Леуметтік мәртебелер мен рөлдер 5 страница

Ресмиліктен тыс ұйым - бұл ресми ұйымның мүшелері өздігінен дамытатын, ресмиленбеген қызметтік қарым-қатынастардың ұйымдастыру міндеттерін ресми түрде алдын ала белгіленгеннен өзге тәсілдермен шешуге бағытталған жүйесі. Жеке тұлға автономиялықтың, өзі орындайтын функцияға қатысты тәуелсіздіктің белгілі бір дәрежесін қашанда сақтайды. Осы автономияның арқасында ресми ұйымның қызметкері қызметтік мінез-құлықтың нақты нысандарын таңдауда әрқашан белгілі бір еркіндік диапазонына ие болады. Басқа сөзбен айтқанда, адамдар ресми ұйымның алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу үшін өз бетінше, ресми ұйымның ықпалынсыз осы ұйымның міндеттерін орындау үшін және бұл ретте берілген, ресми ұйым “алдын ала белгілеген” тәсілдерден өзге тәсілдермен әрекет ету үшін біріге алады.

Әлеуметтік-психологиялық ұйым - бұл тұлғааралық қатынастың өздігінен пайда болған, тікелей таңдаушылық (ұтымдылығынан қызбалығы басым) және бір-біріне өзара мүдделілік таныту негізінде қалыптасатын жүйесі. Ол жеке адамдардың өздерінің әлеуметтік қажеттіліктерін - араласуға, танылуына, топқа жатуына деген қажеттіліктерін қанағаттандыруы мақсатында құрылады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл тікелей байланыстағы адамдардың, олардың жеке қызығушылықтарына негізделген қауымдастығы.

Әдетте, бұл топтар саны жағынан салыстырмалы түрде онша үлкен емес (зерттеушілердің көпшілігінің мәліметтері бойынша - 3-тен 10 адамға дейін), бұл тікелей жеке байланысуларды қолдау мүмкіндіктерімен анықталады. Мұндай топтардың шекаралары ресми ұйымдардың шекараларымен дәлме-дәл келуі немесе олардан өзгеше болуы мүмкін, ресми ұйымның әр түрлі бөлімшелерінің мүшелерімен бірге немесе оның шегінен тыс қызмет атқара алады.

Көбінесе, топтың шеңберінде өзінің әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырыса отырып, адам оған тәуелді болып қалады, өйткені топ қандай да бір жолмен өз мүшелерінің мінез-құлқын бақылап отырады. Бұл үшін ықпал ету құралдарының біразы пайдаланылады: кінәлау, моральдық оқшаулау және т.б. Әлеуметтік-психологиялық ұйым өзіндік мінез-құлық нормаларын жасайды және оның әрбір мүшесі оны сақтауға міндеттенеді. Топта қандай да бір жолмен оның мүшелері беделдік өлшем бойынша бөлінеді, ол ресми ұйым шеңберінде қалыптасқан топ үшін көбінесе лауазымдық дәреже құрылымымен парапар келе бермейді. Топта көшбасшылық пен бағыныштылықтың өзіндік бейресми иерархиясы пайда болады. Бұл сәттердің барлығы қандай да бір дәрежеде топтың жасаған бақылау механизміне жатады. Мұндай механизм көп жағдайда ресми ұйымның иерархиялық байланыстар жүйесімен дәлме-дәл келе бермейтіндіктен, көбінесе ұжым құрылымының ресми және әлеуметтік-психологиялық болып бөлінуіне әкеп соғады. Кей кездері осы негізде қарсы тұрулар пайда болуы мүмкін: бөлімше-топ, лауазым-бедел, басшы-көшбасшы және т.с.с. Жүйенің мұндай жағдайы тұрақсыздыққа, қожырауға соқтырмай тұрмайтынын түсіну қиын емес.

Ресми ұйымды қарастыра отырып, бюрократия сияқты басқару жүйесін айналып өтуге болмайды. Тарихи тұрғыдан бұл ұғым мемлекеттік органдар мен үкімет шенеуніктерінің қызметімен байланысты, бірақ әлемтанушылар оны кең спектрлі мақсаттарды көздейтін ұйымдарда байқалатын басқарудың белгілі бір нысандарын белгілеуге пайдаланады.

