Азақстан және ТМД мемлекеттеріндегі демократизация процесіне талдау жасаңыз.

Саяси мәдениет қоғамдық тарихи негіздің құрамды бөлігі ретінде

Саяси мәдениет адамдардың жүріс-тұрысына, ұйымдардың қызметіне, ішкі және сыртқы жағдайларын ұғынуға, саяси болжам жасауына ықпал етеді. Бұл ұғымды XX ғасырдың 2 жартысында американдық зерттеушілер Алмонд, Верба, Пай деген зерттеушілермен келді. Саяси мәдениет дегеніміз-саяси жүйеге қатысушылардың бағдарлары мен жиынтығы. Яғни саяси әрекеттердің негізіне жататын субьективті сала.

Саяси мәдениеттің негізгі қызметтері:

Танымдылық

Реттеушілік

Тәрбиелік

Біріктірушілік

Сабақтастық

Орғау

Енді осы қызметтеріне тоқтала кетсек.

Танымдылық дегеніміз-адамды саяси салада жұмыс істеуге керекті біліммен, қоғамды басқарудың тәсілдерімен үйретіп дайындау. Қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын принциптері мен заңдылықтарды тәрбиелеу.Келесі қызметі Реттеушілік-аты айтып тұрғандай қоғамдық тәртіпті ұлттық қатынастарды саяси жүйенің дамуын реттеу.Тәрбиелік-адамды қоғамдық саяси қызметке белсенділікке, табандылыққа, төзімділікке баулу.Біріктірушілік саяси жүйені өолдау арқылы таптарды әлеуметтік топтарды біріктіру.Қорғау-қоғамның алға дамуына ықпал ететін саяси құндылықтарды, қазыналарды қорғау. Сабақтастық-саяси тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз ететін тари Саяси мәдениеттің әлеуметтік, этникалық, аймақтық, басқа саясат субъектілеріне тән құрылымдары қалыптасты. Олардың билікке, саяси өмірді ұйымдастыруға, бақылауға және т.б өзіндік көзқарастары пайда болды. Мұндай құрылымды субмәдениет д.а. Басқаша айтсақ, субмәдениет деп қоғамда үстемдік еткен мәдени бағыттан айтарлықтай ерекшелінетін саяси бағдарды айтады. Ол қоғамдық топтардың экономикалық, әлеуметтік жағдайларын, этникалық, діни, нәсілдік, білімдік, жыныстық, жас ерекшеліктеріне және т.с.с сияқты белгілеріне байланысты болып табылады.

Мысалы, Қазақстанда оқуға түсе алмаған ауыл жастарының көбі жұмысқа орналасып, жұмысшылар жатақханасында жүр. Олардың арасында жартылай ауылдық, жартылай қалалық саяси субмәдениеттің пайда болғанын байқаймыз. Саяси мәдениттің бірлігі қоғамның тұрақтылығын нығайтады, көптеген саяси процестерді дұрыс болжауға ықпалын тигізеді. Ал әртүрлі саяси субмәдениеттер, керісінше, қоғамдық саяси өмірді тұрақсыздандырудың көзі болуы мүмкін қоғамдағы жағдай көбінде әртүрлі болғандықтан, субмәдениеттің де сан түрлілігі қалыпты құбылыс. Сондықтан олардың мүдделерін үйлестіріп, бастарын қосып, бірлестіре жұмыс істеуге тура келеді. Ал біздің қоғамдағы саяси мәдениетке келетін болсақ, оны тап басып айту қиын. Себебі, республикамыз өтпелі кезеңді басынан кешіп отыр. Халық санасында, іс әрекетінде өткен дәуірдің де, бүгіннің де, болашақтың да мәдениеттерінің көріністерін байқаймыз. Әркім қазіргі саяси өмірге белсене араласып, қоғамымыздың тезірек демократиялануына өз үлесін қосса екен.

Р-дағы саяси-биліктік қатынастардың жай-күйі.

Республика президенті халқына елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды. Жолдауды мемлекеттік мекемелерде оқу орындарында талдау жасайды.Екіншіден Республика Парламентінің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламент Сенаты ұсынған заңға 15 жұмыс күні ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді немесе заңды не оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; Парламент: Президенттің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерту мен толықтыру енгізеді; Президенттің Республика премьер министрін, Ұлттық Банкінің төрағасын тағайындауына келісім береді; заң шығару бастамасы құқығы ҚР Парламентінің заңына, Республика Үкіметіне беріледі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады. Республика Президентінің заң жобаларын қараудың басымдылығын белгілеуге, осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар. Яғни мұның өзі Парламент заң жобаларын енгізген күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиісті екенін білдіреді.осылайша Парламент осы талапты орындамаса, Республика Президенті заң күші бар жарлық шығаруға хақылы, ол Парламент Конституциясында белгіленген тәртіппен жаңа заң қабылдағанға дейін қолданылады. ҚР Президенті мына жағдайларда: Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент премьер министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламенттің палаталары арасындағы ескерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда Парламентті тарата алады. ҚР Президенті Үкіметті Конституциядағы тәртіппен құрады. Республика премьер министрі тағайындалғаннан кейінгі бір күн мерзім ішінде премьер министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Президентке ұсыныс енгізеді. Үкімет мүшелері Қазақстан халқы мен Президентіне ант береді.

азақстан және ТМД мемлекеттеріндегі демократизация процесіне талдау жасаңыз.