Аралық бақылау сұрақтары

Аралық бақылау

1. Басқару теориясының тақырыбы

2. Басқару ғылымының тапсырмасы мен орны

3. Басқару объектісі мен субъектісі

4. Басқару теориясының әдістері

5. Басқару категориялары

6. Басқарудың экономикалық мәні

7. Басқарудың ақпараттық мәні

8. Басқарудың жүйелік-мақсатты мәні

9. Басқарудың психологиялық табиғаты

10. Басқарудың төрт маңызды тәсілдері

11. Ғылыми менеджмент мектебі

12. Әкімшілік мектеп

13. Адамдық қарым-қатынастар мектебі

14. Задачи и место науки управления

15. Басқарудың мінез-құлық ғылымы

16. Сандық әдістер мектебі

17. Объективті заңдарды басқару практикасында жүзеге асыру механизмдері

18. Басқарудың негізгі заңдары

19. Басқару принциптерінің негізгі қасиеттері

20. Басқарудың негізгі принциптері

21. Ең аз ықпал ету принципі

22. Билікті деконцентрациялау

23. Билікті децентрализациялау

24. «Сәйкес келу» принципі

25. Жүйенің негізгі мінездемелері

26. Орталықтандырылған және орталықсыздандырылған жүйелер

27. Ақпараттың кешігу заңдылығының формальды анықтамасы

28. Басқарудағы ақпараттың өзгеру процесі

29. Басқару функциясының басқару теориясының басқа категорияларымен өзара әрекеті

30. Басқару функцияларын мазмұны және кезеңдері бойынша жіктеу

31. Басқару функцияларын өндірістің қызметтері бойынша жіктеу

32. Басқару функцияларын басқарушылық еңбек бойынша жіктеу

33. Басқару функцияларын орындалатын жұмыс мазмұндары бойынша жіктеу

34. Басқару құрылымының түсінігі

35. Вертикалды және горизонталды, сызықтық және функционалдық, ресми және биресми байланыстар

36. Басқарудың ұтымды құрылымын жобалау принциптері

37. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын жіктеу

38. Экономикалық басқарудың негізгі категориялары

39. Бюрократиялық басқару

40. Шаруашылық өзін-өзі басқару

41. Кәсіпкерлік қызметке қатынасушылардың мүдделерін үйлестіру және қорғау механизмі

42. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы

43. Шаруашылық субъектісінің экономикалық байланыстарының жүйесі

44. Реттеудің нарықтық механизмі

Аралық бақылау

1. Жоспарлаудың мәні және принциптері

2. Стратегиялық жоспарлау

3. Жоспарды жасау әдістері

4. Ұйымдастыру функциясының мазмұны

5. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының типтері

6. Мотивация анықтамасы және мәні

7. Мотивацияның алғашқы тұжырымдамалары

8. Мотивацияның қазіргі заманғы теориялары

9. А. Маслоу бойынша қажеттіліктер теориясы

10. К.Альдерфер теориясы.

11. Д.Мак Клелланд бойынша мотивация теориясы

12. Ф.Герцбергтің екі факторлы мотивация теориясы

13. Күту теориясы

14. Әділеттілік теориясы

15. Мотивацияның кешенді процессуалдық теориясы (Портер–Лоулер моделі)

16. Бақылау процесінің мәні және негізгі кезеңдері

17. Басқарушылық бақылау түрлері

18. Тиімді бақылау мінездемесі

19. Сыртқы және ішкі бақылау

20. Стратегиялық менеджменттің мәні мен мазмұны

21. Стратегиялық басқарудың пайда болуының алдын-ала жағдайлары

22. Стратегиялық талдау

23. Саланы талдау

24. Компанияны позициялау

25. Стратегиялық өзгерістерді басқару

26. Стратегиялық өзгерістердің мазмұны

27. Банктегі стратегиялық менеджмент

28. Құнды қағаздар – стратегиялық менеджмент институт ретінде

29. Сақтандырудың стратегиялық ерекшеліктері

30. Коммерциялық банктің стратегиясын құру схемасы

31. Құнды қағаздарды жіктеу

32. Мемлекеттің қор нарығына ықпал ету әдістері

33. Кәсіпорынның қаржы ресурстарының мәні, құрамы, құрылымы

34. Қаржы ресурстарын басқару

35. Қаржы ресурстарын басқарудың тиімділігін көтеру

36. Қазақстан Республикасында салық менеджментінің қалыптасуы

37. Салық менеджментінің принциптері

38. Кәсіпорындағы салықты басқару құрылымы

39. Салықтық басқару әдістерін жіктеу

40. Қазақстан Республикасындағы салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түрлері және оларды жоспарлау ерекшеліктері

