Студенттер тұлғасының психологиялық ерекшеліктері

Қысқаша мазмұны: Қазіргі кезде студенттер тұлғасының дамуы. Тұлғаның толық қалыптасу мәселесі.Тұлғаның сана сезімі мен дүниетанымы. Тұлғаның психологиялық мәселесінің талдамасындағы жаңа тенденциялар.

Студенттік топ тұлғаның жоғарғы оқы орнындағы оқуы барысында әлеуметтенуінің маңызды агенттерінің бірі болып табылады. Топтағы адамдардың жүріс-тұрысы индивидуалды жүріс-тұрысқа қарағанда өзінше ерекше болып келетіні мәлім. Онда сенгіштік, конформизм, билікке бағыну механизмдерінің негізінде топтық нормалар мен құндылықтарға бағыну мен оның қалыптасуы есебінен топ мүшелері жүріс-тұрыстарының унификациясы, ұқсастығының өсуі сияқты, топқа өзінің жауаптық әсерін тигізу мүмкіндіктерінің өсуі де болады. Студенттік топта тұлға аралық (эмоциялық және іскерлік) өзара қатынастардың, топтық рөлдерді бөлудің және лидерді анықтаудың және т.б. құрылымдануының, қалыптасуының және өзгеруінің динамикалық үрдісі болады. Осы барлық топтық үрдістер студенттің тұлғасына, оның оқу іс-әрекетінің және кәсіби құрылуының жетістігіне, оның жүріс-тұрысына күшті әсер етеді.

Студенттік топтың ерекшеліктері мыналар:

Құрамының бірдейлігі (жастық айырмашылықтар әдетте 5 жастан көп емес), қызығулардың, мақсаттардың, психологиялық ерекшеліктердің жастық ұқсастығын шарттандырады, топтың ұйымшыл болуына көмектеседі.

Студенттік топ іс-әрекетінің негізгі түрі – оқу, ал оқу ұйымшылдығының факторы өндірістікке қарағанда әлсіздеу, сондықтан ұйымшыл коллектив қосылмайды, әрқайсысы өзінше болады.

Студенттік топтар өзін-өзі басқарудың негізінде қызмет жасайды, оқытушы-куратардан белгілі-бір басқарушы әсер етуге түседі.

Студенттік топта “коллективтік қайғыру және көңіл-күй”, “коллективтік пікір”, еліктеу, сену немесе конформизм құбылысы, сайысу құбылысы сияқты әлеуметтік-психологиялық құбылыстар көрінеді.

“Коллективтік қайғыру және көңіл-күй” – бұл коллективтегі, қоршаған әлемдегі жағдайға коллективтің эмоциялық реакциясы. Коллективтік көңіл-күй конфликтге алып келе отырып, коллективтің іс-әрекетін стимулдандырады немесе өшіре алады.

“Коллективтік пікір” – коллективтік өмір сұрақтары бойынша пікірлердің, көзқарастардың ұқсастығы, белгілі-бір жағдайларды, топ мүшелерінің қылықтарын мақұлдау немесе мақұлдамау.

Еліктеу, сену немесе конформизм және сайысу құбылыстары - өз іс-әрекетінің нәтижелеріне эмоциялық қызғанышпен қарайтын, жетістікке қол жеткізуге талпынатын адамдардың өзара әрекет формасы.

Студенттік топ “ассоциациялар” типінен коллектив деңгейіне дейін дамиды немесе “корпорация” типіне дейін өзгереді.

Ассоциация - өзара қатынастар тек тұлғалық мәнді мақсаттармен (достарымен, таныстарымен) ғана жанамаланатын топ.

Кооперация – реалды шын мәнінде ұйымдасқан құрылымымен ажыратылатын топ, іс-әрекеттің жеке түріндегі нақты тапсырманы орындаудағы талап етілген нәтижеге қол жеткізуге бағынған іскерлік сипаттағы тұлға аралық қатынастар.

Корпорация – ішкі мақсаттармен ғана біріктірілген, оның шегінен шықпайтын, өзінің топтық мақсаттарын кез-келген жолмен, соның ішінде басқа тортар арқылы іске асыруға талпынатын топ. Кейде корпоративті рух топ топтық эгоизм қырларына ие болғанда еңбектік және оқу топтарында орын алуы мүмкін.

Коллектив – уақыт бойынша тұрақты, бірлескен қоғамдық пайдалы іс-әрекетпен және топ мүшелері арасындағы формальды (іскерлік) және формальды емес өзара қатынастардың күрделі динамикасымен біріктірілген, арнайы басқару органдары бар өзара әрекеттесуші адамдардың ұйымдасқан тобы.

Коллективті зерттеудің психологиялық әдістері: “Әлеуми тип” сандық тесті (В. Мегель, А. Овчарова); “Басқару стильдері” тесті; “Топтық рөлдер” тесті; социометрия, референтометрия.

 

 

Лекция

Оқу іс-әрекеті.

Қысқашамазмұны: Оқу іс-әрекетінің психологиялық тұжырымдамалары. Оқу иен үйрену іс-әрекеті жайлы В.В. Давыдовтың ой, пікірлері. Теориялық білімдер оқу іс-әрекетінің мазмұны ретінде. Теориялық ойлау мен сана сезімді қалыптастыру. Оқу іс-әрекеттерін арнайы әдіс,тәсілдері арқылы құруының нәтижесі бойынша эмпиритикалықтан теориялық ойлауға ауысу. Оқу іс-әрекетінің пайымдалу туралы И.И. Ильясовтің ой-пікірлері. Оқудың арнайы әрекеттері мен операцияларының екі деңгейі. Материалдардың мазмұнын өз бетінше іріктеу.

