Кенесары Қасымұлының көтерілісі.

Қасым төренің ұлы Саржан сұлтан дара-дара жасақтарды біріктіріп, қазақ жерін отарлау саясатына қарсы көтерілді.

Қазақтардың дәстүрлі көшіп-қонатын жерлері тарылды, жері құнарлы аудандарға казактарды жаңадан қоныстандыру өріс алған. Абылай хан ұрпақтарының төңірегіне топтасқан қазақ халқының наразылығы арта түсті. Ал Қасым-төре-Абылай ханның ұрпағы еді. Патшаның жазалаушы отрядтары ығыстырған Саржан Сұлтан өзінің жолын қуушылармен бірге Қоқанд биінің көмек көрсететініне үміттеніп, Қоқанд хандығына көшіп кетті. Ресей патшалық өкіметіне арыз жазып, Саржан өзіннің талаптарын Ресей өкіметінің алдына қойды: Орыс әскерлерін Қазақ даласынан шығару, орыс бұйрықтарын жою, қазақтарға жерлерін және бостандығын қайтару.

Саржанның әскеріне қазақ тайпаларын көбісі қосылды. 1826ж. Саржан Қарқаралы бұйрығына шабуыл әркеттін жасаған Саржан, Есенгелді ағасымен бірге қазақ ауылдарын ат шауып орыс өкіметіне және аға-сұлтандарға қарсы күрес жүргізуге шақырған.

Саржан 1833-34жж. аға-сұлтандардын ауылдарына жазалау әскерлеріне, сауда керуендерге, бұйрықтарға үздіксіз шабуылдар жасаған.

Ташкент күшбегімен бірге Саржан 1834ж. Орта жүздің территориясына басып енді. Бірақ сәтсіз Ұлы жүздің шін ұмтылған. Бірақ 1836ж. Ташкент күшбегі Саржан сұлтанды ұлджеріне оралып келді. Саржан бұл кезден бастап Ұлы жүздің қазақтарын біріктіріп күреске көтеру үарымен бірге өлтірген.

Кенесары ағасы бастаған көтерілісті жалғастырды.

Көтерілістің негізгі күші – шаруа болды. Күрес 10 жылға созылды және қазақтардың тарихтағы ең мәнді ұзақ қозғалысы болды. Кенесары қозғалысының мақсаты – Қазақстанның тәуелсіздігі. Қазақ хандығын біріктіріп оны орталықтандыру, мықты мемлекет еті. Сипаты бойынша ол отарлыққа қарсы, ұлт-азаттық қозғалысы болып табылады.

Көтеріліс шығарушы сұлтанның басты мақсаты Қазақстанның Абылай –хан тұсындағы территориялық шептерінің тұтастығын қалпына келтіруге, “жинақтарды” жоюға, Ресей құрамына кірмеген жерлердің толық дербестігін сақтауға құрылды.

Қазақтардың бұл көтерілісі бастапқы кезінен-ақ кең құлаш жайған қарғын алды. Бұл XVIIIғ. соңы мен XIXғ.-дағы азаттық жолындағы қозғалыстар тарихындағы Орта жүздің ру-тайпалық бірлестігінен басқа қазақ руларына тараған, барлық негізгі аудандарды қамтыған бірден-бір көтеріліс еді.

Көтерілістің қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. Саяси тәуелсіздікті қалпына келтіру жолындағы күреске қатардағы егінші де, ағамандар да, сұлтандар да ат салысты. Қазақ жерін әскери отарлауға, Қоқанд бектерінің озбырлығына қарсы жалпы халықтық күрес бұл қозғалысқа азаттық жолындағы күрес сипатын берді.

Көтеріліске қатысқандар арасынан орыстар, өзбектер, қырғыздар, поляктар және басқа ұлт өкілдері кездесті.

Кенесары Қасымұлы көтерілісінде қарама-қайшылықтар аз емес. Олар бір жағынан-Қоқанд хандығымен соғыс және екінші жағынан қырғыздармен туысын өлтірушілік соғыс, өзіне қолдау көрсетуден бас тартқан қазақ руларына деген өшпенділік.Кенесарының 1837ж көтерілісіне дейін, ол бірнеше рет патша үкіметін Көкшетау мен Ақмолада бекіністер салудан бас тартқызуға үміттеніп, бірнеше рет ниет білдірді.

1837ж Кенесары өз сақабалаларымен Ақмола округіне келді.

Орта жүздің ең орталығында мекендеген қазақтар патша отарлығын бәрінен де ауыр сезінді. Бұл уақытта Ақмола – отарлық өлкенің тірегі болды. Ақмоладан Ақтау, Ұлытауды қосатын пикеттер салынды. 1837ж көтеріліске бүкіл Қарқаралы округі қосылды. Олар балхаш, Шу бағытына шықты. 1838 ж оларға Баянауыл округінің, кейіннен Аман – Қарағай округінің қазақтары қосылды.

1838ж 7 тамызда Ақмолаға шабуыл жасады. Бекініс алынды. Бұл оқиғадан кейін Кенесарының қарулы қақтығыстары мен орыс әскері арасындағы соғыс, ауқымды сипат алды.

