азіргі социал-демократия қазіргі әлемдегі әлеуметтік және саяси процестерге қандай ықпал жасады?

Азақстан Республикасындағы саяси жаңару ерекшеліктері

Азақстан жаһандық әлемде өз орнын белсенді іздестіруде және саяси жаңарудың өз моделін жасап отыр. Бұл туралы мамырдың 17-і күні Ұлттық академиялық кітапханада «Жаңа Қазақстан саяси жаңару мен жаһандану үрдісі жағдайында» тақырыбында өткен «дөңгелек үстел» мәжілісінде Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев мәлім етті. Министрдің пікірінше, Қазақстан саяси жаңарудың жаңа бір кезеңіне аяқ басты. «Елбасы саяси жүйені демократияландыру жөніндегі бастамалардың тұтас кешенін, оның ішінде Парламент өкілеттігін кеңейту, депутаттардың санын арттыру және парламенттік көпшіліктің негізінде Үкіметті жасақтау сияқты бастамалар ұсынды. Осы бастамалардың барлығы өз мазмұны жағынан көлемді және стратегиялық маңызы зор», - деді министр өз сөзінде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің биылғы “Қазақстан хал­қы­ның әл-ауқатын арттыру – мем­ле­кеттік саясаттың басты мақса­ты” атты Жолдауында еліміздегі саяси жүйені, соның ішінде саяси партиялар мен басқа да қоғамдық институттарды одан әрі дамыту мен жетілдіру керектігін атап өткен болатын. Оның үстіне, 2007 жыл Қазақстан үшін саяси жаңару жылы болды, оның соңғы нәти­жесі ретінде еліміздің 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге сайлан­ғанын мақтанышпен айта аламыз.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі саяси пар­тиялардың ұйымдастыру-құ­қықтық істері мен қоғамдағы де­мо­кратиялық үдерістерді жетіл­діруге және елді халықаралық та­лап­тарға сай саяси жүйемен қам­тамасыз етуге, олардың қоғамдық қатынастардағы рөлін арттыруға бағытталған “Саяси партиялар туралы” заңға өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасын дайындап шықты.

Заң жобасы жаңа партияны құру жөніндегі ұйымдастыру ко­митеті (бастамашы топтың) жұ­мысының мөлдірлігін қамтамасыз ету мақсатымен құрылтай съезін (конференциясын) дайындау және өткізу үшін міндетті түрде ұйым­дастыру комитетін құру ке­ректігін айтады. Сонымен қатар, заң жобасы саяси кеңістікті ба­рынша либерализациялау мақса­тын да алдына қойған. Осыған байланыс­ты саяси партияның тіркелуі үшін партия жақтастары санының бұ­рынғы талап етілетін шегінің тө­мендегенін байқаймыз. Заң жо­ба­сы жаңа партияға түрлі даулар мен түсініспеушіліктерді болдырмас үшін бұрын тіркелген немесе заңдылықтарды сақтама­ған­дығы үшін таратылған қо­ғамдық бірлес­тіктер мен саяси партиялардың атауын алуға тыйым салады.

Сонымен қатар, заң жобасы өзі­нің шеңбе­рінде тіркелу тетік­терін біршама оңайлатып, жетіл­діргенін көруге болады. Мұның өзін бүгінгі күннің талабын ескер­гендік деп бағалау керек.

Біздің еліміздің пар­тиялық жүйе­сінің қалыптаса бастаға­ны­на, міне, он жылдан артық уақыт бол­ды. Өткен ғасырдың 90-шы жыл­дарында респуб­ликамызда ескі жүйе­нің кері әсерінің күштілігінен көппартиялы саяси жүйені жасауға тәжірибеміз жетпей, ол бірден қалыптаса қоймады. Оның үстіне кеңестік жүйенің ықпалы күшті болды, әрі азаматтық қоғам дамы­ған жоқ. Көппартиялы саяси жүйе­ні қалыптастыру бойынша сапалы секіріс 90-шы жылдардың ортасы­нан басталды. Осы кезден көптеген әлеуметтік топтар өздерінің мүдде­лерін айту және қорғау керектігін жақсы түсіне білді.

Осы күні Қазақстанда саяси жүйенің барлық түрін білдіретін он партия тіркелген. Атап өтетін бол­сақ, олар: Қазақстанның Комму­нис­тік партиясы, “Нұр Отан” ха­лықтық-демократиялық партиясы, Қазақстан патриоттарының партия­сы, Қазақстанның “Ауыл” социал-де­мократиялық партиясы, Қазақ­станның “Ақ жол” демократиялық партиясы, “Руханият” партиясы, “Әділет” демократиялық партиясы, Қазақстанның халықтық комму­нис­тік партиясы, “Азат” демок­ратиялық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия.