Оқу жағдайының құрылымына 5 мәнді айнымалылар енеді:

қатысушыларды білім беру жағдайына енгізудің мағынасы мен мақсаты;

оқу пәнін меңгеру мақсатында құрылымданған және операцияланған сол оқу пәнінің объективті мазмұны;

оқу пәндерінің мазмұнын меңгеру үрдісін, сонымен қатар оқу іс-әрекетінің жалпыланған тәсілдері мен меңгерудің деңгейлері мен кезеңдерінің бірінен екіншісіне ауысуын меңгеру үрдісін ұйымдастырушы процедуралар;

оқытушы мен студенттердің оқу өзара әрекеттестігі және студенттер арасындағы (өзара әрекеттің мақсаты, тәсілдері, құралдары, процедуралары) өзара әрекеттестік жүйелері оқыту үрдісіндегі тұлғаның даму жағдайын әлеуметтік реттеу формасы ретінде;

меңгеру үрдісінің барлық барысындағы көрсетілген айнымалылардың өзара байланыс динамикасы.

Оқу-тәрбиелік жағдай - өзара байланыстың белгілі-бір типі, барлық көрсетілген айнымалылардың оқу үрдісінде дамуының динамикасындағы сәйкестік. Оқу жағдайы құрылымындағы орталық динамикалық формалар, бір жағынан, студенттердің өздерінің бір-бірімен өзара әрекетінің сипатын анықтайтын оқытушы мен студенттердің оның басқаруының авторитарлық немесе демократиялық басымдылығымен оқу өзара әрекет жүйесі; екінші жағынан, оқу пәнінің пәндік мазмұнын объективтендіретін әртүрлі психологиялық қиындықтағы тапсырмалар жүйесін құрылымдандырудың сипаты.

Оқытушы мен студенттердің бірлескен іс-әрекетіне оқытушы мен студенттердің тек коммуникативті ғана емес, сонымен қатар заттық-практикалық өзара әрекеттестігі де енеді. Бұл өзара әрекеттестіктер педагогикалық қарым-қатынастың негізін құрайды.

Бірлескен оқу іс-әрекеті – меңгерілген іс-әрекеттің қалыптасу үрдісіндегі әрекеттерін, операцияларын, осы әрекеттердің, оқытушы мен студенттер арасындағы және оқушылардың өздерінің арасындағы операциялардың вербалды және вербалды емес сигналдарын алмастыру актсы.

СД мақсаты – оқудың өзіндік реттелуінің, меңгеріліп отырған заттық іс-әрекеттің және өзара әрекеттестік актлары мен ондағы тұлғаның позицияларының механизмдерін құру.

Пәні – оқу іс-әрекетінің және өзара әрекеттестік пен қарым-қатынастың нормаларының тәсілдері.

Өнім – оқудың жаңа мағыналарын өзектендіру және студенттердің меңгерілген іс-әрекеттің мазмұнымен және жұптағы тұлғалық ұстанымдарын реттеумен байланысты мақсаттарды, оқудың жаңа мақсаттарын айқындауы.

СД мақсаттарына қол жеткізу құралы ретінде бірлесіп шешілген өнімді және шығармашылық тапсырмалар жүйесі, оқытушы мен студенттердің бір-бірімен өзара әрекеттестік формаларының жүйесі алынады.

Бірлесіп жұмыс жасаудың 8 формасын бөліп көрсетуге болады:

іс-әрекетке кіріспе (педагог қалыптасып отырған іс-әрекетке адекватты мағыналар мен мақсаттардың активациясы негізінде жаңа оқу тапсырмасына тұлғалық көшуді қамтамасыз етеді);

бөлінген әрекет (оқушыны іс-әрекеттің операционалдық-орындаушы қырына тарту іске асады);

имитациялайтын әрекет (тапсырманы шешу жолдарын бірлесіп іздеу, ұйғарымдық-зерттеу және операционалды-орындау сфераларының инициациясы);

әрекетті ұстану (оқушылардың инициативасын, бақылау сферасын, үрдістер мен шешімдердің нәтижелерін бағалауын кеңейту);

өзіндік реттелінетін әрекеттер (тапсырмаларды шешумен, мақсатқа бағыттылықпен байланысты іс-әрекеттің барлық компоненттеріне қатысты өзара және өзіндік бақылау);

өзіндік ояну әрекеттері (оқушылардың жаңа мақсаттарды, саналанған мақсатқа бағытталуды, сонымен қатар нәтижеге қол жеткізуді бақылаудың сыртқы және үрдістік формаларының редукциясын қозғау, талқылау және қабылдау);

өзіндік ұйымдасатын әрекеттер (конструктивті қызметтестіктің жаңа тәсілдері мен жобаларын қозғау және апродациялау, өнімдік және шығармашылық тапсырмаларды шешуге қатысушылардың барлығының арасындағы тұлға аралық қатынастар мен қарым-қатынастардың спектрін кеңейту, өзара әрекеттестікке қатысушылардың ұстанымдарының белсенді өзгеруі);

жұптық (шығармашылық іс-әрекет пен өзара әрекеттің құрылымындағы барлық компоненттердің өзіндік ұйымдасуы негізінде педагогпен және құрдастарымен сапалық жаңа қатынастарға ауысу: ұйымдастыру-орындаушылық, бақылау-бағалаулық, интеллектуалды-коммуникативті және мотивациялық- мағыналық).