Шығармашылық деңгей

Типографияда үш шикізаттың түрі бар-қағаз, бояу және қара бояу. Типография афишаның екі түрін шығара алады. Әрбір афишаның түріне кететін шығындар және бағалары кестеде көрсетілген. Барлық басылған афишаларды өткізуден алынаты максималды пайда беретін өндіріс жоспарын құрыңыз.

Рбір афиша түрінің шығындар және бағалар нормалары

Афиша Көтерме баға (мың тг.) Бір дананың шығындары
қағаз қызыл бояу қара бояу
1-ші түр 2-ші түр, 3-ші түр кг

Әдістемелік нұсқау: тапсырманы орындау барысында шығындар нормасына назар аударыңыз.

Тақырып

Қазақстан Республикасының бір кәсіпорынын мысалға алып, оның іс-әрекетіне қандай факторлар әсер ететіндігі туралы сараптама жүргізіңіз және де ол факторларды классификацияға жатқызыңыз.

Әдістемелік нұсқау: классификацияға жатқызу барысында сыртқы және ішкі ортаның факторларына назар аударыныз.

1.Ұйымдағы қақтығыс кәсіпорынға қай түрде әсер етеді? Оларды қалай жоюға болады?

2. Ұйымдағы технологияның әсерін айтыңыз? Оның позитивті және негативті жақтарын көрсетіңіз. Негативті жақтарын қалай жоюға болады?

Әдістемелік нұсқау: сұрақтарды қарастыру барысында теориялық материалдарға назар аударыңыз.

Шығармашылық деңгей

Дж. Вудворд жүйесі бойынша және Д. Томсон теориясы бойынша ҚР кәсіпорындарындағы басқару жүиесінің дамуына сараптама жүргізіңіз.

Әдістемелік нұсқау: тапсырманы орындау барысында Дж. Вудворд және Д. Томсон теориясын қарастырыңыз.

Тақырып

Мысал ретінде бір кәсіпорынды алып сонда өтетін коммуникациялық процесті сипаттаныз. Сипаттау барысында коммуникацияның түрлеріне назар аударып олардың пайда болу себептерін анықтаныз.

Басқаруға үйрету халықаралық орталықтың бас директоры, қызметкерлерді басқару қызметіне негізделген кеңес беру компаниясына жүгінді.

Орталықтың үш жылғы қызметі барысында, бұрынғы үш ұжымдастықтын бірлесуі нәтижесінде кәсіби оқытудың ондаған бағдарламаларын өткізуші, мықты оқу мекемесіне айналды. Орталықта 15 штаттық инструктор және 5 техникалық қызметкерлер жұмыс жасайды. Сондай-ақ орталықтын бас директоры сырттан келген мамандар мен келісім шарттар жүргізеді. Орталық басшылармен мамандарды қаржы, бухгалтерлік есеп және стратегиялық басқару бойынша оқыту, барлық талапкерлерге курстар жүргізіледі, сондай-ақ ұйымдардың тапсырмалары бойынша арнайы бағдарламалар дайындалады. Ұйымдардың тапсырмалары бойынша жүргізілетін жұмыстар көлемі 70 пайызды құрайды. Орталықтын бас директорының ойы бойынша дамудың басты кезеңін де «компания=жанұя» (бұнда қызметкерлер барлық күштерін салып жұмыс жасаған) идеологиясы негізінде қызмет жасауы аяақталды. Әрбір қызметкердің еңбегін формалды бағалау жүйесін қарастырыңыз.

Қызметкерлерді басқару аймағындағы орталықтын мақсаттары қандай?

Бас директорға сіз қызметкерлерді бағалаудың қандай жүйесін ұсынасыз?

Әдістемелік нұсқау: берілген тапсырманы орындау барысында «Экономикалық теория» пәнінен алынған біліміңізді қолданыңыз.

Шығармашылық деңгей.