Техникалық термин ретінде бюрократия әлеметтануда М.Вебердің есімімен байланысты. Ол оған дәл анықтама берген және ұйымдық мақсаттарға ұтымды немесе тиімді қол жеткізу үшін ең жақсы әкімшілік нысан болып табылады деп ұйғарған.

Бюрократияның М.Веберлік мінсіз түрі өзіне әр түрлі элементтерді қамтиды:

маманданудың жоғары дәрежесі және еңбекті бөлудың ресми міндеттер ретінде бөлінетін міндеттері бар айқын көрінісі;

өкім жүргізу мен жауапкершілік аясы нақты белгіленген биліктің иерархиялық құрылымы; ұйымның қызметін басқаруға арналған ережелердің ресми жиынын белгілеу;

жазбаша құжаттарға негізделген әкімшілік жасау;

ұйым мүшелерінің өзара және клиенттермен байланысының тұлғасыз сипаты;

персоналды қабілеттері мен техникалық білімдері негізінде толықтырып отыру;

лауазымды тұлғаларды даярлаудың ресми рәсімі;

ұзақ мерзімді қызмет, жасы үлкендігінің немесе сіңірген еңбегінің негізінде жоғарылау; ұйым мүшелерінің белгіленген жалақылары;

жеке және ресми кірістерді бөліну;

әрбір қызметкердің ұйымға қатысты ниетінің түзулігі және белгіленген ережелерден жалтармай, оларды бұлжытпай орындауға ұмтылу (ал мұның басшыға немесе басқа кез келген қызметкерге жеке берілгендікке ұласуға тиіс болуы міндетті емес).

Бұл сипаттамалардың барлығы бірге алғанда қызметкерлер мен ресми ұйымның мінез-құлықтарын алдын ала болжауға мүмкіндік береді. Мұндай жүйе қызметінің түпкі нәтижелері иесіздік.

Сонымен, адамдарды ұйымдарға біріктірудің негізгі факторы ең алдымен оларға қатысушыларды осындай бірігудің нәтижесінде өзара күшейтуде тұр. Бұл осынау адамдар жиынтығы қызметінің энергиясы мен жалпы тиімділігінің қосымша көзі болады. Бұл қоғам алдында тұрған қайсыбір проблемаларды шешу үшін арнайы ерекше құрал ретіндегі ұйымдар құруға түрткі болады. Ұйымдар құру “қоғам” атты жүйенің атқаратын қызметінің бірі болып табылады деуге болады. Сондықтан ұйым өзі жүйелік құрылым бола отырып, белгілі бір дәрежеде үлкен әлеуметтік жүйе ретінде қоғамның жүйелік қасиеттерін қайталайды, көрсетеді.

Сонымен қатар ұйымдардың қоғамдық мақсаттар үшін ғана құрылмайтынын естен шығармаған жөн. Егер де бұл мақсаттар адамдардың мақсаттарына түбірімен қарама-қайшы келсе, онда олар ұйымдарға онша кіріге қоймас еді. Сондықтан да ұйымдарға біріктірудің тиімді тетігі бір мақсаттарға қол жеткізу басқа мақсаттарды жүзеге асыру арқылы ғана мүмкін болатындай болуға тиіс. Ұйымға қатысушы өз мақсаттарына ұйымға бар күшін салып жұмыс істегенде ғана қол жеткізе алады; және керісінше - ұйым өзінің алдында тұрған міндеттерін қаншалықты жылдам және табысты шешетін болса, өз қатысушыларының қажеттілік-терін де соншалықты толығырақ қамтамасыз ететін болады. Демек, ұйымдар мақсаткерлікті ғана емес, сонымен бірге, шын мәніне келгенде, көп мақсатты жүйені де білдіреді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Тощенко Ж.Т. О понятийном аппарате социологии // СОЦИС. - 2002. - № 8. - С.3-16.

2. Социология. Основы общей теории: Учебное пособие / Под ред. Г.В.Осипова, Л.Н.Москвичева. - М.: “Аспект-Пресс”, 1998. - С.102-105.

