Дәріс Ұйымдастыру әлеуметтік жүйе ретінде

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ЛЕУМЕТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС КАФЕДРАСЫ

ДӘРІС

Леуметтік жұмыстағы ұйымдастыру, басқару және әкімшілік

 

Мамандық: 5В090500 – Әлеуметтік жұмыс

 

Дәріскер:

аға оқытушы Дүйсенова София Малкайдарқызы

Оқытушы (практикалық, семинар, зертханалық сабақтар):

аға оқытушы Дүйсенова София Малкайдарқызы

тел:жұмыс орны: 2925717; ішкі: 2127

e-mail: duisenovas@gmail.com

каб.: ФжСФ, 409 каб.

 

Алматы 2016 ж.

Модуль 1. Ғылымы менеджменттің қалыптасуы мен дамуы. Әлеуметтік жұмыстағы мекелер мен басқарушы органдар.

Дәріс Әлеуметтік жұмыстағы менеджмент пәні және оның мазмұны.

Басқарудың алғашқы ғылыми курсы 1881 ж. американдық ғалым Дж. Вартонмен жасалған, бірақ оқу пәндік құралы ретінде тек 35 жылдан кейін қолданыла бастады.

20 ғасырдың алғашқы жартсында басқару ойларының әртүрлі мектептері дами бастады. Әрбір өкілдер ұйымдастыру мақсатына тиімді жету жолдарын таптық деп ойлады. Осыған қарамастан әрбір мектеп шектелген жағдайлардағы басқару сұрақтарына толық емес жауаптар тапты, дегенмен ғалымдар менеджмент ғылымына айтарлықтай еңбек сіңірді. Заманауй ұйымдар осы мектептер ұсынған тұжырымдар мен қолданыстарды осы күнге дейін пайдалануда.

1911 ж. Ф.У.Тейлордың «Басқару қағидалары» атты жұмысы жарық көрді.Бұл қазіргі менеджмент теориясы мен ғылыми басқару жүйесінің негізін салушы болып саналады.

Оқу құралында ғылыми менеджмент негіздері,әлеуметтік жүйе ретіндегі әлеуметтік қорғау ұйымдары, әлеуметтік жұмыстағы басқарудың жалпы функциялары, әкімшілік әдістері қарастырылады. «Әлеуметтік жұмыстағы ұйымдастыру, басқару және әкімшілік» оқу құралы «әлеуметтік жұмыс» мамандығында оқыа жатқан студенттерге арналған. Оқу құралында берілген оқу курсын меңгеруге жәрдемдесетін методикалық ақпарат келтірілген: лекциялар, өзін өзі бақылау сұрақтары, сөздік, тест тапсырмалары, әдебиеттер тізімі.

«Әлеуметтік жұмыстағы ұйымдастыру, басқару және әкімшілік» курсының бағдарламасы әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша кәсіптік жоғарғы білімінің мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес құралған. Курстың мақсаты – студенттерді әлеуметтік басқару теорияларымен таныстыру, әлеуметтік жұмыстың ұйымдастырушылық құрылымын және әкімшілік әдістерін көрсету. Әлеуметтік басқарудың теориясы, методологиясы және механизмдерін игеру болашақ әлеуметтік жұмыскерлерге әртүрлі халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдарында басқарушылық, ұйымдастырушылық және әкімшілік жұмыс жүргізулеріне септігін тигізеді.

Әрбір ұйым жалпыдағы бөліктердің біркелкі орналасуымен, олардың тігінен және көлденеңнен бойынша өзара байланысымен шартталған тәртіпті білдіреді және оның құрылымы, мақсаты және мәдениеті болады.

Зін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Басқару процестік бағытта қалай қарастырылады?

2. Басқаруды процесс ретінде сипаттаңыз.

3. Менеджменттің әмбебаптық әдіснамасына не жатады?

4. Жүйелік бағыттың мәнін ашыңыз.

5. Ситуациялық бағыттың әдіснамасын көрсетіңіз.

 

Пайдаланған әдебиеттер

1. Кылышбаева Б.Н., Дуйсенова С.М. Әлеуметтік жұмыстағы ұйымдастыру, әкімшілік және басқару // Қазақ университетi 2011г.

2. Әлеуметтік жұмыс: Учеб. пособие /Отв. ред. Г.С. Абдирайымова. – М.: ИНФРА-М, 2014. -470 с.

3. Заяц О. В. Организация, администрирование и управление в социальной работе: Учебное пособие. - Владивосток: ТИДОТ ДВГУ, 2004. 142с.

4. Донцов Д. А. Организация, управление и администрирование в социальной работе. Учебное методическое пособие для студентов высших учебных заведений, обучающихся по специальности «Социальная работа» / Кафедра социальной работы - М.: МГПУ, 2006.

5. Организация, управление и администрирование в социальной работе: Учеб. пособие /Отв. ред. П. В.Палехова. – М.: ИНФРА-М, 2008. – 128 с.

