдарынан және соған мәжбүрліктен пайда болды. 1960 ж. дейін саяси қысым көрсетудің салдарынан болған мәжбүрлік миграциялары, 1960 жылдардан кейін экономикалық себептермен, неғұрлым жоғары өмір деңгейін іздеген еркін миграцияларға ауысты. Мәселен, қазақтар Батыс Еуропа, АҚШ сияқты елдерге белгілі бір мерзімге жұмыс істеуге кете бастады.

Сонымен қатар, 1960 жылдарға дейін дүние жүзі бойынша қазақтардың көшіп-қонуы жаппай сипат алса, одан кейінгі кезеңде жекелеген адамдардың орын ауыстыруына ұласты. Сондықтан Батыс Еуропа мен Араб, АҚШ елдеріндегі қазақтар шашырап орналасқан. Бірақ Түркия сияқты Азия елдерінде Қазақ диаспорасыныңның үлкен шоғырларын да кездестіруге болады.

Ал жалпы Қазақ диаспорасыныңн пайда болу мерзімі мен шығу тегіне байланыссыз біріктіретін нәрсе — бұл өзінің қазақ этносына жататынын мойындауы, рулық бөлінісі және этностық тілін сақтап қалуы. Қазақ диаспорасыныңна тән сипат — өзі өмір сүріп жатқан елде, саны жағынан еш жерде артықшылық болмаса да, өзін сақтап қала алғандығы. Зерттеушілер қазақ халқының өзіне жат әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайларға тез бейімделіп кетуін көшпелі өмір салтына тән дүниетанымдық мұрасы деп есептейді. Көшпелі қоғам сыртқы және ішкі жағдайларға икемделуге бейім ашық жүйе болып табылады. Қазақтар өзінің тектік, рулық бөлінісін қатаң сақтай отырып, дүниені танудың әралуандық сипатындағы өзге діндер мен өзге мәдениетті кеңінен қабылдай алатын ділі бар халық.

Қазіргі диаспорология гуманитарлық ғылымның ең бір қызықты бағыты, өйткені Қазақ диаспорасыныңның қалыптасу және даму проблемасы әлі толық зерттелген жоқ. Бүгінгі Қазақ диаспорасының — сыртқы әсерлерге байланысты өзгеріп отыратын тірі организм.

Диаспорология (грек тілінен аударғанда “диаспора” — шашырау, “логос” — білім) — қандай да бір халықтың тарихи отаны шегінен тыс жерде орналасу, қалыптасу себептері, кезеңдері мен бағыттары, тарихы, өзге мәдени этностық ортаға бейімделу және өмір сүруі әдістері туралы ғылым.

Диаспора халықтың тарихи жағдайларға байланысты көшіп-қонуынан пайда болады. Миграция (көші-қон) қандай да бір этнос өкілдерін мүлде жат өркениет кеңістігіне алып келеді. Миграцияны көшу себептеріне қарай үш топқа бөледі: 1) классикалық (неғұрлым жоғары өмір деңгейін іздеу); 2) жанжалдық (билік басындағылардың саяси және экономикалық қысым көрсетуі салдарынан); 3) жүйелік (көптеген себептер). Миграция көшу себептеріне және саяси ортадағы өзгерістерге орай тұрақты немесе уақытша болуы мүмкін. Қайта оралусыз сипаттағы қоныс аударуды — эмиграция, ал кейін қайтып оралатындай белгілі бір мерзімге қоныс аударуды — иммиграция деп анықтайды. Әрқилы тарихи кезеңдердегі эмиграция және иммиграция себептеріне талдау жасау диаспораның пайда болу үрдісін сипаттауға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезеңде барлық саяси, экономикалық және мәдени үрдістер ғаламдық сипат алған жағдайда диаспора рөлі мен мәніне де көзқарас өзгерген. Диаспора қазіргі жағдайда тарихи отанымен және өзі өмір сүріп жатқан елдің өмірімен тығыз байланыста қарастырылады.

Орналасу ауданына, шоғырлана өмір сүруіне, саны мен даму деңгейі (білім, мәдени, экономикалық) жағдайына қарай диаспора мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас, ынтымақтастықты күшейтуге әсер етуі мүмкін. Ал этностық отанының билік басындағылары арандатқан жағдайда диаспора жанжал көзіне де айнала алады. Сондықтан диаспораның даму тарихын зерттеудің көптеген елдер үшін сыртқы саясатын жүзеге асыруда айтарлықтай маңызы бар.

Диаспорология жеке ғылыми бағыт ретінде жеке нәрсені — қандай да бір этностың тарихи отанынан тыс жерге орналасу тарихын зерттейді. Қазіргі жағдайда тарихи отан шекарасы мемлекеттің саяси картада көрсетілген шекарасымен әрқашан да сәйкес келе бермейді. Бұл мемлекеттер шекарасы белгіленген кездегі әрекет еткен халықаралық құқық нормаларына сәйкес тарихи үрдістерге байланысты.

