Леуметтік педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы, құрамдас бөліктері

Әлеуметтік педагогика– кең ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын оқу және тәрбие мәні мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Әлеуметтік педагогика дамудың ұзақ жолын басынан кешіріп, көптеген білімдер жинақтап, бүгінгі күнде ғылыми білімдердің кең тармақты жүйесіне айналып отыр. Әлеуметтік педагогика ауқымында отбасы педагогикасы, мәжбүрлі тәрбие (первентив) педагогикасы, алдын алу (профилактикалық) педагогикасы дамуда. Өз дамуында әрқилы мүшелік бұзылыстар мен ауытқуларға ұшыраған адамдар арнайы педагогикааймағында зерттеледі. Құлағы естімейтіндер мен мылқау адамдардың оқу-тәрбие жұмысымен сурдопедагогика,соқыр және нашар көретін зағиптардың оқу-тәрбие жұмысымен тифлопедагогика, ақыл-есі кем адамдардың оқу-тәрбие жұмысымен олигофренопедагогика,тілінде мүкістігі бар және сақау адамдардың оқу-тәрбие жұмысымен логопедияшұғылданады. Әлеуметтік педагогиканың ірге тасы - философия, дәлірек айтсақ, тәрбие проблемаларымен арнайы шұғылданатын оның тәрбие философиясытармағы. Тәрбие философиясы өз алдына білім саласы ретінде тәрбиелік практикада әртүрлі философиялық жүйе идеяларын пайдаланады. Философия – әлеуметтік педагогикаға танымның жалпы бағыт-бағдарын, педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің әдіс-тәсілдерін көрсетеді. Сондықтан да, философияны оның біртұтас және жүйелік, құрылымдық талдау әдістерімен бірге педагогиканың әдіснамалық негізі деп атау қабылданған. Қоғамдық құбылыс ретінде тәрбие дамуы мен педагогикалық білімдердің өткен жолын педагогика тарихызерттейді. Өткенді түсіне отырып, болашаққа көз тігеміз. Бастан кешіргенді зерттеу және оны бүгінгімен салыстыру осы заманғы құбылыстардың негізгі даму кезеңдерін нақтылаумен бірге бұрынғы қателерді қайталаудан сақтандырады. Әлеуметтік педагогика жүйесі келесі салаларды қамтиды:

а) мектепке дейінгі педагогика

б) мектеп педагогикасы

в) жас кезеңдер педагогикасы

г) кәсіптік білім беру педагогикасы

д) жабық мекемелерде тәрбиелеу

ж)балалар мен жастар ұйымдары

з)клуб жұмыстарының педагогикасы

и) орта педагогикасы

к)әскери педагогикасы

л)өнеркәсіп педагогикасы

м)уақытша бірлестік педагогикасы

н)әлеуметтік жұмыс педагогикасы

п) жоғары мектеп педагогикасы

р) дипломнан соңғы білім педагогикасы

Мектепке дейінгі педагогика– мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі мен балалардың даму ерекшеліктерін зерттейтін ғылым

Мектеп педагогикасы –мектеп жасындағы оқушылардың тәрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі тәрбиелік мекемелердегі оқу-тәрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пән. Қалыптасқан дәстүр бойынша жалпы педагогика төрт бөлімнен тұрады:

1) оқу-тәрбие процесінің негіздері;

2) дидактика (оқу теориясы);

3) тәрбие теориясы;

4) мектептану.

Жас кезеңдер педагогикасыпедагогиканың мектепке дейінгі және мектептік жүйелерін өз алдына бөліктеп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан әулеттің белгілі жас тобына байланысты оқу-тәрбие іс-әрекеттері ерекшеліктерін бейнелейтін тәрбие заңдылықтарын зерттейді. Бүгінгі күнде жас кезеңдер педагогикасы орта білім берудің барша жүйесін қамтиды. әрқилы жас топтарында немесе оқу-тәрбие мекемелеріндегі тәрбие айырмашылықтарын танытушы дербес педагогикалық салалар пайда болуда. Олардың ішінде қазіргі күнде өз алдына пән ретінде оқылатындары – мектепке дейінгі педагогика, кәсіби техникалық мектептер педагогикасы, өндірістік педагогика, ұзақтан оқыту педагогикасы және т.б. Ғылыми пәндер ішінде ересектердің педагогикалық проблемаларымен айналысып, қарқынды даму жолына түскен – жоғары мектеп педагогикасы. Оның міндеттері- барша деңгейдегі ресми, ресми емес тіркелген жоғарғы оқу орындарында жүріп жатқан оқу-тәрбие процесінің заңдылықтарын ашып беру, қазіргі ауыспалы кезеңде жоғары білім алудың арнайы проблемаларын зерттеу, жоғары технологиялық және компьютерлік оқу жүйелерінің принциптерімен таныстыру. Дипломнан соңғы білім педагогикасы еңбек педагогикасыментығыз байланыста мамандық көтеру, сонымен бірге нарықтық экономикаға орай көкейкесті болып тұрған халық шаруашылығының әртүрлі салаларында қызмет етіп жатқан жұмысшылардың қайта мамандану, егделік жасқа келгенде жаңа білімдерді, жаңа кәсіпті игеру мәселелерімен шұғылданады. Арнайы жағдайларда өтетін тәрбие процестер ерекшелігін әскери педагогиказерттейді. Аталған құрамдас бөліктерінің әрқайсысының өзіндік ерекшелігі, әдіс – тәсілдері бар және жеке бағыт ретінде қаралуы мүмкін. Әлеуметтік педагогиканың ерекшелігі, тәрбиеші мен баланың біріккен шығармашылық қызметі достығын бір біріне деген сенімін орнату сияқты гуманистік бағытта болуы. Әлеуметтік тәрбиенің гумандығы жеке адамды бірнәрсені жасауға мәжбүр етуден емес, оған көмектесуден, өзімен өзі болудан, басқаларға ұқсамайтындығына көзін жеткізуден, өз өміріне деген жауапкершіліктен, жасаған істерін әшкерелеп бетіне баспай, қолдау көрсетуден көрінеді. Әлеуметтік педагогиканың ерекшелігі, тәрбиеші мен баланың біріккен шығармашылық қызметі достығын бір біріне деген сенімін орнату сияқты гуманистік бағытта болуы.