3. Социология: Учебное пособие. - М.: Изд-во “Знание”, 1995. - С..145.

4. Давидюк Г.П. Социологические законы // СОЦИС. - 2001. - 6. - С. 96-98.

5. Социология. - М.: Мысль, 1990. С. 37-39.

6. Социология: Учебное пособие. - М.: Изд-во “Знание”, 1995. - С.149.

7. Социология. Основы общей теории: Учебное пособие / Под ред. Г.В.Осипова, Л.Н.Москвичева. - М.: “Аспект-Пресс”, 1998. - С. 124.

8. Платонов К.К. Структура и развитие личности. - М., 1986. - С. 173.

9. Кравченко А.И. Социология: Учебное пособие для студентов высших заведений. - Екатеринбург: Деловая книга, 1998. - С. 45.

10. Социология. Основы общей теории: Учебное пособие / Под ред. Г.В.Осипова, Л.Н.Москвичева. - М.: “Аспект-Пресс”, 1998. - С.174.

11. Джаманбалаева Ш.Е. Общество и подросток: социологический аспект девиантного поведения. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. - С. 10.

12. Современная западная социология: Словарь / Под ред. Ю.Н. Давыдова. - М.: Политиздат, 1990. - С.140.

13. Бобнева М.И. Социальные нормы и регуляции поведения. - М.: Наука, 1978. - 310 с.

14. Современная западная социология: Словарь / Под ред. Ю.Н. Давыдова. - М.: Политиздат, 1990. - С.140.

15. Социология преступности. - М.: Прогресс, 1966. - С. 82-87.

16. Кравченко А.И. Социология: Учебное пособие для студентов высших заведений. - Екатеринбург: Деловая книга, 1998. - С.97.

17. Фролов С.С. Социология: Учебник для высших учебных заведений. - М.: Издательская корпорация “Логос”, 1998. - С.103-105.

18. The Concіse Oxford Dіctіonary of Socіology/ Edіted by Gordon Marshall. Oxford Unіversіty Press, 1994, p.512; The Penguіn Dіctіonary of Socіology, L. 1988. р. 243.

19. Словарь-справочник по социологии и политологии // Тадевосян Э.В.М.: Знание, 1996.- с.158; см.: например, определение общества, данное в Социологическом справочнике / Под общей ред. В.И.Воловича. - К.: Политиздат Украины. - 1990. - С. 63. “Общество - это система отношений, связывающих индивидов, группы, общности, социальные институты в некоторую целостную структуру на базе общей деятельности и культуры”.

20. Социология. Основы общей теории: Учеб.пособие / Под ред. Г.В.Осипова, Л.Н.Москвичева. - М.: Аспект Пресс,1996. - С.201.

21. Кожамкулова Л.Т. Средний класс и нисходящая социальная мобильность // Роль социологии в обновлении общества / Доклады первой Международной конференции социологов. Ч.1. – Алматы, 1997.

22. Тадевосян Э.В. Словарь-справочник по социологии и политологии. - М.: Знание, 1996. - с.127

23. Gіddens A. Socіology. L. 1989. - С. 206.

24. Смелзер Н. Социология: пер. с англ. - М.: Феникс, 1994. С. 274.

25. См.: Вебер М. Основные понятия стратификации //Социологические исследования. - 1994. - (5. - С.147-156; Маркс К. Капитал. Критика политической экономии.- Маркс К., Энгельс Ф. Сочинения, т. 25, ч.2. - С.387; Сорокин П. Человек. Цивилизация. Общество / Под ред. Согомонов А.Ю.: Пер. с англ. - М.: Политиздат, 1992.- 395 с.; Worner L., Meeker M., Eels K. Socіal class іn Amerіca: A manual socіal status. NY-1969.; Барбер Б. Структура социальной стратификации и тенденции социальной мобильности// Американская социология: перспективы, проблемы, методы /Общ. ред. Осипов Г.В.: Сокр. пер. с англ. - М.: Прогресс,1972. - С.235-247; Parsons T. The polіtіcal aspects of socіal structure and process // Varіetіes of polіtіcal theory. Ed. D.Easton. - Englewood Clіffs: Prentіce - Hall, 1966.