1838ж Кенесары бастаған қол Торғай, Ырғыз аудандарына өтті. Кенесары, Абылай ханның немересі бола тұра, Ресей мен Қазақстан арасында Абылай хан кезіндегі қарым қатынастарды қайта орнатқысы келді. 1841ж қыркүйекте Орта және Кіші жүз рулары қазақ хандығын жаңғыртуға шешім қабылдады.

Сөйтіп дәстүрлі салт бойынша Кенесары ақ киізге көтеріліп, хан боп жарияланды. Бұл қазақтардың өзін өзі қорғауын және қазақтардың ұлт азаттық тәуелсіздігіне ұмтылуы еді.

Кенесары орта азия хандарымен одақтаспады, керісінше, ол олардың өзара кикілжіңін пайдаланды. 1840ж Бұхара мен Қоқанд арасында, 1842ж Бұхара мен Хива арасында соғыс туды.

Кенесарының сыртқы белсенді саясаты патша әкімшілігін сескентті, оңтүстікте әскери әрекеттерін тоқтатуды талап етті.

1842ж өз тұғырынан Перовский түсті. Оның орнына тағайындалған генерал Обручев қақтығысты бейбітшілік жолмен шешкісі келді. Бұл Сібір үкіметіне Кенесарыға қарсы күресті күшейтуге жол ашты, сондай бір күресте Кенесарының әйелі мен балалары тұтқынға алынды.

Тамызда үкімет көп санды экспедиция қалыптастырды. Олардың бір бөлігі Сахар, Батыс Сібір губернаторлығынан, Омбыдан шықты. Кенесары мұндай көп әскерге қарсы тікелей шықпай, даланы айналып жүрді. 1843ж бұл жорық еш нәтижесіз аяқталды. Бұл Кенесарының әскери тактикасының шеберлігін көрсетеді.

1844ж орыс үкіметі тағы үш отряд жасақтады. Олар Омбы Ұлытау және Тобыл өзенінен Кенесарыны соққылау керек еді.

Кенесары өз айласын асырып, орыс отрядтарына қарсы жігіттерін жұмсады. Олар көп күш салмай а, орыс әскерін айламен әуре-сараңға салды. 1844ж Кенесары Ахмет Жанторин отрядын қоршап, талқандады, сөйтіп ол енді Орынбор шекарасына шығып, енді Екатерин станциясын басып алды.

1844ж әскери операцияларда Кенесарының әскери шеберлігі айқын білінді. Дегенмен, халық тозған, жерлерінен айрылған, оның үстіне 1844-45 жылғы жұт жағдайды күрт төмендетті.

Қоқан, Хива хандықтары да мазалауын қоймады. Осындай жағдайда Кенесары келіссөздер жүргізді. Бұрынғы жерлерді қайтару туралы ол енді өтінбеді, тек Ақтау, Есіл – Нұра бойында бекіністер салмауды сұрады. Бірақ, үкімет оған келіспеді, себебі Ресейге Орта Азия хандықтарының қосылуы дайындалып жатқан.

1845ж Кенесары ордасына Долговтан елші келді. Олар Кенесарыға келіспеушілік хабар әкелді. Оған тек Қара Қоға үңгірін қалдырды. Қорланған Кенесары енді келіссөз жүргізбеді. Орыс үкіметі Ырғыз және Торғай өзендері бойында яғни Кенесары көшінің ортасында екі бекініс салды. Кенесары қазақ руларын жинап, кеңес құрды. Жоспар жасап, Қытай мен Бұхарадан, Ұлы жүзден, Адай руынан көмек сұрамақшы болды. Ұлы жүз сұлтаны Рүстемнен Орта Жүзді көшіру туралы шақыру келді. Кеңес Сары арқаны тастап кетпекші болды.

1845ж Қоқандпен күрес жүрді. Кенесары мен Жаңқожа Қоқандты қоршады, бірақ Қоқанд Бұхарамен одақ құрып Кенесарыға қарсы шықты. Әрең дегенде ол Орта жүзге қарай бет алды. Орта Жүздің бұл кезде жағдайы өзгерген, яғни Кенесары үшін қолайсыз жағдай туды. Сонда да Кенесары әжептәуір қол жинады. Бұл кезде оның қырғыздармен қарым қатынасы шиеленісті. Қырғыздар мен қоқандтардың біріккен әскері Кекілі тауында орналасып, әскери қимылдарға кірісті. Одан кейінгі шайқас пішпек және тоқмақ бекіністерінде болды. Қырғыздар жерді жақсы білетін, сондықтан Кенесары әскерлерін қоршауға алды. Наурызбай қаза болды, одан кейін Кенесары өлейін деп жатқанда оны қырғыздар сүңгіге көтерді, сонда Кенесары “өлейін деп тұрсам да қырғыздар, мен сендерден биікпін”- деді.

Көтерілістің негізгі күші – шаруа болды. Күрес 10 жылға созылды және қазақтардың тарихтағы ең мәнді ұзақ қозғалысы болды. Кенесары қозғалысының мақсаты – Қазақстанның тәуелсіздігі. Қазақ хандығын біріктіріп оны орталықтандыру, мықты мемлекет ету. Сипаты бойынша ол отарлыққа қарсы, ұлт азаттық көтеріліс. Кенесары тамаша әскери қолбасшы, елші ретінде ел есінде қалды.