Зоналық телефон желісінің қысқаша сипаттамасы

Мазмұны

 

 

Кіріспе.....................................................................................................................3

Курстық жұмысқа берілген тапсырма.................................................................4

1 Зоналық телефон желісінің қысқаша сипаттамасы.........................................5

2 АХЕ-10 техникалық сипаттамасы.....................................................................8

3 АМТСЭ функционалды сұлбасы.......................................................................8

3.1 АРТ жүйесінің құрылғысының құрамы..............................................9

3.2 APZ басқару жүйесі жабдықтарының құрамы.................................10

4 Байланыс бағыты бойынша жүктемені үлестіру диаграммасы....................13

4.1 Жүктеме көздері...................................................................................13

4.2 Телефон жүктемесі...............................................................................13

4.3 ЕКЖС (ЧНН) жүктемесі......................................................................13

4.4 Шығындар.............................................................................................14

4.5 Шоғыр....................................................................................................15

4.6 Бағыттар бойынша жүктемені есептеу...............................................15

 

5 АМТСЭ қондырғысын есептеу.........................................................................18

5.1 CPS орталық процессорының модульдерін есептеу..........................18

5.2 Сигнализация және TSS сызықтық комплектілер ішкі жүйесінің қондырғыларын есептеу.............................................................................19

5.3 GSS топтық іздеу сатысы ішкі жүйесінің жабдығын есептеу...........23

5.4 MCS енгізу-шығару қондырғылар ішкі жүйесінің және OMS пайдалану мен техникалық қызмет көрсету ішкі жүйесінің жабдығы..25

5.5 АХЕ-10 қондырғысының комплектациясы........................................26

 

Қорытынды............................................................................................................29

 

Қолданған әдебиеттер...........................................................................................30

 

Кіріспе

АХЕ-10 коммутациялық жүйенің атауы өндіруші фирмамен (Ericsson LM швед компаниясы) 1972 жылдан квазиэлектрондық АТС-тер дәуірінен бастап пайдаланылып келеді. АХЕ-10 бірінші толық цифрленген АТС 1978 жылы Финляндияда орнатылды.

АХЕ-10 жүйесі желі иерархиясының барлық деңгейлерінде қолданылады: жергілікті станция ретінде, ұлттық транзиттік немесе халықаралық станция ретінде. Жүйенің кейбір бөлімдері түрлі қоданылуына байланысты өзгермейді. Қолдану барысындағы талаптарды орындау үшін негізгі құрылым көптеген ішкі жүйелер комбинацияларымен толықтырылуы мүмкін. Станция абоненттерге әртүрлі қызметтер көрсете алуымен ерекшеленеді.

Тапсырма

 

Берілген нұсқа бойынша облыс орталығына арналған АХЕ-10 жабдығының негізіндегі цифрлық АМТС -ке курстық жобаны құру.

 

1-кесте

Берілгендер Нұсқа
АМТСЭ есептелген кіріс жүктемесі, У, Эрл
Кіріс жүктеменің келіп түсетін үлесі: ЗСЛ физикалық, Рзсл ЗСЛ цифрлық, Рцзсл   0,46 0,54
Меншікті жүктеме ЗСЛ физикалық, Узсл, Эрл ЗСЛ цифрлық, Уцзсл, Эрл   0,37 0,44
Шығыс жүктеменің келіп түсетін үлесі: Қалааралық арналар 1f, Рмк1f Қалаарлық арналар 2f, Рмк2f СЛМ цифрлық, Рцслм СЛМ тығыздатылған, Рслму ЗЛ және анықтамалық АМТС-3 ке қарай, Рмо   0,46 0,4 0,03 0,07 0,04  
Меншікті жүктеме: Қалааралық арна 1f, Умк1f , Эрл Қалаарлық арна 2f, Умк2f , Эрл СЛМ цифрлық, Уцслм , Эрл СЛМ тығыздатылған, Услму , Эрл ЗЛ және анықтамалық АМТС-3 ке қарай, Умо , Эрл   0,8 0,72 0,45 0,57 0,43
«Механикалық дауыстың» желі саны
Бір шақырудағы арнаның орташа бос болмау уақыты, Т , с
Коммутациондық жүйенің шығындар нормасы 10-6