 

Дәріс Ұйымдастыру әлеуметтік жүйе ретінде

Адамдардың өмір сүру барысында саналы түрде жасап, құрған әлеуметтік жүйенің кең тараған түрі ол – шаруашылық және қоғамдық ұйымдар. Ұйым – бұл мемлекеттік мекемелер, фирмалар және қоғамдық ұйымдар. Ұйым бұл қоғамдық жүйенің элементі, адамзат қауымдастығының ең көп тараған түрі, социумның алғашқы ұяшығы. Қоғамсыз ұйым болмайды және ұйымсыз қоғам болмайды, өйткені қоғам өмір сүруі үшін ұйым құрады. Бірақ, қоғамның өзіндік бөлігі бола тұра, ұйымның мінездемесі, қызығушылығы, құндылығы бар, ол қоғамға өзінің өмір сүру тауарларын, қызметтерін ұсынады және белгілі бір талаптар қояды.

Барлығыны белгілі, әлеуметтік жұмыс практикалық қызметтердің жас түрі. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік қызмет көрсету деген ұйым түрі бар. Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері бұл меншік түріне тәуелсіз әлеуметтік қызмет көрсететеін мекемелер және құқықтық білімі жоқ осы саладағы кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар. Ұйымдастырушылық-құқықтық формадағы қызмет көрсету мекемелері: мемлекеттік, коммерциялық, аралас, қайырымдылық, діни және қоғамдық.

Олар келесідей қызмет көрсетеді:

1. Материалды көмек

2. үй ішіндегі көмек

3. стационар жағдайында көмек

4. уақытша баспана беру

5. әлеуметтік қызмет көрсету мекемелеріндегі түсте болу уақытын ұйымдастыру

6. кеңес беру

7. балалар мен отбасыларға әлеуметтік патронаж

8. әлеуметтік бейімделу мен реабилитация

Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің түрлері: халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, кәмелетке толмағандарға арналған әлеуметтік қалпына келу орталығы, балалар мен отбасыларға арналған әлеуметтік көмек көрсету орталығы, ардагерлерге арналған интернат, балалар үйі, мүмкіншілігі шектеулі балалардың қалпына келу орталығы, жедел әлеуметтік көмек көрсету орталығы, тұрақты тұратын жері жоқ адамдарға арналған қалпына келу орталығы, әлеуметтік приют, дағдарыстық орталық, жедел психологиялық көмек көрсету орталығы және т.б.

Ұйымды толық түсіну үшін, біріншіден, жалпы жүйе не екенін білген жөн. Жүйе дегеніміз – қоршаған ортадан ақпарат алып, оны өңдеп және қайтадан сыртқа шығаратын өзара байланысты элементтерден құралған жиынтық. Сыртқы ортадан тәуелділігін қоршаған ортадан ресурстар алып және оны қоғамға қайтадан әлеуметтік қызмет ретінде беруінен көруге болады. Ұйымдар туралы ғылым ашық және жабық жүйелердің айырмашылығын көрсетіп берді. Жабық жүйе сыртқы ортаға тәуелді емес, ол автономды және сыртқы ортамен байланыс жасамайды. Сыртқы орта тұрақты болса, ұйым жұмысына кедергі туғызбаса және өз әсерін тигізбесе, ұйымды басқару оңай. Менеджменттің ерте концепцнялары (ғылыми менеджмент) ұйымды жабық жүйе ретінде қарастырған. Ұйым сыртқы орта ресурстарын пайдаланады және оған өз қызметтерін ұсынады. Ұйым үнемі сыртқы ортаға бейімделіп отырады: ол өзіне керекті ресурстарды табады, сыртқы орта әсерін қабылдап, оларға жауапты реакция береді, қоршаған ортаға өз қызметтерін ұсынады, сыртқы орта факторларының өзгеруіне және белгісіздік алдында өзінің ішкі қызметін дұрыстап және бақылайды. Әлеуметтік қызметтер үнемі әлеуметтік жағдайға тәуелді болады және елде орын алған әлеуметтік құбылыстырға (жұмыссыздық, миграция, жетімдік, мүгедектік, нашақорлық, макүнемдік, кедейшілік) әсерін тигізеді. Ұйымдастырушылық жүйенің келетін ақпараттарына жұмыскерлер (әлеуметтік жұмыскерлер мен әлеуметтік жұмыс мамандары), ақпараттық, материалдық және қаржылық ресурстар. Әртүрлі әлеуметтік технологияларды қолдану нәтижесінде клиенттердің сұраныстарын қанағаттандыруға арналған тауарлар мен қызметтерге айналады. Әлеуметтік қызмет дегенде клиентке жасалатын әлеуметтік қызмет пен көмекті айтамыз. Әлеуметтік қызметтің клиенті болып қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарды жатқызамыз.