Қазақ “ирредентасы” және “диаспорасы” ұғымы. Бүгінде әр түрлі мемлекеттер қарым-қатынасындағы тұрақтылық қазіргі халықаралық құқықтар нормасын сақтауға негізделеді. Халықаралық құқықтың негізгі қағидасы (постулаты) мемлекеттердің аумақтық тұтастығын сақтау болып табылады. Алайда бұл диаспорологиядағы ирреденталар қалыптасуы мен пайда болуы мәселесін ғылыми зерттеуге тыйым салмайды.

Ирредента дегеніміз - этностың өз тарихи отанында тұрып жатқан, алайда ол аумақ көптеген әр түрлі жағдайларға байланысты өзге ел құрамында қалған өкілдері немесе этностық азшылық.

Қазақ диаспорасының. Қазақтардың Қазақстаннан тыс жерлерге орналасуы қазақ халқының өміріндегі бірқатар ірі тарихи оқиғаларға байланысты. Бұл үрдіс айтарлықтай көп уақытты - ХVІІ—ХVІІІ ғасырлардан ХХ ғ. ортасына дейінгі кезеңді қамтиды. Осы кезең оқиғалары Қазақ диаспорасыныңн қалыптастыруға негіз салды.

1997 ж. 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңында мынандай анықтама берілген: «...диаспора-халықтың өзінің тарихи отанынан тыс жерде өмір сүретін бір бөлігі (этностық тобы)».

Қазақтардың қазіргі Қазақстаннан тыс жерлерге орналасу кезеңін зерттеу көрсет­ке­ніндей, Қазақ диаспорасының өкілдерінің белгілі бір өкілдері әр түрлі тарихи кезеңдерде Қазақстаннан бөлініп, көрші мемлекеттер құрамына енген аумақтарда өмір сүреді екен. Қазіргі тарих ғылымында мұндай тұрғындарға ирредента деген анықтама берілген. Ирредента дегеніміз-тарихи оқиғалар барысында өзге мемлекет құрамына ауысқан жерде тұратын этностық топ, яғни, басқа мемлекеттің құрамында болса да, өз атамекенінде тұрып жатқандар.

Қытайдағы қазақ ирредентасы ХVІІ ғасырда қазақ-жоңғар соғыстары кезінде басталып, ХІХ ғасырдың екінші жартысында - Ресей-Қытай шекарасын белгілеу кезеңінде жалғасқан. Ресейдегі қазақ ирредентасы ХVІІІ—ХІХ ғасырларда Ресей империясының қазақ жерін отарлауы кезінде қалыптасты. Батыс, Солтүстік және Шығыс Қазақстан шекарасындағы жерлердің 1921 жылғы әкімшілік шекара белгілеу кезінде РСФСР пайдасына бекітілуі Ресейдегі қазақ ирредентасы қалыптасуына нүкте қойды. Орта Азиядағы қазақ ирредентасы 1918 ж. Түркістан АКСР-і және 1920 ж. Қазақ АКСР-і құрылуымен байланысты. Бұл бағыттағы келесі қадам 1924-1925 жж. Орта Азия мен Қазақстан аумақтарын ұлттық-мемлекеттік межелеу болды.

Қазақстан аумағынан тыс жерлерде шамамен 4,5 млн қазақ тұрып жатыр. Олардың 1/5 бөлігі ғана диаспораға жатады, ал қалған бөлігі қазақ ирредентасы болып табылады. Демек, Қазақстандағы 8 миллиондай қазақтың тең жартысына дерлігін құрайды. Қазақ ирреден­тасының аса кең ауқымдылығы соншалық, басқа елге қарасты болғанымен, өз атамекенінде тұрып жатқандардың ішінде Ирандағы әзірбайжандардан кейін, Қытайдағы қазақтар екінші орынды алады.