Салыстыру үшін мынадай сан­дарды да келтіре кеткенді жөн көріп отырмын. 60,7 млн. халқы бар Ұлыбританияда 7 партия, 141 млн. халқы бар Ресейде 14 партия ғана бар. Бірақ халқының саны 8,2 млн. адамды құрайтын Австрияда 700 партия, ал халқы 5 млн. адам­нан әзер асатын өзі­міздің көршіміз – Қыр­ғызстанда 80 пар­тия тіркел­ген. Міне, сондықтан да пар­тия­ның саны жөні­нен Қа­зақстан көштен оз­ып, көштен қалып жат­қан жоқ. Осы тұр­ғыдан келгенде, пар­тия­­лар­ды балалата бе­рудің қажеті шамалы ғой деп ойлаймын. Қоғамдық өмір­ге ық­палы жоқ ұсақ партия­лардан пайда бола қояр ма екен?

Көппартиялық – демократия­лық-құ­қық­тық мемлекеттің жалпы сипа­ты, бірақ әрбір елдің демо­кра­тияландыру, парламентаризм және көппартиялық жөніндегі жолдары әртүрлі болады.

Саяси дамудың әлемдік тә­жіри­белеріне қарасақ, саяси жүйесі әб­ден қалыптасқан ел­дердегі көппар­тиялық мемлекеттің заңды тұрғы­дан араласуынсыз, бұрыннан келе жатқан дәстүрлер мен салалық си­паттағы кейбір актілердің негізінде-ақ жасай береді. Сондықтан пар­тиялар ту­ралы арнаулы заң демо­кратиялық жаңару жолына түскен, өзіндегі бұрынғы саяси-мемлекеттік инс­ти­туттарды түпкілікті түрде өз­гер­туге бет алған мемлекеттерге ғана керек. Батыс Еуропаның көп­теген елдері мұндай жолдан бұрын өтіп кеткен.

Шетелдік заңнамаларда партия­лық істерді реттеу жұмыстарының фор­малары мен әдістері ұлан-ғайыр екенін көруге болады. Мұ­ның өзі сол елдің тарихи қалыптасу және осы заманғы әлеуметтік-эко­номикалық өмірінің даму ерек­шеліктерімен тығыз байланысты.

Саяси партиялар мен саяси қоғамдық бірлестіктердің саяси үдерістердегі өзара және мемле­кетке қатысты ұстанымы айқын­дық­ты талап етеді. Олардың бә­рі­нің де басты мақсаты – мемлекетті басқаруға қол жеткізу. Мемлекет қоғамда қандай саяси бірлестіктер, қандай күштер бар екенін біліп, олардың Конституция мен заң­дардың аясында іс-әрекет жасай­тындарына қолдау білдіріп оты­руы тиіс. Саяси бірлестіктер мен пар­тиялардың іс-әрекеті мемле­кет­ке де, қоғамға да ашық, мөлдір болуы қажет. Саяси партияларды және басқа да қоғамдық бірлес­тік­терді тіркеу институты осы мақ­сатқа қызмет етеді. Тек мем­лекеттік тіркеуден өткен партия­лар мен саяси бірлестіктер ғана мем­лекеттің сайланбалы билік органдары үшін сайлауға түсе ала­ды. Олар мемлекетпен өзара іс-қимыл жасап, қажетті жағдайда оның тарапынан қолдау мен көмек ала алады.

Көптеген елдердің заңдылық­тары саяси партияларды тіркеу үшін барынша аз мүшелердің болғанын қанағат тұтады. Бірақ кейбір елдерде мұндай талап өте күшті болып та келеді. Мәселен, Португалияда партияны тіркеу жөніндегі петицияға 5 мың адамның ғана қол қоюы жетеді деп есептелсе, Мексикада бұл сан 65 мың адамды құрайды.

Көршіміз Ресейдің саяси партиялар туралы заңына жу­ырда енгізілген өзгерістері мен толық­тыруларына сәйкес саяси партия­ны тіркеу үшін кем де­генде 50 мың адамның қолы керек болады, сонымен қатар, елдің 45 айма­ғын­да 500 және одан да көп мүшесі бар бөлім­шелері болуы қажет деген талап қойылған. Соның нәтижесінде 2003 жылғы сайлауға жүздеген партиялар мен қоғамдық бірлес­тіктер ат қоса алған Ресейде қазір 21 ғана партияның сайлану құқығы бар.

Саяси партиялардың тіркелуі үшін оның мүшелерінің ең аз деген санын нақты заңмен анық­таған елдер қатарында Швеция, Финляндия, Польша, Молдавия, Мексика, т.б. бар екенін айтуға тиіспіз. Партиялардың аймақ­тар­дағы қолдаушылары мен мүше­лері жеткіліктілігін талап ету – олардың барлық сайлаушыларға да тең қарайтынын айғақтайтын фактор. Әйтпесе, кейбір партия­лар топтық, жіктік топтардың ға­на мүддесін қорғап, сайлауға түс­кісі келеді. Ондайға жол беруге болмайды.