26. Маркс К., Энгельс Ф. Сочинения. Т.25, ч.2. - С.354.

27. Вебер М. Основные понятия стратификации // Социологические исследования. - 1995. - №5.- С.148.

28. Worner L., Meeker M., Eels K. Socіal class іn Amerіca: A manual of socіal status NY - 1969. p. 70.

29. K. Davіs & W. Moore Some Prіncіples of Stratіfіcatіon // Socіal Stratіfіcatіon іn Socіologіcal Perspectіve / edіted by Davіd Grusky, Westvіew press, 2001. p.55-65.

30. Park R.E. Burgess E.W. McKensіe R.P. The Cіty. Chіcago 1925. Sіx іmpressіon 1970.; Park R.E. Human Ecology.Op.Cіt.,p.7; Park R.E. Conflіct and Margіnal Man. // Theorіes of Socіety.Op.cіt.Vol.2., p.945; Парк Р. Социальный контроль и социальное поведение. Часть первая: Город как социальная лаборатория // Рабочие тетради. Выпуск 1. Классики современной теоретической социологии Джордж Г. Мид, Роберт Э. Парк - Московский университет. - 1994. С. 64.

31. Barber B. Socіal stratіfіcatіon N.Y. Harcourt, Prace and Co., 1957, p. 45-52.

32. Pіtіrіm A. Sorokіn Socіal and Cultural Mobіlіty // Socіal Stratіfіcatіon іn Socіologіcal Perspectіve / edіted by Davіd Grusky, Westvіew press, 2001. p.303-309

33. См.: Аженов М.С., Бейсенбаев Д.Э. Социальная стратификация в РК. - Алматы. 1997. – 111 с.; Динамика социальной структуры и этнокультурных процессов в условиях экономического плюрализма. На материалах центрального Казахстана //Елизова Л.М., Касенов Б.К., Майсюк А.В., НАМРН Караганда, 1995. – 140 с.; Аяганов Б.Г. Политические трансформации и изменения в социальной структуре Казахстана (1946 - 90 гг). – МНО. Алматы, 1994. - 245 с.; Садырова М.С. Интеллигенция в социальных процессах современного Казахстана. Алматы. 1999. - 117 с.; Садовская Е.Ю. Актуальные проблемы изучения социальной структуры и социальной стратификации. - Алматы. 1993. - 32 с.; Валитова З.Х. Возраст как фактор стратификации в период становления рыночной экономики // Социальная стратификация и социальные процессы в Центральной Азии. - Алматы, 2002. - 500 с.

34. Аженов М.С., Бейсенбаев Д.Э. Социальная стратификация в РК. – Алматы, 1997. - С.110.

35. Кожамкулова Л.Т. Социальная структура крупного города (на примере г. Алматы). Автореф... дис. канд. социол. наук. - Алматы, 2000. - 28 с.

36. Аженов М.С., Бейсенбаев Д.Э. Социальная стратификация в РК. - Алматы, 1997. - С.102.

37. Радугин А.А., Радугин К.А. Социология: Курс лекций. - М.: “Владос”, 1995. - С. 77-78.

38. Громов И., Мацкевич А., Семенов В. Западная теоретическая социология. - СПб: Ольга, 1996. - С.33.

39. Кравченко А.И. Основы социологии. - М.: Академия, 1997. - С.57.

40. Фролов С.С. Социология. - М.: Логос, 1996. - С.169.

41. Радугин А.А., Радугин К.А. Социология: Курс лекций. - М.: Владос, 1995. - С.121.

42. Громов И., Мацкевич А., Семенов В. Западная теоретическая социология. - СПб: Ольга, 1996. - С.185-186.

43. Кирдина С.Г. Социокультурный и институциональный подходы как основа позитивной социологии в России. // Социс. - 2002. - №12. - С.29-30.

44. Шеденова Н.У. Социальное партнерство как форма социально-трудовых отношений // Материалы международной социологической конференции “Социальная стратификация и социальные процессы в Центральной Азии” (16.11.2002) - Алматы: Қазақ университеті, 2002. - С.278-279.

45. Смелзер Н. Социология. - М., “Феникс”, 1994. - С. 169.

46. Пригожин А.И. Социология организации. - М., 1980.