Ал шет елдердегі ұлттық автономиялық құрылымдары жағынан тіптен алда тұр. Өйткені олардың көпшілігі өзінің ежелгі атамекенінің байырғы тұрғындары болғандықтан, мәселен Қытайда ұлттық үш облыс, екі округ, бір уезді иеленіп отыр. Ал Монғолияда бір Баян Өлгий аймағында орналасқан. Қазақстан (Қазақстан Республикасы) -Еуразия құрылығының қақ ортасында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (7467 км), оңтүстігінде Түрікменстан (380 км), Өзбекстан (2 300 км) және Қырғызстан (980 км) республикаларымен, шығысында Қытаймен (1 460 км) шектеседі, батыста Каспий теңізімен, оңтүстікте Арал теңізімен шайылады. Жер көлемі — 2717,3 мың шаршы километр. Жұрт саны 15301,4 мың (2006 шілде 1). Оның 9 008,0 мың немесе 58,9 % қазақтар құрайды. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Елордасы-Астана қаласы. Әкімшілік жағынан 14 облысқа бөлінеді. Мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Әкімшілік-аумақтық құрылысы: Төменгі кестеде. Ауылдық аймаққа бiрiккен 7719 ауылдық елдi мекендер бар (2003). Жұрт саны 2006 ж. жылдың шілденің 1 күнінде Қазақстанда халық саны 15 301,4 мың адамды құрады. Оның ішінде, 8763,9 мың (57,3%) адамды қалалық тұрғындар, 6537,5 мың адамды (42,7%) ауылдық тұрғындар құрап отыр. 2006 жылдың қаңтар-маусым аралығында республика халқының табиғи өсімі 63370 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,3 (8,1) адамнан келді. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында АХАЖ органдары тіркелу көрсеткіші бойынша 143210 (138882) туу фактілерін тіркеді. Туғандардың саны қалалық және ауылдық елді-мекендерде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 3,3%-ға және 2,9%-ға өсті де, тиісінше 83566 және 59644 адамда құрады. Бала туудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 18,6 (18,4) сәбиді құрады. Осы кезең ішінде өлгендер саны 79840 (80978) адамды құрап отыр, соның ішінде қалалық елді мекендер үлесі — 51186 (51661) және ауылдық жерлер — 28654 (29317). Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 10,29 (10,33) адам. Өлімінің негізгі себептері қан айналымы жүйесі аурулары болып табылады, олардың үлесіне барлық тіркелген өлім оқиғаларының 52,9% (52,5%) тиесілі екендігі хабарланып отыр. Осы кезең ішінде республикада 1 жасқа дейінгі 2049 (2087) баланың шетінеуі тіркелген. Нәрестелер өлімінің коэффициенті 1000 туғанға 14,7 (14,5) шетінеу. Перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар нәрестелер өлімінің ең көп тараған себептері болып табылады, одан ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында 1037 (1021) нәресте шетінеді. Цифрлар тілімен айтқанда, барлық нәрестелер өлімінің 50,6% (48,9%)-ы осы жағдайға тиесілі болып табылады. Биылғы жартыжылдықта некелесу мен ажырасулар саны, тиісінше 54994 және 17467 (48271 және 15183) құрады. Некелесу мен ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,5 (7,7) некені және 2,3 (2,1) ажырасуды құрады. Елде халық көші-қонының оң айырымы сақталып келеді, 2006 жылдың 1 жартыжылдықтағы оның шамасы 18746 (14148) адамды құрады. 2006 жылы қаңтар-маусым аралығында Қазақстанға келгендер саны 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5008 адамға немесе 13,2%-ға, ал Қазақстаннан кеткендер саны 9606 адамға немесе 1,7 есе азайды. ТМД елдерінен келгендер мен сол елдерге қоныс аударғандар үлесі олардың жалпы санына шаққанда, 86,1% және 87,9% (88,7% және 66,4%) құрады.

Ал ел ішіндегі көшіп-қонушылардың саны 137220 (131019) адамды құрап отырған жайы бар. Ұлттық құрамы Қазақстанда 120-дан астам ұлт (этностар мен этникалық топтар) өкілдері тұрады. 2006 жылдың 1-шілдесіндегі жағдай бойынша қазақтардың саны 9008,0 мың адамды, орыстар — 3962,1 мың, украиндар — 444,7 мың, өзбектер — 433,5 мың, ұйғырлар — 231,4 мың, татарлар — 229,1 мың, немістер — 222,5 мың адамды құрады. Республика халқының жалпы санында ең көп үлес салмақты қазақтар — 58,9% және орыстар — 25,9% алып отыр. Басқа этностар мен этникалық топтар үлесіне республика халқының 15,2% тиесілі болып табылады 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда қазақтар саны 94,7 мың адамға, немесе 1,1%,-ға, тиісінше өзбектер — 4,6 мың, немесе 1,1%-ға, ұйғырлар — 1,6 мың, немесе 0,7-%-ға өсті; ал орыстардың саны 17,2 мың адамға, немесе 0,4%-ға, тиісінше украиндар — 4,1 мың, немесе 0,9%-ға, татарлар — 0,5 мың, немесе 0,3%-ға және немістер — 0,2 мың, немесе 0,1%-ға азайды. Діні Қазақстан жұртында 69 % мұсылмандар, 28 % православ христиандар, 2 % протестанттар бар. Қазақстан — 1995 жылғы тамыз 30 республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша — өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғары өкілді органы — Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады. Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының елордасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика елордасының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың 15 депутатын Парламент өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс дәрежелi өкiлеттiлiк және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiм негiзiнде сайланған 98 депутаттардан құралады, және 9 депутатты Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Нұрсұлтан Назарбаев Президент Үкіметті Мәжілістегі көпшілік алған партия ұсынысымен құрады. Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді. Премьер-Министр Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар өкімдер шығарады. Казақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республиканың Президенті тағайындайды. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады. ергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару ергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік (мәслихат) және атқарушы органдар (әкімдік).

Негізгі әдебиеттер: 1, 3, 8, 9, 10, 14, 15.

Қосымша әдебиеттер: 16, 17, 21, 29, 31.