Оқу құралдарын шығарушы кәсіпорын қызмет барысында тапсырыстарды орындау бойынша және мерзімдік сұраныстын өзгеруіне байланысты әртүрлі кедергілер мен қақтығыстар орыналуы мүмкүн, сол себептен бұл кәсіпорынның қызметінің барысында жоғарыдан төмен қарай жүргізілетін ақпараттар ағымы бақыланып отырылуы керек. Нарықтағы бәсекелестер мен тұтынушылардың қаржы-экономикалық көрсеткіштерін қарастыратын және сол бойынша нақты ұсыныстар мен шаралар жүргізетін маркетингтік бөлім кәсіпорында жұмыс жасайды. Кез-келген ұйымдағы ақпараттын сапалылығы мен оның орындалу және жеткізілу жылдамдығы кәсіпорын қызметіне әсер ете ме?

Талқылауға арналған сұрақтар

1.Кәсіпорын қызметіндегі табыстылықпен тиімділікті қалыптастыруға кім жауапты?

2.Ақпараттын сапасына қойылатын талаптар және кәсіпорын қызметінде келенсіз жағдайлар орын алмау үшін қандай шаралар жүргізілу керек?

Тақырып

Қазақстан Республикасының бір кәсіпорының мысалға алып, оның іс-әрекетіне қандай факторлар әсер ететіндігі туралы сараптама жүргізіңіз және онда қабылданатын шешімдерді классификацияға жатқызыңыз.

Әдістемелік нұсқау: классификацияға жатқызу барысында сыртқы және ішкі ортаның факторларына назар аударыңыз.

3.Ұйымдағы қақтығыс пайда болғанда менеджер қандай шешімдерді қабылдауы мүмкін?

4. Ұйымдағы технологияға қатысты қандай шешім қабылдануға мүмкін? Ол шешімдердің мықты және әлсіз жақтарын анықтаңыз. Дәлелдеңіз.

Әдістемелік нұсқау: сұрақтарды қарастыру барысында теориялық материалдарға назар аударыңыз.

Тақырып.

Қазақстанның экономикалық аумағына экономикалық талдау жасаңыз және сіңіру бағдарламасын құрыңыз. Дәлелдеңіз.

Әдістемелік нұсқау: талдауды жүргізу барысында мерзімдік қайнар көздерге және дәріс мәліметтеріне суйеніңіз.

Салықтық үнемді ескере отырып, қысқа мерзімді бөліктік несиенің бағасын санаңыз (теңге және %), егер несие келісім шарты бойынша несие санасы 1 млн. Теңге, келісім ставкасы 160 %, өзіндік баға пайыз = (130%+3%) = 133 %, ал пайдаға салық ставкасы – 38% болса.

Әдістемелік нұсқау: берілген тапсырманы орындау үшін банктік несие және салықтық унемдеу терминдерін анықтап, назар аударыңыз.

Жоспарлаупртнциптері мен әдістерін зерттеңіз.Кәсіпорында жоспардың жүзеге асырылуын қарастырыңыз және жоспарлауды орындау барысында қандай негізгі талаптар қойылады.

Әдістемелік нұсқау:берілген тапсырманы орындау барысында жоспарлаудың әрбір принципін жан-жақты қарастырыңыз.

Бүгінгі күні жоғарғы оқу орындарындағы жылдық базалық төлем соммасы 70000 тенгені құрайды. Инфляцияға сәйкес, жылына 10 пайызға өседі. ЖОО оқу мерзімі 4 жыл. ЖОО барлық оқу жылдарына төлемді бірден 280000 тенге соммасында төлеуді ұсынады. Бұл ұсыныс студенттер үшін тиімді ма? Банктін салымдарға жылдық пайыздық өлшерлемесі -12 пайызға тең.

Тапсырманы шешу нұсқаларында студенттін шотында белгілі бір сома бар болуы жағдайында есептеңіз (мысалы 320000тенге). 4 жылға сметаны құрастырыңыз.

Әдістемелік нұсқау: тапсырманы шешу барысында «Бухгалтерлік есеп» пәні бойынша алынған біліміңізді қолданыңыз.