41. Инновация теориясының қалыптасуы және эволюциясы

42. Инновация басқару объектісі ретінде

43. Инновацияларды жіктеу

44. Инновациялық процесс және инновациялық қызмет. Инновациялық процесс құрылымы

45. Инновациялық қызметтің ұйымдастырушылық құрылымы

46. Инновациялық стратегиялар

47. Әлеуметтік-экономикалық дамудағы дағдарыстар

48. Экономикадағы дағдарыс құбылыстарының заңдылығы

49. Дағдарысқа қарсы басқарудағы әлеуметтік-еңбек қатынастары

50. Жобалар: мәні және өмірлік циклі

51. Жобаларды басқару жүйесі

52. Қазақстан Республикасындағы жобалық менеджмент

53. Жобаларды басқарудың корпоративтік жүйесін енгізу бойынша ұлттық компаниялардың тәжірибесі

54. Экономика мен бизнестегі тәуекел түсінігі

55. Тәуекелді басқару жүйесі

56. Коммуникацияның ролі және олардың түрлері

57. Коммуникация процесі

58. Тұлға аралық коммуникациялар

59. Коммуникациялық желілер және стильдер

60. Басқарушылық шешім түсінігі

61. Шешім қабылдау тапсырмасы

62. Шешім қабылдау процесі

63. Топ түсінігі және түрлері

64. Командалық жұмыстың артықшылықтары мен кемшіліктері

65. Команданың тиімділігі

66. Лидерлік, ықпал және билік

67. Жеке қасиеттер тұрғысындағы лидерлік тәсілі

68. Лидерліктің мінез-құлықтық тәсілі

69. Лидерліктің жағдайлық тәсілі

70. Лидерліктің танымал тәсілдері

71. Еңбек келіспеушілігінің мәні, көрсеткіштері, типтері және әлеуметтік құрылымы

72. Еңбек келіспеушілігінің себептері

73. Еңбек келіспеушіліктерін шешу

74. Келіспеушілік жағдайларының алдын-алу

75. Келіспеушлікті басқару әдістері

76. Ұйымның тиімді жұмысын қамтамасыз етудегі адам факторының ролі

77. Персоналды басқарудан адам ресурстарын басқаруға көшу

78. Адам ресурстарын басқару стратегиясы

79. Басқару этикасы

80. Ұйымдастырушылық мәдениет

81. «Басқару тиімділігі» түсінігі

82. Басқару тиімділігін модельдеу және бағалау тәсілдері

83. Басқару тиімділігінің критериелері

ГЛОССАРИЙ

Менеджмент – нарықтық экономика жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық үрдістерді басқару.

Мотивация – қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған шаралар жиынтығы.

Нарықты мемлекеттік реттеу – мемлекеттің нарық механизмдерінің қызмет етуіне араласуы, экономикаға әкімшілік (заң шығару актілері және соларға нгізделген атқарушы органдардың әрекеттері), экономикалық (валюталық-қаржылық, ақша-несиелік, бюджеттік-салықтық және т.б.) әдістер мен иіндер арқылы ықпал ету.

Менеджмент жүйесінің талдауы - бұл кәсіпорынның өмірлік басқару жүйесі мен ұйымдастыру құрылымын зерттеу кезеңі, сонымен қатар, бәсекелестікте орын алу мақсатында жұмыстың қорытындысына белсенді түрде әсер ету болып табылады.

Көлденең байланыс- иерархияның түрлі деңгейлері арасында ақпаратпен алмасу.

Менеджменттің сыртқы ортасының жүйесі – бұл кәсіпорынның бәсекелестігі мен белсенділігіне, оның тұрақтылығына тікелей және жанама әсер ететін макроортаның құрамы, микроорта мен аймақтың инфрақұрылымына әсері.

Фирманың ішкі ақпараттық жүйесі - ұйымдастыру орталықтарының шешім қабылдауына қажетті ақпараттың ағым қызмет көрсететін жиынтығы. Ол нақты тасушылармен бекітілген ақпараттар мен байланыс каналдарынан және техникалық құралдардың көмегімен өңдеуден өткен ақпараттан тұрады.

Тік байланыс - иерархияның бірдей деңгейлері арасында ақпаратпен алмасу.

Іскерлік стратегия - холдинг пен корпорация құрамына кіретін фирмалар мен жеке кәсіпорын деңгейіндегі стратегия.

Мақсаттар ағымы - бұл құрылымды, мақсаттар жүйесінің жиынтығында, программаларда, жоспарларда көрсетілген басты мақсат («ағаш төбесі» ) , ағаш қатысты 1-ші, 2- ші және т.б деңгейлер (« ағаш төбесі» ) иерархиялық (деңгейлер бойынша бөлінген) принцип бойынша құрылған.

