ЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯ» ПӘНІН ОҚЫТУДА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Студенттердің өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар

Студенттерді қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша өздік жұмыстары студенттердің курстың мазмұны бойынша материалдарды оқуы керек. Студенттерге берілген өздік жұмыс мамандыққа және сағат санына байланысты анықталынған.

№ 1,2 тақырыптарды өткеннен кейін студенттер оқытушыға № 1 Өздік жұмысты орындап, жіберуі қажет.

№ 3,4 тақырыптарды өткеннен кейін студенттер оқытушыға № 2 Өздік жұмысты орындап, жіберуі қажет.

№ 5,6 тақырыптарды өткеннен кейін студенттер оқытушыға № 3 Өздік жұмысты орындап, жіберуі қажет.

№ 7 тақырыпты өткеннен кейін студенттер оқытушыға № 4 Өздік жұмысты орындап, жіберуі қажет.

Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқитын студенттер теориялық материалдарды өз бетімен ізденіп оқуы керек, семинар-практикалық сабақтарды, өздік жұмыстың тапсырмаларын орындап, тест сұрақтарына жауап берулері керек.

№1,2,3,4 тақырыптарды оқып біткеннен кейін № 1 Аралық бақылауды тапсыру керек.

№5,6,7 тақырыптарды оқып біткеннен кейін № 2 Аралық бақылауды тапсыру керек.

«Әлеуметтік психология» - психолгия ғылымының өзіндік даму тарихы, зерттеу пәні мен әдістері бар басты салаларының бірі болып табылады.

Жалпы психология және әлеуметтану ғылымының қиылысындағы ғылым саласы ретінде әлеуметтік психология бірқатар психологиялық құрылымдарды; әлеуметтік қажеттіліктер мен қызығулар, сана және өзіндік сана, әлеуметтік психологиялық ахуал, қоғамдық пікір және идентификация, бейімделу, иландыру, еліктеу, эмоционалдық өзара жұқтыру сияқты топтық феномендерді зерттейді.

Бүгінгі таңдағы әлеуметтік психологияның негізгі мәселелері-бұл өзінің теориялық ірге тасын орнықтыру; жаңаша зерттеу әдістерін жасау; үлкен және шағын топтардың дамуы мен қызмет етуінің ерекшеліктерін зерттеу; адамдардың өзара әрекеттестігі мен қарым-қатынасының заңдылықтарынайқындау; жеке адамды әлеуметтік-психологиялық зерттеу; әлеуметтік психологияның қолданбалы зертттеу аймағын кеңейту мен жасақтау.

«Әлеуметтік психология» пәнінің мазмұнын меңгеру студенттердің өз білім, білік, дағдаларын өмірлік іс-әрекеттің түрлі сфераларында пайдалану мүмкіндігін арттырады.

 

1 тақырып - «Әлеуметтік психология пәні, оның ғылым жүйесіндегі орны»бұл тақырыпта пәннің мақсаты және міндеттерін, қазіргі психология мен әлеуметтану ғылымының әлеуметтік психология пәнін бірге түсіндіру, қазіргі қоғам және адам мәселесін шешудегі психологияның маңыздылығы мен ролін ашып көрсету керек. Адам және қоғамның қазіргі мәселелерін шешудегі әлеуметтік психологияның мәні мен рөліне тоқталып өту.

Әдебиеттер: [1,5]

Бақылау сұрақтары

1. Әлеуметтік психология пәні, оның ғылым жүйесіндегі алатын орны.

2. Әлеуметтік психологияның маңызы.

3. Әлеуметтік психологияның қандай негізгі ұғымдары бар?

4. Әлеуметтік психологияның мақсаты және міндеттері қандай?

5. Әлеуметтік психология қандай ғылымдармен байланысты?

6. Бұл пәннің міндеттері педагог-психолог мамандығына тигізетін маңызы қандай?

 

Тақырып Әлеуметтік психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы. Әлеуметтік психологияның зерттеу әдістері және әдіснамасы.

Әлеуметтік психологияның жеке дербес ғылым ретінде құрылуының алғы шаттары.

Алғашқы әлеуметтік-психологиялық теориялар: «Бұқаралық психология»,«халықтар психологиясы». Әлеуметтік психологиялық феномендердің психоаналитикалық интерпретациясы. Референттік топтар теориясы. Ролдік теория.

Әлеуметтік психологиядағы А.Н.Леонтьев, А.С.Макаренко, А.В.Петровский т.б. ұжым теориясы және бірікен іс-әрекет тұжырымдамасын қарастырып, ашып толықтай бере білу. Әлеуметтік психологияның зерттеу әдістері және әдіснамасы.

Әдебиеттер: [3,4,7]

Бақылау сұрақтары:

1. Әлеуметтік психологияның жеке дербес ғылым ретінде құрылуының алғы шаттары неде?

2. Алғашқы әлеуметтік-психологиялық теориялардың негізін қалағандар.

3.Әлеуметтік психологиядағы бақылау әдісі қалай жүргізіледі?

4. Эксперимент әдістері және оның қандай түрлері қолданылады?

5. Әлеуметтік сұхбаттасу дегеніміз не?

6. Әңгімелесу әдісінің негіздері қандай?

7. Әлеуметтік психологиялық социометрия әдісін жүргізу тәсілдері қандай?