 

Зоналық телефон желісінің қысқаша сипаттамасы

Бұл бөлімде АМТСЭ АХЕ-10 жобаланатын зоналық телефон желісінің құрылымын қарастырамыз, нөмірлену зонасының ішінде және қалааралық телефон желісіндегі байланысты ұйымдастыруды түсінеміз.

1-суретте облыс территориясында ұйымдастырылған зоналық телефон желісінің құрылымы көрсетілген.

Нөмірлену зонасының құрамына ауылдық (СТС) және қалалық (ГТС) телефон желілері кіреді. Облыс орталығының территориясында АМТС-3 типті АМТС істейді. Қазіргі кезде АМТС-3 шығыс, кіріс зона абоненттерін қалаарлық және зоналық байланысты автоматты және жартылай автоматты тәсілмен қамтамасыз етеді. Халық санының өсуіне, өндіріс потенциалының өсуіне және облыс орталығының инфрақұрылымының дамуына байланысты АХЕ-10 қондырғысы негізінде жаңа АМТСЭ құрылысы туралы шешім қабылданды.

Пайдаланудың бірінші кезеңінде АХЕ-10 облыс орталығы абоненттерін автоматты шығыс қалааралық және зоналық байланыспен қамтамасыз етеді. Берілген зонаның абоненттеріне кіріс қалааралық байланыстарды және және облысқа тиісті басқа ГТС абоненттерінен болатын зоналық байланыстарды және берілген кезеңдегі МТС-ті АМТС-3 қамтамасыз етеді. АМТС-3 құрамына, сондай-ақ жартылай автоматтық байланыстарға арналған анықтамалық қызметтер және коммутациялық қондырғылар кіреді. АХЕ-10 және АМТС-3 байланысы объектаралық байланысының цифрлық желілері көмегімен іске асады.

Облыс орталығының РАТС-ы АОН аппаратурасымен жабдықталған және АМТСЭ заказды-байланыстырушы желілер түйіндерінің (УЗСЛ) үш сымды физикалық және төрт сымдық цифрлық ЗСЛ шоғырымен қосылады.

Нөмірлену зонасы шегіндегі байланыс «abххххх» типті 7 мәнді нөмірді теру арқылы орнатылады, мұндағы ab – зонадағы жергілікті тораптың коды. АМТС-ке немесе АМТСЭ-ға шығу үшін абоненттер қосымша шығу индексі «8»-ді тереді.

Жобаланатын АМТСЭ қалааралық телефон желісіне (МТС) қосылады. МТС құрамына зоналық АМТС және транзиттік түйіндер – 1 және 2 класты автоматты коммутация түйіндері (УАК-1 және УАК-2) кіреді. Үлкен региондар жүктемесі сенімділікті көтеру үшін өзара бір-бірімен «әрқайсысы-әрқайсысымен» принципі бойынша жалғанған УАК-1 өңделеді. Жекеленген территорияда УАК-2 ұйымдастырылады, олар АМТС-ке жақын орналасқан нөмірлену зоналарының жүктемесін біріктіреді және УАК-1 байланыстырады. Автоматты коммутация түйіндері және АМТС өзара қалааарлық арналар шоғырымен радиалды-түйінді принциппен байланысады.

Жобаланатын АМТСЭ шығыс қалааралық байланыстар орнату үшін бір тура және төрт төте (обходной) жолдарды таңдай алады.

МТС шегінде байланыс «АВСabххххх» түрдегі он мәнді нөмірді теру арқылы орнатылады, мұндағы АВС – нөмірлену зонасының коды.

1-суретте желі аты, олардың өткізгіштігі, есептеу кезінде алынған желілер және арналар саны көрсетілген.