Имидж - қойылған мақсат бойынша өңдеп шығарылған және үгіттелген бейне.

Инновациялар - ғылым мен тәжірибенің жетістігіне байланысты техника, технология, еңбекті ұйымдастыру және басқару аймақтарына жаңалықтар енгізу, сонымен қатар, бұл жаңалықтарды әртүрлі аймақтар мен орталарда қолдану.

Ақпаратты технология - ақпаратты техникалық тәсілдер мен әдістер кешені арқылы алу, сақтау, өңдеу және қолдану.

Байланыс кезеңі - бұл ойдарды қарастыру, ақпаратты кодтау, байланыс каналдарын талдау және ақпаратты жіберу, ақпаратты қайта кодтау, жауапты әзірлеу және жіберушіге ақпаратты қайта жіберу сияқты ақпараттық алмасу осындай бір-бірімен байланысты сатылардан тұрады.

Таңдау критериі- оптималды шешім қабылдау мен баламалы салыстырулар негізінде жүргізілетін көрсеткіш.

Лидерлік - ұйымның мақсаттарын белгілеп оған жетудің барлық жолдарын қолданатын, топ қызметін біріктіретін механизмдердің бірі.

Менеджмент - бұл басқару ғылымының жетістіктерін қолдана отырып, өндірісті және өндірістік персоналды бсқару құралдарының, әдістерінің, формаларының, принциптерінің жиынтығы. Менеджменттің негізгі мақсаты-өндіріс тиімділігін арттыру, кәсіпорынның ресурстық әлеуетін тиімді пайдалану.

Миссия- ұйым қызметінің болашаққа бағдарланған мақсаты.

Ынталандыру - адамның ұйымда жемісті қызмет етуі үшін оның ынтасын тудыру мақсатындағы басқару функциясы.

Кері байланыс - қабылдаушының жіберушіден келген ақпаратқа реакциясы, коммуникациялық процестің тиімділігін арттыру құралы.

Оперативті басқару - бұл ағымды жаңалықтарды басқару. Оған оперативті жоспарлау, оперативті есеп, оперативті бақылау кіреді.

Өкілеттілік - жұмыскерлердің әрекеттерін анықтау мен ұйымның ресурстары қолдану құқығының шектеулігі.

Шешім қабылдау үрдісі – шешімді қабылдау мен оны жүзеге асыру, альтернативаларын жинақтау, жағдайды талдау мен ұйым мәселелерін шешуге бағытталған басқару субъектісінің сатылай іс-әрекеттері.

Кадрларды басқару жүйесі (персоналды басқару) – бұл кадрлық саясатты құру, кадрлардың штаттық - қызметтік құрылымын құру арқылы оларды басқару, реттеу және қызметін бағалау.

Қазіргі менеджмент - өндіріс пен басқаруды біріктіру арқылы кәсіпорынның ішкі және сыртқы байланысын көрсететін, адам ресурсын, өндірістің белсенді факторы ретінде және экономика дамуының тұрақты факторы ретінде қоршаған ортаны қорғауды талап етеді.

Басқару стилі - басқарушының қызметкерлермен қарым-қатынас жасау тәсілі, жұмыс міндеттемелерін орындау барысындағы қарым-қатынастар сипаты.

Стратегия - үкіметтің, аймақтардағы администрацияның өндірудегі кәсіпорынның әрекеттері, кірістер мен шығыстар, салық бюджеті, бағалар, капитал салу, әлеуметтік сақтау жоспарларын іске асырудың ұзақ мерзімді кезеңі.

Тактика- қазіргі жағдайға бағытталған салыстырмалы қысқа мерзімге арналған экономикалық әрекеттер тізбегі, экономикалық іс-әрекет.

Технократия - әлеуметтік- экономикалық факторларды және техникалық шешімдерді қабылдаудан туындайтын экономикалық салдарды ескермей, экономикалық құбылыстар мен процестерге техникалық тұрғыдан қарау.

Басқару технологиясы - басқару қызметінде шешім қабылдау үшін бір-бірімен қажетті операциялардың орындалу тізбегі.

Басқару - экономикалық субъектілер мен адамдарға саналы түрде тікелей әсер ету арқылы күтілген нәтижелерді алу мақсатында іс- әрекеттерді көзделген мақсатқа бағыттау.

Басқару шешімдері - ұйымның мақсаттарға жету жолында басшы қызметінің шегінде жүргізілетін альтернативті таңдау.

Басқару потенциалы – басқару жүйесі қолданатын барлық ресурстар жиынтығы